15 (3219) 2015-02-10

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 15 ÒÆÊÒÆμ 10 ÁĭÐÁÎ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -12°.. -10° -18°.. -16° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄë íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì - Мемлекет басшысының тапсырма- сына сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай Наурыз мейрамы мен Бірлік күнін мерекелеуді ұйымдастыруды қазірден бастап қолға алу керек. Бұдан басқа, Астананың инвестициялық тартымдылығын арт- тыру, шағын және орта бизнесті тиімді қолдау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет, - деді Әділбек Жақсыбеков. Астана әкімі ағымдағы жылдың 5 ақпанында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен қол қойылған еңбек ұжымдарын әлеуметтік қорғау және жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі меморандум- дарды жүзеге асыруды қатаң бақылауға алу- ды тапсырды. Қала басшысының айтуынша, елордалық кәсіпкерлерді қолдау үшін екінші деңгейлі банктермен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастық орнату керек. (Жалғасы 2-бетте) ЖYРТШЫЛЫКТЫН ТАЛАП-ТIЛЕГI ʥ˛˧ˮ ೪˘ˬ˘ˬ೪ ഉ˪˧˭˞˧˪˵˟ ˞˧ˬ˙˟˪ ʮ˘೪˳˙˟˪˯˚˵˧೮ ˵˲˘೦˘ˬ೦˭˟ˮ ˪˟ˣ˟˪˵˧ ˘˱˱˘˲˘˵ ˪˟೮˟˳˧ ˵˵˧ ʽˮ˞˘ ʺ˟˭ˬ˟˪˟˵ ˙˘˳˾˳ˮ೮ ˵˘˱Ͳ ˳˲˭˘˳ˮ ˯˲ˮ˞˘˶ ˭ഉ˳˟ˬ˟ˬ˟˲˧ ೪˘ˬ˘ˬ೪ ˪˯˭˭˶ˮ˘ˬ˞೪ ೪ˣ˭˟˵˵˟˲˞˧೮ ˢ˭˳˵˘˲ ೪˘˲˘ˬ˱ ˪ഉ˳˧˱˪˟˲ˬ˟˲˞˧ ೪˯ˬ˞˘˶˞೮ ˮ˘೪˵ ˾˘Ͳ ˲˘ˬ˘˲ ˵˘ˬ೪ˬ˘ˮ˞ ЕСКЕРУСIЗ КАЛМАЙДЫ ʽǧDzǧ ȓȌȔ ǸǧDzǧ ǸǶǵǷǹ 5 12 ÇĥÎż ÇÏÌ ÇĠѼÒÓ¼ ĥÎżÑÆż ÂÏÌÁÙÁĭ ØÆÍÐÉÏÎÅÁÑÅÜ ÂÁÐÓÁÊÅÜ

Upload: -

Post on 07-Apr-2016

239 views

Category:

Documents


11 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №15 (3219) 10 ақпан

TRANSCRIPT

Page 1: 15 (3219) 2015-02-10

15 10

-12°.. -10°-18°.. -16°

- Мемлекет басшысының тапсырма-сына сәйкес Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына орай Наурыз мейрамы мен Бірлік күнін мерекелеуді ұйымдастыруды қазірден бастап қолға алу керек. Бұдан басқа, Астананың инвестициялық тартымдылығын арт-тыру, шағын және орта бизнесті тиімді қолдау жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет, - деді Әділбек Жақсыбеков.

Астана әкімі ағымдағы жылдың 5 ақпанында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен қол қойылған еңбек ұжымдарын әлеуметтік қорғау және жергілікті қамтуды дамыту жөніндегі меморандум-дарды жүзеге асыруды қатаң бақылауға алу-ды тапсырды. Қала басшысының айтуынша, елордалық кәсіпкерлерді қолдау үшін екінші деңгейлі банктермен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастық орнату керек.

(Жалғасы 2-бетте)

ЖYРТШЫЛЫКТЫН ТАЛАП-ТIЛЕГIЕСКЕРУСIЗ КАЛМАЙДЫ

5

12

Page 2: 15 (3219) 2015-02-10

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Германия астанасында жұма күні мерейтойлық 65-халықаралық кинофес-тиваль ашылды. Биыл басты жүлде – «Алтын аю» мен «Күміс аюды» алуға он тоғыз картина иесі бақ сынамақ. Оларды америкалық кинорежиссер Даррен Аронофскийдің басшылығымен қазылар алқасы таңдайды.

Франциядағы Эйфель мұнарасы әлемдегі ең көп туристер баратын және селфи түсірілетін жер ретінде танылды. Жаңа жылдың бір айының өзінде адамдар «Instagram» желісінде осы мұнара аумағында түсірілген суреттері бар 10 700 постты жария еткен.

АҚШ-тың Федералдық резервтер жүйесінің бұрынғы басшысы Алан Гринспен Грекияға еуроаймақтан шығудан басқа жол қалмағанын мәлім етті. Оның айтуынша, Грекияның солшыл үкіметінің қарыздарды төлеу шарттарын қарау үшін бөліну ең дұрыс стратегия болып отыр.

Мысырда төрт жыл бойғы қайта қалпына келтіруден кейін әйгілі Сфинкс мүсіні туристер үшін қайта ашылмақ. Сфинкс – жер бетіндегі ең ежелгі ескерткіштердің бірі. Оны жаңарту жұмыстары әр 8-10 жыл сайын жүргізіледі.

Бейбітшілік және келісім сарайында елордалықтар «Astana ballet» театрының концертін тамашалады.

«Конгресс холл» сарайында Ресейден келген «Тодес» би тобы өнер көрсетеді. Басталуы: 19.00.

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық драма театрын-да Ж.Ануйдің «Жалын жұтқан Жанна Д Арк» драмасы қойылады.Басталуы: 16.00.

Елордада жыл басынан бері халықтан 30000 люми нес-центті энергия үнемдегіш сынапты шам (ЭСШ) жиналды.

(Басы 1-бетте)

Бұған дейін өткен аппарат ке ңес-терінің бірінде елорда әкімі қалалық әуежайдың жұмысын сынға алған болатын. Ә.Жақсыбековтің атап өтуінше, төлқұжат тексеру және кеден қызметтерінің жұмысы қана-ғаттанарлықсыз, тарифтер жоғары және қызмет көрсету сапасы төмен. Бұл жолаушылар тарапынан көп-теген наразылықтар тудырады. Осы орайда Астана халықаралық әуежайының президенті Қайрат Жауханов орындалған жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, кедендік бақылаусыз келетін жолаушыларға «жасыл аймақ» арқылы өту қам-тамасыз етілді. Алдағы уақытта қа лалық әуежайдың жұмысына халықаралық деңгейдегі сапа стан-дарттары енгізілмекші. Негі зінен, қызмет көрсету саласына басымдық берілмек, жолаушылар терминалын қайта құру жоспарланған. Мұнымен қоса, жолаушыларға қызмет көрсету сервисі өзгертіледі, әуежай аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындарға әлдеқайда қатаң талаптар қойылатын болады.

Өткен аптада Астанада аудан әкімдерінің есептік кездесулері

басталды. Онда қала тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарды қоя ала-ды. Келіп түскен талап-тілектерді тал-дау нәтижесіне сәйкес, шағымдардың басым бөлігі қоғамдық көліктің қызметіне, мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары аясында жүргізілген құрылыстардың ұзаққа созылуына бай-ланысты болып отыр. Ә.Жақсыбеков тұрғын үй-коммуналдық шаруа-шылық саласындағы басқар малар-дың жұмысын күшейту, ПИК және қала лық коммуналдық қызмет тер-дің жұмыстарын бақылау қажет екендігіне баса назар аударды. Қо-ғамдық көліктердің жүріс кес тесі туралы халықты толыққанды ақпа-рат пен қамтамасыз ету үшін әрбір автобус аялдамасында дис пет чер лік қызметтердің телефондары көр-сетілген анықтамалық ақпаратты және қалалық қоғамдық көлік мар-шруттарының жүріс кестесін орна-туды тапсырды.

Отырыс барысында Астана бас-шысы қала тұрғындарының, әсіресе, балалардың денсаулығына кері әсе-рін тигізуі мүмкін елорданың эко-логиялық жағдайына ерекше назар аударды. Көліктерден және автоном-ды түрде жылытылатын жеке меншік секторларда шығатын улы заттардың

ауаға тарауы, күлдің пайдаға асы-рылмауы және құрылыс нысанда-рында қоқыстың жиналып қалуы сияқты мәселелер аса өзекті. Бұл ретте Ә.Жақсыбеков аз уақыттың ішінде осы мәселелерді шешу бағытында кешенді шаралар әзірлеуді тапсырды.

Астана әкімі көңіл аударған тағы бір мәселе – қалалық емханалардағы ұзын-шұбақ кезектер жайы. «Қалалық емханалардағы терапевттердің жұ-мысы тым көп, бейінді маман-дәрі-герлерге кіре алмайды. Осы мәсе-лені шешу үшін Денсаулық сақтау басқармасына қалып тасқан жағ-дайға талдау жасап, қажетті шаралар қабылдауды тапсырамын» деп атап өтті Астана әкімі.

О т ы р ы с с о ң ы н д а Әд і л б е к Жақсыбеков қала тұрғындарының «Виртуалды қабылдау бөлмесі» және «Халықтық бақылау» айдарларына келіп түскен өтініш-тілектері оның жеке бақылауында екенін тағы да еске салды. Осыған орай барлық қалалық басқармалар мен ведомствоға қа рас-ты ұйымдардың басшылары келіп түскен шағымдарды мұқият бақы лап, оларды дереу орындауы тиіс.

Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Page 3: 15 (3219) 2015-02-10

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында елімізді одан әрі дамыту индустриялық жобаларды іске асыруға негізделетінін баса айтқан болатын. Бұндай жоба-лар отандық экономикаға қарқын беріп қана қоймай, жаңа инвестор-ларды тартуға көмектеседі. Астанада

өнеркәсіпті дамытып, инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін «Аста-на - жаңа қала» арнаулы экономикалық аймағы жұмыс істейді.

Алдағы уақытта дизельді қозғалт-қыштар өндіру зауыты, жылдам пісетін тамақ өнімдері комбинаты, уақытша сақтау қоймалары мен бизнес-орталық, жиһаз фабрикасын салу, сонымен

қатар, әскери және азаматтық техника өндіру жоспарланған.

Сонымен қатар, биыл мемлекеттік сараптама қорытындысымен техни-калық экономикалық негіздемелері әзірленгеннен соң, жобалық-смета-лық құжаттамалары дайындалып, №2 Индустриялық парктің инфрақұ-рылымдық құрылысы басталады.

Бүгінде автокөлік көп, соған сай жол-көлік оқи-ғалары да жиі болып жа-тады.

Жол полиция қыз мет -керлерінің айт у ынша, апат қа ұшырау көр сеткіш -терінің ша мадан тыс кө-беюі нің бас ты себебі – кө-лік жүргі зушілері даяр лығы мен мәде ние ті нің төмендігі. Сон дық тан тренинг ұйым-

дастыру шылар жұрт шы-лықтың назарын жол бо-йын дағы абайсызда болатын апат проблемасына ауда-рып, автокө лікті қауіпсіз басқаруға үндеді.

Семинарға журналис-тер өз көліктерімен келді. Жүргізушілерді даярлаудың еуразиялық орталығының мамандары тренинге қа-тысқан 13 көлік иесіне

Аталмыш шараның шымылдығын Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағатының бас директоры Марат Әбсеметов ашты.

Кеш барысында Суретшілер одағы Астана қаласы бөлімшесі төрағасының орынбасары, ҚР еңбек сіңірген қайраткері М.Тоқселеутов сөз алып, Ерлан шығармашылығын талдады.

Суретші шығармаларында тылсым табиғатты шебер бейнелеп, түркітілдес халықтар тарихын зерделеуге көп мән берілген. Оның айғағы – «Жер ана», «Шыңғыс хан», «Келін», «Ақсақ құлан», «Сұңқардың ұясы» суреттері. Автор пейзаждарында қазақтың кең-байтақ даласы мен ұлт өмірі тайға таңба басқандай анық бейнеленген.

Шұғайып СЕЗІМХАНҰЛЫ

Белсенді жастардан құралған топ күш бірік-тіріп, ардагерлер мен егде адамдарға көмек көрсетуді қолға алды. Акция аясында барлық майдангерлердің шаңырағына барып, мереке-мен құттықтау жоспарланған. Сонымен қатар, демалыс күндері жастар қауымы қарияларға түрлі мәдени шаралар ұйымдастырып отырады.

Жыл бойы жалғасатын игі шараның басы 90 жасқа келген Нұриден Жиғаншин ақсақал-дың шаңырағынан басталды. Студенттер қарт жауынгермен пікірлесіп, ауласын күртік қардан тазартып берді. Жастардың бұл бастамасына көңілі толған майдангер елімізге тыныштық тіледі.

«Елорданың барлық университеттерінің, колледждерінің студенттері бүгінде акцияға белсене қатысуда. Біз мұны жыл бойы жалғастыруды жоспарлап отырмыз» деді жастар саясаты орталығының төрағасы Нұрмұхамед Қадырәлиев.

Бағлан ОРАЗАЛЫ

Кісі есігінде жүріп, басына бақ орнаған хас сұлудың хикая сы Халықаралық әйелдер күні қар-саңында – 6 наурызда кинотеатр экрандарына шығады. Дубляж демеушісі – «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі.

Фильмнің басты кейіпкерлерін қазақстандық әртістер дыбыстады. Мәселен, Күнсұлу Шаяхметова – мейірімнен жұрдай өгей шешені, Шахназ Қызыханова – Күлше қызды, Тимур Пиазов – ханзада-ны, Сәуле Тұрдаханова – перизат кейіпті кіндік шешені, Азамат Қанапия – барылдауық дауыс капитанның кейпіне енді.

«Disney» студиясының атал-

мыш фильмінде басты рөлдерді Лили Джеймс пен Ричард Мэдден, «Оскар» премиясының иегері Кейт Бланшетт және «Оскар» сыйлығына екі мәрте номинант бол ған Хелена Бонэм-Картер сом-да ған еді. Ал, фильм нің сце нарийін «Оскар» премиясы ның номинан-ты болған Крис Вайц жазды.

Ду бляж режиссері Айжан Жәмшитованың бұл саладағы тәжірибесі жетерлік. Өйткені, «Болашақ» қауымдастығының мұрындық болуымен қазақтың жатық тілінде көрерменге жол тартқан он шақты голливудтық анимефильмдер Айжанның жетек-шілігімен жасалған болатын.

жол ережесін сақтап, апатты жағдайдың алдын алудың қыр-сырына үйретті. Көлік жүр гі-зу шілері «Ханшатыр» сауда-ойын-сауық орталығының сол жағында мұз болып қатып қал-ған көлшікте көлік айдауға ма-шықтанды. Жиын соңында қаты-сушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Қымбат НҰРҒАЛИ

Page 4: 15 (3219) 2015-02-10

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Есіл ауданы 2-6 ақпан күндері аралы-ғында 5 есептік кездесу өткізген. Оған 908 аудан тұрғыны қатысқан екен. Ха-лықпен кездесулерге қала әкімінің орын-басарлары төрағалық етіп, Парламент және мәслихат депутаттары, жергі лікті атқарушы органдарының өкілдері бел-сене атсалысыпты. Аудан әкімі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, жұртшы лық-пен жүздесу сәтінде 71 адам сөз сөйлеп, ауданның тыныс-тіршілі гіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салған. Солардың ішінде қағазға жазылған ұсыныс-тілек тердің саны 121-ге жетіпті. Бұл был тырғымен салыстырғанда 61 өтінішке көп.

Аудан тұрғындарынан келіп түскен арыз-шағымдардың барлығы негізінен әлеуметтік тақырыпта өрбіген. Солардың 92-сі айтылған жерінде шешімін тапса, 29 сұраққа байланысты іс-шаралар жоспары бекітілмекші. Ал көпшілікті толғандырған алты мәселені шешуге ар-найы тапсырмалар берілген.

Жұртшылық білгісі келетін бір мәселе «Үркер» тұрғын алабына инженерлік желілер мен жол салуға қатысты болған. «Сондай-ақ, аудан тұрғындарын қосымша аялдама қою, қосымша бағдаршамдар ор-нату, жаяу жол белгілері мен жүргіншілер өткелдерін салу, медициналық ұйымдарға тіркелу жайы, балабақшаға кезек мә-

селелері мазалайтын болып шықты. Ал, дәл Есіл ауданы аппаратының атына ешқандай сыни ескерту болған жоқ» дейді Сәбила Сапарқызы.

Аудан әкімінің есептік кездесуіне қатысу жағынан Сарыарқа ауданының тұрғындары да белсенділік танытқанға ұқсайды. 2-6 ақпан күндері аралығында өткен 5 есептік кездесуге 1410 адам қатысқан. Аудан әкімдігі өздері де қарап қалмай, жұртшылық кездесуге белсене атсалысу үшін жергілікті басылымдарға есептік кездесудің қайда, қашан өтетіні туралы ақпарат беріп, тұрғындардың сын-ескертпелеріне арналған 10 арнайы жәшік орнатыпты.

Кездесу барысында 75 тұрғын сөйлесе, келіп түскен ұсыныс-тілектің легі 100-ден асыпты. Аудан әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың сөзінен түйгеніміз, тұр-ғындарды көбіне қоғамдық көлік, жол, абаттандыру, көше лердің жарықтандыру мәселелері тол ғандырады екен. Сұрақ-тардың басым бөлігі осы тақырып төңірегінде болған.

Сарыарқа ауданы әкімдігі халықпен есептік кездесудің қорытындысы мен тұрғындарды толғандырған мәселелерді шешуге арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, жауапты тұлғаларды бекітіп те үлгерді.

Бұл жолы кездесуге келген «Казгородок» т ұ рғын ала-бы, Досмұхамедұлы, Ақжол көшесінің тұрғындары қоғамдық көлік қызметіне қатысты сұ-рақтарды көп қойды. Мәселен, аталмыш аудан тұрғыны Мар-хаба Залилова Досмұхамедұлы көшесінен жаңадан салынған емханаға дейін бірде-бір авто-бус қатынамайтынын айтып ша-ғымданса, Кәртай Сәтімбеков қалалық автобус бағдарларының интервалын реттеу керек деген ұсыныс білдірді. Бұл ретте аудан әкімі Бекбол Сағын бас қаладағы

барлық қоғамдық көліктердің қозғалысы кестеге сәйкес жүр гі-зілетінін жеткізді. «Ал, қыс мез-гілінде кейбір автобустар жолда бұзылып қалған жағдайда қо-сымша автобустар шығарылады. Бұл мәселені біз Жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары басқармасымен бірлесе отырып, үнемі назарда ұстаймыз. Басқарма күшімен өткен жылы Алматы ауданының жол инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында ұзындығы 30,5 шақырым болатын 47 көшеге жол салу және 27,6 шақырымдық 11 көшені күрделі жөндеу бо-

Президенттің жыл сайынғы Жолдауларының қайсысын алып қарасақ та, стратегиялық маңыз-дылығы мен белгілі бір мерзім ішінде нақты міндеттер мен мәселе-лердің шешілуін қамтамасыз ету-ге бағытталғанын көреміз. Жаңа Жолдау да осындай сипатымен ерекшеленіп, бәрімізді «Нұрлы жолға» жұмылдырып отыр. Жасам-паздыққа жетелеген осы «Нұрлы жол» табыстарымызға ұйытқы бо-лып, еліміздің еңсесін биіктетіп, ғаламдық өркениет өрісіне шығармақ.

Жолдауда Мемлекет басшысы барша адамзат баласының алдында тұрған күрделі мәселелерді саралай келе, өткен жылдардағы дағдарыстың бүгінгі күнге дейінгі салқыны мен ел экономикасына тигізіп отырған залалынан елімізді аман-есен алып өтудің стратегиялық жолын көрсетті. Мемлекеттің алға даму межесін тоқтатпауға арналған тың шешімдер қабылдады.

Бүгінге дейінгі барлық Жолдауда көзделген міндеттерді іске асыруға педагогика саласының қызметкерлері де өз үлестерін қосып келеді. Соның ішінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу мен тәрбие біртұтас іс ретінде оқу үдерісіне кіріктіріліп, Жолдауда көрсетілген міндеттер бойынша жұмыстар атқарылуда. «Назарбаев Зияткерлік

мектептері» ДББҰ Кіріктірілген білім беру бағдарламалары бойын-ша «Қазіргі әлемдегі Қазақстан», «Жаһандық перспективалар және жоба жұмысы» пәндері бойынша

жаһандық, аймақтық, мемлекеттік мәселелерді жан-жақты қарастырады. Аталған пәндерден жоба жұмысын жазған кезде қазіргі таңдағы сая-сат, экономика, әлеумет, мәдениет

мәселелеріне тиянақты талдау жасап, өзіндік шешу жолдарын тауып, болашақты болжауға дағдыланады. Мектеп ұстаздары мен оқушылары қалалық, рес-публикалық түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленуде. Ең бастысы, қоғамдық ахуалды жақсартуға арналған идеялары үрдіске еніп, елдің көркеюіне үлес қосуда. Сабақтан тыс уақытта да тиімді «Он күн ата-ананың жұмыс орнында», «Екі апта ауылда», «Туған елге тағзым» және т.б. жобалар жүзеге асырылып жатыр.

«Нұрлы жол – болашаққа бас-тар жол» атты жаңа бағдарлама Мәңгілік ел идеясының жалғасы сынды. Екеуі де ұлтаралық

келісімді, бірлік пен ынтымақты сақтап, тағаттылыққа тәрбиелеу жұмыстарын жетілдіру арқылы Қазақстан халқының т ұ рмыс-жағдайын жақсартуды көздейді.

Осының барлығы елімізді жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

«Нұрлы жол» – барша қазақ-стандықтардың өміріне, болашағына қатысты құжат. Ертеңгі бағытын, жүретін соқпағын, даму мұратын алдын ала анық айқындай білген кез келген елдің жетістіктеріне тарихтың өзі куә бола алады.

«Нұ рлы жол дағы» мақсат-мұратқа жету үшін атқарылуға тиісті іс-шаралардың бәрі де ең әуелі халқымыздың санасына терең сіңірілуі керек. Сонда әркімнің ел алдындағы, өз ұлты мен болашақ алдындағы жауапкершілігі де арта түседі. Ал жауапкершілікпен атқарылған әр іс өзінің оң нәтижесін бермек.

Дулат ТҰРАРБЕКОВ,физика-математика

бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

директорының орынбасары міндетін атқарушы

P.S: Жалпы, әкімдердің есептік кездесуінде халық биліктің жұмыс жағдайы мен алдағы жоспарын өз ауыздарынан естіп-біліп, көкейлерінде жүрген сауалдарын әкімге тіке қоя алды.

Қымбат НҰРҒАЛИ

йынша жұмыстар жүргізілді» деді аудан әкімі.

Бұдан әрі мүлікті жария ету бо-йынша ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы білгісі келген Базарбек Бековтің сұрағына ау-дан әкімі былайша жауап берді: «Мүлікті жария ету жөніндегі комиссия өткен жылы 3 247 адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, 467 өтініш қабылдап, 199 нысан-ды заңдастырды, 122 нысанды заңдастыру бойынша өтініштерді кері қайтарды.

Аудан әкімінің аппаратында жеке тұлғалардан – 911, заңды т ұлғалардан – 465 жазбаша өтініш тіркелді. Барлық түскен өтініштер бойынша уақтылы тиісті шаралар қабылданып, т үсіндіру жұмыстары жү р-гізілді».

Кездесу барысында балалардың ойын алаңдарын қалпына келтіру, көшелерді жарықтандыру, үйлер арасындағы жолдарды жөндеу, кейбір қала ішілік автобустардың жүру жиілігін үйлестіру секілді мәселелерге баса назар ауда-рылды. Осыған орай, Бекбол Ұбай доллаұлы барлық мәселенің бақылауға алынатынын айтты.

Дәл осындай есепті кездесу кеше Интернациональный тұрғын алабындағы №44 орта мектеп ғимаратында өтті. Онда да аудан басшысы тұрғындар тілегінің ескеріліп, келешекте олар көтерген мәселелер бойынша тиісті шара-лар қабылданатынын, қысқасы, барлық мәселенің жіті қадағалауда болатынын ескертті.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Page 5: 15 (3219) 2015-02-10

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Еңселі елордамыздың одан әрі өркен жайып, өрісінің кеңеюі үшін қала жолдарын дамытудың қарқынын үдету үнемі басты на-зарда. «Елдің өркенін білгің келсе, жолына қара» деген қалыптасқан қағиданы биылғы Жолдауын-да сөзіне тірек еткен Мемлекет бас шысы «Астанада тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға айналуы тиіс» деді.

Астана еліміздің бас қала-сы болғалы бері оның тұрғын-дарының саны артып, сәйкесінше, көшедегі көліктер ағыны да көбейе түскен. Сапасыз, тар әрі ыңғайсыз орналасқан жолдар қайнаған қала өмірінің тірлігін әжептәуір тежейтіні жалпақ жұртқа аян. Негізгі міндеті кедергісіз көлік қатынасын қамтамасыз ету мен қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыру болып табылатын Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірнеше кешенді жоба-ларды қолға алған. Қала әкімдігінің тарапынан нұсқау берілген жыл бойғы тапсырмалар қоғамдық көлік қызметі жүйесін дамыту, жаңа жолдар салу мен ескі көшелерді қалпына келтіру, жауабын таппаған мәселелі жер учаскелерін шешу, тұрғын үй алаптарындағы жол инфрақұрылымын дамыту, көше-лерді орта, ағымды жөндеуден

өткізу, жол қозғалысының қауіп-сіздігін қамтамасыз ету бағыттары бойынша орындалады.

Таза, тегіс тасжолдар қатерсіз, еркін қозғалыспен қатар жол-көлік оқиғаларының да алдын алады. Жыл сайын көшелердің уақытша көп жабылып қалуы аздаған кепте-лекке себеп болып, тұрғындардың наразылығын туғызғанымен ескі жолдар жаңарып, қала бойына қайтадан қан жүгіре бастайды. Былтыр бір жыл ішінде 95 км жол төселіп, ескілері жөнделді. Бас-қарманың мәліметінше, 2015 жылы 70,9 км жол төсеу мен қалпына келтіру жоспарланып отыр екен.

Көшедегі көлік қозғалысына кедергі келтіретін басты фактор – кептелек. Осы мәселені шешудің бір жолы – кіші көлік айналма жолын салу. Өткел бермес өзенді айналып өтетініміз сияқты бұл айналма жол қала ішінде сірескен көлік ағынын азайтуға септігін тигізеді.

Астанада кіші айналма жол құрылысы кешені 2016 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Аяқталған Сығанақ көшесі мен Қорғалжын тасжолының арасын жалғаған Бей-секова көшесінің құрылысы биыл Қорғалжын тасжолынан Тілендиев даңғылына дейін ұзартылады. Кіші айналма жол толық көлемінде іске қосылған кезде 20 мыңнан астам көлік қаланың орталық көшелеріне кірмей, айналып өтетін болады.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы қалаға жаңа қосылып жатқан тұрғын үй алаптарын инженерлік және транспорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары жал-ғасатын болады.

Одан басқа жыл бойы жол қоз-ғалысы қауіпсіздігін қамта масыз ету бойынша бекітілген қаржыландыру көлемінде бағдар шамдар орна-

ту, жол белгілерін қою, «Балалар қауіпсіздігі» бағ дарламасының іске асуы, жол бойына таңбалардың түсуі және тағы басқа осы тектес жұмыстар жалғасын табатын бо-лады.

Қазір транспорт кешенінің тиімді қызмет көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынған Ин-теллектуалды транспорт жүйесін орнату жобасы жүзеге асуда. Атал-мыш ITS жүйесі жолаушыларды

Бүгінгі таңда ITS жобасының 1-кезегі өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл жүйені ары қарай дамыту үшін жобаның 2-кезегінің құжаттары әзірленіп жатыр.

ITS жобасының 2-кезегі 2015-2016 жылдары жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Онда 114 бағдаршам нысандарын бейім ді басқару, 180 автобус аялдамаларын-да жолаушыларды ақпараттандыру жүйесімен жабдықтау және қа-ла лық қоғамдық көліктердің, яғни, 750 автобустың бірыңғай диспетчерлендіру жүйесіне көшуі,

маларда, кассаларда және сауда орталықтарында орналасқан АVM терминалдарынан толтыруға бо-лады.

Өткен жылы қараша айында елор-да әкімі Әділбек Жақсыбеков жолау-шылары көп №9, 10 бағыты бойын-ша жолаушыларды тасымалдайтын IVECO маркалы жаңа автобустарды таныстырған еді. Осы іс жалғасын та-уып 2015 жылы 358 автобус IVECO маркалы жаңа автобусқа ауысатын

Астанада көлік тұрақтарының жетіспеушілігін азайту мақсатында 29 мың автокөлік сыятын 91 көлік тұрағының құрылысын салу ұсынылды. МЖС сызба-сы бойынша ЭКСПО-ның басталуына дейін 5340 орынды 10 көлік тұрағының құрылысын аяқтау көзделіп отыр. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 1340 автокөлік болатын 3 көлік тұрағы құрылысының жоспары әзірленіп бекітілді.

тасымалдау кезінде жайлы сапар мен қауіпсіздігіне кепілдік бере отырып, жаңа технологиялар арқылы мол мағлұматқа қанықтырады. Жоба арқылы транспорт жүйесін мо-дельдеу мен транспорт ағынын реттеуде инновациялық жұмыстар қолданылады.

ITS жобасы негізінде бағдаршам нысандарын бейінді басқару, жүргізушілерді VMS-табло арқылы қозғалыс кезіндегі өзгерістер ту-ралы ақпаратпен хабардар ету, жолаушыларға аялдамаларда орналасқан ақпараттық табло арқылы хабар тарату, қоғамдық көліктердің диспетчерленуі және жол ақысын төлеудің электронды жүйесі мен жол қиылыстарына видеобақылау орнату сынды жаңа технологиялар іске асады.

жол ақысын төлеудің электронды жүйесі іске асады.

Қазір Астана қаласында қо ғамдық көліктерде жол ақысын төлеудің электронды нұсқасын орнату жоба-сы дайындалып жатыр. 2015 жылы оны сынақ ретінде бақылау үшін қолданысқа енгізу көзделіп отыр.

Жол ақысын төлеудің электронды жүйесінің айрықша ар тықшылығы – қауіпсіздік, тө леудің жеңілдігі және қызмет көрсету, қолданудың ыңғайлылығы.

Жолаушылар жол ақысы ретінде бірнеше жүріске арналған арзан қағаз билеттер және ұзақ мерзімге пайдалануға жарайтын пластикалық карталар мен дербес абонемент-терге арналған пластикалық карта-лар, мульти-сапарлар қолданатын болады. Аталмыш картаны аялда-

болады. Бұл автобустар Астана қаласының ауа райына лайықталған әрі жо лаушылардың көңілінен шығатындай толық жабдықталған. Автобустарда TFT табло, жолау-шылар ағынын есептейтін тетіктер, жүргізуші құрылғылары мен элек-тронды билеттендіру құрылғылары, видеобақылау камералары орна-тылған. 12 метрлік автобустың максималды сыйымдылығы – 106 орын, ал 18 метрлік автобустың сыйымдылығы 150 орынды құрайды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Page 6: 15 (3219) 2015-02-10

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

АТА ДАНКЫН АСПАНДАТКАН

көргенде. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» деген кітабында атап өткеніндей, біздің арғы ата-бабаларымыздың тындырған іс-әрекеттері Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан талай мемлекеттердің өсіп-өркендеуі жолында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келеді.

Қазақтар жүздеген жылдар жаугершілік за-манды бастан кешірді. Жан-жағынан анталаған дұшпандармен шайқасып, елін, жерін қорғай білді. Қазақ жұртында басқа еш халықта жоқ ба-тырлар институты қалыптасты. Бұл басқаларға ұнамады. 1806 жылы Бөкей ордасы үшін бекітілген «Хан кеңесі» ережелерінде «ба-тырлар пайда болмасын және күшейтілмесін» деген нақтылы нұсқау соның айғағы емес пе? Орыстың 1 Петр патшасы «мунгал в солдаты не брать» десе, патша өкілі М.Сперанский бұратана халықтарға мылтық бермеуді, орыс әскерлері қатарына алмауды сақтық шара-сы деп мәлімдеді. 1916 жылы қазақтарды әскерге алмай, қолына күрек, қайла беріп қара жұмыстарға салғаны белгілі.

Бірақ патша өкіметінің ресми ұстанымына қарамастан қазақтар аз мөлшерде болса да орыс әскерінің құрамына XVI ғасырдан бастап тартыла бастаған. Мәселен, 1590 жылы Ораз Мұхаммед сұлтан подполковник шеніне дейін көтеріліп, орыс-швед соғысында асқан ерлік көрсеткен.

Ертеректе Мәскеуге барып, Кремль залда-рын, соғыс сюжеттерінің көрінісін салатын атақты кескіндемеші-суретші (живопи-сец-баталист) Франц Рубенің «Бородино шайқасы» панорамасын ең алғаш көріп, қазақ жауынгерлерінің әр кезде бәрімізге ортақ болған ел тағдыры үшін орыстармен қоян-қолтық бірлесіп сонау 1812 жылдың өзінде жаумен қалай арпалысқанын байқағандай болып едік.

Айталық, соғыс алаңында, Парижді тізе бүктіргенде көрсеткен ерліктері, ержүрек қимыл-әрекеттері үшін Георгиев кресімен төрт дүркін марапатталған Нарынбай Жанжігітұлы деген қазақтың аты-жөні Кремльдің Георгиев залындағы мәрмәр тақтаға қашалып жазылған. Көптеген қазақтар 1812 жылғы соғыстағы халық жасақтарының қатарында тұрып, орыс әскерлерінің құрамына өз еркімен кірген. Солардың бірі – Әмен Байбатыров деген ақын Лейпциг пен Глодгау шабуылында көзге түсіп, күміс медальмен марапатталған. Православие дінін қабылдағаннан кейін Яков Беляков деп аты-жөнін өзгерткен қазақ азаматы 1809-1810 жылдары Түркиямен болған ұрыста ерлік жа-сап, әскери біліктігін байқатқан. 1812 жылғы қырғын соғыста есаул дәрежесіндегі оны орыстың ұлы қолбасшысы М.И. Кутузовтың

өзі тікелей бұйрығымен полк командирлігіне тағайындапты.

– Француздармен болған шайқаста 25 м ы ң д а й м ұ с ы л м а н х а л ы қ т а р ы о р ы с армиясының қатарында сапқа тұрған, - дейді қауіпсіздік органдарының ардагері, полковник Николай Ивашкевич. - Менің есебім бой-ынша бұл майданда 10 мыңнан астам қазақ болған. Өкінішке қарай, кеңес заманында барлық тарих қайта жазылды да, 1812 жылғы соғысқа қатысқан орыс емес халықтар мен олардың ерлік көрсеткен азаматтары туралы айғақтардың біразы жойылып кеткен. Мен бұл деректерді бір-бір түйірден есептеп, санама-лап жинадым. Қазақтар негізінен қазақ және башқұрт құрамаларының қатарында болған («Экспресс – Казахстан», №184, 5.10.2007).

Осыған орай ардагер чекист осынау қырғын соғыста ерлік көрсетіп, өкімет наградаларын еншілеген кейбір қазақтардың аты-жөнін баяндайды. Мәселен, Қазыбай (Николай) Черныш 1770 жылы туған. Оның әке-шешесі қаза тауып, казак-орыс отбасында өскен. Әскерге казак-орыс есебінде тіркеліп, есаул шеніне ие болған. 1807-1811 жылдары Кавказ майданына, содан соң түріктермен болған соғысқа қатысады. 1812 жылы полк басқарады. 1 дәрежелі Әулие Анна орденінің иегері болған ол Наполеон әскерін Ресейден қууға қатысып, Георгий орденін еншілейді.

Белгісіз батыр Әкім Болатов та казак-орыс отбасында тәрбиеленген. 1794 жылғы Прага шабуылына қатысып, фрацуздар-мен шайқастағы ерлігі үшін Әулие Георгий орденімен марапатталған. Қазақ жауынгері Майлыбайұлы күміс медальмен, Сағит Хамитұлы III дәрежелі Әулие Анна орденіне ие болған. Осы соғыста Мұрат Күлшораұлы, Еріш Азаматұлы, Боранбай Шуашбайұлы, т.б. қазақтар асқан ерлігімен көзге түскен.

* * *1962 жылы орыстар Отан соғысы деп

атайтын 1812 жылғы шайқастың 150 жылдығы тойланып жатқанда Мәскеудегі Кутузов даңғылында «Бородино шайқасы» мұражай-панорамасы ашылды. Бұл Наполеон армиясының талқандай бастаған, орыс әскерін басқару ісі ұлы қолбасшы М.И. Кутузовтың құзырына берілген кезең еді.

Біз бұрынырақ, кеңес заманында, Қырым өңірінде, оның ішінде Севастополь қаласында болғанымызда Франц Рубенің «Севастополь қорғанысы» панорамасын тамашалап, осын-дай да керемет өнер туындысы болады екен-ау деп таңдай қаққан едік. Ұлан-ғайыр ауқымды алып жатқан соғыс сюжеттерінің көріністерін және тарихи уақиғаларды дәл құжаттағыдай көз алдына елестетіп, қайта жаңғырту кез кел-ген маманның қолынан келе қоймас!

Ал сол автордың – Франц Рубенің Мәскеудегі «Бородино шайқасы» атты дүниесі де өте әдемі, сөзбен мақтап жеткізе алмайтын көркем шығарма. Сөз жоқ, сурет өнерінің теңдесі жоқ туындыларының бірі. Табиғат аясындағы ала-сапыран соғыс көріністерінің панорамасы және олар зор көлемді үлгі-пішінмен, ғажап дәлдікпен жымы білінбей қиыстырылған.

К е с к і н д е м е д е г і « Қ ы р ғ ы з д а р д ы ң (қазақтардың – А.К.) француздармен ұрысы», «Башқұрттардың француздармен ұрысы» деген екі суретке ерекше назар аударғанымыз рас. Кейін бірер жыл өткен соң қайта барсақ, бұл май-дан көріністері орнында жоқ. «Олар қайда?» деп сұрап едік, экскурсия жетекшісі «запасникте» деді. Сонда тұтас суреттен қазақ пен башқұртқа тікелей қатысты сюжеттерді қиып тастаудың қандай қажеттілігі болды екен?

* * *Қазақ халқы соғыс жыл-

дары ата даңқын жоғары көтерді, адал ақ ниетті халық екенін Отанға, жер жүзіне паш етті. Қасым ақын «Күркіреп күндей өтті ғой соғыс» деп айтқандай, ауыр күндердің өзінде халық өзінің генофонын сақтап қалды, жаңа Бауыржандар, Талғаттар, Рақымжандар, Мәншүктер, Әлиялар ұрпағы келіп, олар Бөгенбай мен Қабанбай, Махамбет пен Исатай аталарына сай ерлік көрсете білді. Ата-баба аруағына сыйынған қазақ жауынгерлерінің көпшілігі қиын-қыстау кезеңде Аллаға құлшылық еткен, жастайынан құлағына сіңген халық аңыздарын еске алған. Мәселен, Талғат Бигелдинов жауынгерлік тапсырмамен кезекті ұрысқа аттанардан бұрын бала кезінде 101 жастағы шешесінің әпкесі Хадиша әжесі үйреткен дұғаны оқиды екен.

Тағы бір дерек. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Екінші дүниежүзілік соғыс проблемасына байланысты ұйымдастырған бір алқалы жиында соғыс ардагері, тарихшы ғалым Шағиля Құсанова апамыздың бір қазақ жауынгері туралы айтқан әңгімесі есімде қалыпты.

Батыс майданындағы 20-армияның атты әскер құрамында Клин қалашығын жау қоршауынан босатқан кезде фашист ұшақтары төбеден түскен найзағайдай аспаннан жарқ етіп, жаңбырдай жауған оқтың астына алған мезгілде паналар жер болмай, атты әскер сарбазы Қасым астындағы атымен қоса мұрттай ұшады. Жаудың оғы оның атын жаралап, өзінің екі аяғын да паршалап өткен. Ауыр жараланған Қасым есін жия сала атының ішін семсермен жарып жіберіп, ішек-қарнын алып тастап, жылқының ішіне кіріп кетеді. 14 сағат осылай жатқан Қасымды медби-келер кездейсоқта тауып алған. Содан үш-төрт ай Мәскеу госпиталында емделіп, елге аман-есен оралыпты.

Сөйтіп, оны өлімнен құтқарған бала кезінен есінде қалған аңыз болса керек. Ерте заманда биік шыңның басына шығуды мақсат еткен кісілер жаңа сойылған мал терісінің ішіне кіріп жата қояды, ал оны сонау биіктен көзі шалған самұрық құс іліп әкетіп, тау басына алып ұшады екен. Қысылған кезде осы аңыз санасын билеп, соңғы күшін сарқып, аттың терісіне кіріп кеткендіктен Қасымды шабуылға шыққан жау әскері байқамай аман қалған.

Неміс фашистерімен болған қырғын майданда қазақ жауынгерлері ештеңеден тайынбайтындығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсарлығымен танылды. Соғыс жыл-дары қазақ жерінде 12-атқыштар және төрт атты әскер дивизиясы, жеті атқыштар бригада-сы, 50-ге жуық жеке полктар мен батальондар жасақталды. Үш атты әскер дивизиясы мен екі атқыштар бригадасы қазақтың ұлттық әскерлерін құрады. 1941 жылғы қазан айындағы Мәскеу төңірегіндегі шайқаста Қазақстанда құрылған 312, 316- атқыштар дивизиясы ең қатерлі бағытқа орналасты. Ал мұның соңғысы тап Мәскеудің түбінде тұрды. Бөлімшенің жартысы – қазақтар, үштен бірі орыстар еді. Міне, осы аласапыран қырғында генерал Панфилов пен аға лейтенант Бауыржан Момышұлы жау шебін бұзып шығып, неміс әскеріне күйрете соққы берді. Дивизия

Page 7: 15 (3219) 2015-02-10

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

жауынгерлері түгелге дерлік қырылса да тапсырманы орындап, неміс әскерін Мәскеуге жолатпады.

– Қазақстандық әскер бөлімшесінің табандылығы қайран қалдырады. Олар өз атына ең тәуір деген мақтаулы сөз естуге құқығы бар. Бәрі бұлай соғысқан жоқ. Кейбір бөлімшелер шегіне беруден зәрәзап болды, жүнжіп кетті, - деп жазады мәскеулік «Со-вершенно секретно» апталығы (№ 12– 2011).

Орыс жазушысы Александр Бек «Волоколамск тас жолы» деген кітап жазып, Бауыржан Момышұлының майдан даласындағы ерлік істерін, қиын-қыстау кезеңде көрсеткен тапқырлығын сүйсіне баяндайды. Баукең – 8-гвардиялық дивизияның батальон командирі. Әскери шені де, лауазымды қызметі де аса үлкен емес. Дивизияда үш полк бар, жеке бата-льондар да жеткілікті. Міне, солардың ішінен автор неге Момышұлын таңдап алған? Өйткені, басқалар мұнымен теңесе алмайтын, өзгелерден шоқтығы биік тұратын.

Орталық әскери басылым – «Крас-ная звезда» газетінің тілшісі Илья Эрен-бург 1942 жылы жазған «Қазақтар» деген эссені Қазақстанның барлық газеттері көшіріп басты. Автор оның тақырыбын неге қазақтар деп қойды? Себебі, әскери құрамада талай ұлттың өкілдері болса да, қазақ бауырларымыздың Мәскеуді қорғауда көрсеткен ерлігі бәрінен де басым еді. Бір түсініксіздігі, солай бола тұрса да бұл тарихи эссе атақты жазушының бұрын-соңды шыққан бірде-бір шығармалар жинағына енбеген.

Қаламгер бағзы заманнан қазақ ақындары ержүрек ерлерін, даңқты батырларын әрдайым жырға қосқан дейді де, «Мәскеуді жанқиярлықпен қорғаған жиырма сегіз қаһарманның көз алдына Ер Тарғынның абырой-лы бейнесі айқындалып тұрмады дейсің бе?» деп ойын жалғастыра түседі. Автор сарбаз Сұлтан Қожықов, гвардияшыл Омаралиев, жауын-гер Әмірбек Ілиясов, пулеметшілер Естаев пен Балапанов, қатардағы солдаттар – Тұрсынбаев, Ырысов, Әшім Қасқабаев, Талғат Кейкуәлиннің жанқиярлық ерлік істерін тәптіштейді, мақтанышпен баяндайды. И.Эренбург эссені аяқтай келе «Қазақтар иен далада желжетпес жүйрік мініп жүріп дағдыланған, бірақ қажет болса, еңбектей де біледі, жүгіре де біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады, саз

батпаққа малшынып та жата береді: оларды ешкім де, ештеңе де тоқтата алмайды» деп жазады.

Екінші дүниежүзілік соғыстың болмысы орыс саясаткерлері мен әскер қолбасшыларының қазақтарды солдатқа алмау жөніндегі сылтаула-рын түгелдей жоққа шығарды. Қазақ атты не жаяу әскер құрамына ғана емес, армияның техникасы басым жақтарына да әбден жарайтындығын мойындатты. Ұшқыштар Н.Әбдіров, Т . Б и г е л д и н о в , е р л і г і ә л е м г е жайылған Б.Момышұлы туралы соғыс басталысымен-ақ жарыса жазылды. Әлия мен Мәншүк тек қазақ ғана емес, бүкіл шығыс әйелдерінің атын биіктікке көтеріп тастады. С.Баймағамбетов кейін А.Матросов ерлігі аталған қаһармандықты ең алғашқы болып көрсетті. Р. Қошқарбаев Рейхстагқа алғашқы болып ту тіккендердің қатарынан көрінді.

Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен олардағы қазақ жауынгерлерінің ерлігі туралы атақты әскери қолбасшылар, Кеңес Одағының Маршалдары – Г.К. Жу-ков, К.К. Рокоссовский, Л.А. Гово-ров, А.А. Гречко, И.И. Якубовский және Қызыл Тулы Балтық флотының қолбасшысы, вице-адмирал Е.В. Три-буц, Кеңес Одағының Батыры, ге-нерал-полковник И.М.Чистяков, Сумы облысындағы партизан от-рядтары тобының командирі, Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор С.А. Ковпак, корпус командирі А.Ф. Наумов, корпус командирі, Кеңес Одағының Батыры, генерал-лейтенант Г.Б. Сафиуллин, дивизия командирі, генерал-полковник П.Л.Романенко қазақ жауынгерлерінің ерлігіне бас иіп, жылы пікір білдірді. Белгілі француз тарихшысы А.Верд: «Қызыл Армияның табанды жауынгерлерінің бірі – қазақтар еді. Соғыстың басында қазақтар өздерін ең жақсы жағынан көрсетіп отырды. Ал Сталинград-та үздік жауынгерлер қатарында қазақтар болды» деп жазуы біздің ата-бабаларымыздың мерейін одан сайын аспандата түсті.

* * *

Соғыс кезінде әрбір бесінші қазақ майданға аттанып, әрбір оныншы адам еңбек армиясына алыныпты. Басқаша айтқанда, респу-блика халқының төрттен бірі майдан мүддесіне жұмылдырылған. Адам

шығыны да едәуір болды. Академик Манаш Қозыбаевтың жазғанына сүйенсек, соғыс біздің жерде өтпесе де, халқымыздың 12 %-ы (орыстар – 6%, украиндар - 8%) құрбан болған. Ал, қан майданнан оралмағандардың саны 601 мың адам (онда бір қала, 7 ауданның көрсеткіші жоқ). Бұл Қазақстан халқының 11,2%-ы. Бұл кез-де халық өсімі де азайды. 1940 жылғы өсіммен есептегенде, соғыс жылдары 592 мың бала кем туды. Сонда тура және жанама шығын (еңбек майданы-нан оралмағандарды есептемегенде) – 1202000 адамға жеткен. Бұл – бүкіл Одақ бойынша соғыс жүрген аудан-дардан кейінгі көрсеткіш.

Елде қалған шал-кемпір, қатын-қалаш та бір кісідей жұмылып, «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» деп тыным таппай күндіз-түні жұмыс істеді. Мұның өзі арнайы сөз ететін мәселе десек те, осыған орай Қарағанды көмір бассейніндегі № 3 шахтаның көмір қазушысы Мұқанова Жәкен (1903-1946) апамыздың өнегелі ісін айта кетуді жөн көрдік. Ол 1941 жылдың 22 маусым күні шахтаға жұмысқа тұрып, көмір қазушы мамандығын тез меңгеріп, жұмыс жоспарын 130-140% орындай бастай-ды. Соғыстың алғашқы күндерінде барлық әйелдерге: «Майданға кеткен ерлердің орнын басайық!» деп үндеу тастайды. Бас тама үй шаруасындағы әйелдер тарапынан кеңінен қолдау та-уып, Қарағанды кеншілері арасындағы әйел азаматтарының үлесі 1942 жылы 16%-ға, соғыстың соңына қарай 34,5%-ға дейін өскен. Сол жылдардағы тылдағы ерен еңбегі еленіп, Жәкен апамыз Қызыл Ту орденімен наград-талыпты.

Қазақстанда мыңдаған әйел тракторға отырып, көптеген кемпір, шал, әйелдер мыңғырған малды құм далаға айдап, ескен желмен құм ба-сып қалған ескі құдықтарды қайтадан шегендеп, қауғамен суарып, асырады, бақты. Сөйтіп өткен ғасырлардағы көшпенділер ізімен құба жонда көшіп жүрді. Сол жылдары колхозда еңбек еткен адамның 70-80%-ы әйелдер еді. Фабрика-зауыт оқуына (ФЗО) қаншама қазақ қыздары жіберілді десеңізші. Тек қана Қаскелең ауданы-нан бір жүзге жуық қыздар сол оқуды аяқтап, Сталинград трактор зауытын қалпына келтіруге қатысқан.

Немесе Ақмола облысының Астрахан ауданында туып, еңбек жолын 1939 жылы «Красный па-

харь» колхозында бастаған Асайы-нов Жаппарханды (1919–1963) сөз етсек. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол Қызылтулы 81-темір жол шаруашылығын қалпына келтіру батальонында жұмыс істеген. 1943 жылы жау ұшақтары темір жолға шабуыл жасаған кезде Асайынов жауынгерлердің бір тобын басқарып, оқ-дәрі тиеліп от жалынына оранған вагондарды шапшаң ағытып үлгеріп, соғыс мақсатына қажетті аса қымбат жүкті аман алып қалыпты. Сөйтіп, ол тікелей майдан алаңынан қашықтау жүрсе де, қазақ азаматтарының ара-сынан ерен еңбегі үшін ең бірінші болып Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған.

* * *Өткен соғыс туралы әңгімемізді

жазушы Илья Эренбургтің жоғарыда сөз болған эссесіндегі «Соғыс отында біздің Отанымыз – Совет Одағы, Рос-сия күшіне күш қосты. Қазақтар оры-стармен иін тіресе шайқасып жүр. Біз бірге қайғырып, бірге айқасып жүрміз, жеңістің алғашқы таңы атқанда бәріміз бірге қуанамыз әлі» деген жолдармен аяқтауды жөн көрдік.

Шынында да солай болды. Ұмытпайық оны.

Амантай КӘКЕН

Page 8: 15 (3219) 2015-02-10

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Драма авторы - белгілі жазу-шы-драматург Думан Рамазан мен қоюшы режиссері Болат Ұзақов туынды арқылы тарихи тұлғаның көшбасшылық қасиетімен бірге, адами болмыс-бітімін, сұңғыла саясаткерлігін, көзсіз батырлығын ашуды мақсат тұтты. Режиссердің айтуынша, қойылым желісіне та-рихымызды ашатын жаңа деректер кіріктіріліп, мәтіні де толықтырылған. Айта кетейік, қос автор бұдан бұрын «Кенесары – Күнімжан» атты қазақ-тың соңғы ханына қатысты тари-хи драманы көрерменнің назарына ұсынды. Бұл қойылым театр сахнасын-да бірнеше жылдар көлемінде табысты жүріп келеді.

Бүгінгі таңда жас ұрпақтың бойына отаншылдық рухын себу маңызды мәселелердің қатарына шығып отыр. «Абылай ханның арманы» драмасының авторлары алдымен соған емеурін танытады. Қойылым қазір өзіміз өмір сүріп отырған заманмен ашылады. Шымылдық көтерілгенде көрермендер сахна-да отырған атасы мен немересін көреді. Баланың қолында үлкен кітап. Ондағы суреттерді қызықтап отырған жеткіншек атасына сұрақтар қоя бастайды. Аталы-немерелі екеуара әңгіме хан Абылай бейнелеген тұсқа бөгелгенде, тарихқа сапар басталады.

Жас Абылай жоңғардың атақты батыры Шарышты жекпе-жекте өлтіргеннен кейін жылдар бойы

ҚАРЫС ЖЕРІН ҚОРЫҒАН ҚАЗАҒЫНЫҢ

ойластырады. Қойылымның алғашқы бөлімінің желісі осылай өрбиді.

Екінші бөлім Абылайдың ордасына Әмірсананың келуімен басталады. Бұл уақытта Топыш сұлу Абылайға ұл тауып берген екен. Бауы берік болсын айтып келген Әмірсанаға Абы-лай ұлының атын өзінің бабасының құрметіне Қасым деп қойғанын жеткізеді. Әмірсана тек қуанышпен құттықтап келмегенін сездіріп, жоңғар елінің басына қиын күн туғанын, Қалдан Серен өлтіріліп, билікке талас басталғанын, өзінің де тақтан үміті барын айтып, Абылайдан сол мақсатқа жету үшін көмек сұрайды. Абылай андасына жәрдем беремін дейді. Бірақ, қоңтайшы Әмірсанамен серіктескен Даошы болады, сен тақ мұрагері боласың деген шарт қояды. Одан кет-кен Әмірсана қытайлармен қосылады. Ақыры қолтығына келіп кіргенде қылғыта жұтатын қытайлардың зы-миян саясаты іске асып, жоңғардың тоз-тозы шығады. Сөйтіп, Әмірсана өз ақымақтығынан опық жейді. Соңында

Ресей империясынан көмек сұраймын деп, басынан айырылады.

Абылай хандық құрған дәуірде осы Қытай мен Ресей қазақ жерінің екі бүйірінен қысып отырғаны та-рихтан аян. Абылай осы екі елдің билеушілерінің де қолына тізгінді толық бермей, жері мен елінің бүтіндігін сақтап, арбаны да сын-дырмай, өгізді де өлтірмей айлалы саясатты ұстанды. Қойылымда ол анық көрінеді. Орыс елшісі князь Иван Ураков пен қытай елшісі На-Ванг ордасына келгенде Абылай оларды екі ұшты сөздерімен шығарып салады. Бірақ, оған сенетін Қытай бар ма, қазақ елінің іргесіне әскерін әкеледі. Абылай дереу хан кеңесін шақырып, би мен

батырларды қытайға қарсы соғысуға шақырады. Біраз даудан соң оған кеңеске қатысқандар келіседі. Сөйтіп, жауға қарсы аттанған қазақ қолы ел мен жер бүтіндігін аман алып қалады.

Иә, Абылайдың негізгі арманы осы еді. Қазақтың қарыс жерін жау қолына бермеу, ел бірлігін сақтау. Авторлар оның аузына қойылымның соңында: «Арманым – бүкіл түркі жұртының басын қосып, алынбас қамалға айна-лу» деген сөздерді салған екен. Ол қазіргі таңда әлі де арман болып келе жатса да, түптің түбінде бұған да қол жеткізерміз.

Сөзіміздің соңында актерлердің ой-ынынан алған әсерімізді де айтсақ, ба-сты рөльде ойнап, Абылайдың бейнесін сомдаған Қуандық Қыстықбаев қойылымға мәртебелі қонақтар қатысқаннан кейін қобалжып, кейіпкерінің бейнесін керек шамада аша алмаған тәрізді. Есесіне Қалдан Се-рен болған Жанқалдыбек Төленбаев қоңтайшының бейнесін мінсіз көрсетіп шықты. Ержан Нұрымбет

(Әмірсана), Айман Қарпсейітова (Топыш), Қасымхан Бұғыбай (Жал-бы), Кеңес Нұрланов (князь Иван Ураков) сынды актерлердің өнері жөнінде де соны айтуға болады. Қытай елшісі На-Вангты ойнаған Дастан Әлімовтің образға кіргенше сонша, оның сөйлеген сөздеріне, істеген қимылдарына көрерменнің ішек-сілесі қатты. Демек, «Абылай ханның арманы» тарихи драмасының жаңа нұсқадағы қойылымы сәтті өтті десек, қателеспеспіз. Мұны Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы секілді үлкен мерекеге театрдың тама-ша тартуына балаймыз.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

қазақтың жеріне көз алартқан жау оған кек сақтап қалады. Жоңғар қоңтайшысы Қалдан Серен Абы-лайды қалайда қолға түсіруді ой-ластырады. Ақыры бұл ойы іске асып, ұсталып, байланып-маталған Абылай қоңтайшының ордасына әкелінеді. Оны ұстаған Шарыштың інісі Жалбының жүрегінде кек қайнап

мен Әмірсана сол уақытта анда болуға серттеседі.

Абылайдың жоңғарлардың тұтқы-нынан аман босағаны тарихтан белгілі. Оның қалай болғаны жөнінде тарих-шылар бірнеше дәйектерді ұсынады. Драмада Абылайды Қаздауысты Қазыбек би құтқарып алып кетеді. Бидің кесек турайтын кемел сөз-

Халықтар достығының мерейін асыратын мерекелік шараға халық көп жиналды. Олар қалалық Мәдениет басқармасы ұйымдастырған концертті тамашалап, әсем әуен ырғағымен би билеп, көңіл көтерді. Елордалық өнер иелері болса, елімізде тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың салт-дәстүрінен, өнері мен мәдениетінен шағын қойылымдар көрсетіп, мерекелік шараға жиналған

жұртшылыққа шын мәнінде шаттық сыйлады. Әсіресе, Астана қалалық Қуыршақ театры әртістерінің өнері көпшіліктің көңілінен шықты.

– Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстанды көркейту. Елбасы бастамаларына қолдау көрсете отырып, біз осы бағытта аянбай тер төгіп

жүрміз. Сондықтан, егемен еліміз өркендеп, гүлдене берсін! - дейді шараға қатысушылардың бірі Антонина Федорова.

Аталмыш шара аясында аудан тұрғындары мен қала қонақтары Ақбұлақ өзеніндегі мұз айдынында хоккей-ден және көңілді старт жарыстарына қатысып, сала-уатты өмір салтын насихаттауға да бірлесе атсалысты.

Әмина АДАЙ

– Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жыл бойына мәдени және ғылыми бағыттағы әртүрлі іс-шаралар өтеді. «Абылай ханның

арманы» драмасының жаңа нұсқада ұсынылуы сондай шаралардың қатарына кіріп отыр. Бұл

қойылымның тәрбиелік маңызы зор. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің

«Абылай аңсаған азаттық» атты мақаласында Абылай ханның тұлғасы мен ел үшін сіңірген еңбегін жақсы көрсетті. Мына қойылым соған анық көзімізді жеткізіп отыр.

тұрады. Қалдан Сереннен Абылайдың басын алуды сұрайды. Алайда, қоң-тайшы оған рұқсат бермейді.

Алдында Қалдан Серен :«Кім Абы-лайды алдыма әкеледі, соған қызым Топышты беремін» деп, жар салған екен. Жалбы сонан да дәмелі. Алайда, Топыш оны менсінбей, қазақ ханын таңдағанын сездіреді. Сол үшін де Жалбының қаны басына шабады. Ол қапаста қамалып отырған Абы-лайды өлтіргелі келгенде тұтқынды Әмірсана құтқарып қалады. Абылай

деріне, даналығына тәнті болып қалған Қалдан Серен Абылайдың өзімен де тілдескеннен кейін би мен ханның оңай адамдар емес екеніне көзі жетеді. Абылайды біраз сынағаннан кейін оның сұңғылалығын мойындайды. Хан мен қоңтайшы осыдан соң екі ел арасындағы соғысты тоқтатып, бейбіт өмір кешуге уағдаласады. Қалдан Се-рен Абылайға бас бостандығымен бірге қызы Топышты да сыйлайды. Мұны естіген Жалбы уәдесінде тұрмаған қоңтайшыдан қалайда кегін қайтаруды

Page 9: 15 (3219) 2015-02-10

9www.astana-akshamy.kz

Әр адам – ұстаз. Болмысына, мінез-құлқына өмір сүру салтына қарасаң, әйтеуір, бірдеңе үйренесің. Әсіресе, жақсылардың бойында өнеге етерлік қасиеттер аз болмайды.

« Алпыс жас – а лтын жас » деп, асқаралы асудан аттағалы отырған ағамызды қуанышымен құттықтағалы бара жатқанда осын-дай ой орала берді. Кездесіп, аман-саулық сұрасқан соң алғашқы әңгімені де: «Ақын Ұлықбек Есдәулеттің жастарға «Сәдібек Түгел қандай қиындықтарға тап болса да, мойы-майды, үнемі күліп, жарқырап жүреді, қайран қаламын. Сәдібектен үйрену керек» деп, сізді өнеге қылғанын естіген едім. Сіздің осы қасиетіңіздің сыры неде? Осыншалық ерік-жігерді, күш-қуатты қайдан аласыз?» деген сұрақпен бастадым.

Сәкеңнің жауабы да орнықты болды.

«Менің Сақан деген апам бол-ды. Ол әкем Түгелдің әпкесі еді. Күйеуі, балалары соғыс кезінде мерт болып кеткен. Содан кейін інілік қамқорлықпен әкем оны үйге көшіріп алған еді. Біздің үй Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы, Амангелді ауылында болатын. Кейін әкем сол үлкен үйімізді Сақан апама берді. Мен Сақан апамның қолында өстім. Ол кісі өзі көзі ашық, білімпаз, көргені көп, бес уақыт намазын үзбеген, таза адам еді. Үнемі маған ертегі оқып беретін. Сағымбай деген пошташы бар еді, сол кісі арқылы газет-журналдарды үзбей алып тұратын. Мектепке барған жы-лымнан бастап мені апам газет-жур-нал оқып отыруға дағдыландырды.

Бірде апам маған домбыра, кітап, ақша және тағы бір затты беріп т ұрып: «Осылардың қайсысы түсіңе кіреді, сен ертең сол саланы таңдайтын боласың» деді. Сол күні мен түнімен түсімде кітап көріп шықтым. Оянып, айтқанымда Сақан апам қатты қуанды. «Сен білімге әуес баласың. Зиялы, айналасына пайдалы азамат боласың» деп жорыды... Сол айтқан тілек қабыл болып, мен, міне, үнемі қағазбен жұмыс істеп, кітап оқу мен кітап жазуды тастамай келе жатырмын», - деді Сәдібек аға.

Сәдібек Түгел бала күнінде-ақ кітапқұмар болыпты. Өзі оқыған мектепке таң атпастан барып алып, кітапханашының жолын тосып оты-рады екен. Кітапханаға кірсе, тамақ ішуді де ұмытып, оқудан бас алмай қоятын көрінеді...

Сол оқыған-тоқығандарын бүгін өмірлік тәжірибеде қолда нып келе жатыр. Кітап оны сабыр лылыққа, төзімділікке, кең ойлауға, үнемі тір-шілік етіп, кездескен қиын шылық-тарға қажыр мен қайратын жинап, төтеп беруге үйретіпті.

«Биллиард ойнағанда, мысалы, кейбір жігіттер шын шеберлерден қашып, әлсіз адамдармен ойнағанды жақсы көреді. Ал мен керісінше, ең мықтылармен додаға түскенді ұнатамын. Өйткені, қарсыласың мықты болса, сен де шыңдаласың, шынығасың», - дейді сөз арасында Сәдібек Түгел.

Үнемі күліп, жадырап, өзінше жаңа бастамалар көтеріп, қайнаған тірліктің ортасында жүретін Сәдібек Түгелге өмір ылғи оңай соғып отыр-ған жоқ. Аяғынан шалып, сүрін дір-мек болғандар да табылыпты. Алға қойған мақсатқа жетерде кесе-көл-денең кезіккен қиындықтар да аз болмаған. Бірақ, тауы шағылып қал-май, шыңдарға ұмтылып жүретін ағамыздың өзіндік ұстанымы бар.

«Кейбір адамдар ағайынның ара-сындағы түсініспеушілік болсын, қызметтегі сәтсіздік болсын – кез-дескен қиындықты көтере алмай, мүжіліп қалады. Мен, тіпті, қызметтен түсіп қалғаны үшін екі жыл үйінен шықпай жатып алған азаматтарды да көрдім. Бірақ, өмірде ештеңе де мәң гілік емес. Сондықтан, ара-тұра кез десіп қалатын қиыншылыққа адам төтеп беруі керек. Айналаңа көмек-тесіп, жақсы іс істеуден, Алланың ри-за лығына бөленуден маңызды еш теңе жоғын ескеру керек», - дейді ол.

Маған ұнағаны, осы әңгіме үстінде Сәдібек Түгел адамның рухын, жі-герін темірге теңеді. «Тот басқан, боркемік темір бір ұрғанда сынып қалады. Ал, болат темір соққан са-йын шыңдалады. Адам өз жігерін жа нып, болат темірдей бабында ұстай білу керек», - дейді ағамыз... Ал өзіне болат темірдей қайрат бітіріп, жігер-рухын биік ұстауға баулыған бала күнгі тәрбиешісі Сақан апайы деп білетінін жасырмады.

Біздің кейіпкеріміз ұйымдас ты-рушылық қабілеті жоғары, айна-ласына сес көрсетіп, қабақ шы-тып, бұйырып сөйлемей-ақ сөзін өткізе білетін ерекше мінез иесі. Сол қа сиет терінің арқасында кезінде Астана қаласы әкімінің алғашқы баспасөз хатшысы болғанда игі істерге көпті жұмылдырып, солар-

мен бірге небір маңызды шаруа-ларды тындырды. Астана әкімінің назарын аудартып, қаладағы журна-листерге қамқорлық етті. Ал қазір, тілеулес достарымен, кәсіпкер аза-маттармен, қазаққа жаны ашитын абзал жандармен бірігіп, бірнеше қоғамдық жұмыстар атқарып келеді. Қасиетті Құлагерге ескерткіш ор-натты. Қазақтың жылқыға деген құрметін арттырып, оны мәдени түрде әспеттеп көрсетудің үлгісін жасады. Ұлттық спорт ойындарын дәріптеп, небір іс-шаралар өткізіп, қайырымдылық жұмыстарымен де айналысып жүрген ағамыз бүгінде құрамында 17 ақпарат құралы бар «Түгел» медиа орталығын ұстап отыр. Жеті журнал шығаруда.

Осындай қат-қабат жұмыстар атқарып, қаншама адамды жұмыл-дырып, ұстап отырған қайраткер, қаламгер ағамыздан:

«Сіз қалай ойлайсыз, жақсы бас-шы болу үшін қол астындағыларға бұйыра сөйлеп, өзінің басшы екенін жиірек еске салып тұрған дұрыс па, әлде қызметкерлермен тең дәре жеде, жұмсақ сөйлесе жүріп-ақ бағын ды-руға бола ма?» деп сұрадым мен.

Сәдібек ағамыз өз тәжірибесімен былай бөлісті:

«Мен он сегіз жыл аудандық деңгейде басшылық қызметтер атқардым. Комсомол ұйымдарын басқардым, басылым басшысы болдым. Астанаға келгелі де біраз шаруалар атқардық. Қазір де аз жұмыс істеп отырғанымыз жоқ. Бірақ креслода шіреніп отырып, өкіре сөйлеу, қызметкерлерге биіктен қарау – менің болмысыма жат нәрсе. Қазір де өзім жұмысқа тартқандарға ерікті түрде қызмет ету құқы берілетінін айтып оты-рамын. Сондықтан шығар, менің айналама кісі үйірсек».

Өзгелердің еңбегін бас мүддесіне сатпайтын, өзгелердің сенімі мен

сүйіспеншілігіне, қызығушылығы мен мақсатына құрметпен қарай білген басшының басшылықтан түскен күнде де жүзі жарық. Қай кезде де осы ұстанымды ту еткен Сәдібек Түгел алпыс жасқа бүгін абыроймен жетіп отыр.

Сәдібек ағамыз ұйымдастырып, Астананың іргесіне «Құлагер» ес керткішін орнатқаннан кейін жылқыны жанындай сүйетін қазақ іштегі аңсарын жасырмай, әр ай-мақ тан жануарға ескерткіш қоя бас-тады. Астананың саябақтары мен көшелерінде де жылқылардың бей-несі пайда болды.

Сәдібек Түгел жалпы идеяға бай адам. Қазіргі жүзеге асырып отырған жұмыстарынан бөлек, әлі қолға алын баған, дайындалып жатқан жобалары да баршылық. Солардың бірі – Құлагер ескерткіші жанынан «Ұлы дала қырандары» музейін ашу.

«Парижге барғандар – Луврға, Италияға барғандар – Колизейге, Петербургке барғандар Эрмитажға кіреді. Ал бізге келгендер қайда ба-

рады? Қазақты қалай таниды? Кез келген халық өзінің қаһармандары, тарихи тұлғалары арқылы танылады. Сондықтан, «Ұлы дала қырандары» музейі біздің сол даңқты, тарихта аты қалған, қазақты қазақ еткен тұлғалардың мүсіндері орнатылатын мәдени орнымыз болса екен деймін. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін эскиздік жобасын жасап, ұсыныстар әзірлеп отырмын» - дейді бұл туралы Сәдібек ағамыз...

«Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын» депті Алаш көсемі Әлихан Бөкейханов. Қоғам қайраткері, жазушы, журналист Сәдібек Түгел де өзінің барлық жұ-мысын елімізді, елордамызды гүл-дендіруге арнағысы келеді. Елор даға алғашқы көшпен келген ағамыз үшін Астана анасындай ыстық.

« Астана біздің мықтылы ғы-мызды дәлелдеген жоба болды. Осы қала ның алғашқы баспасөз хатшысы болғанымды мақтаныш тұтамын. Қалаға келген күннен бастап осында қайнаған өмірдің эпицентрінде болдым. Қазір де сол деңгейден түскенім жоқ. Сон-дықтан, қуанышымды да осы қалада дос-жаранның басын қосып атап өтейін деп шештім» дейді ағамыз ақтарылып.

P.S. Сәдібек Түгел ағамыздың мерейтойы 28 ақпан күні мәртебелі меймандардың қатысуымен Салтанат сарай-ында өтпек. Онда алты кітаптың беташары болмақ екен. Олардың төртеуі – Сәдібек Түгелдің өз кітабы.

«Осы тойды атап өткеннен кейін, алтын жас - алпысқа толған соң алтын жұмыстар істеуге тиіспін, - деп, өз-өзін қайраттандырып отыр ағамыз. – Бұған дейін шығарған он бес кітап бір төбе. Енді болашақта шығармашылығымның екінші кезеңін бастаймын деген ойдамын» дейді ол.

Нәзира БАЙЫРБЕК

Page 10: 15 (3219) 2015-02-10

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Кездесу барысында алдағы стра тегиялық бағыттар мен еліміздегі Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы жөнінде кеңінен тоқталып өткен университет ректоры Ерлан Сы-дықовтың ұсыныстарына бай-ланысты министр өз ой-пікірін білдірді.

Бүгінде Білім және ғы лым ми нистрлігі Үдемелі ин дус-триалды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру үшін бейіндік магистратуралар базасында кадр лар даярлауды қолға алып отыр. Сұранысқа қатысты жүргізілген алдын ала

талдау нәтижесі 10 мыңнан астам кадр қажет екенін көрсетті. Министрдің айтуынша, Индус-трияландыру картасының сала-лары үшін алғашқы кадрлар 2017 жылы дайын болады.

Ал, индустрияландырудың екінші бесжылдығы жобаларын жүзеге асыру үшін Қазақстанға жоғары білімді 17 мың маман қажет көрінеді. Аслан Бәкенұлы екінші бесжылдықты білікті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында он жоғары оқу орны мен он базалық кол-ледж белгіленгенін еске сал-ды. Сондай-ақ, биыл елдегі 10

жоғары оқу орнының зертхана-лары мен оқу базасын жаңартуға алдағы үш жыл үшін бюджет-тен 10 млрд теңге бөлініпті. «Бұл – ғылымды дамытуға арналған ай тар лықтай үлкен ин-вестиция. Біз қаржыландыруды тәжірибелік-конструкторлық әзірлеме пайдасына асырамыз. Жаңа гранттық бағдарламалар әзірленеді» деді Аслан Сәрін-жіпов. Қазірдің өзінде ҚР Білім және ғылым министрлігі тара-пынан мемлекеттік грант алуға 5 мыңнан астам өнертапқыш өтінім берген екен.

Мәдина ЖАҚЫП

Бұл тұрғыда, әсіресе, салмақ балабақшаға түсетінін де ешкім жоққа шығара алмайды. Астана қаласындағы №46 «Самал» сана то-риялық балабақшасы басшылығы мен тәрбиешілер қауымы сәби тәрбие-сінде өзекті орын алатын бесік жыр-лары мен бата-тілек, ертегілер, аңыз-әңгімелерден бастау алатын осындай дәстүрлік тәрбиеге айрықша ден қоямыз.

Нақтырақ айтқанда, балабақ ша-дағы «Шұғыла» орта тобының ата-аналары уақыттың жетпеуінен өз тараптарынан кететін осындай олқылықтардың орнын толтыру үшін балаларға «Ұлас-электрон» серіктестігі ұжымының жасаған ұлттық нақышта безендірілген «Элек-тронды қазақ үй» өнімін сыйға тарт-ты.

Осының арқасында, біз таңер-теңгілік балаларды қабылдау ке зінде осы «Ұлас-электрон» серіктестігі ұжымының сырлы үйінің әндерін қойып, таңертеңгі тәтті ұйқылары бұзылып, көңілсіз келген балалардың әуелі көңіл-күйлерін көтереміз. Кейін бүлдіршіндермен тәрбие, оқу-

жаттығу іс-әрекеті барысында да онда жазылған көркемдік мәні зор ертегілер, ән-күйлер мен әңгімелерді барынша пайдаланамыз. Бұларды балалар ықыласпен зейін қойып, мұқият тыңдайды. Түскі тамақтан соң ұйықтар алдында ертегі, бесік жырларын қойып беруімді өздері өтінеді. Олар ән бесігінде тыңдап жатып тәтті ұйқыға бөленеді. Бос уақытта сурет салып отырып та, күйлерді тыңдай отырып қиялдары дамиды.

Оқу іс-әрекеті барысында қазақи нақыштағы жаңа инновациялық технологиялар қолдану баланың ұлттық мұраларымызды үйренуге деген қызығушылықтарын арттыра түсері анық. Осындай тәрбиелік мәні зор дүние ата-аналардың да қызығушылықтарын оятып, үйдегі бала тәрбиесінде қолданады деген үміттеміз. Өз басым әр қазақтың шаңырағында осындай халқымыздың бесік жыры мен ертегілері үзілмесе деймін.

Гүлсая АЛИЕВА, №46 «Самал» санаториялық балабақшасының тәрбиешісі

Барлығы 75 жас спорт-шы қатысқан сайыс қо-ры тындысы бойынша, үз-діктерге берілетін кубок № 7 1 м е к т е п - л и ц е й і н і ң қ ұ р а м а к о м а н д а с ы н ы ң қанжығасына байланды. Ал, екінші және үшінші орындарға «Жас ұлан» республикалық мек тебі мен Назарбаев зияткерлік мектебінің коман далары тұрақтады. Жүл дегер коман-далар ұйым дастырушылар тарапынан дипломдармен және сыйлықтармен мара-патталды.

Аталған жарысты Есіл ауда-ны әкімінің аппараты Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-

бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Page 11: 15 (3219) 2015-02-10

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

244-060 244-061

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ

ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Электр энергиясы нарығындағы бағаның өзгеру іне байланысты « Астанинская-ЭнергоСбытовая Компания» ЖШС тұты-ну шыларды Астана қаласы бойынша 2015 жылдың 1 ақпанынан бастап электр энергиясына тарифтің өсетіндігі туралы хабардар етеді.

Электр энергиясының босатылатын тарифі:

- тұрғындар үшін -1 кВт/с. үшін 11,24 (ҚҚС-сыз);

- басқа тұтынушылар үшін - 1 кВт/с. үшін 13,74 (ҚҚС-сыз).

Тәулік аймақтары бойынша сараланған тарифтер.

Екі мөлшерлемелі есепке алу жүйесі кезінде (тұрғындар үшін):

3,60ты қоса);

16,18 ты қоса).

үш мөлшерлемелі есепке алу жүйесі кезінде (басқа тұтынушылар үшін):

13,74

28,03

6,03

Электр плитасын пайдаланатын жеке тұлғалар (тұрғындар) үшін тұтыну көлеміне тәуелді сараланған тарифтер:

үшін 9,06

15,11

1 кВт/с. үшін 18,88

электр плитасын пайдаланбайтындар үшін:

үшін 9,06

15,11

1 кВт/с. үшін 18,88

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту

орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келуге болады. Анықтама алу

телефоны: 57-88-88.

Астана қаласы жедел медициналық жәрдем стансасы өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылдың 5 желтоқсанында шыққан «Медициналық көмекті санитарлық авиация және жедел медициналық жәрдем үлгісінде көр-сету ережелері туралы» №1463 қау-лысына сәйкес жүзеге асырады.

Жедел медициналық жәрдем қыз-метінің тиімділігін арттыру үшін ша қырту санаттары себебіне, шұғыл-дығына байланысты анықталады.

Қазақстан Республикасы азамат-тарына, шетелдік азаматтарға және мемлекет аумағында азаматтығы жоқ тұлғаларға жедел медициналық жәрдем тегін көрсетіледі.

Пациенттің (науқастың немесе зардап шегушінің) тұрғылықты ор-нына дейін жету – «103» пультіндегі диспетчердің шақыртуды қабылдаған сәтінен бастап 20 мен 60 минут аралығында уақыт алады.

«103»-ке қалалық және ұялы те-лефондардан келесі жағдайларда хабарласуға болады: жарақат алғанда, жол-көлік оқиғасына ұшырағанда, уланып қалғанда, пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретіндей созылмалы аурулардың асқынуы салда-рынан туындаған ауыр жағдайларда, жүкті әйелдердің толғағы қысқан кезде.

Жедел жәрдем қызметінің уақытында әрі сапалы орындалуы бригаданы шақыртарда келесідей тәртіп сақталуы керек:

1) «103» қызметіне өтініш білдіргенде, науқастың немесе зардап шегушінің аты-жөні, тегі, нақты мекенжайы, кіретін есіктің

код нөмірі, сондай-ақ, үй ауласына кірудің төте жолы туралы ақпарат берілуі керек. Сондай-ақ, жедел медициналық жәрдем қызметінің диспетчерімен қажетті бригада сала-сын (кардиологиялық, педиатриялық, фельдшерлік) анықтау үшін қойылған барлық сауалдарға дұрыс жауап беру керек.

2) Жедел медициналық жәрдем бригадасы келгенге дейін науқастың немесе зардап шегушінің жанынан бөтен біреулерді алыс ұстаған жөн.

3) Бригада келгенге дейін науқастың ауруы туралы мәлімет беретін үйдегі бар медициналық құжаттарды (ем-ханалық амбулаторлық карта, нау-қастың сырқаты туралы карта, ауру тарихы, электрокардиограмма, жүкті әйелдің ауыспалы картасы және т.б.) дайындап қою керек.

4) Науқас ауруханаға жатқызылатын боп шешім қабылданған жағдайда санитарлық автокөлікте бір жақын адамының бірге баруына рұқсат етіледі.

Жедел медициналық жәрдем келесі жағдайларда көрсетілмейді:

1. Шұғыл медициналық жәрдем қажет болмаған жағдайда;

2. Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін ұйымдардың жұмыс уақыты кезінде, адам өміріне аса қауіп төнбеген жағдайларда;

3. Медициналық ұйымдармен тағайындалған емдік және диагнос-тикалық ем-шараларды орындау қажет болған жағдайда;

4. Жүкті әйелдер мен пациенттердің шұғыл ауруханаға жатқызылуы қажет болмаған жағдайда;

5. Соттық-наркологиялық, соттық-

медициналық, соттық-психиатриялық сараптама жүргізу үшін;

6. Медициналық ұйымдарда кон-сультациялық қызмет көрсетуге;

7. Ауруханадан науқастарды үйге жеткізуге;

8. Өлім жағдайын куәлендіруге және өлім туралы акт жасауға.

Ауруханаға жатқызатындай ай-қын себебі болмаған жағдайда, сон дай-ақ, пациент госпитализа-циядан өз еркімен бас тартқанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 2011 жылғы 5 қаңтардағы «Амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін, денсаулық сақтау ұйымының жұмысы туралы ере-же» №7 бұйрығына сәйкес ақпарат науқас тіркелген аумақтықа алғашқы медициналық-санитариялық жәрдем (АМСЖ) мекемесіне беріледі.

Учаскелік қызмет дәрігерлерін үйге шақыртуға болатындай айқын себептер:

1) АМСК ұйымына өз бетімен бара алмайтын жіті ауру жағдайларында:

дене қызуының 38С-дан асуы; артериялық қан қысымының жоға-рылауы;

іштің бірнеше мәрте өтуі; қоз-ғалудан қалып, аяқ буындарына неме-се омыртқаға күштің түсуі; бас айналу, жүрек айнуы, құсу;

2) пациентке өз бетімен емханаға баруға мүмкіндік бермейтін созыл-малы аурулар (онкологиялық ауру лардың ауыр түрлері, І-ІІ топтағы мүгедектер, сал ауруы)

3) қоршаған ортаға қауіп төн-діретін, жіті жұқпалы аурулар;

4) науқасты әрі-бері тасымалдауға келмейтін жағдайлар.

Тәулікбойы режімде жедел меди циналық жәрдем қызметін ұйымдастыру (103 немесе 31-83-35 телефондары бойынша) :

1 ) С т а н ц и я н ы ң ( б ө л і м ш е ) м е д и ц и н а л ы қ қ ы з м е т к е р і м е н медициналық қызмет көрсетілген жағдайда, пациенттер мен зардап шегушінің орналасу орны туралы тұрғындардың талабы бойынша ауыз-ша анықтама телефон арқылы беріледі;

2) Шұғыл қызмет көрсетілу қа-жет болмаған жағдайда, жедел медициналық жәрдем қызметіндегі ауысымның аға дәрігерімен паци-ентке медициналық көмек алу үшін медициналық ұйымның мекен-жайы туралы анықтама беріледі (мекен-жайы, телефон)

Жедел медициналық жәрдем қызметі мамандары келесі қыз мет-терді көрсетпейді:

1) Медициналық-сот сараптамасы;2) мас болу мен психоактивті зат-

тарды қолдану фактін куәлендіретін қорытынды;

3) Жедел медициналық бригада-сымен қойған диагноз қорытындысы, бригаданың шақыртылғаны жөнінде жазбаша түрінде анықтама.

Қорытындылай келе айтары-мыз, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 3-бап, 2-тармағына сәйкес әрбір азамат өзінің ден-саулығын сақтау мен нығайту үшін жауапты екенін есте ұстауы керек.

Астана қаласының медициналық жедел жәрдем стансасы

Page 12: 15 (3219) 2015-02-10

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Астана қаласының №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі боксқа мамандандырылған мекеме саналады. Бұл мектепте, негізінен, балалар мен жасөспірімдерді бокс әліппесіне үйрету, шеберлігін шыңдау, сонымен қатар жарыстарға қатыстыру арқылы Қазақстан құрамасына спортшылар дайын-

далады. Осы мақсатта тәжірибелі бапкерлер мен әдіскерлер тобы т о ғ ы с ы п , н ә т и ж е л і ж ұ м ы с жүргізуде. Бүгінде спорт мектебі тәрбиеленушілері арасында әр жастағы жасөспірімдер арасындағы республика біріншіліктерінің чем-пиондары, түрлі жарыстардың жеңімпаздары бар.

Жақында ғана Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт б а с қ а р м а с ы б а ғ д а р л а м а с ы н а сәйкес 2001-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасындағы Астана қаласының біріншілігі өтті. Со-нымен қатар бұл жарыс солтүстік-шығыс аймағы бойынша өтетін Қазақстан чемпионатына іріктеу турнирі болып саналды. Осы жарыс-ты ұйымдастырған №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің мамандары үлкен жауапкершілік танытты. Төрт күнге жалғасқан

біріншілік барысында болашағынан үміт күттіретін жас боксшылар топ жарды. Олардың қатарында өз салмақтары бойынша Әлкей Есілбек, Азамат Абдурахманов, Ис-лам Қабденов, Ғани Садық, Қуандық Айтбай, Айбат Арғын, Жасұлан Жанәділов, Ерғанат Бекішев, Ар-тур Нецлов, Жеңіс Оспанов, Адам Тукиев және басқалары Астана қаласының чемпионы атағын және республика біріншілігіне жолдама ұтып алды. Олар үшін ендігі мақсат аймақтық жарыстан үздік шығып, Қазақстан чемпионатында Астана намысын абыроймен қорғау болмақ.

Тағы бір қосып айтарымыз, №3 БЖСМ-нің тәжірибелі бапкері Айсұлтан Жақыпбеков баптай-

тын жасөспірім қыздар да Астана қаласының ашық біріншілігінде жақсы көрсеткішке ие болды. Астана, Қарағанды, Атырау, Тараз және басқа да қалалардан спорт-шылар қатысқан жарыста Ботагөз Қадырбекова мен Арна Көпбосын жеңіске жетті. Сондай-ақ, сегіз бокс-шы жүлдегерлер қатарынан көрінді.

– Бокс – Қазақстан спортының ұлттық мақтанышы екені белгілі. Сондықтан да біздің мақсатымыз боксқа арбалған балалар мен ж а с ө с п і р і м д е р г е ж а н - ж а қ т ы жағдай жасау болып табылады. Болашақта Олимпиада ойындары мен әлем біріншіліктерінде ел на-мысын қорғайтын саңлақтар осы балалардың арасынан шығуы әбден мүмкін. Біздің жұмысымыздың басты мақсаты да, негізгі бағыты да Қазақстан абыройын көтеретін чемпиондарды даярлау, – дейді

Астана қаласының №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абдығақар Абдрахманов.

Иә, талай халықаралық жарыс-тарда ел мерейін көтерген даңқты боксшыларымыздың бәрі де осы-лайша балалар мен жасөспірімдер мектебінен тәлім-тәрбие алғаны сөзсіз. Демек, Астана қаласындағы боксқа мамандандырылған спорт мектебінен келешекте төрткүл дүние төрінде көк байрағымызды биіктен желбіретіп, әнұранымызды әлем аспанында асқақтататын сайыпқыран спортшылар өсіп шығатынына сеніммен қараймыз.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Атап айтқанда, «Астана» алғашқы кездесуінде Сербия чемпионатының «Рад» командасын 2:0 есебімен жеңді. Бұл ойында өткен жылғы Қ а з а қ с т а н ч е м п и о н а т ы н ы ң бомбардирі болған (16 гол соққан) Фокси Кетеваома мен ұлттық құраманың ойыншысы Елдос Ахме-тов мергендігімен танылды. Ал екінші

ойындағы қарсылас Өзбекстанның бірнеше дүркін чемпионы «Бунед-кор» болды. Өте тартысты өткен бұл матчтың жеңімпазын жалғыз доп шешті. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Фоксидің әдемі пасын Тоқтар Жанқылышбай қарсыластар қақпасына тулатып түсірді.

Ал, өткен жұмада Румыния чемпионатының жүлдегері «Панду-рий» командасымен алаңға шыққан астаналықтар тағы да сәтті ойын өрнегін көрсетті деуге негіз бар. Бұл ойында «тіс қаққан» шабуылшылар Фокси Кетеваома мен Бауыржан Жолшиев мергендігімен көзге түсті.

« А с т а н а » б ү г і н У к р а и н а чемпионатының бел ортасын-да жүрген «Заря» командасы-мен кездеседі. Сондай-ақ, осы жиын кезінде астаналықтар София қаласының «Левски» және Ма-кедония біріншілігінің «Вардар» командаларымен кездесуі жоспар-ланып отыр.

Оқу-жаттығу жиындары бары-сында «Астана» командасының жаңа маусымдағы құрамы да жасақталуда. Команда сапына соңғы күндері жаңа ойыншылар да қосылып үлгерді. Атап айтқанда, клуб президенті Қайсар Бекенов қазақстандық жас футболшылар Тоқтар Жанқылышбай мен Ми-хаил Голубничий, Дания жастар құрамасының ойыншысы Каспер

Ларсен, Сербия жастар құрамасы сапында Еуропа чемпионы атанған Неманья Максимович секілді фут-болшылармен келісім-шарт жасасты.

Биыл УЕФА-ның Чемпиондар ли-гасында өнер көрсететін «Астана» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын 1 наурыз күні Қазақстан суперку-богы үшін алматылық «Қайрат»

командасымен өткізеді. Ал, ұлттық чемпионаттың бірінші ойынын 7 наурыз күні бастайды. Бұл күні Қазақстан чемпионы «Астана Арена» стадионында өткен жылы премьер-лигаға қайтып оралған Көкшетаудың «Оқжетпес» коман-дасын қабылдайды.