95 (3152) 2014-08-26

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 95 ÒÆÊÒÆμ 26 ÓÁÍÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +22°..+20° +13°.. +11° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü òïìóġòóĄëâáóüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ üòóüĬ áôá n& çüì ÆĦ òôüĬ óæíðæñáóôñá n& çüì Елорда әкімінің тапсыр- масы бойынша және «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасының аясында 2014 жылдың 4 мамырынан бастап бас қалада Көлік мамандарының біліктілігі орталығы жұмыс істей бастаған еді. Астана басшысы осы орталықта болып, оқу сыныптарын аралады. Жаңа технологиялармен және жабдықтармен жарақтандырылған орталықта 4 оқу, 2 компьютерлік және арнаулы технологиялық кабинет бар. Білікті жүргізушілерді даяр- лау мақсатында алдағы уақытта қазіргі заман талабына сай екі мультимедиялық автобус тренажері, жолақыны электронды жүйеде төлеуге арналған демо- құрылғы, BRT диспетчерлендіруге қажетті құрылғылар сатып алынбақшы. (Жалғасы 4-бетте) ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ˮ೮ ഉ˪˧˭˧ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚˵˧೮ ೪˘˵˳˶˭˟ˮ ˵˪˟ˮ ˪˾˱˟ˬ˧ ˪˟೮˟˳ ˙˘Ͳ ˲˳ˮ˞˘ ˪ˬ˧˪ ೪˲˘ˬˮ೮ ˢ˘೮˘ ˢ˥˟˳˧ ˵˘ˮ˳˵˲ˬͲ ˞ ãĖģĖ ĠĤġIĠ ĜYğěħI IħĠě ĠĤħıġĖĚı ʤ˳˵˘ˮ˘ ˳˟ˮ˙˧ ˪ˮ˧ ˚˟ˬ˯Ͳ೪˘ˬ˘೦˘ ˘˥ˮ˘ˬ೦˘ˮ˞˘˥ ˙˯ˬ˞ ʤ˵˘ ʯ˘೮˭ˣ ʹ ʶ˯ˮ˳˵ˤ˵˶˻ˤ ˪ˮ˧ˮ˟ ˢഉˮ˟ ೪˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ˞೪ ˚˟ˬ˯˳˱˯˲˵˵೮ ೦˘˳˲ˬ೪ ˭˟˲˟˥˵˯˥ˮ˘ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ˚˟ˬ˯ˢ˯˲೪˵ ˟ˬ˯˲˞˘ ഉ˪˧˭˧ ʰ˭˘ˮ೦˘ˬˤ ˃˘˳˭˘೦˘˭˙˟˵˯˚ ˙˘˳˵˘˱ ˾೪˵ ʦ˟ˬ˯˳ˤ˱˟˞˵˧ ˟˲˵˵˟˱ ˭˧ˮ˛˟ˮ ˟˪˧ ˭೮ˮ˘ˮ ˘˳˵˘˭ ഉ˶˟˳೪˯˥ ˘˳˵˘ˮ˘ˬ೪˵˘˲ ೪˘˵˘˲ˮ˞˘ ˘˵˘೦ ˢ˟˲ ˢ˘˲೦˘ˮ ˃˶˲ ˞˟ ˇ˲˘ˮ˳ͲϮϬϭϰ ˪˱ ˪ˮ˞˧˪ ˢ˘˲˳ˮ೮ ˢ˟೮˧˭˱˘ˣ ʤ˳˵˘ˮ˘ ˚˟ˬ˯˪ˬ˶˙ˮ೮ ˪˘˱ˤ˵˘ˮ ʻˤ˙˘ˬˤ ʦˤˮ˽˟ˮ˻˯ ˢഉˮ˟ ˯ˮ೮ ˪˯˭˘ˮ˞˘ˬ˘˳ ˾˘˙˘ˮ˞˯ˣ˞˘˲ ʽˬˤ˭˱ˤ˘˞˘ ˽˟˭˱ˤ˯ˮ˞˘˲ ʤˬ˟˪˳˘ˮ˞˲ ʦˤˮ˯˪˶˲˯˚ ˱˟ˮ ʦˬ˘˞ˤ˭ˤ˲ ˁ˭ˤ˲ˮ˯˚ ˙˯ˬ˞ ;ʮ˘ˬ೦˘˳ ϭϮͲ˙˟˵˵˟Ϳ ɧʈʊɧʃɧ Ȯ ɪɯʁʅȬʅȬʅ Ȯ ɾɧȬɧȬʁȬɧɧǯǯǯ ǴǬ" ʽǧǰǫǧ" ʽǧǿǧǴ" ɷ ɱʤʣʧʨʞʨʩʬʞʵʧʱ ʠʣʻʣʛ ɧɷɴɧɲɧɴ ɳɬɷɬɱɬɲʌɱ ʌɸɿɧɷɧɲɧɷ 9

Upload: -

Post on 02-Apr-2016

238 views

Category:

Documents


3 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №95 (3152) 26 тамыз 2014

TRANSCRIPT

Page 1: 95 (3152) 2014-08-26

95 26

+22°..+20°+13°.. +11°

Елорда әкімінің тапсыр-масы бойынша және «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасының аясында 2014 жылдың 4 мамырынан бастап бас қалада Көлік мамандарының біліктілігі орталығы жұмыс істей бастаған еді. Астана басшысы осы орталықта болып, оқу сыныптарын аралады. Жаңа технологиялармен және жабдықтармен жарақтандырылған орталықта 4 оқу, 2 компьютерлік және арнаулы технологиялық кабинет бар.

Білікті жүргізушілерді даяр-лау мақсатында алдағы уақытта қазіргі заман талабына сай екі м у л ь т и м е д и я л ы қ а в т о б у с тренажері, жолақыны электронды жүйеде төлеуге арналған демо-құрылғы, BRT диспетчерлендіруге қажетті құрылғылар сатып алынбақшы.

(Жалғасы 4-бетте)

9

Page 2: 95 (3152) 2014-08-26

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Жаңадан сайланған президент әрі қызметінен кетіп бара жатқан премьер-министр Реджеп Тайып Эрдоған жаңа премьер-министрді тағайындады. Бұл қызметке сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу келді.

Қырғызстан Кеден Одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке келесі жылы 1 қаңтарда қосылуды көздеп отыр. Бұл туралы Қырғызстан премьер-министрі Жомарт Отарбаев Қырғызстанның КО мен БЭК-ке қосылу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеген.

Скандинавия жерінде алғашқы ислам діни мектеп-интернаты ашыл-ды. Слагелс қаласында бой көтерген бұл діни мектеп-интернатқа Имам Хатибтың аты берілді. Мектепте Дания, Норвегия және Швеция елдерінің азаматтары білім алады.

Таиланд парламенті таиландтық хунта көшбасшысы, генерал Прают Чан-Очаны ел Премьер-министрі етіп сайлады. Ол бұл қызметке ұсынылған жалғыз үміткер болған және дауыстардың жартысынан көбін жинаған.

Жапонияда су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан кем дегенде 42 адам қаза тапқан. Ал, 100 мыңға жуық адам баспаналарын тастап кетуге мәжбүр болған.

Республика дойбышыларының басын біріктірген додада Астана қаласындағы Х.Омаров атын да ғы Шахмат клубынан қатысқан жас-өспірімдерден 10 бала чемпион атанды. Оның үшеуі дойбының классикалық және рапид түрлері бойынша 2 алтыннан иемденсе, қалған жетеуі тек классикалық түрінен жеңімпаз болды. Сөйтіп, Астана қаласы жалпы есепте 1 орыннан көрінді.

Қос алтынға қол жеткізген үштікті Әлем чемпионы Қасым Алима, Бангкокта өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Сапаров Олжас және 4-сы-нып оқушысы Еренғаев Ес-бол құрады. Атап өткен жөн, жүл дегер жет кіншектердің үшеуі де №45 мек тептің оқу-шылары.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Биылғы қаңтар-шілде айларында Астанадағы тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі

61803,2 млн теңгені құрады.

№3 балалар кітапхана-сында «Ата заңым – мақтанышым, қорғаным» атты көрме шолу өтті.

Тәуелсіздік сарайында Суретшілер одағының мүшесі Сәрсенбай Алиевтің «Туған жер» атты көрмесі ашылады.Басталуы: сағат 17.00

«АЛЖИР» мұражайында «Ата Заңым – мемлекетті-гіміздің алтын арқауы» атты бейне-панора-малы көрме өтеді.Басталуы: сағат 10.00

Ол үшін «Таңғажайып Қазақстан» сайты қолға алған жобаға еліміздің талантты балалары туралы мәлімет жолдау керек. Оған әртүрлі салада жетістікке жеткен 16 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Бірінші кезеңде ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңына дейін «Facebook» әлеуметтік желісіне немесе сайттың ресми парақшасына талантты бала туралы толық мәлімет пен фотосын жариялау керек.

Екінші кезеңде сұрыптап алынған өтінімдер «Таңғажайып Қазақстан» (uniguekazakhstan.info) сайтында жарияланады. Дауыс беру 1 қараша

«Абайдың сан қилы мұрасын на-сихаттау, алуан тақырыптағы әндері арқылы суреткердің эстетикалық әлемін таныт у мақсатындағы жиынның ұрпақ үшін берер рухани азығы мол деп білемін. Біз адам-дарды әлемге Абай шығармалары арқылы қарауға және мемлекеттік тілді дамытуға шақырамыз» дейді Тілдерді дамыту басқармасының қызметкері Құралай Ақсейітова.

Салтанатты кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Өлсе де табиғат, адам өлмес», «Қараңғы т ү нде тау қа лғып» әндерін, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері – Жанат Шыбықбай «Көзімнің қарасын», Гүлзира Бөкейхан «Татьянаның әнін», та-нымал дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали «Сегіз аяқ», «Бойы бұлғаң»

сынды туындыларын орындады. Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық Қазақ музыкалық дра-ма театрының әртістері ақынның өмірі мен шығармашылығынан дайындалған қойылым көрсетті.

«Кешке Абай ақынның, әсіресе,

әндерімен жақынырақ танысу үшін келдім. Ол дүниеге және қазақ хал қы-на керемет өлеңдер сыйлады, олар ды біліп, әрдайым есте сақтап, ұрпақ тан-ұрпаққа жеткізіп жүру керек» деді Астана тұрғыны Айман Жүнісова.

Асхат РАЙҚҰЛ

мен 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Ең көп дауыс жинаған балалар «Болашақтың 50 есімі» акциясының жеңімпазы атанады.

Акция қорытындысы бойынша

жеңімпаз 50 баланың қабілетін одан әрі жетілдіріп, талантын әлемге таныстыруға демеушілер атсалыса-тын болады.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

Page 3: 95 (3152) 2014-08-26

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Оры

нбек

ӨТЕ

МҰР

АТ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz,

baq.

kz, b

news

.kz

– Астанада алғаш «Экотакси» қызметі іске қосылғанда, оңтүстік кореялық «SsangYong Kyron» марка-лы 100 көлік жолға шыққаны белгілі. Бүгінде таксопарктің қарамағында экологиялық отынмен жүретін қан-ша көлік бар?

– Қазіргі таңда жолаушылар тасы-малдайтын 170 көлік бар. 2017 жылға қарай олардың саны 500-ге жуықтайды деп болжануда.

– Бұл «ЭКСПО – 2017» халық-ара лық көрмесіне байланысты болар?

– Әрине. Әлемдік деңгейдегі осынау ірі шара аясында Астана миллиондаған қонақты қарсы алғалы отыр. Мұндай жауапты сәтте бас шаһар қай жағынан да талапқа сай болуы керек. Жалпы Астана-да экотакси жобасының дүниеге келуінің

өзі «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесіне қала инфрақұрылымын даярлаудағы алғашқы қадамдардың бірі болды. Көрменің тақырыбы болашақ энергиясы екені белгілі. Осыған сәйкес, «жасыл» жолға көшудің бірден-бір жолы да экотаксилер деуге болады.

– Бүгінде экотаксиге астаналық жолаушылардың сұранысы қандай?

– Бұл таксилерде ең бірінші адамның қауіпсіздігіне кепілдік беріледі. Сон-дықтан сұраныс жаман емес. Экотакси» қызметі іске қосылған күннен бүгінге дейінгі мерзімде 70 мыңнан аса тапсы-рыс келіп түсті. Күніне желіге 130 көлік шығады. Соның 85-і – күндіз, қалғаны түнде жұмыс істейді. Әр экипаж бір ауысымда жолай алып кететін жолау-шыларды есептемегенде орта есеппен 15 тапсырыс орындайды.

– Ал, экотаксимен жолаушыларды тасымалдаудың құны қандай?

– Таксидің құнын таксометр есептеп шығарады. Бұл – жүрген жолыңыздың қашықтығына байланысты. Негізгі та-риф, яғни 5 км дейін – 750 теңге. Егер ба ратын жеріңіз осы қашықтықтан асып кетсе, әр километріне 120 теңге төлейсіз. Жолай дүкенге немесе дәріханаға, басқа да орындарға кіріп-шығуға болады. Таксидің 10 минут күткені тегін. Одан асып кетсе, әр минутына 28 теңге төлеуге тура келеді. Аэропорттан алып келу – 2700 теңге. Осы айдан бастап бен-зин бағасы қымбаттағаны белгілі. Соған байланысты көптеген таксопарктер такси құнын қымбаттатуды көздеп отыр. Ал біздің таксилер газбен жүретіндіктен баға сол қалпында саұталады.

Қымбат НҰРҒАЛИ

– Осындай шаралар мемле-кет тердің қарым-қатынасының дамуына мол үлес қосып, әлемдегі бей бітшілікті нығайтады. Қа ты-сушылар арқылы түрлі ел жайлы білгеннің үстіне біле түсуіне жағдай тудырады. Әсіресе, балалар үшін мол пайда әкеледі.

Өз басыма келсем, ұйымдас ты-рушылардың балалармен кездесу ұсынысына бірден келістім. Риясыз әңгіме барысында олардың кіршіксіз көңілдеріне тәнті болдым. Сұрақ-жауап түрінде өткен кездесуімізде жетістікке қалай жеткенім жайлы айтып бердім.

Бірнеше күнге созылған фестиваль барысында түрлі тренингтер, шеберлік сабақтары өткізіліп, жас дарындар бейнелеу өнерінің хас шеберлерінен дәрістер алды. Мәдениет және спорт қайраткерлерінің қызықты әңгімелерін тыңдап, жетістікке жетудің формуласын анықтағандай болды. Елорданың көрікті жерлерін аралады.

Соның ішінде сол жағалауда жаңадан бой көтерген Назарбаев Орталығында болып, теңдессіз ғи-мараттың ішкі-сыртқы көрінісіне тамсанды. Осы жерде фестивальдің жабылу рәсімі өтіп, қатысушылардың шығармашылығы жайлы небір жылы сөздер айтылды. Үздік жұмыс иелері марапатталды. Марапатталғандардың ең кішкентайы 3 жаста болса, үлкені – 17 жаста. Оларға сыйлықтармен бірге, «Балалар әлемді бейнелейді» серия-сымен шыққан альбом табысталды.

ЮНЕСКО бас директорының бас-тамасымен бұл сериядағы альбомдер

1999 жылы алғаш рет жарық көрді. Оған еліміздегі жас суретшілердің жұмыстары да енді. Осы уақыттан бастап Қазақстанда өнерлі балаларды біріктіретін ЮНЕСКО клубтары да пайда болып, қазіргі таңда олардың саны отыз бірге жетті. Фестиваль-ге сол клубтардың мүшелері және Орта Азиядан келген жас суретшілер, барлығы150 адам қатысты.

Қонақтардың бірнешеуін әңгімеге тарттық. Ашхабад қаласындағы Б.Нұрәли атындағы Балалар көркем-сурет мектебінің шәкірті Айша Се-йітова «Өз елімнен жыраққа бірін ші рет шығып, өнерге қызығатын өзім сияқты өзге елдердің балаларымен кездесіп, қуанышты жағдайды бастан кешіп отырмын. Маған фестиваль аясында өткен шаралар өте ұнады. Қазақстанның астанасын да аралап, мол әсер алдым. Еліме қайтып барған соң, Қазақстанда бізді қалай қарсы алғандығы жөнінде достарыма ай-тып беруге асығудамын» десе, Ду-

шанбеден келген Фируз Мирзохаетов: «Назарбаев Орталығын аралатқандары үшін ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Мұнда көзді ала алмайтын сұлулыққа тап болдым. Өткізілген шебер-лік сабақтары да маған өте ұнады» дейді.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

– Біздің қызметімізде сүйенетін басты құжатымыз – Консти-туция болғаннан кейін өзім үшін Ата Заң мерекесінің мән-мағы-насы зор. Ата Заң – ел азамат-

тарының құқықтары мен бостан-дықтарын қорғайды. Прокуратура

органдарының мақсаты да сол. Яғни, қазақстандықтардың заңды құқықтарының бұзылмауын қадағалауға міндеттіміз. Сондықтан, қалай болғанда да бұл мерекені қарапайым мерекелердің санатына жатқызбаймын.

Жалпақ жұрт та бұл мерекені демалыс күні ретінде ғана бағаламай, мән-мағынасына бойлауы тиіс деп есептеймін. Себебі, Конституцияда не жазылғанын заң органдары ғана емес, барлық қазақстандықтар білуі керек.

- Өкінішке қарай, бізде бұл мереке көп мейрамдардың бірі ретінде аталып

өтіп жүрген сияқты. Той-думанның жөні бөлек, әрине. Бірақ, Консти-туция күні өткізілетін шаралар патриоттық бағытта болғаны

дұрыс деп есептеймін. Мерекелік шаралар тек есеп беру үшін ғана өт-

кізіл меуі керек, оның басты мақсаты – ха лық ты жұмылдырып, ұлтжандылығын ояту болуы қажет.

Мысалы Конституция күні билік пен халықты жақындас-тыратын шаралар өткізілсе орынды болады. Осы күні Үкімет үйі, Парламент, Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, облыстық және қалалық билік органдары «Ашық есік» күнін өткізсе, депутаттар, прокурорлар, басқа да орган өкілдері халықпен жүзбе-жүз кездесіп, қойылатын сауалдарға жауап беретін болса, бұл мейрамның мағынасы зор болатыны сөзсіз. Олай дейтінім, кейбір елдерде Конституция күні осылай өткізіледі екен.

– Осы сұрақты қояр алдында әр адамнан «Сіз Қазақстан Рес-публикасының Конституциясын оқыдыңыз ба?» деп сұраған жөн

шығар. Бұл жөнінде заң саласын-да қызмет ететін, болмаса заңгер

мамандығына оқитын студенттің ғана білуі керек деп ешқандай жерде

жазылмаған. Ата Заңға деген құрмет ең алдымен Консти-туцияны оқып-танысудан және ондағы әр сөйлемнің маңызын түсініп, бұлжытпай орындаудан басталады деп ойлаймын.

Өз басым Конституцияны оқығанда Қазақстан Республикасы дегенде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің азаматшасы екенімді мақтан тұтамын, өзімнің құқығым мемлекет тарапынан қорғалғанына сенімді боламын. Қазақ елінің патриоты ретінде мен үшін бұл мерекенің орны ерекше. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» Әз Тәукенің «Жеті Жарғысы» сынды құнды құқықтық құжаттарымыздың жалғасындай болған Ата Заң қабылданған күн күнтізбедегі қызыл күн ғана болып қалмаса екен.

Мемлекеттік мереке тек мекемелер тарапынан өткізілген іс-шаралармен шектеліп қалмаса екен деген тілек бар бізде. Дәл осы күні алыс-жақындағы туыстарды, дос-жаранды неге құттықтамаймыз?! Тамыз айының соңында өтетін мере-келердің көлеңкесінде қалып қоймаса екен. Мәселен, Қарағанды қаласының тұрғындары тамыз айының соңғы аптасын да Шах тер күнін жаппай тойлап кетеді. Кеншілер қаласының бұл мерекені тойлауға ешкімнің шектеу қоймасы анық. Әр мерекенің орны бөлек екенін ұмытпасақ. Біздегі тілек осы!

Сауалнаманы жүргізген: Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Page 4: 95 (3152) 2014-08-26

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Басы 1-бетте)23 адамнан құ ра лған орта лық

ә к і м ш і л і г і н де г і л е рд і ң о н ү ш і – оқытушы. Еуропалық тәжірибелерге сүйене отырып, қазіргі кезде олар қ а л а л ы қ жо л ау ш ы л а р кө л і г і н і ң жүргізушілеріне, кондукторлар мен бақылау-ревизия қызметі мамандары-на, сондай-ақ такси жүргізушілеріне сабақтар өткізіп жатыр.

О р т а л ы қ т а и н ж е н е р л і к -т е х н и к а л ы қ м а м а н д а р, ж ө н д е у цехының жұмысшылары, BRT жаңа көлік жүйесінің қызметкерлері және қаланың көлік секторының басқа да мамандары оқиды. Ай сайын орталық арқылы 180-200 адам білім алса, жыл соңына дейін 1500-ден астам адамды оқыт у жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда мұнда 455 автобус жүргізушісі

м е н 2 5 4 к о н ду к т о р б і л і м д е р і н жетілдіруде.

«Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» (ВRT, ITS) жобасы келер жылы іске қосылады. Жобаның басты артықшылықтарының бірі – қоғамдық көлік қызметін пайдаланғаны үшін жол ау ш ы жол ақ ы н ы а я л д а ма л а р саны негізінде төлейді. Осыған орай, енді жолаушылар т үрлі бағыттағы көліктерге ауысып отыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл олардың уақыты мен ақшасын үнемдеуге мүмкіндік береді. А л жол ау ш ы л а р а ғ ы н ы қ а л а л ы қ бағдарлар бойынша біркелкі бөлінеді. Бұл, түптеп келгенде, жолаушыларды тасымалдау қызметінің тартымдылығы мен қолайлылығын арттырады.

Билет сату жүйесінің жұмысына тоқталсақ, бұл ретте қала мен оның

тұрғындарына бірқатар артықшылықтар қарастырылған. Атап айтсақ, жолақыны төлеу контактісіз карталармен билет сату автоматтары арқылы, яғни, электрон-ды түрде жүзеге асырылады. Алғашқы кезде жолақы билетін сатып алудың 4 түрі енгізіледі. Олар: зейнеткерлерге, мүгедектер мен мектеп оқушыларына және студенттерге берілетін жеке пластикалық карта; барлық топтағы тұрғындарға қолжетімді кәдуілгі толтырылатын пластикалық карта; контактісіз қағаз билет – негізгі тұтынушылары қала қонақтары; автобус жүргізушісінен қолма-қол ақша сатып алынатын кәдуілгі қағаз билет.

Қазірг і кезде жобаның заңд ы құрылымына және қаржы кестесіне байланысты дайындық жұмыстары қолға алынған көрінеді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Белгілі маманның нұсқауымен ақ халаттылар аяқ астынан денсаулығы нашарлаған адамдарға шұғыл көмек көрсетудің қыр-сырына қанықты.

Ж а л п ы , е л і м і з д е г і « С а л а -матты Қазақстан» мемлекеттік б а ғ д а р л а м а с ы б о й ы н ш а д ә р і г е р л е р д і ң т ә ж і р и б е с і н шыңдау мақсат ында әр өңірде с и м у л я ц и я л ы қ о р т а л ы қ т а р қ ұ р у қ а р а с т ы р ы л ғ а н . А с т а н а қ а л ас ы н д а ғ ы м ұ н д а й о р та л ы қ жеті жылдан бері симуляциялық технология арқылы талай маманды даярлап шығарды.

До к то р Л оа й с а К а рл о с т ы ң шеберлік дәрісі бойынша дәрігер-н ұ с қ а у ш ы л а р с и м у л я ц и я л ы қ орталықтар жұмысын ұйымдастыру м ә с е л е л е р і , т ә ж і р и б е с і н жетіл діруге келген мамандарға курс өткізудің ерекшеліктері, топ-пен жұмыс істеудің психологиялық әдістері туралы бірталай жайтқа қанықты.

Қымбат НҰРҒАЛИwww.аstana.kz сайтынан алынды

Page 5: 95 (3152) 2014-08-26

5www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Қала халқының орталық тандырылған құбырдағы суды ішкісі келмей, бөтелкедегі судан балама табуын маман ретінде қате қа лыптасқан пікір деп сеніммен айта а л амын. Ә рі мұ ндай теріс т үс інікт ің б ел е ң а лу ы н ы ң әле у м е т т і к һ ә м қ а л а контингентіне байланысты тікелей себебі бар.

Ө й т ке н і , А с тана х а л қ ы н ы ң б ас ы м бөлігін еліміздің басқа аймақтары мен ТМД елдерінен көшіп келгендер құрайды. Әлбетте, оларға өзіне тән өзгеше дәмімен ерекшеленетін химиялық құрамы мүлде басқа суға үйрену оңайға соқпайды.

Алайда, бұл Астана суы лас, ешқандай санитариялық-гигиена лық та лаптарға жауап бермейд і дегенд і біл д ірмейд і . Керісінше, Вячеслав су қоймасынан келіп, бірнеше мәрте тазалаудан өтіп, құбырларды қуалай әр үйге жететін Астананың ауызсуы 2011 жылы 1 желтоқсанда Үкіметтің №1432 қаулысымен бекітілген санитариялық ере-жеге толықтай сай.

Дей тұрғанмен де, кейбіреулер, бәлки, тұрғындардың басым бөлігі Астана суының таңдайда сәл кермек дәм қалдыратынынан

с е с к е н і п , ә с і р е с а қ т ы қ п е н , қ а л т а ғ а әжептәуір салмақ түсіретініне қарамастан ауызсуды алдыртып ішуге үйренген.

Маман ретінде айтарымыз, дәмі–с у сапасының ең негізгі көрсеткіші емес. Астана суының құрамы кальций, магний сияқты ағзаға пайдалы минералды заттарға бай.

Айта кетерлігі, ыдысқа құйылып са-тылатын ауызсудың сапасы да жоғарыда аталған қаулымен бекітілген санитариялық ережемен реттеледі. Яғни, оны шығаратын өндіріс орны, сапасы, судың алынатын көзі, дайындау технологиясы, ыдыстың материалы, өнімді сақтау мерзімі түгелдей есепке алынады. Осы тұрғыдан алғанда, Астана қаласының санитариялық қадағалау қызметі «Эколайф», «Тау бұлақ», «Дәмді Су», «Легенда-Ақбұлақ» деп аталатын аты алуан болса да, заты ұқсас сулардың сапа-сын ұдайы қадағалауда ұстайды. Барлығы да сертификатталған. «Хрустальная» суын арнаулы скважинадан алып дайын-дайтын «Тау су ЛТД НС» компаниясынан басқалары өндірісте кәдімгі құбыр суын қолданады.

Әр өндіріс орнында құбыр суын әртүрлі әдістемемен тазартады. Алайда, негізгі тәсіміне сүйенсек, су әуелі қоймалжыңнан а р ы л т ы п , м и к р о б т а рд ы т ұ т ы п қ а лу мақсатында а л дын а ла әлсіз өңдеуден өтеді, содан соң ұзақ мерзімді сақталу үшін зарарсыздандырылады.

Алайда, бөтелкеде осылай бірнеше тұтқыштан өтіп барып тұтынушыға жет-кен судың денсаулыққа кері әсері де бар. Өйткені, ол тазарт у кезінде маңызды элементтерден айырылып қалды. Әсіресе, оны кішкентай балаларға, жасөспірімдерге, жүкті әйелдер мен қарт адамдарға үнемі ішу аса мақұлданбайды. Себебі, пайдалы минералдардан жұрдай су – өлі су.

Бұ л т ұ р ғ ы д а б і л і к т і маман д а рд ы ң көмегімен нақты бір кәсіпорынның су сапасына, дайындау технологиясына қарай жеке технологиялық регламентін жасау өте маңызды рөл атқарады. Тек сонда ғана халыққа сапасы талапқа сай су таратылады.

С.ЖҰМАТАЕВА, Астана қаласы бойынша

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы

Тәуелсіздік көшесі №11/1 мекенжай-ында орналасатын бұл орталыққа Жастар шағын ауданындағы, «Ақбұлақ» кенті мен «Энергетик» кентіндегі үйлер, яғни, №2 жалпы тәжірибедегі дәрігер бөлімінің 89-дан 96-ға дейінгі және №30 және №5 учаскелері қарайтын болды. Аталмыш шағын аудандар «Демеу» отбасы оқу-тәжірибелік медициналық көмек көрсету орталығының филиалына жақын орналасқан әрі оған жету үшін шағын аудан тұрғындары автобустан автобусқа ауысып сарылмайды.

Өздеріңізге белгілі, Астанадағы №8 қалалық емхана қаланың тұрғындары көп шоғырланған көне бөлігінде орналасқан. Ме-кемеде жоспарланған 50-60 мың тұрғынның орнына, тіркеуде тұрған 87 203 тұрғынға қызмет көрсетуге мәжбүр. Толастамайтын ұзақ-сонар кезектің туындауы, сайып келген-де, медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен көлеміне әсер етеді.

Қазіргі уақытта емхана қызмет көрсететін аумақтың 40 пайызы жеке секторға жатады, яғни жер үйлер мен Целиноград кезінен келе жатқан ескі «хрушевкалар». Оларды сырғаннан кейін орнына тұрғызылған жаңа көп қабатты ғимараттар есебінен емханаға қарайтын тұрғындар саны да көбейе түсуде. Сондықтан, мамандар бұл өзгерістер медициналық қызмет көрсетудің сапасын көтеріп емделушілерді қабылдауды жеңілдету үшін жасалғанын түсіністікпен қабылдауды өтінеді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Page 6: 95 (3152) 2014-08-26

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

ШАҺАРДАҒЫ ЖАЛҒЫЗ ҮЙ

жейдің жертөлесін қала басшылары мен құрылыс компаниясы маңына биік дуалдар тұрғызылып, заңғар нысандар салы-на бастағанда-ақ құнын төлеп, сырып тастамақшы б о л ғ а н . С е к с е н н е н

әлдеқашан асып кеткен жалғыз басты кейуана оған көнбеген.

– Мен осы босағадан күйеуім Ваняны соғысқа шығарып салғам. Егер ол тірі болып, орала қалса, туған шаңырағын қайдан іздеп та-бады. Көшпеймін ешқайда. Маған алтын сарай салып берсеңдер де керегі жоқ. Өлігім осы жерден шығады, – деп Настя әжей қиғылық салған...

Кейде жұмыстан ертерек шыға қалсам, әжейдің мекеніне соғатын әдетім бар... Кеш келген көктемнің жылауық жаңбыры жуық маңда басылмасын байқадым да, әжейдің жеркепесіне соға кетуді жөн көрдім. Кәрия әлі үйінің түпкі жылы жағынан ауызғы бөлмеге көше қоймапты.Терезені сырттағы

жауын тамшылары баяу шертіп тұр.. . Кәрияға газеттен алған қаламақымнан бердім.

– Кел, казак, шәйға отыралық, - деді маған көңілденген әжей үстелге пияз бен нан турап қойып жатып, - Матильда, сен де жақында...

Үйде Настя әжей екеуіміз ғана болғандықтан, қарияның бұл сөзінен шошынайын дедім. Ғұмыр бойы бір өзі ғана тұрып келе жатқан жанның ептеп ақылы ауысуы да ғажап емес. Оның үстіне жасы келген адам...

– Матильда, кел, дедім ғой саған... Кемпірдің екінші қайтара өктемдеу шыққан дауысынан қабырғадағы көнеліктен күңгірт тартып кеткен ескі айнаның кестелі орамалы қозғалғандай болды. Ауыз үйден әлдекім шелекті салдыр-гүлдір түсіріп алды.

– Матильда дедім ғой, саған. Неге абайлап жүрмейсің, оңбаған...

Сыртқы есікке тұтылған гүлді шымылдықтың етегін бері итеріп, тұрқы кішігірім қанден иттей, үсті-басы саз балшыққа әбден былғанған

бір жан иесі домалап кіріп келеді..Е..мұнысы мысығы болды, - деп

ойладым әуелінде... Бағанадан м и ы м а к е л м е г е н і н қ а р а ш ы . Жалғызілікті қарияның серігі сол болмағанда, кім дерсің... Осы-ны ойлап үлгергенімше, бөлмеге қаздаңдай басып, әбден семіріп алған қара тауық енді. Қыт-қыттап жүріп, кемпірдің тізесіне секіріп мінді..

– Міне, Матильда, бұның жөн. Көріп тұрсың ба, бізге казагымыз келді. Ептеп ақша әкелді. Енді сен екеуіміз дүкеннен күріш аламыз, сәбіз қосып, палау жасаймыз, - деді әжей тауығын қанаттарынан сипап.

– Матильданы құртпақшы бол-ды жаңа көршілерім.. . Әрине, мұның өзінде де бар. Далаға шықса өзіміздің дуалға емес, биік үйлердің жанында тұрған жарқыраған үлкен машиналардың төбелеріне қонғанды ұнатады. Өзінің бейнесі түсіп тұрған жерді қалайтыны – серігін іздейді. Ал, мен мұның қосағы – қызыл әтешті Пензадан Катерина сіңлім келгенде

Page 7: 95 (3152) 2014-08-26

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

сойып, сорпа жасап жібергем... Сәл тыныстап алған әжей енді тауығының қауырсындарын кәрі саусақтарымен тазалап, тарай бастады...

– Матильда, кәні, айнаға қарап жіберші. Казагымызға өнеріңді көрсетші, - деді кемпір құсын ескі айнаның бетіне жақындатып...

...Айтпақшы, Настя әжейдің мені «казагым» деп атауының өз себебі бар. Қария үйіндегі жалғыз кітабы Шолоховтың «Тынық Донын» кестелі орамалына орап, әспеттеп ұстайды. «Гриша Мелехов, Акси-нья Астахова, Пантелей Прокофье-вич, Дарья Мелехова» деп, роман кейіпкерлерінің аты-жөндерін, ондағы оқиғаларды көңілі шат уағында айтып отырғанды ұнатады. Мені де сол Дон казактарының құрметіне болар, әжей «казагым» дейді.

– Міне, көктем де шықты. Жер бусанып жатыр. Тәңір берсе, биыл көк жуаға кенелеміз, Матильда. Ақ нанға жуа қосып, тоя квас ішеміз әлі...

Ж а р а т у ш ы н ы а у ы з ы н а ж и і алғанымен, байқауымша, Нас-тя әжейдің кішкене жер үйінде икона жоқ. Қарияның іргедегі шіркеуге бара жатырмын дегенін де естімеппін. Кітап атаулыдан тек «Тынық Донды» ғана оқитынына қарағанда, Дон казактарынан тараған ұрпақ шығар деп ойлай-мын.

– Менің казагым, айтшы, сен осы Картаузды білесің бе? - деді, қария енді бір сәтте.

– Ертегідегі жауыз Картаузды айтасыз ба?

– Жо..о..ға! Тың игеруші Карта-узды айтам. Екеуіміз бір трактор-егіс бригадасында істегенбіз. Рас, мен аспазшы болдым. Солай ма, Матильда?! Қазір ел жұмысқа жалқау. «Үкімет әкеп берсін, мені асырасын» дейді. Біз соғыстан кейін шаруашылығы құлдырап кеткен елді күні-түні демеп, жалақы да алмай көтердік. Менің өзім мына жер үйімнің қасына жуа, картоп, қызанақ, қияр мен сәбіз егемін. Дүкеннен сүт, ет, нан ғана аламын... Е...ей, тәңірім-ай, жалқаусыңдар ғой, жалқаусыңдар...

...Кемпір тісі жоқ қызыл иектерін көрсетіп, мәз болып күлді. Нас тя әжейдің бір мінезі ақшаға қатты қуанады. Жеркепе үйінің алдындағы шағын бақшасында өзі өсіретін жемістері мен көкөністерін базарға шығарып сатады. Бірақ, қаражатын орынсыз жұмсамайды. Ұсынықты қарт туған-туыстары бұл маңда жоқ болғандықтан, күні ертең өзін жерлеуге жұмсайтын қаражатты жинап жүрген сыңайлы ма қалай.

– Сонымен, Картаузды білесің бе, балам? - деді, кәрия дірілдеген қолдарымен алдыма дастарқан үстіндегі тағамдарын итере түсіп.

– Картаузовты ма, әжей,білемін. Ол кісі қазір осы қалада. Естуімше, жеке меншікті машинасымен жолау шы тасиды...

– Әнә қара, батырымды!.. Әжей

күбірлеп, саусақтарын бүге баста-ды...

– Менен он бес жастай кіші ол. Тыңға бала кезінде келген... Екі аяғы тізеден жоқ болса да, трактор айдап, Еңбек Ері атанды...

– Ә ж е й , б а с п а н а ң ы з а р а л -да қалғандай болыпты. Қала б а с ш ы л а р ы н ы ң б е р г е н б и і к үйлерінің біріне неге көшіп алмай-сыз? Биыл қыстан қалай шықтыңыз? - деймін кәрияның жауаптарын күтпестен сұрақтың астына алып...

– Тоқсаннан астым, балам. Биыл күзде шалымның қасына баратын шығармын. Сондықтан, маған енді еш қайда қоныс аударудың қажеті жоқ...

– Шалыңыз Сталинград түбінде қаза тапқан демеп пе едіңіз?

– Адамның рухы өлгеннен кейін ұшып, Африкаға да бара береді. Тәннен босаған жанның қанатты құстан да ұшқыр болатынын білемін.

Осыны айтты да кәрия бұрыштағы қуыстан ағаш құмыра алып шықты. Манадан байқамаппын, үйде өркениеттің белгісі болар ештеңе жоқ. Тоңазытқыш, радио, теле-дидар көзге шалынбайды мүлдем. Тіпті, электр шәйнегі де көрінбейді. Оты өше бастаған темір пештің үстінде үлкенді-кішілі шойын ыды-стар ғана тұр...

– Электр магнитті толқындардан қорқамын. Сондықтан, электрді мүлдем пайдаланбаймын десем де болады. Ана шамды тек, кешке бірер минуттарға ғана жағамын, - деді әжей менің не іздеп отырғанымды аңғарып қалып... – Маған сағаттың да қажеті шамалы. Оның қызметін Матильда атқарады...

Бұл кісінің тоқсаннан асуына ненің себеп болып отырғанын енді зерделегендей болдым...

– Әжей, сіз, ұзақ жасыңызда нені қадір тұттыңыз? – деймін қарияны көбірек сөзге тартпақ ниетпен.

– Еңбекті, балам! Осы жасыма дейін таң құланиектене тұрып, қыбырлаумен келемін. Ортаның да, үйдің де жұмысынан қашқан күнім жоқ. Шын бейнеттенген адамның жамандық атаулыдан аулақ болаты-нын анам марқұм санама сіңірген. Адал еңбектің пендесі өзгенің де өмірін қадірлейді, балам. Еңбектен қашпасаңдар, денсаулықтарың да жақсы болады...

Әжей бұрыштағы самсап тұрған бос шыны құтыларды алдындағы үлкен тегештегі суға мұқият жуа ба-стады. Онсыз да жарқырап тұрған ыдыстарда терезеден түскен күн сәулелері көңілдене құбылады..

– Биыл қала маңындағы орманда қарақат көп болады. Астананың ай-наласы қазір қалың орман ғой. Өзің ол жерлерді көріп пе едің? – деді әжей мен жаққа көзін сығырайта қарап. Жауабымды күтпестен, тыңнан әңгіме бастап кетті.

– Соғыс жылдарында анам екеуіміз Ақкөлде тұрдық. Үйімізден қалың орман таяқ тастам ғана жерде. Ертемен жалғыз ешкіні же-телеп, сол ағаш ішіне кетемін. Күн

ұзақ орман көлеңкесінде жидек, қарақат теріп жеймін. Қайтарда ағаш шелегіме толтыра жемістерін үйге ала келемін. Анам солар-дан тіл үйірер тосап жасайтын. Ең қинайтыны, мынандай шыны ыдыстар таптырмайтын... Кәрия қолындағы шыны құтыларын аялай сыйпады.

– Бардың қадіріне қазір жете бермейміз-ау. Мына шыны ыдыс-тарды мен қоқыс салған темір жәшіктерден үнемі жинап ала-мын. Анау әдемі кәрлен кеселерді де сол жерлерден тауып алғам. Әбден байыған көршілер қоқыс жәшіктеріне небір жылы киімдерді де, жұмсақ жиһаздарды да лақтыра салады. Бірақ, мен өзіме керегін ғана аламын. Сен, балам, мен жай-ында жаман ойлап қалма әсте. Мен Плюшкин емеспін... Тек, осы заманның адамдары барлық пен байлықты көтере алмай жүр ме деп, қорқамын. Ал, қанағатты білмеген адам қылмысқа барады. Қоғамға, адамдарға залал келтіреді...

– Әжей, қалай ойлайсыз? Осы жын-шайтандар өмірде бар ма? Сіз ұзақ жасап келе жатырсыз ғой, - деймін қарияны сөйлете түсуге ден қойып. Сыртта жаңбыр әлі де себезгілеп, терезе шыныларын шертіп тұр...

– Саған мен соғыс жылдарынан кейін болған бір оқиғаны айтып берейін, - деді кәрия, - тек қорқып жүрме...

– Бірде қос өгіз жеккен екі ша-намен поселкеден қалаға кіре тарттық. Аяз шамалы болса да, күн алақаншықтанып, жаяу борасын жүріп тұрған. Колхоз бригадирі Матвей: «бұның соңы боранға ұласады. Бүгінше поселкеден шықпай-ақ қойыңдар» десе де, тәуекел деп, тартып кеттік На-талья екеуіміз. Ол – колхоздың агрономы да, мен қоймашысы едім. Бұл – соғыстан соңғы, тың игеру жылдарының алды болатын.

Селодан бірер шақырым алыс-т а с ы м е н ш ы н ы н д а д а б о р а н күшейді. Шанаға жеккен қос өгіздің мүйіздерінің өзі әзер-әзер көзге шалынды. Дауысымыз қарлыққанша кезек-кезек айғайлап, көлігімізге дем беріп қоямыз. Бұлай етпесең, сиыр малы жалқау, жетер жерге тұяқ бастым деп, шаңырақтай мүйіздерін шайқап, мүлгіп, тұрып алуы мүмкін. Ал, бір тоқтаса, өгіздерді орнынан қозғалту – қиынның қиыны.

Көзімізге қар ұшқындары инедей қадалады. Бетімізді бүркегенмен, өкпек жел жаулығымызды қайырып тастайды. Жанымдағы Наталья да шана үстіндегі кенеп қаптардың та-сасына қайта-қайта тығылып әуре. Өгіздердің беталысын бағдарлап, жолдан шығармай қақпайлап келе жатырмыз. Қалаға ол жылдары үш қонып жетеміз. Әлі алғашқы қоналқаға да тұяқ іліктіргенміз жоқ... Боран болса, ақ түтекке айна-лып, құтырып барады. Кімнің өлгісі келеді дейсіз. Шоши бастадық.

– Қаптарды жерге түсіріп, баспа-на жасап алайық, - деп айғайлады

Н а т а л ь я а қ ы р ы . . . Ө г і з д е р д і тоқтатып түсіп, соңғы шанаға барсам, қар басып қалған аппақ қаптардың тасасында іш киімі ғана бар жас келіншек отыр бүрісіп. Біз жүріп өткен жолда ел бол-майтын. Тек, әредік молалар ғана кездесетін. Ақыл-есімнен айы-рылып қала жаздадым. Аяқтарым шатқаяқтап, кейін шегініп, келе сала алдыңғы шанадағы Натальяны жұлқыладым...

– Ойбай, Наташа, соңғы ша-нада жалаңаш біреу отыр, - деп, айғайға бастым... Оның да иманы қасым болды. Ауызы ашылып, шалқасынан түсіп, талып қалғандай болды... Ақыры, екеуіміз ақ талқан боранға қарамастан, соңғы шанаға бір-бірімізге сүйеніп жетсек, әлгі жалаңаш қыз ізім-қайым жоқ...

– Көзіңе бірдеңе көрінген ғой сенің, Настя, - дейді ол суықтан діріл қағып. . . Қайта оралып, өз шанамызға отырып, соңғы шана жаққа шошына көз салдық. Бұл кезде боран да ашы-лып, маңай әжептәуір көрініп қалған. Өгіздерге жем тастап, әлдендіріп, сапарымызды одан әрі жалғастырдық. Натальяның көңілі орныққанымен, менде маза жоқ. Әлгі адамды өз көзіммен көргенім ақиқат. Ешқандай елес емес-тін. Тіпті, суықтан қалтыраған дауы-сын да, тістерінің сақылдағанын да естігенмін. Үстіндегі іш көйлегінің екі иығына қатқан мұздарды да байқағанмын. Бұл кезде қыстың қысқа күні қараңғылығын үйіре, түн де түсе бастаған. Алдағы ауылдың қарасы әзірге көрінер емес.

– Өгіздерді жандарына баты-ра айырмен түртіп отырмасақ, жүрісіміз өнер емес, - дедім қасымдағы серіг іме . Ондағы ойым – ширағырақ жүріп, әлгі қатерлі жерден мүмкіндігінше алыстап кету. Шанадан түсіп қалған жалаңаш қыз енді қуып жетпесін деген қорқыныштан туған далба-сам. Жемдерін жеп, түртпектеуі де күшейген соң өзгіздер ширағырақ басуда. Ендігі қауіп, айналадағы тастай қараңғылық. Ай туғанша қонар жерімізге жетіп алсақ, оңды. Жан-жағымызға қорқа қарап, ілбіп келеміз. Мұндайда қасқыр кездессе де, қатер. Бірақ, екеуіміздің де жан-дарымызда саптары ұзын айырлар жатыр. Өз құралымның сабын қысып-қысып қоямын... Боран ашылған. Маңайдың таяқ тастам жері ғана көзге шалынады. Түн көрпесін қымтай бастаған.

– С ә л ш ы д а , Н а т а л и . Ә н е , «Қараегін» ауылының шамдары да көріне бастады, - деймін сапар-лас серігіме біршама мерзімнен соң қуат беріп...

– Қорқамын, Настюша! - дейді ол маған тығыла түсіп. . . Көз ұшынан еміс-еміс байқалған ауыл шамдарына қуана қарап отырып, соңғы шана жаққа көз салуды естен шығарып алыппыз. Әлден уақытта тұла бойым шым ете қалды. Шошып кеткенім сонша, денем қалтырап қоя берді. О, Құдірет,

соңғы шанаға қарасам, бағанағы жалаңаш қыз қар басып қалған аппақ қаптардың енді үстінде отыр. Ай жарығымен сап-сары беттері, бізге қарап, айбат шеккені анық көрінді. Жұдырықтарын түйіп, бізге қарай талпынып-тал-пынып қояды. Зәреміздің кеткені соншалық, Наталья екеуіміз де шанадан ауып түсіп қалыппыз. Қасымыздан көлігіміздің сықырлап өтіп кеткенін ғана еміс-еміс білеміз. Ақылымыз ауып, талып қалыппыз. Жалаңаш қыздың тұла бойының көкпеңбек екенін, көздерінің от шаша жарқылдағанын Наташа екеуіміз де байқаппыз... Содан көлігіміз алдағы ауылға бізсіз жетіп, өзі тоқтап үйренген колхоздың «постоялый дворына» бас тірепті. Үй иелері шаналардағы біздің жоғымызды байқап, атты кісілерін жіберіп, үсіп өлгелі жатқанымызда, ауылға әкеліпті. Ешқандай жалаңаш қызды көрмегендерін, тек екі өгіздің сауырларынан қан саулап тұрғанын ғана байқапты. Арты-нан колхоз басқармасы ортаның к ө л і г і н с о н ш а л ы қ т ы қ а н ы н шығара аямай соққылағанымыз үшін, жұмысымыздан шығарды. Өгіздерді жол бойы ешқандай да ұрмағанымызды, тек артта-рынан жеңіл ғана айыр ұшымен түртіп отырғанымызды айтып а қ т а л ғ а н ы м ы з б е н , б а с қ а р м а мүшелері де, колхоз бастығы да сенбеді. Ал, жалаңаш қыз туралы әңгімеміз үшін бүкіл ел күлкі етті.

Міне, балам, басымыздан тың игеру жылдарының алдында осын-дай оқиға өткен. Әлгі жалаңаш бойжеткеннің жын ба, пері ме, жоқ, әлде, күйеуінен таяқ жеп, қашып шыққан бейбақ біреу ме, әйтеуір кім болғанын біле алмадық. Екі адам қатар көрсек те, жан баласын ақиқатқа сендіре алғамыз жоқ...

– Ал, сен жын-шайтан өмірде бар ма дейсің. Әжей жаулығын түзеп, Матильдаға нанның қиқымдарын тастап, терең күрсінді...

– Ең ғажабы сол баяғы жалаңаш қыз анда-санда, таң алдында ана босаға жаққа келіп отырады да, мына тауығым – Матильданы ал-дына алып, қанаттарынан сипап, сақ-сақ күледі. Одан енді баяғыдай қорықпаймын да. Жасым келді. Тәңірден ажалды өзім де сұрап жүргендіктен, несіне шошимын. Нанбасаң, бүгін қоналқаға осын-да келе ғой. Таң құланиектене міндетті түрде келеді...

...Кәрияның бір үйде ұзақ жыл-дар жалғыз тұрғандығынан, көзіне осылайша кей уақтарда бірдеңелер елестейтін болар... Әйтпесе, мы-нандай алып қаланың ортасында отырған кейуанаға таң алдында келіп жүрген қандай бейне дейсіз. Миллионға жуық тұрғыны бар Астанада да адам жалғыз болады екен-ау деп ойладым, «шаһардағы жалғыз үйден» сыртқа шығып бара жатып.

Смағұл РАХЫМБЕК,жазушы

Page 8: 95 (3152) 2014-08-26

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Семей сынақ алаңы – ядролық жарылыстар өткізілген аймақ. Полигон бұрынғы Семей облы-сы ның Абралы ауданын, сонымен қатар Павлодар және Қарағанды о бл ыс та р ы н ы ң б і ра з же р і н қамтыды. Сынақ аймағында 1949-1989 жылдар аралығында 500-ге жуық қуаты әрт үрлі ядролық жарылыстар (90-ы –әуеде, 26-сы – жер үстінде, 354-і – жер астында) жасалды.

Амангелді ҚАШҚЫМБАЕВ, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет

тарихы институты директорының орынбасары,

т.ғ.к., доцент

– КАТЫГЕЗ КОГАМНАН КАЛГАН ЖАРА

-

-

Алғашқы жарылыс 1949 жыл -дың 29 тамызында таңертеңгі уа қытта Абай және Абралы аудан-дары халқына алдын ала ескерт-пестен жасалды. Бұл жерде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен төңірегін шарпып өтіп, аспанға көтерілді. Соның салдарынан қарайып кеткен даланың тұл жа-мылғысы қалған. Мұны Семей ядролық сынақ ретінде №2 оқу по-лигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядынан жер бетінде сынақ

өткізу жарылысы деп атады. Бұл Кеңес Одағында тұңғыш атом бом басының жарылуы еді.

Ал, 1961-62 жылдары Семей ядролық полигонында әуеде және жер үстінде 50 шақты ядролық бомба сыналды. 1963-1988 жыл-дары жыл сайын 14-18 сынақ өткізіліп, жер астында барлығы 343 ядролық жарылыс жасалды. Оның әсері Хиросимоға тас тал-ған бомбадан 2,5 мың есе асып түскен еді.

1989 жылғы 12 ақпанда ке-зекті ядролық сынақ өткізілді.

Үң гірлердің бірінде қуаты 70 ки-лотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радио-активті газдар шығып жат қан. Аспанға дүр көтерілген радио-ак тивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда са ғатына 15-20 микрорентген бо латын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

Сынақ аймағын радиациялық тексеруден өткізгенде, ондағы радиоактивтік заттардың мөлшері қалыпты мөлшерден бірнеше есе жоғары екені анықталды. Зиянды радиоактивтік заттар топырақты, суды, егістік жерлерді және мал жайылымдарын ластады. Семей аймағының халқы зиянды, улы сәулеге ұшырау мөлшеріне қарай 3 категорияға бөлінді. Жергілікті тұрғындарды медициналық тек-серуден өткізгенде тұқым қуалай-тын ауруға шалдығуына байланыс-ты адамдардың, әсіресе, жасөс-пірімдердің арасында ерте қайтыс болу жиі кездесетіні анықталған. Сондай-ақ, қатерлі ісік, сүйек тін дерінің ауырулары, иммун-ды жүйелер мен қан құрамының бұзы луына байланысты ауруға шалдыққандар көп болды.

1989 жыл дың ақпан айын-да Семейдегі атом полигонын жабу үшін «Невада-Семей» қоз-ғалысының алғашқы митингі сі өткізілді. Оны белгілі қоғам қай-раткері, ақын Олжас Сүлейменов басқарды.

Дүниежүзіндегі осындай алып ядролық қаруды жасаған сынақ алаңын жабу туралы Жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда қол қойды. Елбасының әлем және адамзат алдындағы жауапкершілікті сезініп, дұрыс шешім қабылдағандығын дүние жүзіндегі дамыған беделді мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың басшылары толық қолдап, өз алғыстарын білдірді.

Ядролық сынақтар мен атом қаруы – адамзат үшін өте қауіпті. Өйткені, қазіргі жаһандық жағдайда ғылым мен техника соншалықты дамығанымен, атом стансаларын салу тиімсіз. Себебі, ғылым мен техникасы дамыған Жапонияның өзі Фукусима АЭС-інің жарылысы-на душар болды. Сондықтан, бүкіл дүниежүзі халқы бірлесе отырып, бір ауыздан «Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күнін» атап өтуді жалғастыруда.

Елбасының «Сынақтарды жою – біздің миссиямыз!» атты ұғымына қазіргі күнде әлем халқы қолдау білдіруде. Бастаманы БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун да қолдап, ядролық қарудың апаты мен сал-дарын адамзат терең түсінуге тиіс екенін ескерткен болатын.

СЕМЕЙ СЫНАГЫ

Page 9: 95 (3152) 2014-08-26

9www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

30.08 / 11 00 , 12 00

29.08

29-30.08

29.08

30.08

30.08

30.08

01.09

01.09

01.09

12.09

27.08/ 17 00

27.08/ 16 00

27.08/ 16 00

27-29.08/ 09 00

27-31.08/ 09 00

28.08/ 17 00

28-31.08/ 10 00

29.08/ 10 00, 17 00

29.08/ 10 00

29.08/ 16 00

29.08/ 10 00

30.08/ 10 00

30.08/ 10 0027.08

27.08

27.08

28.08

28.08

28.08

28.08

29.08

28-29.08

29.08

29.08

29.08

30.08

30.08

01.09

10-30.08

14-29.08

ТАМЫЗ

Page 10: 95 (3152) 2014-08-26

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Т.А.Ж Кезекке қою күні Санаты

2029

2030

2031

2032

2033

2034

2035

2036

2037

2039

2040

2041

2042

2043

2044

2045

2046

2047

2049

2050

2051

2052

2053

2054

2055

2056

2057

2059

2060

2061

2062

2063

2064

2065

2066

2067

2069

2070

2071

2072

2073

2074

2075

2076

2077

2079

2090

2091

2092

2093

2094

2095

2096

2097

2099

2100

2101

2102

2103

2104

2105

2106

2107

2109

2110

2111

2112

2113

2114

2115

2116

2117

2119

2120

2121

2122

2123

2124

21252126

2127

2129

2130

2131

2132

2133

213421352136

2137

2139

2140

2141

214221432144

2145

2146

2147

2149

2150

2151

2152

2153

2154

2155

2156

2157

2159

2160

2161

2162

2163

2164

2165

2166

2167

2169

2170

21712172

2173

2174

2175

2176

2177

2179

2190

2191

2192

2193

2194

2195

2196

2197

2199

2200

2201

2202

2203

2204

2205

2206

2207

2209

2210

2211

2212

2213

2214

2215

2216

2217

2219

2220

2221

2222

2223

2224

2225

2226

2227

2229

2230

2231

2232

2233

2234

2235

2236

2237

2239

2240

2241

2242

2243

2244

2245

2246

2247

2249

2250

2251

2252

2253

2254

2255

2256

2257

2259

2260

2261

2262

2263

2264

2265

2266

2267

2269

2270

2271

2272

2273

2274

2275

2276

2277

2279

(Жалғасы. Басы газетіміздің №94 (3151) санында)

Page 11: 95 (3152) 2014-08-26

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ Астана қаласы мәс ли хаты аппаратының мемлекет тік қызметшілері сыбайлас жемқор лық қа қарсы күрес заңнамасын, «Мем ле кет тік қызмет туралы» Қазақ стан Республикасының Заңы мен Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу

мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз! Мекенжайы:

Астана қаласы, Брусиловский көшесі, 17/3, Бизнес-орталық ғимаратының 2-қабаты.

104,5,14,34 автобустарымен келуге болады. Анықтама алу телефоны:

57-88-88.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

1.

1.

Page 12: 95 (3152) 2014-08-26

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(Басы 1-бетте)Салтанат сарайы алдындағы

алаңнан басталған жорық « Аста-на-Арена» стадионы алдындағы алаңда мәресіне жетті. Бас-аяғы 2200 адам 4600 метрді жүріп өтті. Сыртынан қарап тұрған бізге Қабанбай даңғылы велосипед пен адамдардың толқынындай болып көрінді. Игілікті шара болса, иімейтін көңіл болмайды екен, ве-лосипед мінген қалың бұқараның бәйгесіне өзіміздің қосылмай қалғанымызға кәдімгідей өкініп қалдық. Қандай ғажап көрініс... мыңдаған адам денсаулықтың мерекесін дүбірлетіп келеді...

Шабандоздар біртіндеп «Астана Арена» алдындағы мәреге тоқтап жатыр. Ал велосипедшілерді қарсы алып жатқан қауым да аз емес екен. Әр келуге қол соғып жатыр. Әдемі ән шарықтайды, баршаның көңілі масайрайды. Бұқаралық спорттың құдіреті деген осы шығар, мыңдаған адам иық тірестіріп бір мақсатпен, бір сеніммен веложорыққа шықты.

М ә р е г е ж е т к е н б а р л ы қ қатысушыларды қала әкімі Кон-ституция күнімен құттықтады.

- Конституция күні қарсаңында біз Астанадағы тағы да бір үлкен спорттық шараға куә болып отыр-мыз. Мұндай веложорықты біз Астана күнінің қарсаңында да өткізген болатынбыз. Осы сайысқа жастардың көптеп қатысқаны қуантады. Ең бастысы – Астана тұрғындарының спортқа деген құштарлығын, қызығушылығын көрсетеді . Өздеріңіз жақсы білесіздер, Елбасының үлкен қамқорлығының, қолдауының арқасында біздің Астанамыз күн санап өсіп-өркендеп келе жа-тыр. Тың жобалар, оң өзгерістер көз алдымызда іске асып жа-тыр, - деп атап өтті Иманғали Тасмағамбетов.

Биыл Астанада «Велобайк»

жобасы іске асырыла бастады. Астана әкімдігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп, қаланың көрікті орындарында 40 велобекет орнатты. Алдағы уақытта олардың саны 100-ге дейін жеткізілмек. Ал велосипедтер саны 1000-нан асырылмақ. Осы игіліктің бәрі қала тұрғындарының салауат-

ты өмір салтын ұстанып, спортқа жақын болуына септігін тигізетіні сөзсіз.

Веложорық мәресіне арналған ш а р а б а р ы с ы н д а О л и м п и а д а ойындарының чемпионы, «Аста-на» велоклубының бас менеджері Александар Винокуров пен «Тур де Франс – 2014» велобәйгесінің

жеңімпазы Винченцо Нибали қала әкімі И. Тасмағамбетовке «Астана» велокомандасының жейдесін сыйға тартты. «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының бас дирек-торы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Владимир Смирнов барша астаналықтарды мерекемен құттықтап, Астанамыздың нағыз

спорт қаласына айнала бастағанына ризашылығын жеткізді.

Веломереке соңы спорт сүйер қауымға аталымдар бойынша сыйлықтар тапсыру рәсіміне, ло-терея ойынына және концерттік бағдарламаға ұласты.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Суре

ттер

ді тү

сірг

ен С

ұлта

н СЕ

ЙІТ

ОВ