45minutkz.files.wordpress.com · web viewАстана қаласы 68 орта мектептің...

7
Астана қаласы №68 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Егімбаева Ләззат Сейтқалықызы Тақырыбы:Денсаулығы адамның, денсаулығы ғаламның Мақсаты: Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін білу. Міндеті: 1. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зияны жайлы түсіндіру және олардан сақтану жолдарын баяндау.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру. 2. Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру. Жақсы менен жаманды айыра біліп, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға дағдыландыру. Өз бетінше ізденуге, зерттеуге баулу. Жауапкершілігін арттыру.Денсаулықты сақтаудың жолдары, басты байлық денсаулық екені туралы жан-жақты білім беру. 3. Қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу. Өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Көрнекілік: интербелсенді тақта Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. «Арман мен ақыл» өлең жолдарын айту. Бейнефильм көру, оқушылармен талдау. Кіріспе. Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып

Upload: others

Post on 19-Feb-2020

33 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАстана қаласы 68 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Егімбаева Ләззат Сейтқалықызы

Астана қаласы№68 орта мектептің

Бастауыш сынып мұғалімі Егімбаева Ләззат Сейтқалықызы

Тақырыбы:Денсаулығы адамның, денсаулығы ғаламныңМақсаты:Адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, басты байлық екенін білу.Міндеті:1. Ұлтымызды азғындатып, адамды кісілік қасиетінен айыратын шылым, есірткі, ішімдіктің адамзатқа тигізетін зияны жайлы түсіндіру және олардан сақтану жолдарын баяндау.Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.2. Оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру. Жақсы менен жаманды айыра біліп, жаман әдеттерден бойларын аулақ салуға дағдыландыру. Өз бетінше ізденуге, зерттеуге баулу. Жауапкершілігін арттыру.Денсаулықты сақтаудың жолдары, басты байлық денсаулық екені туралы жан-жақты білім беру.3. Қоғамға пайда келтіретін, дені сау, салауатты, жаны таза, болашаққа нық сеніммен қарайтын ұрпақ тәрбиелеу. Өзара сыйластық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Көрнекілік: интербелсенді тақтаСабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.«Арман мен ақыл» өлең жолдарын айту.Бейнефильм көру, оқушылармен талдау.Кіріспе.Өмір адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның мәнді де мағыналы ұзақ өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі – адамның денсаулығы. Денсаулық – адамның ең қасиетті де құнды, жоғалтуға болмайтын, жоғалса қайта орнына келуі қиын асыл қазынасы. Сондықтан ел Президентінің "Қазақстан - 2030” бағдарламасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл ауқаты” тармағында,"…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін” азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігін басым көрсетеді.

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАстана қаласы 68 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Егімбаева Ләззат Сейтқалықызы

Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді елімізде осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан - жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын жандарына серік еткен, алдарына мақсат қоя білетін дара тұлғаларды тәрбиелеу - басты талап.Кейде адамның денсаулығы түрлі жағдайларда, түрлі себептермен бұзылып жатады. Мысалы; көлік апаты, қыста тайып құлау, ойнап жүріп балалардың дене жарақатын алуы. Ал, ең өкініштісі – адамның өз денсаулығына кері әсер ететін, тіпті өміріне қауіп төндіретін зиянды әдеттерге әуес болуы болып отыр. Бұл айтылған зиянды әдеттер: шылым шегу, нашақорлық және ішімдік ішу.Адамның денсаулығы – қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың жаны сау» деп бекер айтпаған. Отанымыздың келешегі, көркеюі балалар сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан да сендердің таңдауларын - салауатты өмір салтын сақтау. Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан - жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойласыңдар? Әрине, Денсаулық.«Денсаулық деген не?» Слайд:Денсаулық -адам ағзасының қалыпты, дұрыс жұмыс істеуі.Денсаулық -дұрыс тамақтану.Денсаулық- тәулігіне 10 сағат ұйықтау, ұйқы ең алдымен миды тынықтырады.Денсаулық- таза ауада көбірек жүру.Денсаулық- тазалық сақтау.Денсаулық- тамақты шамадан тыс тойып ішпеу.Денсаулық- тамақтан соң ауызды шайып, қолыңды жу.

Жұмбақтар шешу.1. Одан кір қорқадыСудан бұл қорқады. (сабын)

2. Дәміде жоқ, түсіде жоқПайдаланбас кісі жоқ. (су)

3. Жуынып болғандаЖүреді қолында. (орамал)

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАстана қаласы 68 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Егімбаева Ләззат Сейтқалықызы

4. Түйістіреді көзіңді көзіңеЖолықтырады өзіңді өзіңе.(айна)

5. Қалтамда жатырТістері бар батыр. (тарақ)Сөзжұмбақ «Тазалық»

1.Көзің ауырсақолыңды ... ....2. ... қайда,сұлулықсонда.3.Денсаулық- ... байлық.4 Бірінші ... –денсаулық5. ... адам – кіршіл6.Ыдыс таза болса, ... дәмді.7. ... түбі – дерт.«Ақ көгершін» әні орындалады.Әр топ өздерін таныстырып өтеді1 - «Денсаулық» тобыБіздің топ: «Денсаулық»Біздің ұран: «Темекіден түтін сорсаң улайсың,Өзіңді - өзің жіпсіз байлап шырмайсың»2 - «Салауат» тобыБіздің топ: «Болашақ»Біздің ұран: «Есірткіні даттаймыз,Салауатты өмір салтын сақтаймыз.Біз - жасөспірім қауымы,Жаман жолды баспаймыз.Ақылды, нық сеніммен,Болашаққа аттаймыз.»3 -«Тазалық» тобыБіздің топ: «Тазалық»Біздің ұран: «Таза болса табиғат, адам болар адамзат»4. -«Байлық» тобы

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАстана қаласы 68 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Егімбаева Ләззат Сейтқалықызы

Біздің топ: «Байлық»Біздің ұран: «Көп жасау — деннің саулығы, бақытты болу — адамның өз қолындағы ісі»Топпен жұмыс:І топ: Денсаулық туралы мақал-мәтелдер жазу, мағынасын ашуІІ топ: «Денсаулық-зор байлық» шығарма жазу.III топ: «Денсаулық – басты байлық» сурет салу.IV топ: «Денсаулықты сақтаудың жолдары» топтастыру жолдары.«Денсаулық туралы не білеміз?» оқушылар ойы.Әр топ өз жұмыстарын ортада қорғап бір-біріне түсіндіреді.

Барлығы хормен: Есірткі құрысын, Ішімдік жойылсын.Дені сау қазақтың,Ұрпағы көбейсін.Мәдениет өркендеп,Табиғат көркейіп,Қазақтың сымбатты,Ұл - қызы көбейсін!

Проблемалық сұрақ «Жасөспірімдердің зиянды әрекеттерге баруының себебі не?»Әр топқа «Жасөспірімдердің зиянды әрекеттерге баруының себебі не?» деген проблемалық сұрақ қойылады. Әр оқушы өз ойын жеткізеді.«Денсаулық»сөзіне ассосация құрайды.

Қорытынды- Балалар, бүгін «Денсаулығы адамның, денсаулығы ғаламның» тақырыбындағы тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Бұл тәрбие сағатынан сендер денсаулық және оны сақтаудың жолдары жайлы біраз мағлұмат алдыңдар деп ойлаймын. Сендер еліміздің болашағы болғандықтан, ата - ана да, ұстаздар қауымы да сендердің болашақтарыңа алаңдаймыз. Мемлекетіміз оқушының тегін білім алуына және денсаулығына көңіл бөліп отыр. Кейбір балалар туа бітті мүгедек болып жатады. Соған қарамастан қоғамға кішкене болса да пайдасын тигізу үшін әрекеттеніп тырмысып бағады. Ал, сендердің дендерің сау, дене мүшелерің бүтін. Осы денсаулықтарыңды зиянды әдеттермен улап, өз болашақтарыңа балта шаппаңдар. Осы өтілген тәрбие сағаты сендерге мәңгілік сабақ болсын. Зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын жандарыңа серік етіңдер. Сонда ғана сендердің

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com · Web viewАстана қаласы 68 орта мектептің Бастауыш сынып мұғалімі Егімбаева Ләззат Сейтқалықызы

болашақтарың нұрлы болып, еліміздің өркендеуіне зор үлес қосатын азамат болуларыңа мен сенемін.