57 (3114) 2014-05-27

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 57 ÒÆÊÒÆμ 27 ÍÁÍÜÑ ÇÜÌ 6+$0<.= ÜÑ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +26°..+24° +22°.. +20° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü âáóüò íò ËġîîĄĦ ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì ˈʤʸˏʤˀʤʸˏ ʥʤʸʤʸʤˀ ౭ˏˏʻ ʽˀʤ˄ ʶ౬ʻʳ ʈʞʊ ʈɧʆɧʇ ʈɧɭɧʃǰ 2ϱ ˭˘˭˲ ˪ˮ˧ ˵˲˵ ˭೮ˮ˘ˮ ˘˳˘ ˘˳˵˘ˮ˘ˬ೪ ˭˟˪˵˟˱ ˙˧˵˧˲˶˾˧ˬ˟˲ ˳೮೦˲ˬ˘೦˘ˮ ˪˭˧˳ ೪˯೮˲˘˶˞೮ ˞˘˶˳ˮ˘ ˳˯೮೦ ˲˟˵ ೪ˬ˘೪ ೪˲˾ˮ ೪˘ˮ˞˲˱ ˭˧˲ ˞˟˥˵˧ˮ ˬ˪˟ˮ ˣ˟ˮˮ˧೮ ˘೦˳ˮ˘ ೪ˬ˘˾ ˲˞. ɳɧʈ ʊʋʁɯɼǷ ʤ.ˈ˘˥˵. ʪ˟ˮ ˲˯ˢ˞˟ˮˤ ʶ˯˵˘ ʸ˟˯- ˱˯ˬ˞˘ ˟˲˵˟˛˧ ʶ.ʧ˯ˬ˞˯ˮˤ. ʶ˯˞ˢˤˮ˳˪ˤ˟ ˱˟˲˟˱˘ˬ- ˪ˤ ˪˯˭˟˞ˤ ˬ˟˭ ˙˘ˬ˘ˬ˘˲ ˪ˣ˧˭˟ˮ. ʺ˟˲˟˪˟ˬ˧˪ ó»Ä ʥ˘ˬ˘ˬ೪ ˙˯˥˵˭˘˲. ʺ˟˲˟˪˟ˬ˧˪ ˾˘˲˘˳ ʺ˘ˬ˟ˮ˪˘ ˳˵˲˘ˮ˘. ʺ˟˲˟˪˟ˬ˧˪ ˪˯ˮ˻˟˲˵˧ ˘˥˲˭˞ˬ೪ ˪˯ˮ˻˟˲˵˧ ʺ.ʥ˘˲˵˟ˮ˟˚. ʦ˯ˬ˾˟˙ˮ˟ ˳ˬ˯˚˘ ˟˲˵˟˛˧ ʺ.ʥ˶ˬ˛˘˪˯˚. ʺ˘˳˵˟˲ ˤ ʺ˘˲˛˘˲ˤ˵˘ ˪ˬ˟˪˵ˤ˪˘ ʮˬ˞ˣ˘˥ ˲˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘ˬ೪ ˙˘ˬ˘ˬ˘˲ ˹˟˳˵ˤ˚˘ˬ˧ˮ˧೮ ˛˘ˬ˘-˪˯ˮ˻˟˲˵˧ ʺ˟˪˵˟˱ ˢ˘ˮˮ˞˘೦ ˬ˘˛˟˲ˬ˟˲˞˧೮ ʪˤ˞˘˲ˬ ˢ˘ˣ ˳˱˯˲˵ ˘ˬ˘೮ˮ೮ ʥ˯˲˯˚ˤ˽˟˪ ˞˟˭˘ˬ˳ ˘˥˭˘೦ˮ೮ ˳˘ˬ˵˘ˮ˘˵˵ ˘˾ˬ˶ ʥ˘˵˳ ˱˟ˮ ˌ೦˳ ˘˲˘˳ˮ˞˘೦ ˘ˬ˵ˮ ˪˱˧˲ ˙˘೦˞˘˲ˬ˘˭˘˳ ˘˳ˮ˞˘ ʤ˲- ˭˘ˮ ˺˘ˬ೪˘˲˘ˬ೪ ˙˘ˬ˘ˬ˘˲ ˪˲˭˟˳˧ ˁ˱˯˲˵˾ ˙˘ˬ˘ˬ˘˲ ˟ˬ˯˲˞˘ ˭˘೪˵˘ˮ˾ ˘˵˵ ϳ-ϴ ˳ˮ˱˵˘˲ ˘˲˘˳ˮ˞˘ ˳˵˲ˤ˵˙˯ˬ˞˘ˮ ˢ˘˲˳ ʺʧ˯˲˪ˤ˥ ˘˵ˮ˞˘೦ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˘˪˘˞˟˭ˤˬ೪ ʽ˲˳ ˞˲˘˭˘ ˵˟˘˵˲ ˀ ˘˲ˢ ˭ˤˮˤ˳˵˲ˬ˧˛˧ˮ˧೮ ˘ˬ˞ˮ˞˘೦ ˘ˬ˘೮ ʽ೪˶˾ˬ˘˲ ˳˘˲˘˥ ʶഉ˭ഉˬ˟˵˪˟ ˵˯ˬ˭˘೦˘ˮ˞˘˲˞ ˙˟˥˧˭˞˟˶ ˯˲˵˘ˬ೦ ʥ˟˥˙˧˵˾˧ˬ˧˪ ˢഉˮ˟ ˪˟ˬ˧˳˧˭ ˳˘˲˘˥ ʺʧ˯˲˪ˤ˥ ˘˵ˮ˞˘೦ ˭˟˭ˬ˟˪˟˵˵˧˪ ˘˪˘˞˟˭ˤˬ೪ ʽ˲˳ ˞˲˘˭˘ ˵˟˘˵˲ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ʽʶʯ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ˭˟˪˵˟˱˵˟˲˧ ˘ˣ˧˲˛˧ ˣ˘˭˘ˮ೦ ˮ˟˲ ˭˲˘ˢ˘˥ ζϯϮ ˭˟˪˵˟˱Ͳ˛ˤ˭ˮ˘ˣˤˮ೮ ˘ˬ˘೮ «Астана дарыны» орталығының мәлімдеуінше, 2013-2014 оқу жылында 362 оқушы АҚШ, Бразилия, Гол- ландия, Грузия, Индонезия, Ресей, Түркия, Қытай, Кипр, Корея, Индия елдерінде өткен халықаралық олимпиадаларға қатысып, нәтижесінде 234 медальді қоржынға салған. Ал, Астана қаласының командасы сегіз жыл қатарынан жалпы топтық сайыста «Үздік команда» атағына ие болып отыр. «Триумф» балына осы жылы жалпы орта білім беретін пәндер бойынша өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарының 200-ден аса жеңімпазы қатысты. Бас жүлде иегерлері мен оларды сайысқа дайындаған ғылыми жетекшілер балдың салтанатты бөлімінде марапатталды. «Еліміздің маңдайалды университеттерінің біріне экономика саласы бойынша оқуға түсу ойымда бар. Қазақстан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлес қосуды армандай- мын» дейді №38 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы, география пәнінен республикалық олимпиаданың алтын медаль иегері Нұғман Алмас. Алтын ұя мектептерімен қоштасқан түлектердің мерекелік көңіл-күйі сазды әуенге тербелген вальс биімен үндесті. Ал, эстрада әншісі Маржан Арапбаева «Қазақ елі осындай!» әнін орындағанда жеңімпаздардың жеңіске ұмтылған рухы одан әрі биіктей түскені анық. Мәдина ЖАҚЫП ʥ˧ˬ˧˭ ˙ഉ˥˛˟ˬ˟˲˧ˮ˞˟ ˟ˬ˯˲˞˘ ˭ഉ˲˵˟˙˟˳˧ˮ ˘˳೪˘೪˵˘˵೪˘ˮ ˭˟˪˵˟˱ ˵ˬ˟˪˵˟˲˧ˮ ˳˘ˬ˵˘ˮ˘˵˵ ˵˲˞˟ ˭˘˲˘˱˘˵˵˘˶ ˞ഉ˳˵˲˛˟ ˘˥ˮ˘ˬ- ˞. ʽ˳೦˘ˮ ˯˲˘˥ ˢ˘೮˘ ʽ೪˶˾ˬ˘˲ ˳˘˲˘˥ˮ˞˘ ˞˘˲ˮ˞ ˙˘ˬ˘ˬ˘˲೦˘ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ˃˲ˤ˶˭˹ ˙˘ˬ ˵˵˧. ʋɶɮʧɼʊɯʇ ʋɹʁɯʈɯʂʧ ljǁ" ɅƼDžǀƼ" ɅƼǔƼlj" 2

Upload: -

Post on 31-Mar-2016

243 views

Category:

Documents


15 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №57 (3114) 27 мамыр 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 57 (3114) 2014-05-27

57 27

+26°..+24°+22°.. +20°

2

.

. . -

. . -

– .

.

.

. .

. .

-

-

– -

« А с т а н а д а р ы н ы » орталығының мәлімдеуінше, 2013-2014 оқу жылында 362 оқушы АҚШ, Бразилия, Гол-ландия, Грузия, Индонезия, Ресей, Түркия, Қытай, Кипр, Корея, Индия елдерінде өткен халықаралық олимпиадаларға қатысып, нәтижесінде 234 медальді қоржынға салған. Ал, Астана қаласының командасы сегіз жыл қатарынан жалпы

топтық сайыста «Үздік команда» атағына ие болып отыр.

«Триумф» балына осы жылы жалпы орта білім беретін пәндер бойынша өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жоба сайыстарының 200-ден аса

жеңімпазы қатысты. Бас жүлде иегерлері мен оларды сайысқа дайындаған ғылыми жетекшілер балдың салтанатты бөлімінде марапатталды.

«Еліміздің маңдайалды универ ситеттерінің біріне экономика саласы бойынша оқуға түсу ойымда бар. Қазақстан экономикасының өркендеуіне өзіндік үлес қосуды армандай-мын» дейді №38 мектеп-лицейдің 11-сынып оқушысы, география пәнінен республикалық олимпиаданың алтын медаль иегері Нұғман Алмас. Алтын ұя мектептерімен қоштасқан түлектердің мерекелік көңіл-күйі сазды әуенге тербелген вальс биімен үндесті. Ал, эстрада әншісі Маржан Арапбаева «Қазақ елі осындай!» әнін орындағанда жеңімпаздардың жеңіске ұмтылған рухы одан әрі биіктей түскені анық.

Мәдина ЖАҚЫП

-

. .

2

Page 2: 57 (3114) 2014-05-27

Акцияның алғашқы күнінде 278 тағам өнімінің сынамасы тексерілді, соның ішінде 210 сынама жеміс-жидек пен көкөністерді нитраттың қалдығына, 69 сынама тағам өнімдерінің микробиологиялық ластануын анықтауға тексерілді. Тексерулер қорытындысы бой-ынша барлық өнімдер талаптарға сәйкес келетіні және қолдануға қауіпсіз екені анықталды.

-

. .

. –

.

.

. .

. - -

. .

.

. -

. -

- .

«Жастар» сарайында «Жұлдызай-2014» фестивалінің екінші іріктеу кезеңі өтті.

«Керуен» орталығының кинотеатрында «Малефисен-та» фильмінің қазақ тіліндегі тұсаукесер нұсқасы көрсетіледі.Басталуы: 19.00.

Бейбітшілік және келісім сарайында Астаналық жұмыспен қамту форумы өтеді.Басталуы: 10.00.

Мектептер жанындағы жазғы лагерь демалысымен биыл

0 000 бастауыш сынып оқушылары қамтылады.

Ақ бантигін тағынған алмадай қыздар мен маңдайлары жарқырап, алшаң басқан өріктей ұлдар, әрбір үйдің алақанға салып аялаған алтын-дары дәл осы күні елорда көше лері-нің көркіне айналды десек, артық айтқандық емес. Оларға арнап қала-мыз дың бірнеше жерінде, атап айтсақ «Арай» саябағында, Студенттер аллея сында, Қаржы министрлігінің алдын да ғы алаңда мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

Алдымен, «Арай» саябағына ат басын бұрдық. Мұнда ұстаздар қауымы мен ата-аналардан бөлек, аға-апаларына ақ жол тілеуге Оқушылар сарайының өнерпаз өрендері жи-налыпты. Олар қуаныш иелерінің алдында ән айтып, би биледі.

– Биыл 4042 оқушы мектеп бітірді. Олардың ішінде 136 түлек «Алтын белгіге» үміткер, 3588 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, - деп аз-кем мәлімет берді Білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымхан Се н ға з ы е в . О н ы ң а й т у ы н ш а , елордалық мектептер үшін оқу жылы олжалы аяқталып отыр. Өйткені білім сапасы мен білімдар шәкірттердің жетістіктерімен салмақтағанда, көрсеткіштерге көңіл толады.

Әр мектептің осы ортақ іске қосқан тамшыдай үлесі дәл сол күнгі оқу жы-лын қорытындылаған, балапанынан баулыған түлектерімен қош айтысқан салтанатты жиында жарқын-жарқын тілекке желеу болғанында сөз жоқ.

Бұл күні Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназияның соңғы қоңы-рау салтанатына Астана қаласы бас қар-масының басшысы Эльмира Суханбер-диева, Парламент Мәжілісінің депутаты Светлана Романовская, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Ищанов қадірменді қонақ ретінде қатысып, ата-аналарға жылы лебіздерін білдірді.

Білім және ғылым вице-министрі Есенғазы Иманғалиев, Астана қаласы білім басқармасы басшысының орын-басары Бағлан Сматаева, Есіл ауданы білім бөлімінің бас маманы Әлкебатыр Баймақашевтан құралған тағы бір мұрапалы топ сол жағалаудағы №69 мектеп-гимназияда болып, ұстаздар қауымы мен оқушыларды жылдың жемісті аяқталуымен құттықтады.

Құрбыларымен қоштасу вальсін би-леген бозбалалар мен бойжеткендерге ұстаздары соңғы рет сынып сағатын өткізіп, өмір деген сындарлы жолға салды.

Еділ БӨКЕЕВ

« Еу р а з и я л ы қ од а қ т у р а л ы келісімшарттың институционалдық бөлімі» тақырыбымен өткен жи-ында Еуразиялық экономикалық одақтың тиімді тұстарына тоқталды. Алдағы уақытта жаңа серпін алған ортақ нарықтағы экономиканың өсімі есебінен азаматтар үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, мүше ел-дер арасындағы барыс-келіс жеңілдеп, отандық өндірушілердің нарықтық кеңістігі ұлғайып, экономика сала-сында жаңа мүмкіндіктерге жол ашы-латынын айтты.

Сонымен қатар, экономика вице-минист рі Тиму р Жақсылықов Еуразиялық экономикалық одақ аясында оқу орындарының диплом-дарын мойындау мәселесiнде оң өзгерістерін болатынын жақсылыққа балады.

ҚР Сыртқы істер министрінің орын-басары Самат Ордабаев атқарылған жұмыстарға шолу жасап, өз ойымен бөлісті. «Біз келісімді саясиландыруға жол бермед ік . Одақ тек қана экономикалық байланыс негізінде жұмыс жасайды. Қазақстанның позициясы арқасында келісімнен жалпы азаматтық, сыртқы саясат, парламентаралық ынтымақтастық, төлқұжат-виза саласы, шекараны ортақ қорғау, экспорттық бақылау тәрізді т.б. сұрақтар алынып тастал-ды» деді министр орынбасары.

Айгүл УАЙСОВА

Қаладағы бүкіл құрылыстың 70 пайызы сол жаға лау да шоғыр ланған. Зерт теу лерге сүйен сек, бүгінде құры лыс нысан дары жұмыс шы лар дың ең көп жарақат ала-тын қатер ала ңы на айналып отыр. Өткен жылдың алғашқы тоқ са нын да құры лыс-та жеті адам жара қат алса, биылғы осы кезеңдегі мәлімет бойынша сегіз төтенше оқиға болған. Оның үшеуінде кісі өлімі орын алып, қайғылы оқиға жұмыс беруші-нің кінәсінен болғаны дәлелденіп отыр.

– Ал соң ғы төрт айда 14 оқыс жағдай тіркел ген. Оның бірінде 8-қабаттан 19 жұмыс шы бірден құлап, жарақат алғаны бүкіл бұқа ра лық ақпарат құралдарында жария лан ғаны белгілі. Барлық фактілер тексеріліп, Қазақстан Республикасының 152-бабы бойынша қылмыстық іс

қозғалған. Алайда, кісі өліміне жеткізген мұндай олқылықтарды ақтауға болмай-ды. Барлық жағдайда қауіпсіздік шара-лары ның ойдағыдай болмауы, құрал-жабдық тар дың сапасыздығы, жұмыс беру ші лердің қауіпсіздік нормаларына нем құрай лы қарауынан болып отыр. Алдағы уақытта осындай олқылықтарға жол берген құрылыс компанияларын арнайы реестрге кіргіземіз. Егер біздің тарапымыздан көрсетілген талаптар орындалмаса, заңнамада көрсетілген ша-ралармен қатар, арнайы тексеру жүргізу жөнінде Бас прокуратураға ұсыным хат жолдаймыз, - деді аудан прокуроры Біржан Мажренов.

Айгүл УАЙСОВА

(Басы 1-бетте)

Акция барысында 74 сатып алу-шы Астана қаласы Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаменті қ ызмет керлеріне өздерін мазалаған мәселелер бойын-ша сұрақтарын қойды. Атап айт қанда , тауард ы қа л ай қайтаруға, сүттің, шұжықтың, ірімшіктің сапасын қалай анықтауға болатыны туралы кеңестер берілді.

– -

Page 3: 57 (3114) 2014-05-27

3www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Бетт

і дай

ынд

аған

: Ғал

ым

ҚО

ЖАБ

ЕКО

В. Д

ерек

көзд

ері:

ww

w.a

stan

a.kz

, ww

w.in

form

.kz,

ww

w.ba

q.kz

, ww

w.24

.kz

– Тағамдық токсикоинфекция,

яғни, ішектің жіті жұқпалы аурулары ненің салдарынан пайда болады?

– Оған әдетте құрамында микро ағзалар мен токсиндердің уы жайылған тамақ жегеннен душар болады. Адам аяқасты

әлсіреп, ас қа-зан мен ішегі бүріп ауыра-ды. Әдетте, аурудың топ-тық сипаты жиі кез де седі. Ул а н у к е з келген адам

ағзасында қалыпты деңгейде болатын протеи, клебсиел, энтеробактерия сияқты шартты-патогенді бактериялар-ды қоздырып жібереді. Адам әлсірегенде, олар керісінше белсеніп, ішек ауруын туғызады. Шартты-патогенді бактерия-лардан бөлек, көп жағдайда ауруға ста-филакокк сияқты патогенді, яғни, ауру қоздырушы микроағза себеп болады. Мұндай инфекция азық-түлікте, ашық су көздерінде, ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы жануарлардың нәжісінде,

Өнер сайысында «Самульнори» ұлт аспаптық ансамблінің барабан-шылары мен «Ариран» тобының бишілері корей өнерімен таныстыр-са, өзбек, татар, әзербайжан, армян бишілері де өз халқының билерін орындады. Осы кеште неміс блюзы

мен қырғыздың әні де қалықтады. Жастардың этноконцерті «Ата-мекен» кешеніне келген қа ла қонақтарына тосын сый болды. Өйткені фестиваль LED экраннан тікелей көрсетілді.

Айгүл УАЙСОВА

Айтулы жобаның алғашқы шарасына Қазақстан халқының Ассамблеясы, қалалық Ардагерлер кеңесі және жастардың қоғамдық ұйымдары қатысты. Аталған ұйымдардың белсенділері «Астана-Көгалдандыру» кәсіпорнының қолдауымен Ш.Қалдаяқов көшесіндегі «Достық саяжолына» 150 жас көшет отырғызды.

- Астана қаласының әкімдігі ізгілік пен қайырым-дылыққа бағытталған қандай да болсын қоғамдық бастамаларды қолдауға дайын. «Достық саяжолы» акциясы Астана күні мерекесіне арналған шаралардың жақсы бастамасы болып отыр.

Осы орайда, Астанамыздың игілігі үшін өткізілетін барлық ізгілікті істерге қала тұрғындарының белсенді қатысуға шақырамыз, - деп атап өтті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Болат Тілепов.

Астана күні мерекесіне арналған «Елорданың игілігі үшін» жобасы аясында әлі де көптеген қоғамдық шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр.

Е л о рд а кө ш е л е р і н де ж ү р е т і н қо ға м д ы қ автобустардың бірі «Үлгілі қызмет көрсететін экипаж» атанды. Ол – №1 автобус паркінің №10 бағыттағы автобусының жүргізушісі былтыр өткен байқаудың жеңімпазы Қанат Күлтаев. Бұл туралы astana.kz сайтына «Бәйтерек» халықаралық медиа орталығынан хабарлады.

«Қоғамдық көлік миллиондаған адам тұратын, көптеген кәс іпорындар орна л асқан үл кен мегаполистің ажырамас бөлігі болып табылады.

Жолаушылар әртүрлі болады, мінез-құлқы да әркелкі, көңіл-күйлері де басқа. Бірақ біз шыдамдылық танытамыз, автобус салондарында және қалалық жолдарда тәртіп сақтаймыз. Сонымен қатар, қалалық билікке қолдау көрсеткені, жұмысымызға қолайлы жағдай жасағаны үшін алғыс айтамын» дейді елордалық үздік жүргізуші.

«Астана таңдауы» дәстүрлі байқауының жеңім-паздары Астана қаласы әкімінің кубогына және ди-пломына ие болады. Үздік мамандар туралы деректі фильмдер түсіріледі, қала көшелерінде билбордтар орнатылады.

Еске салайық, өтініштерді қабылдау 31 мамырда аяқталады, ал 1-20 маусым аралығында Астана қаласы әкімдігінің сайтында дауыс беру басталады.

тіпті, қоршаған ортадағы кез келген нәрседе кездесуі мүмкін. Алайда, қоздырғаштар даяр-лау, тасымалдау, сақтау кезінде бүлінген тағам арқылы, көбінесе ет, сүт, іркілдек (холодец), паштет, котлет, балық, винегрет, түрлі салат арқылы тарауы мүмкін.

– Яғни, күнделікті тұтынатын ас-суымызға абай болу керек десеңізші?

– Дұрыс айтасыз, уланып қалмас үшін тамақтың қандай жағдайда дайындалғанына, сатушының арнайы киімі бар-жоқтығына назар аудару керек. Әсіресе, ет және ет тағамдарына сертификат пен ветеринар анықтамасын сұраған артық етпес еді. Оны талап етуге кез келген адамның құқығы бар. Жаз шыға жер-жерде самса, бәліш, вафельді тостағандағы сұйық балмұздақ, түрлі сусын сатушылардың қарасы көбейеді. Байқасаңыз, сатушылардың дені – жастар, көбінде медициналық-санитариялық кітапша жоқ. Ал, көпшілік сауда орындарында қарапайым қол жуғыш, тоңазытқыш деген болмайды. Сондықтан мұндай жерлерден шама келген-ше аулақ жүрген жөн.

– Аурудың белгілері қандай болады?– Инфекцияның іштен қозып, жабық

жағдайда өршуі екі сағаттан бастап екі

тәулікке дейін созылуы мүмкін. Жүрегіңіз айнып лоқсисыз, кейін қайта-қайта ішіңіз өте бастайды. Іш ауруымен қоса көп науқас қалтырап, дене қызуы көтеріледі. Артериал-ды қысым төмендеп, өң-түстен айырылып бозарады, кейде талып немесе сіңірі тарты-лып қалады.

– Уланып қалудан қалай сақтанса бо-лады?

– Мынадай қарапайым гигиеналық ережелерді ұстануға кеңес береміз:

Біріншіден, тамақ дайындар алдында, со-нымен қатар, шикі етті ұстағаннан кейін қолды сабындап жууды, әсіресе ет тураған тақтай мен пышақты басқа нәрсеге қолданар алдында жууды ұмытпаңыз;

Екіншіден, көкөніс пен жеміс-жидекті мұқият жуыңыз;

Үшіншіден, мұздатылған құс етін асықпай ерітіп алған дұрыс. Қысқа толқынды пеш-ке салмай, мүмкін болса тоңазытқышта бабымен жібіген ет бактерияның көбеюін болдырмайды;

Төртіншіден, ет, балық тағамдарын жақсылап қуырыңыз. Ет пен құс етін, балықты бір тәрелкеге салмай, бөлек-бөлек сақтаған дұрыс;

Бесіншіден, бар, буфет, дәмханалардан тамақтанғанда, абай болыңыздар;

А лтыншыдан, сейі л ге шыққанда өзіңізбен бірге қолға ұстауға ыңғайлы, жеңіл тоңазытқыш камерасын алып жүрген артық етпейді.

Биылда осы бағдарлама бойынша жұмысқа қабылдау басталып кетті.

Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Талғат Рахманбердінің айтуынша, биыл еңбек жасақтарына екі жарым мың жасты тарту көзделіп отыр. Қолына кетпен, күрек ұстап, туған өлкемді желегі майысқан жәннат мекенге айналдырамын деп ниет еткен жастарға 45 мыңнан 150 мың теңгеге дейін жалақы төленетін болады. Бүгінде Астанада 16-29 жас аралығындағы жұмыссыз жастар-ды «Жасыл ел» студенттер мен жастардың құрылыс отрядтарының штабына жұмысқа қабылдау жүргізіліп жатыр. Жұмыс кестесі – аптасына бес күн, сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін. Анықтама телефондары: 56-43-81, 87029307790

Page 4: 57 (3114) 2014-05-27
Page 5: 57 (3114) 2014-05-27

-

-

Page 6: 57 (3114) 2014-05-27

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Қозы Қөрпеш – Баян сұлу» жырының шешуші уақиғалары Қарабайдың «...Қызымды жетім ұлға бермеймін» деп, Аяғын Өлеңтінің өрлей көшті... Өлеңтінің бойынан көшкен күні, Сарыбайдың сабасы жарылады… Сарыбайдың сабасы жарылған жер, Ақкөл менен Жай-ылма сонан қалған» деп тоқсан мың жылқыны айдап көшуімен басталады. Өлеңтіні өрлей көшсе, Қарабайдың

www.astana-akshamy.kz

елі өзіміздің Қараөткелге келеді.Өлеңтінің сағасынан орын тепкен

Ақкөл-Жайылма аталатын жер туралы сөз қозғайық. Ақкөл-Жайылма – ұлан-байтақ қазақ жерінің орталық бөлігіне орналасқан әдемі аймақ. Ақкөлді жергілікті қазақ қариялары Әулиекөл деп те атайды және ортағасырлық шежіре деректері мен тарихи жаз-балардан бұл аймақ туралы аздаған мәліметтер кездеседі. Соларға қарап отырып Ақкөл-Жайылманың қазақ тарихындағы орыны Баянаула, Қарқаралы, Ұлытау сияқты тарихи орталықтардан бір де кем емес екенін аңғарамыз.

Ақкөл-Жайылма өңірі Өлеңті және Шідерті өзендерінің төменгі ағысындағы ұлан-байтақ жерді алып жатыр. Жалпы алғанда, бұл алаптың жер көлемі екі ауданды (Екібастұз және Ақтоғай) қамтиды. Ақкөл-Жайылма ұғымына Өлеңті-Шідертінің төменгі ағысы, Ақкөлдің өзі (Әулиекөл), Ақкөлден төмен түсетін Дуана өзенінің бойы, одан әрі орналасқан көлдер жүйесі (Бәсентейін, Қылдыкөл, Сасықкөл, Өмірзақ, Бозайғыр, Ащыкөл, Көктөбе, Тоққылы) енеді.

Өлеңті өзенінің ұзындығы – 273 км. Ақмола облысының Ақдың (Бе-лоярское) ауылынан оңтүстікке қарай 3 шақырым жерден басталып, солтүстік-шығысқа қарай ағып, Павло-дар облысының бұрынғы «Екібастұз» совхозы, қазіргі Төртүй селолық округіне жататын Қаражар (бұрынғы аты – Қаражыра) ауылы тұсынан

екіге бөлініп, бір саласы Әулиекөлге (Ақкөлге), бір саласы Жаманкөлге құяды (Коорд.: 52° ° ш.б., теңіз деңгейінен 126,4 м. биіктікте орналасқан). Екі көл бір-бірімен іргелес орналасқан.

Ақкөл Өлеңтінің суымен толып, кемерінен асқан уақытта солтүстікке қарай Жайылмаға түседі. Негізі, Ақкөл суы Дуана өзені (қазіргі уақытта бөгет салынып, тоқтатылған) арқылы тұтас көлдер үлкен жүйесіне барып құяды. Қазақ түсінігінде Ақкөл-Жайылма өңірі шаруашылыққа өте ыңғайлы деп саналады. Әрине, қазақтың көшпелі мал шаруашылығы үшін бұл өңірдің ерекше қызықты болуы заңды. Сол себептен қазақ ауызында ертеден «Шідертінің суы – бал, Өлеңтінің шөбі – бал» деген қанатты сөздер сақталған.

Қалың қамыс басқан Ақкөл мен Жаманкөл жағалары қысқы қонысқа өте ыңғайлы. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Ф.Щербина бастаған экспедицияның статистикалық зерттеулерінен бұл арада қазақтың көптеген бай қыстауларын кездестіреміз. Сол қыстаулардың орнын қазіргі күнде де көруге болады. Қыстыгүні көл жағалауы бір жағы суықтан пана,

екінші жағынан – азық. Әлі күнге жергілікті ел қысты күні малын далаға, тебінге жаяды. Пішенді, аса қажеттілік болмаса, пайдалана қоймайды. Бізге дерек берген Қыздарбек ақсақал Қараоба маңында қыстаған елдің жазда Қойайырған, Сарыөзек деген жерлерді жайлағанын, ертеде бұл өңірдің шөбі қалың, бітік, биік болатынын, ат бауы-рынан келетінін, арасында бала адаса-тынын айтады.

Ақкөл-Жайылма өңірінің тағы бір қасиеті – көлдер жүйесі аң мен құсқа, балыққа бай. Дала құстарынан үйрек, қаз, италақаз және балықтың көптеген түрлері кездеседі.

Қаражар – Ақкөлге ең таяу орналасқан ауыл. Атақты Естай ақынның ауылы. Қазақ өнерінің ордасы болған жер. Қаражар ауылының адам-дары аңшылыққа бейім, балықшылықты жақсы меңгерген. Қайық жасайтын (сайтан қайық), ау тоқитын, қаза құратын (қамыстан жасалатын балық аулау құралы) қолы епті, өнерлі адамда-ры бар. Қаза – бүгінгі күні Қазақстанда тек Ақкөл-Жайылмада ғана кездесетін ерекше құрал. Сырдың бойында және Ертісте кездесетін Қазалы атаулары осы құралмен байланысты. Көлдерге, тұйық суларға құрылатын қаза елді қысы-жазы балыққа кәні қылады. Сібір түркілерінде осы сияқты балық аулау құралын «түнек» деп атайды. Қамшы, жүген, ағаш жабдықтарды өздері қолдан, дәстүрлі негізде жасап алатын. Қаражар ауылы дәстүрлі этнографиялық орта есебінде қызықтырады.

Мен біраз жылдар Ақкөл-Жайылма өңірінің тарихи және этнографиялық ескерткіштерін зерттеумен, оны елге танытумен айналыстым. Сол ізденістердің барысында Ақкөл жағасынан Қаражар елді мекеніне екі шақырым жерден, қазақ зиратының ішінен ортағасырлық қалашық тамаша ескерткіштердің (Қараоба) сұлбасы табылды. Сонымен қатар маңайда нео-лит дәуірінің тас микролит құралдары, қимақ-оғыз қорғандары кездеседі.

Ақкөл-Жайылма маңындағы ескерткіштер тек бұл жағалаумен шектелмейді . Көлдің оңтүстік жағасында – Асан Қайғы тасы, Түйте әулие ескерткіштері, Исабек ишан зираты, көлдің шығысында Әулиеағаш, Шідерті өзені бойында Сағынайдың асында атақты Құлагерді сынаған Күреңбай бейіті, т.б. ескерткіштер орналасқан. «Қараоба» аталатын орта ғасырлық сәулет өнерінің ескерткіштері Ақкөлдің жағасында орналасқан қазақ зираты тарихи қорым десек болады: бұл жер-де тас дәуірінің еңбек құралдары, қола дәуірінің қыш ыдыстарының сынықтары, орта ғасырлық қорғандар кездеседі. Бізді әсіресе қызықтырған екі төбешік (1-Қараоба, 2-Қараоба)

зираттың күн батыс жағына қарай орналасқан:

1 - Қ а р а о б а : б и і к т і г і - 2 м , солтүстіктен оңтүстікке қарай - 25 м, батыстан шығысқа қарай - 30 м. Көл жағалауынан 80-100 м жерде орналасқан.

2-Қараоба: биіктігі - 1,7 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай - 24,5 м, батыстан шығысқа қарай - 25 м. Көл жағалауынан 100-115 м жерде орналасқан.

Төбелердің үстінде қызыл кірпіш қалдықтары шашылып жатыр. Сирек болса да арасынан көк шыны (гла-зурь) жалатылған кірпіш сынықтары кездеседі. Төбелердің үстінде кірпіш күйдіруден қалған шлак қалдықтары да бар. Үшінші бір мәселе – төбелер м а ң ы н д а о р т а ғ а с ы р л ы қ қ ы ш ыдыстарының кездесуі.

Е с к е р т к і ш т е р м а з а р т и п т е с құрылыс екені сөзсіз. Олар Орталық Қазақстандағы Жошы хан мазары сияқты қызыл кірпіштен көтерілген, көк күмбезді, әшекейленген пор-талы болған құрылыс болса керек. Сонымен қатар, табылған құрылыс сыртын әшекейлейтін ою-өрнекті керамика плиткалары мен көк шыны жалатқан кірпіш сынықтары өзінің орындалу технологиясы мен әсемдігі жағынан көптеген орта ғасырлық ескерткіштерден әлдеқайда жоғары. Бұл фактілер – бұрын далалық өлкеде табылмаған ерекше-көркем тарихи ескерткішке тап болғанымыздың дәлелі. Ескерткіштерді жобамен Ал-тын Орда заманының (құрылыс типі,

құрылыс материалдары, араб жазуы, т.б. сипаттары бойынша) құрылысы деп болжауға болады.

А қ к ө л м е н қ а т а р ж а т қ а н Жаманкөлдің шығыс тұсынан Жайылмаға түсетін Дуана өзеніне дейінгі бірнеше километрлік алқапта терең қазылған (ені 9-10 метр) ордың ізі жатыр. Бұл не көне замандағы ирригациялық құрылыстан, не ортағасырлық бекініс – ордан қалған белгі. Қалай болғанда да кесенелер орналасқан (Қараоба) алап жан-жағынан жақсы бекінген, алынбас қамалға ұқсайды.

Қаражар ауылынан бізге дерек беруші Кәкен ақсақал «бұл жер-де ноғайлы заманында қалмақ пен қырғыздың соғысы болған. Бұл төбелер солардан қалған екен-мыс» дейді. Информаторлар «қырғыз» деп Алтын орда заманында далалық өлкені қоныстанған ноғайлы руларын айтып отыр деп есептейміз. «Бір жолы қалмақтар «Қараоба» елін шаппақ болып орға дейін келеді. Бірақ, ордан әскер өте алмай, тек қалмақ әскерінің қолбасшы батырының аты ер-тұрманымен өтіп кетеді. Содан көл жағасын мекендеген ел сол ер-тұрманды атты көріп, бір түнде көшіп кеткен екен».

Бұл әңгіме ноғайлы жұртының ала тайдан үркіп, бір түнде көшіп кетті делінетін әңгімесін еске түсіреді. М.-Ж.Көпейұлының «Қазақ шежіресінде» Ақкөл-Жайылма жеріндегі ескерткіштер туралы: «Шідерті өзенінің аяғында Ақжар,

Page 7: 57 (3114) 2014-05-27

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Сасай деген ноғайлылардың егін егіп, кент салып, тақ құрған, Бұқар, Қоқан хандары сықылды орда жасатқан жері екен. Өлеңтінің аяғында «Қараоба», «Сарыоба» деген екі төбе – Қарабай мен Сарыбай деген екі бай қоныс қылған екен, бұл екеуі де қазақ бай-лары. Сол Сарыбайдың жалғыз қызы Баянсұлудың туған жері – Баянаула тауы…» деп жазылған. Бұл әңгімеден Ақкөл-Жайылма тарихы Алтын Ор-дамен байланысты болғанымен, түп-тамыры одан әрірек деген ой түйеміз. Қазақ түсінігінде «оба» көне дәуірдің ескерткіштеріне қатысты қолданылады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырына арқау болған уақиғалар мен ұғымдар өте ерте заманға тиесілі екені белгілі.

Үшінші дерек Өтеміс қажының « Ш ы ң ғ ы с - н а м е » ( Х V І б а с ы ) кітабында кездеседі: «Ол мәһалда Шайбан-хан нәсілінен Маңқұтай оғлы Кызыр-оғлан тәрләр әрдә. Сайын-хан (Бату-хан. – Ж.А.) салғаған Маңқұтайдың йурты Ақ-Көл тегәндә әрді. Өзгә оғланларындан айыры-лып йуртындә болмақының жәһәтін йуқарыдә зікр қылыб турур біз.

Әлқіссә, бегім (Тайдолла. – Ж.А.) мәзкүр Кызыр-оғланны үндәтіб әлтіб Сайын-хан тәхтіндә Сарай віләйәтіндә хан қылды…

Ол мәһәдлдә Шайбан-хан нәсілдің Маңқұтай оғлы Кызыр қожа (Жошы. – Ж.А.) ханның өзгә зәфісіндін болған он йеті оғлұнының нәбәрәләрін білән Кыйат Ысатайғә қошун бәрді…» (Өтеміс қажы. Шыңғыс-наме, 136-б.).

Ө т е м і с қ а ж ы н ы ң ж а з у ы н а қарағанда Шайбан (Сыбан, Шибан) ұлысы Ақкөл-Жайылмаға Сайын ханның (Бату) бұйрығымен ие болған. Негізінде, одан да ертерек осы жерге қатысы болса керек. Шыңғыс хан Жошыдан туған он жеті ұлдың тек үшеуіне ғана үлес беріпті делінеді ескі аңыздарда. Атап айтқанда, Орда Ежен – Сарыарқаны, одан әрі Сыр мен Алтай арасын, орталығы Ұлытау – «күміс босағалы көк орданы», Бату осы Ұлытаудан батысқа дейінгі жерге ие болды «алтын босағалы Ақ орданы», одан кейінгі Шайбан Орда Ежен мен Бату иелігіндегі аумақтың арасын, яғни, Ұлытаудан Ертіске,

одан әрі Ібір-Сібір жұртына дейінгі жерді – «болат босағалы боз орданы» еншілепті. Кейіннен Бату батысқа жылжып, жеті жылдық соғыстан кейін (1235-1242) Шығыс Европа, Русь, Кавказды билеп отыру үшін Еділ бой-ында (Сарай-Бату) астана салдырды. Сол кезеңде Шайбанға тиесілі жер көлемі ұлғайып, орталығы Ақкөлге орныққаны байқалады.

Ө з б е к х а н т ұ с ы н д а Ж о ш ы тұқымының бәрі кыйат Исатайға берілген уақытта Шайбан тұқымының о ғ л а н д а р ы а т а л а р ы н ы ң а т а ғ ы арқасында өз қоныстары – Ақкөл бойында ешкімге бағынбай қалған. Далалық өңірді мекен еткен Шайбан тұқымының жауынгер болғандығын В.В.Бартольд, Лэн-Пуль, т.б. ғалымдар атап көрсеткен. В.В.Бартольд: «Из всех частей, на которые распались владения Джучи, во владениях потом-ков Шибана более всего преобладала кочевая жизнь; тем не менее, и здесь в течение более 200 лет власть могла оставаться в руках членов одного и того же ханского рода – явление до-вольно редкое у кочевников. Менее всего затронутые городской культу-рой, потомки Шибана остались более всего верны воинственным традициям кочевников и потому могли выступить в роли завоевателей в такое время, когда могущество династии Чингиз-Хана почти везде находилось в полном упадке» (Бартольд В.В., Двенадцать лекции по истории турецких на-родов Средней Азии // Собр. соч. т. 5. М., 1968. с.125). В.Бартольд көшпелілердің соңғы қозғалыстарын – Шайбан әулетінің Алтын Орда тағына таласуын, Сібір хандығын, Әбілхайыр құрған «көшпелі өзбек мемлекетін» т.б. айтып отырғаны күмәнсіз. Осыдан кейін 1428 жылы Әбілхайырдың Сібірде Чимгу-турада хан көтерілуі, Көшімнің Ібір-Сібірді билеуге «қазақ даласынан» баруы түсінікті болады. Ақкөл – сол заманның қасиетті жәдігері.

Бердібек хан өлгеннен кейін (1359) Бату тұқымынан хандыққа лайық адам табылмай, Ақкөлден Қызыр хан Алтын Орда билігіне келеді.

Әбілғазының жазуына қарағанда, Шайбан ағасы Сайын ханнан үлеске Орда Ежен мен Бату хан шекарасындағы жерлерді алған: «Отырар жерің ағам Ежен мен менің арамда болсын. Жазда Ырғыз, Сауықта (Торғай), Ор, Електен Орал тауына дейін Жайықтың күн шығыс жағын жайла, қыста Арақұм, Қарақұм, Сыр суының бойын, Шу, Сарысудың аяғын қыста» (Абуль-Гази, Родос-ловное древо тюрков. Сочинение Абуль-Гази, хивинского хана/ Казань, 1906, 120 б.).

Ақкөл қалашығы туралы деректер атақты орта ғасырлық көпес Бадр ад-дин Хасан ар-Румидің хабарларында кездеседі. Ол Алтын Орда (ол кезде Өзбек ханның билігі жүріп тұрған уақыт) шеқарасының Жейхұннан басталып, Хорезм, Сығанақ, Сайрам, Жаркент, Женд, Сарай, Мажар, Азак, Акшакерман (бұл қала Қырымда), Кафа, Судак, Саксин, Укек, Бұлғар қалаларын қамтитынын жазады, оған Сібір және Ібір, Башқырд (мәтінде солай) және Чулыман өлкелері енеді. Бір жақсысы, Хасан ар-Руми өзі жүрген жерлердің ара қашықтығын, ерекшеліктерін нақты есептеп беріп отырады: «Темір қақпа», яғни, Баку қаласының маңынан Ібір-Сібір

арқылы Қытайға керуен бес ай бойы жүріп барады» дейді көпес. Бұл бес ай дегеніңіз – мемлекеттің жерінің ұзындығы, ал ені Жейхуннен Дунайға дейін… Сейхуннен Дунайға шейін төрт айлық жол, Сейхун мен Жей-хун арасы 15 күндік, енді Жейхун мен Жайық арасы 15 күн, ал Жайық пен Еділ арасы 10 күн. Еділден Донға дейін – бір ай…»

Хасан ар-Руми өзге саяхатшылар ылғи да шатастыратын мәселелерде аса біліктілік танытады. Мысалы, оның жазуынша, Жейхун өзені Кул-зум теңізіне (Каспийді айтады) құяды деу қателік, «шын мәнінде ұзындығы 100 фарсахтай (әр фарсах –7-8 км) болатын Тұздыкөлге (Арал теңізін ай-тып отыр) құяды». Көпестің айтуына қарағанда, ерте уақытта Тұздыкөлді Хорезм теңізі деп атаған, оның ор-тасында Жәгір аталатын тау бар (Барсакелмес аралы-?).

Ал, Ирбилидің Бұлғар туралы «оның ең қысқа түні 4,5 сағатқа со-зылады – ол Қыпшақ елінің ең даңқты қаласы» дегеніне байланысты Хасан ар-Руми өз сөзін жалғастырады:

«Шын мәнінде мен Бұлғар қаласындағы есепші-астроном Ма-судпен намаз уақытын есептедім» дейді көпес, әртүрлі астрономиялық құралдарды пайдаланып, біз расында да ол жердің түні жаз айларында 4,5 сағаттан аспайтынын анықтадық. Енді тексере келе, Қыпшақ даласында одан түні қысқа жерлер бар екенін білдім. Мысалы, Ақкөл деген кішкене қалада жазғы қысқа түн бар болғаны 3,5 сағат, яғни, Бұлғардан бір сағатқа

кем. Бұлғар мен Ақкөлдің арасы (яғни, Қазан қаласы мен Ақкөл арасы) 20 күндік жол, Ақкөлден әрі Ібір мен Сібір, одан әрі Чулыман. Саяхатшы Чулыманнан Шығысқа қарай жүрсе алдымен Қарақорымға, одан кейін Қытай жеріне келеді». Егер Чулы-маннан Батысқа қарай жүрсеңіз, сіз орыстардың жеріне келесіз, ал одан кейін франктердің жері басталады, осылай Батыс теңізіне жақындайсыз дейді көпес.

Біздің бұл мәселеге байланыс-ты қарастырған әдебиетте жазғы ең қысқа түн Сарыарқаның осы тұсында аңғарылады. Бұл ай – қазақша айтқанда, қырық күн шілденің орта тұсы. Ендеше, Ақкөл – Алтын Орда за-манында көпестер мен елшілердің ат басын тірейтін белгілі қаланың бірі.

Ақкөл –Жайылма өңірінің Еура-зия көшпелілері үшін тарихи саяси орталық болғанын дәлелдеу үшін көптеген деректерді келтіруге болады. Тіпті, бертінгі қазақ заманында да Ақкөл-Жайылма жерінде хан сайлау-лары өтіп тұрған. Соның бірі – 1817 жылы 30 мамыр күні осы жерде Орта жүздің ханы болып Барақұлы Бөкейдің сайлануы. Абылай тұқымының беделін түсіру үшін бұл жиынға Ресейдің әскер басылары да келген және өзге қазақ сұлтандарының Ақкөл –Жайылмаға жиналуына тікелей ықпал еткен. Жеке Сібір корпусы генерал-лейтенант Глазенаптың Ертіс бойындағы елдің

сұлтаны Шаншар Сұлтанмәмедұлына хаты: «Благодарю Вас покорнейше, почтеннейший султан, за усердие Ваше, причем нужным считаю вас не оставить своим приездом к 30 числу мая на озеро Джайылму для бытия при церемониале хана Букея, на котором я сам предпологаю присутствовать» (Из переписки киргизских ханов, сул-танов и прочих // Памятная книжка Семипалатинской области на 1902 год. Вып. №1 (сост. А. Н. Букейханов), с.62).

Ақкөл–Жайылма өңіріне қатысты қазақ аңыздары терең зерттеуді қажет етеді. Себебі, миф-әфсана не-месе батырлық жыр (Қобыланды батыр, Көрұғлы) түрінде сақталған бұл аңыздардың кілті көне заман тарихында, тілдің этимологиялық қатпарларында. Солардың бірі – Мәшһүр жинақтарында кездесетін «Алтай туралы» делінетін аңыз. Әңгіме Алтай деген жігіттің жас күнінде «жүгенін беліне байлап алып, жаяу барып, қанжығалы Пісбекбайдың жылқысын баққанынан» басталады.

«Пісбекбай Ақкөл-Жайылмада екен. Ішбекбай, Пісбекбай деген екі ағайынды байлар екен» дейді шежіреші. Бір жылдары ауыр жұт болып күллі Ақкөл-Жайылмадағы мал Ішбегінде екі нар ғана қалыпты. Жазғытұрым болғанда Ақкөл-Жайылмадағы ел сол екі нармен көшіп-қоныпты. Алтай батыр осы жұттың боларын алдын ала біліп, Пісбекбайдың жылқысын, ұзын аяқты түйе мен сиырын құс жолының асты-мен жылы жаққа айдап алып кетіп

аман сақтапты. Кейіннен осы ерлігіне риза болып Пісбекбай қыздарын Алтайға береді-мыс. Сол қыздардан Әліке, Байдалы, Сайдалы, Мойын туып, «Арғынның сәуірі» атанды. «Арғын болсаң – Алтай бол» деген сөз Алтайдың арғын ішіндегі үлкендігін, көптігін, мықтылығын айғақтайды. Пісбекбайдың өзінен тараған еркек кіндік жоқ.

Б ұ л қ а й з а м а н н ы ң а ң ы з ы , аңызды қалай сөйлету керек? Біздің пікірімізше, әңгіме оғыз-сақ дәуіріне қатысты. Ішбекбай мен Пісбекбайдың атасы Толыбай сыншы бүкіл оғыз елінің түпкі атасы (этноарх). Оның үлкен баласы Раушанбектің тұқымы – бүкіл Кіші Азия, Кавказ, Шығыс Еуро-па жеріне тараған оғыздар. Олар қазіргі түрік-осман, түркімен, әзербайжан, гагауыз, т.б. елдер. Бұл кезең туралы «Көрұғлы» жырынан да біршама мәлімет алуға болады. Толыбайдың екінші ұлы – Пісбекбайдың тұқымы ғұндар бастаған «халықтардың ұлы қоныс аударуы» кезінде ғұндармен араласып, ассимиляцияға түсіп кет-кен. Алтайдың Сарыарқаға келуі, Пісбекбайдың қыздарын алуы осы мәселені нұсқап тұр. Ал, Ішбекбайдың тұқымы – қазіргі уақытта қазақтың, қазаққа туыс бірнеше халықтың ара-сында кездесетін қанжығалы руы. Сақ дәуіріндегі аңыз-деректерге қарағанда, Ішбекбай – ішкі оғыздардың (ишкузы)

Мысыр (Египет) еліне дейін жеткен 28 жылдық жорығын басқарған патша. Гректің ұлы тарихшысы Герадот осы Ішбекбай (Ишбакай) талай жылғы соғыстарды бастан өткеріп, ақыры өз еліне қайтып келді дейді. Оның әңгімесі тым көп, бұл мақала көлемі оған аздық етеді.

М і н е , А қ к ө л - Ж а й ы л м а н ы ң көне тарихын біз осы сияқты аңыздардан да әдемілеп тарата ала-мыз. Этнографиялық мәліметтерді, археологиялық қазба материалда-рын, қазақ шежіресін, ғылыми тұжырымдарды жинақтай отырып, біз төмендегідей қорытындылар жа-саймыз:

- Ақкөл-Жайылма жері – ұлан-байтақ қазақ жерінің табиғаты бай, көркем, қадірлі, қасиетті өлкесінің бірі;

- Ақкөл-Жайылма – тіршілікке, мал шаруашылығына, адам өсіміне өте ыңғайлы, қолайлы аймақ;

- Ақкөл-Жайылма – тарихи өлке. Бұл жерден табылған тарихи жәдігерліктер, деректер оның ежелден тарихи орын екенін дәлелдейді;

- Ақкөл-Жайылма жерінің тарихи ескерткіштері тас ғасырынан бастау алады. Қараоба төңірегіндегі неолит дәуірінің микролит пластиналары осыған дәлел;

- Ақкөл-Жайылма жерінің ерте көшпелілерге тікелей қатысы бар. Бұл жердегі бейіттер мен далалық алқапта кездесетін төбелердің көпшілігі оғыз-қыпшақ дәуіріне жатады;

- Ақкөл-Жайылма Алтын орда (ноғайлы) дәуірінде Шайбан (Сы-бан, Шибан) ұлысының орталығы

болғандығы деректерден аңғарылады;

- Ақкөл-Жайылма ноғайлы дәуірінде үлкен, дамыған мәдениеттің, жазба дәстүрдің орталығы болды деп айта аламыз;

- Алтын Орда дәуірінің Ақкөл-Жайылма жерінде ғ а ж а й ы п к у л ь т т ы қ құрылыстары, қалашықтары, кен өндірісі, кірпіш құятын орталықтары болғаны біздің жинақтаған деректерімізден

аңғарылады;- Қаражар ауылындағы қазақ зи-

ратында тек көне дәуір емес, бертінгі ХVІІІ ғасырдың да ескерткіштері (Көлебе батыр бейіті, т.б.) бар;

- Т ө б е ш і к т е р м а ң ы н а н ирригациялық құрылыс (арықтар) ж ү й е с і н і ң с о р а б ы , е г і н ш і л і к алқаптарына ұқсас жер бедерлері бар;

- Ақкөл-Жайылма маңында ірі қорғаныс жүйелерінің іздері сақталған. Бірнеше шақырымға созылған ор (Ду-ана мен Жаманкөлді қосатын);

Осының бәрін ескере отырып, Ақкөл және онымен қатарлас Ақжар-Сасай өңірлерін табиғи және этнографиялық тарихи парк ретінде жариялауды ойластырған жөн деп есептейміз.

Орта ғасырлық деректерде Шай-бан ордасы немесе Боз Орда тура-лы мәліметтер кездескенде қазақ жерінің солтүстік алқабына қарай осындай тарихи орынның болғанын ескерген дұрыс. Ақкөл-Жайылма – Шайбан сұлтандары билеген үлкен жұрттың кіндігі. Бұл мәселені одан әрі зерттеу қазақ тарихына қатысты көптеген мәселелерді қайта көтеруге мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Боз Орда тарихына қатысты ғылыми зерттеулердің нәтижесі Орталық Азия тарихының тұтас бір кезеңіне жарық сәуле түсіретініне күмәніміз жоқ.

- . –

. . .

.

Page 8: 57 (3114) 2014-05-27

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Бақытжан аға, Қазақстан мұсылмандары діни басқар ма сы дін мамандарының міндеттерін айқындап, бірнеше бағытты бекіткен болатын. Бұл ретте имамдардың білім дәрежесі ба-сты талаптың бірі екені белгілі. Бүгінгінің имамдары осы үдеден шыға алып жүр ме?

– Бас мүфтиіміз имамдарға төрт ба ғыт бойынша жұмысты қарқындату керектігін міндеттеген еді. Біріншісі – уағыз-насихат, екіншісі – сауат ашу курстары, үшіншісі – қайырымдылық шаралары, төртіншісі – теріс пиғылды жат ағымдармен күресу. Аллаға шүкір, қазіргі таңда имамдарда, дін қызметінде үлкен серпіліс бар. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қызметіне кірісе сала алыс-жақын ше-телдерде, еліміздің ірі діни оқу орында-рында білім алған біраз білікті маман-дарды Діни басқарма айна ласына топ-тастырды. Бүгінде елімізде бас мүфти бекіткен бағыттар бойынша кәсіби жұмыс істейтін мықты мамандар баршылық. Бұған қоса, Діни басқарма Түркия, Мысыр сынды елдердің діни басқармаларымен келісімшарт жа-сасып, имамдардың білімі мен білік-тілігін одан әрі жетілдіру, тәжірибе алмасу жұмыстарын да қолға алды.

– Сіз біршама жылдар бойы оқу-ағарту саласында қызмет еттіңіз. Осы орайда еліміздегі діни оқу орындарының жұмыстарына қандай баға бересіз?

– Аллаға тәубе деу керек, оқу орын дарында сауатты оқытушылар, ұстаздар, білікті мамандар білім беруде. Үш жылдық медресенің өзін бітірген түлек біраз нәрсені біліп шығады. Еліміздегі оқу орындарын тәмамдаған

Жұртшылықтың игілігі үшін елор-

далық «Нұр Астана», «Әзірет Сұлтан», «С.Ғылмани» мешіттері жанынан сенім телефондары іске қосылды. Таңертеңгі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейтін сенім телефондары арқылы көкейлеріңізде жүрген маңызды сұрақ-тарыңызды қоюларыңызға болады: «Нұр Астана» орталық мешіті – 8 (7172) 44-58-48, «Әзірет Сұлтан» мешіті – 8 (7172) 42-41-77, «С.Ғылмани» мешіті – 8 (7172) 32-40-54

Осыған орай, 20-27 мамыр аралығында өңірлерден келген 20 имамға ислам құндылықтарын орыс тілінде жеткізу тақырыбында семинар жүргізілді. Елорда имамдары мен медресе ұстаздары, дін істері басқармасы мамандары қолға алған семинардың алғашқы дәрістерін «Нұр Астана» мешітінің найб имамы Абдусамад Махат пен «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Мақсат Қайырғалиев өткізіп,

онда «Хадис ілімінің шығу тарихы» мен «Мазхабтардың пайда болуы» жайында дәріс айтылды.

Аптаға созылған семинарда ақида, фиқһ ілімі, тәпсір әдістемесі, ханафи мазхабы қағидалары, шешендік өнер және тағы да басқа өзекті тақырыптар талқыланды. Сондай-ақ, брейн-ринг, диспуттар және бейнесұхбат (уағыз) беру тәсілдері жай-ында дәрістер өткізіліп, қатысушы имам-

дар семинарда жүргізілген сабақтарға ризашылығын білдірді. Кеше апталық семинар қорытындыланып, ҚМДБ-ның бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының атынан арнаулы сертификаттарды ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «НұрАстана» мешітінің бас имамы Наурызбай Өтпенов қатысушыларға табыстады.

білімгерлер арасында өңірлерде жа-уапты қызметтер атқарып жүрген мамандар да баршылық. Дегенмен, әлі де болса, оқу бағдарламалары, пәндер мен әдебиеттер күрделендіруді, жаңа деңгейге көтеруді қажет етеді.

– Діни білім беру ісі көбіне бұқара арасынан шыққан жеке кәсіпкерлер мен бақуатты кісілердің қаражаты есебінен жүргізіліп кел гені мәлім. Медреселердің ахуалы мен ондағы ұстаздардың жағ дайы көңіл көншіте ме?

– Иә, шыны керек, медреселер дін жанашырлары мен кәсіпкерлердің қаражатының арқасында жабылып қалмай, жұмыс істеп келеді. Медре-селер заман талабына сай болуы үшін әрқашан заманауи технологиялармен жаңарып, жабдықтауды қажет етеді. Оның барлығына, әрине, қаржы керек. Бұны бір деп қойыңыз. Екіншіден, медре селерді бітірген түлектерді шал-ғай аудандарға, ауылдарға жіберу үшін тұрмыстық жағдайын түзеп берген жөн. Ауыл-аймаққа барған жас маман тұрақты жалақысы болмағаннан кейін күн көрісі қиындайды, нарықтық за-ман ғой, оның үстіне ол үйленіп, үй болсам дейді. Әлеуметтік жағдайы тағы қыса түседі. Ақыры, табысы мол кәсіпке кетеді. Міне, дін мамандары жоқ емес, бірақ, оларды ұстап қала алмай жатырмыз.

Құзырлы орындардың ресми мәлі-меттеріне сүйенсек, елімізде діни терроризм мен экстремизмге шет елдерден қыруар қаржы аударылады екен. Енді бұған қаржысыз қарсы тұру мүмкін емес. Қаржыландырудың тиімді механизмдерін қарастыру ке-рек. Мысалы, бауырлас түрік елінде бұл мәселе мемлекеттік деңгейде

шешімін тапқан. Барлық діни оқу орындары мен жүз мыңға жуық дін қызметкеріне мемлекет қаржы бөледі.

– Діни білім демекші, мешіттердегі сауат ашу курстары жайында айтса-ңыз. Елордамыздың айшықты құл-шылық орындарында діни курстар жүйелі түрде жүргізілуде ме?

– Аллаға шүкір, «Әзірет Сұлтан» мешітінде қазіргі таңда аптаның жеті күні Құран, тәжуид (Құранды дұрыс оқып үйрену ғылымы), ақида (сенім), фиқһ (шариғат, құқық), Ислам та-рихы, хадис пәндері бо йынша дәрістер және күнделікті ақшам намазынан кейінгі уағыздар жүйелі түрде жүргізіледі. Қазіргі уақытта мешітте 400-ден аса еркек пен әйел дәріс алуда. Жазғы демалыстың ба-сталуына байланысты 2 маусымнан мектеп жасындағы балаларға күн-дізгі сауат ашу курсы басталады. Осы ретте Астана қаласының тұр ғын дарын құлағдар етейін, бала лар дың бойына имандылықты, дәстүрлі дінімізді сіңіріп, қақта-соқта соқыр сенімдерге қарсы иммунитетін қалыптастыру үшін осы бастан мешіттерге жіберіп, иман дылық сабақтарына қатыстырған жөн.

– Биыл жарық көрген «Ислам және ғылым» атты еңбегіңізде ислам тарихындағы тұлғалар, олардың ғылыми мұралары, діни оқу орындары туралы құнды дерек-термен бөлістіңіз. Мәселен, аралдық бабамыз Әбу Абдулла Мұхаммед ибн Мұса әл-Хорезмидің «Әл-жәбр уәл-Мұқобәлә» деп аталатын алгебра ғылымына арналған үлкен еңбегі бар екенін осы кітабыңыздан білдік. Еңбегіңізге арқау болған қазақ

топырағынан шыққан ғалымдар жайында қысқаша айта өтсеңіз.

– Орта ғасырлық меңіреулікті оятқан, антикалық философияны, т.б. ежелгі ғылымдарды игеріп, оны дамытып, бүкіл дүние жүзіне паш еткен мұсылман ғұламалары екенін ұмытпауымыз керек. Оның ішінде қазақ даласынан шыққан ойшыл ғұлама бабаларымыз қаншама десеңші?!

Отырар жерінен шыққан бір ғана Фарабиден бөлек 30 шақты Фараби (түрлі ғылымда өзіндік із

ибн Мусоддық әс-Соғди әт-Түркістани (XIV ғасырдың 1-жартысында өмір сүрген) ғұлама математик болған. Ол Түркістан қаласында білім алып, Бұхара мен Самарқандқа сапар шеккен. Білімін одан әрі Бағдад пен Дамаскіде жетілдірген. 1312 ж. «Китаб әл-Алаийя» («Жоғары математи-ка кітабы») трактатын жазған. Бұл еңбек арифметика мен геометрия мәселелеріне арналған екі кітаптан тұрады және ол сол кездегі медресе-лерде кеңінен пайдаланылған. «Китаб әл-Алаийя» еңбегін ортағасырлық ғалым Әбу әл-Хасан «Шарх китаб әл-Алаийя» («Жоғары матема-тика кітабына түсініктеме») атты тү сініктеме жазып өңдеген. Тү сі-нік теменің арабша қолжазбасы Ре-сей дегі Шығыстану институты Санкт-Петербург бөлімшесінің кітап-ханасында әлікүнге дейін сақтаулы тұр.

Көпшілігіміз исламды белгілі бір құлшылықтармен шектейміз. Бұл – дінді дұрыс, өз деңгейінде түсіне алмағанымыздан. «Ислам және ғылым» кітабын жазудағы мақсатым – исламның үлкен мәдениет, ғылым екенін жеткізу еді.

Қазіргі таңдағы кейбір деректерге қарасақ, сол батыс ғылымы өкілдерінің, яғни, ғалымдардың 60 пайызы – Алла-ны танығандар, Мұхаммедті (с.ғ.с.) мой-ындайтындар, құлшылық ететіндер.

Мысалы, әйгілі «НАСА» Ұлттық ғарыш агенттігінің бас ғалымы 2010 жылы мұсылман жұртынан Уәлид Абдуллати сайланды. Осы ұйымның тағы бір мүшесі – сауд арабиялық әйел Мажда Әбурас.

Бұл айтылғандар мұсылман жұрты мен қазақ халқының ой-өрісі жоғарылығын көрсетеді. Қазіргі таңда шет мемлекеттерде біздің 232 жас ғалымымыз жұмыс істеуде. Әрине, оларды қазір тиісті министрліктер Қазақстанға қай-таруға әрекетін жасап жатыр екен.

Осындай мәліметтерден нені түйе міз? Ғылым саласында Еуропа ел дері мұсылман мемлекеттерінен басып озғанымен, жекелеген мұсылман ға лым дар арасында

тайталасуға дәр мен бар. Енді жас ғалымдарды Отанды сүю ге, патрио-тизмге, иман дылыққа тәр биелей алсақ, олар өзге елдің білімі мен ғылымын алар, бірақ өз елдеріне қыз мет ететін болар еді. Мәселе осында.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Жайық НАҒЫМАШ

қалдырған отырарлық ғұламалар кейін мұсылман араб елдеріне тарап, сол жақтарда дүние салғандықтан ұмыт болды) шыққанын шығыстанушы ғалымдар енді зерттеп білуде. Осы-мен қатар қаншама әл-Таразилер, Сығ нақилер, әт-Түркістанилер шық-қан. Соның біреуіне ғана тоқтал сақ: киелі Түркістан жерінен шыққан Жамалиддин Саид ибн Мұхаммед

- .

Page 9: 57 (3114) 2014-05-27

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Дей тұрғанмен, ару қалаға аяқ басқандардың ешқайсысының қ и ы н д ы қ т а н қ а й м ы ғ а р т ү р і байқалмайды. Емтихан жайы қ а л а й б о л а р е к е н д е п б і р -бірімізден әлденені ұғысып жа-тырмыз. Кейбіреулері сынақтан сүрінбесіне нық сенгендей өздерін еркін сезінеді.

...Көзіне күнқағар көзілдірік таққан орта бойлы жігіт маңайына маңғаздана қарап қояды. Таныстық. Қолымды ұсындым.

- Мұратбек.- Ғалымжан. Қайақтансың?Бастапқыда мұндай сөзді бірінші

рет естіп тұрғанымды айтайын дедім де, артынша тұспалдай қойып жауап қаттым.

- Семейден, өзің ше?- Шымкентпіз ғой!

келісті, өз-өзіне сенімді тұрған жігітке аңтарыла қараған мен әңгімені одан әрі жалғап, екеуіміз бірден тіл табыса кеттік. Байқаймын, жаңа танысым емтихан пәндеріне мұқият дайындалған сияқты. Түрінен «кез келген сұрақты шемішкеше шағамын» деген кейіп байқалады. Неге екенін білмеймін көкейіме бір ой қонақтай

қалды: «әй, мына бала оқуға бірден түсетін сияқты ғой, сымдай тарты-лып сықия қалыпты». Ол да менің ойымды оқып қойғандай жолға келіп тоқтай қалған «Жигули-ге» қарап «Асықпасай!» деді де, маған тікесінен қарады: «Басқаны қайдам, КазГУ-ге сен бірден точно түсесің, тілші жолдас! Мен кеттім, машина келіп қалды!»

Ол құлдыраңдай басып көлігіне қарай жүгіре жөнелді. Аузым ашыла қарап қалыппын: «Осының алдын-да ғана сол кездегі республикалық б а л а л а р г а з е т і « Қ а з а қ с т а н пионерінің» бір-бірімізді сырт-тай жақсы білетін штаттан тыс тілшілері Әнуарбек Әуелбеков, Раушан Мырзахметова, Майра Төлтаева шұрқыраса табысқан бо-латынбыз, Ғалымжан соны көрген болды ғой. Неткен қырағы бала өзі!»

таудай баланың аты бәйгеден озып келді, сол жылы екеуіміз де сынақтардан сүрінбей ө т і п , қ а з а қ т ы ң ж о ғ а р ы о қ у ордаларының қара шаңырағына түсу құрметіне ие болдық-ау.

Байқасақ, одан бері де 33 жыл зу ете қалыпты. Зымыран уақыт деген

осы. Ал, бүгінде ердің жасы елуді еңсерген Ғалекең туралы ой-толғам шаш-етектен. Әсіресе, студенттік шақтағы қимыл-әрекеттері ересен еді-ау! Спорт десе ішкен асын жер-ге қоятын. «КазГУ-дің қалашығы – көзімнің тұңғиық қарашығы» деп ақындарымыз жыр нөсерлеткен құтты мекеннің бір бөлмесін ме-кен еттік. Бірінші курста күреске бірге барғанымыз есімде. Мен еркін күресті таңдағанда, ол дзюдо мен самбоны қатар алып жүрді, 2-3-ші курстарда спорттың осы түрлерінен университетте жеңіске жетіп, қалаішілік біріншілікте КазГУ-дің намысын қорғады: жүлделі екінші орынға табан тіреді. Қазіргі «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Срайыл Смайыл екеуі факультеттің футбол командасын құрып, Константин Столбовский, Дәурен Ерсарин, Қайрат Мұқатов, Сади Тампаевтармен бірге ойнады, университетішілік жарыста 3 рет кубоктарды ұтып алды. Кейіннен үздік ойыншы ретінде университет құрамасына да алынды.

Спорттағы өжеттігіне басқан Ғалымжан бірде өзінен 2 курс жоғары оқитын сол кездегі кәнігі

палуан, қазіргі белгілі киногер Ер-мек Тұрсыновпен алыса кетіп, бір-екі әдіске салады. Қайсар жігіттің талабын қуана қолдаған Ермек оны университеттің дзюдо бойынша бас бапкеріне ертіп барып таныс-тырады.

а т о й л а п тұратын ол спортпен беріле айна-лыса жүріп, журфактың студенті ретінде басылымдарға мақала жолдауға да уақыт таба білді. Курс-тасымыз, бүгінде Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Бауыржан Омарұлының республикалық «Лениншіл жасқа» ертіп барып, ма-териал жазуға баулығанын Ғалекең бүгінде ерекше ризашылықпен еске алып отырады. Ол заманда жариялауға әзірленген матери-алдары үйіліп жататын жастар басылымына хабар шығарудың өзі қиямет-қайым болатын. Алайда, еңбекқор студент осы басылымда жиі жарияланатын курстастарымен бірге талай қомақты туындыларын оқырман назарына ұсына алды. Ол тұста бұл дегенің ерлікке пара-пар еді. Кейіннен осы әйгілі жастар ба-

.

- .

. .

. - .

. 0

- ...

– - ...

сылымында өзі де жауапты қызметтерді атқарды.

Журналист Ғалымжан Мелдештің шығармашылық жолы оқырманға белгілі. Ғаламторды ашып қалсаңыз қатардағы журналистен республикалық деңгейдегі бірнеше бұқаралық ақпарат құралдары басшылығына дейінгі абыройлы жолды артқа тастаған ақтаңгер азамат туралы небір қызықты ақпараттарға қанығасыз, ол – өз алдына бір әңгіме. Журналистік шеберлігін екі-ақ ауыз сөзбен түйіндеуге болар: кез-келген газеттің макетін гүлдендіріп жіберетіндігі мен жедел материалды жазудың майталманы екені. Бұл өзі айтуға оңай болғанмен, екінің бірінің басына бұйырмаған бақ.

Бүгінде отандық журналистика-ны дамыту жолында жемісті еңбегін жалғастырып келе жатқан, талай басылымдардың менеджментін сара жолға салып кеткен ол осы кәсіби ұ й ы м д а с т ы р у ш ы л ы қ ш е б е р л і г і н одан сайын шыңдағанының куәсі болдық жақында. Елімізде бұрын байқала қоймаған ерекше форматта өрнектелген «Шерқала» атты журнал оқырмандарға жол тартты. Оның қазіргі пішіндік ыңғайдағы инновациялық талаптарға сәйкес болуына тікелей басшылық жасаған Ғалымжан «су жаңа» басылымның әп дегеннен-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясының жолаушыларының қолына тигізіп үлгіргеніне не дерсіз! Берісі – еліміздің, әрісі – әлемнің көгінде қалықтап жүрген бұл ұшқыр ұшақтар қазір «Шерқаланы» дүниенің төрт бұрышына жеткізіп үлгерді. Бұл – маркетингтік мықтылық.

кез-келген тірлігінен аңғарылып тұратын Ғалекең жора-жол-дас, туыстарын, әріптестерін риза етпесе жүре алмайды. «Көрмегелі көп жылдың жүзі болды» деп курстастардың 20 жылдық кездесуін өткізуде белсенділік танытып, оны ерекше бір мерекелік деңгейде ұйымдастырған да Ғалекең.

Қ а з а қ б а с п а с ө з і н і ң т а л а н т т ы ұйымдастырушыларының қатарына қ о с ы л ғ а н Ғ а л ы м ж а н М е л д е ш бүгінде Маңғыстау облыстық медиа холдингінің бас директоры ретінде де шығармашылық санаттағы іргелі, жаңашыл жобаларға мұрындық болу-да. Атқарылған шаруалар аз емес, алға қойған кешенді жоспар-жобалары одан да көп. Өңір баспасөзін ұлттық сапалы дәрежеге көтеруге қам жасап жүрген қайраткер-қаламгердің алаш медиа кеңістігіндегі игі қадамдары ұзағынан сүйіндіргей !

Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН,ҚР Бас редакторлар клубының

вице-президенті

. - .

Бірлестік жетекшісі, белгілі өнер қайраткері Кенжеғали Мыржықбай жазушының өмір жолымен таны-стырды. Қуғын-сүргін, аштық жыл-дарын зерттеп жүрген Т. Құлияс зобалаң жайлы «Қанжоса ғасыр», «Қырғын», «Қан кешу», «Миға қойылған бомба» сынды кітаптардың

авторы. Осы шығармаларды ол Ресей мұрағат-мұражайларын ақтара жүріп, нақты деректерге сүйеніп жазған. Жазушы қасіретті жылдар және өзінің ізденістері жайлы студенттерге тар-тымды етіп әңгімелеп берді. Студент-тер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.

Үш сағатқа созылған кездесуді университет проректоры, фило-гия ғылымының докторы Дихан Қамзабекұлы түйіндеп, қонақтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Page 10: 57 (3114) 2014-05-27

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

6612 29.10.2010

6613 29.10.2010

6614 29.10.2010

6615 01.11.2010

6616 01.11.2010

6617 01.11.2010

6618 01.11.2010

6619 01.11.2010

6620 01.11.2010

6621 01.11.2010

6622 01.11.2010

6623 01.11.2010

6624 01.11.2010

6625 01.11.2010

6626 01.11.2010

6627 01.11.2010

6628 01.11.20106629 01.11.2010

6630 01.11.2010

6631 02.11.2010

6632 02.11.2010

6633 02.11.2010

6634 03.11.2010

6635 03.11.2010

6636 03.11.2010

6637 03.11.2010

6638 03.11.2010

6639 03.11.2010

6640 03.11.2010

6641 03.11.2010

6642 03.11.2010

6643 04.11.2010

6644 04.11.2010

6645 04.11.2010

6646 04.11.2010

6647 04.11.2010

6648 04.11.2010

6649 05.11.2010

6650 05.11.2010

6651 05.11.2010

6652 05.11.2010

6653 05.11.2010

6654 05.11.2010

6655 05.11.2010

6656 05.11.2010

6657 05.11.2010

6658 05.11.2010

6659 08.11.2010

6660 08.11.2010

6661 08.11.2010

6662 08.11.2010

6663 08.11.2010

6664 08.11.2010

6665 08.11.2010

6666 08.11.2010

6667 08.11.2010

6668 08.11.2010

6669 08.11.2010

6670 08.11.2010

6671 08.11.2010

6672 08.11.2010

6673 09.11.2010

6674 09.11.2010

6675 09.11.2010

6676 09.11.2010

6677 09.11.2010

6678 09.11.2010

6679 09.11.2010

6680 09.11.2010

6681 09.11.2010

6682 09.11.2010

6683 09.11.2010

6684 10.11.2010

6685 10.11.2010

6686 10.11.2010

6687 11.11.2010

6688 11.11.2010

6689 11.11.2010

6690 11.11.2010

6691 12.11.2010

6692 12.11.2010

6693 12.11.2010

6694 12.11.2010

6695 12.11.2010

6696 12.11.2010

6697 12.11.2010

6698 12.11.2010

6699 12.11.2010

6700 12.11.2010

6701 12.11.2010

6702 14.11.2010

6703 15.11.2010

6704 15.11.2010

6705 15.11.2010

6706 15.11.2010

6707 15.11.2010

6708 15.11.2010

6709 15.11.2010

6710 15.11.2010

6711 15.11.2010

6712 15.11.2010

6713 15.11.2010

6714 15.11.20106715 15.11.2010

6716 15.11.2010

6717 15.11.2010

6718 15.11.2010

6719 17.11.2010

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

(Жалғасы. Басы газетіміздің №56 (3113) санында) 6720 17.11.2010

6721 17.11.2010

6722 17.11.2010

6723 17.11.2010

6724 17.11.2010

6725 17.11.2010

6726 18.11.2010

6727 18.11.2010

6728 18.11.2010

6729 18.11.2010

6730 18.11.2010

6731 19.11.2010

6732 19.11.2010

6733 19.11.2010

6734 19.11.2010

6735 19.11.2010

6736 19.11.20106737 19.11.2010

6738 22.11.2010

6739 22.11.2010

6740 22.11.2010

6741 22.11.2010

6742 22.11.2010

6743 22.11.2010

6744 22.11.2010

6745 22.11.2010

6746 22.11.2010

6747 22.11.2010

6748 22.11.2010

6749 22.11.2010

6750 23.11.2010

6751 23.11.2010

6752 23.11.2010

6753 23.11.2010

6754 23.11.2010

6755 23.11.2010

6756 23.11.2010

6757 24.11.2010

6758 24.11.2010

6759 24.11.2010

6760 24.11.2010

6761 24.11.2010

6762 24.11.2010

6763 25.11.2010

6764 25.11.2010

6765 25.11.2010

6766 25.11.2010

6767 25.11.2010

6768 26.11.2010

6769 26.11.2010

6770 26.11.2010

6771 26.11.2010

6772 27.11.2010

6773 27.11.2010

6774 27.11.2010

6775 27.11.2010

6776 27.11.2010

6777 27.11.2010

6778 27.11.2010

6779 27.11.2010

6780 27.11.2010

6781 27.11.2010

6782 27.11.2010

6783 28.11.2010

6784 28.11.2010

6785 28.11.2010

6786 28.11.2010

6787 28.11.2010

6788 28.11.2010

6789 28.11.2010

6790 28.11.2010

6791 28.11.2010

6792 29.11.2010

6793 29.11.2010

6794 29.11.2010

6795 29.11.2010

6796 29.11.2010

6797 29.11.2010

6798 29.11.2010

6799 29.11.2010

6800 29.11.2010

6801 30.11.2010

6802 30.11.20106803 30.11.2010

6804 30.11.2010

6805 30.11.2010

6806 03.12.2010

6807 03.12.2010

6808 03.12.2010

6809 03.12.2010

6810 03.12.2010

6811 06.12.2010

6812 06.12.2010

6813 06.12.2010

6814 06.12.2010

6815 06.12.2010

6816 06.12.2010

6817 06.12.2010

6818 06.12.2010

6819 06.12.2010

6820 06.12.2010

6821 06.12.2010

6822 07.12.2010

6823 07.12.2010

6824 07.12.2010

6825 07.12.2010

6826 07.12.2010

6827 07.12.2010

6828 08.12.2010

6829 08.12.2010

Page 11: 57 (3114) 2014-05-27

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

i .

15100Ò

i i i i i i

i i i

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

i i . . . i i - i i i . i i i i i i i .

i i i i . —

i .

: - - .

i .

15100Ò

i i i i i i

i i i

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

Ò Ò

Ò

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

i i . . . i i - i i i . i i i i i i i .

i i i i . — Ò

i .

: - - .

0 0000 . 4

2 -64- 2 -64- 2 2 - - 2 .

1.

2.

3.

4.

5.

Page 12: 57 (3114) 2014-05-27

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ЛИССАБОНДАҒЫ МАДРИД ТҮНІ

. . .

Қарт құрлыққа тиесілі футболдың «асын қайырып, батасын берген» мадридтік қос команда болды. «Реал Мадрид» және «Атлетико» арасында биыл бесінші матч өткізіліп, қызығын күллі әлем тамашалады. УЕФА чемпи-ондар лигасының аясында кездескен олар клубтар үшін ең қымбат санала-тын кубок үшін тер төкті.

Кездесу алдында неше түрлі алып-қашпа әңгімелер өрбіп, екі командаға да психологиялық қысым көрсетіле бастаған. Жарақатына байланысты ақтық ойынға қатыса алмайтын футболшылар да анық еді. Олардың қатарында Диего Кос-та, Арда Тұран, Пепе, Хесе секілді жігіттер болды және сары қағаздың кесірінен Шаби Алонсо да финалдан сырт қалған. Бірақ «тауықсыз да таң атты». Кейін белгілі болғандай, бас бапкер тәжірибесіне бола Костаны тәуекелмен алғашқы минуттан-ақ алаңға шығарды.

Бруйне Куйперстің ысқырығы естілісімен екі команда да аса

сақтықпен алма-кезек шабуылға шығып отырды. Допқа иелік ету жағынан Карло Анчелоттидің ш ә к і р т т е р і ш а м а к е л г е н -ше ширақтық танытса, Диего С и м е о н е н і ң « о қ у ш ы л а р ы » т е г е у р і н д і ш а б у ы л д а р ы м е н Касильястың жүйкесіне әлсін-әлсін ши жүгіртумен айналысты. Осындай сәттердің бірінде «Ат-летико» сапынан Диего Годин қарсылас қақпашының қателігін пайдаланып, гол соғып кетті де, бірінші таймның соңына дейін осы есеп сақталды.

Ойынның екінші бөлігінде к о р о л ь д і к к л у б т ы ң а л ғ а ұмтылатынын алдын ала сезгенбіз. Солай болды да. Үсті-үстіне толас-сыз шабуылдай отырып, «Реал Мадрид» өз тарихындағы онын-шы кубоктың оңай келмейтінін түсінді. Ойынның негізгі уақыты бітіп, футболшыларға төреші тарапынан тағы да қосымша бес минут берілді. Бұған дейін

«Баварияның» жаналғышына айналған Серхио Рамос 93-минутта бұрыштан көтерілген допты Куртуа қорғаған қақпаның сол жақ шетіне бағыттап, есепті теңестіріп кетті. Жағдайдың аяқасты өзгергенін көтере алмаған « А т л е т и к о » о й ы н ш ы л а р ы с о л сәтте-ақ жеңіліске ұшырады десек, қателеспеспіз. Футбол ережесіне сәйкес, кейін 15 минуттық екі экстра-таймға

кезек беріліп, алғашқысында есеп өзгермеді. Кубоктың тағдыры матчтың төртінші бөлігінде ғана шешілді. Финалдық кездесудің үздік ойыншысы атанған Анхел Ди Марияның арқасында Гарет Бэйл гол соқты. Іле-шала Мар-село мен Криштиану Роналду да қанжығаларын майлап, «Реал Мадридке» 12 жыл күткен ку-бокты әкелді.

Б и ы л ғ ы м а у с ы м н ы ң қорытындысы бойынша, Карло Анчелотти бұл кубокты үш рет жеңген екі жаттықтырушының біріне айналды. Ал «Реал Мад-рид» УЕФА чемпиондар лига-сын оныншы рет ұтып, кубокты

жеті рет иеленген «Миланнан» қара үзіп барады. Ал Роналду бір маусым барысындағы көрсеткіш жөнінен 17 голмен чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмерген атанса, қарағандылық «Шахтердың» шабуылшысы Сер-гей Хижниченко 4 доппен үздік жиырмалықты тәмамдап тұр. Оның ізіне Эдинсон Кавани, Неймар, Юлиан Дракслер және Арда Тұран сынды мықтылар ілескен.

Сонымен, Еуропа футболындағы соңғы қоңырау сыңғырлап үлгерді. Алда Бразилияда өтетін әлем біріншілігі күтіп тұр. «Сен тұр, мен атайын» деген футболшылар енді соған дайындалмақ.

ГОЛОВКИН ГИЛМЕН ГҮРЗІЛЕСПЕК

БОКСШЫЛАРЫМЫЗ БАБЫНДА - 26 -

.WBA Головкинді австралиялық

Джарод Флетчермен кездесуге міндеттеген еді. Бұл шешімге Головкиннің командасы риза бол-май, қауымдастық басшылығына Дэниэл Гилмен жекпе-жек өткізуге мүмкіндік беру жөнінде өтініш жолдады.

Е г е р Г и л м е н а р а д а ғ ы келіссөздер сәтті аяқталса, жекпе-жек «MSG»-дің 20 мың

адамға арналған аренасында өтеді. Қазақстандық боксшының алдыңғы кездесулері «Madison S q u a r e G a r d e n » - н і ң 5 6 0 0 көрермен сыятын театрында өткен болатын.

Айта кетер жайт, Гена екінші орта салмаққа ауысуға және осы салмақтағы боксшылар-мен жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол

31 мамыр күні, WBA мен IBF біріктірілген Карл Фроч пен Джордж Гроувс жекпе-жегінің жеңімпазымен және осы дивизионның мықты боксшы-сы саналатын Андре Уордпен де жекпе-жекке шығуға әзір екенін айтуда.

.

75 келідегі әлем чемпи-оны Жәнібек Әлімханұлы финалда ирандық Ара-г и д а л г и Я х а н г и р а н ы ұ т с а , 9 1 - д е н ж о ғ а р ы салмақта Нұрдан Бекза-тов финалда венгр Ишт-ван Бернатты жеңді. Ал 49 келілік Жомарт Ер-жан финалда ресейлік Ва-силий Егоровқа, Әділет Құрметов (52 кг) Ли Чунг Л и г е ( К Х Д Р ) , А й д а р

Әмірзақов (64 кг) Вик-тор Миргородқа (Ресей) және Даурен Елеусінов (81 кг) Никита Ивановқа (Ресей) есе жіберді. Ержан Ордабаев (56 кг), Сағадат Рахманқұлов (69 кг), Ан-тон Пинчук (91 кг) сынды боксшылар қола жүлде алды. Командалық есеп-те Қазақстан құрамасы екінші орынға табан тіреді. Бетті дайындаған: Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ