ktpsor.kz€¦  · web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр...

150
1-сыныпқа «Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлау пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды. Авторлары:Байтенова К.К., Жакеева А.А., Попова Е.Н., Саукатова Ш.К., Сейтахметова Ж.М., Уфимцева Л.Л. Редакторы:Кульсеитова Ж.М. Оқу ісінің меңгерушісі: ___________ Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:өзі туралы қарапайым сөзбен әңгімелеуге үйрену, бір-бірімен танысу; Оқушылардың басым бөлігі: .адамдардың ұқсастығы мен жеке ерекшеліктері туралы білу; Кейбір оқушылар:мектептегі іс-әрекеттерге, әдептер мен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды үйрену. Тірек сөздер: есім (аты) – имя – name; адам – человек – human. Ресурстар: «Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер, орам жіп. Сабақтың мақсаты: 1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен, мінезімен, тәртібімен бір-бірінен ерекшеленеді. Әр адамның дара тұлға екеніне қарамастан, ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Оқулық және жұмыс дәптерінің беттерінде кездесетін кейіпкер Ботамен таныстыру. Оларға «Дүниетану» сабағында немен айналысатыны туралы хабарлау. Сабақ тақырыбы бойынша жұмысты бастау үшін оқушыларды оқулықтың 1-

Upload: others

Post on 10-Sep-2021

3 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

1-сыныпқа «Дүниетану» пәні бойынша қысқа мерзімді жоспарлаупән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына

1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды.Авторлары:Байтенова К.К., Жакеева А.А., Попова Е.Н., Саукатова

Ш.К., Сейтахметова Ж.М., Уфимцева Л.Л.Редакторы:Кульсеитова Ж.М.

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін?

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:өзі туралы қарапайым сөзбен әңгімелеуге үйрену, бір-бірімен танысу;• Оқушылардың басым бөлігі:.адамдардың ұқсастығы мен жеке ерекшеліктері туралы білу;• Кейбір оқушылар:мектептегі іс-әрекеттерге, әдептер мен тәртіпке қатысты ережелерді сақтауды үйрену.

Тірек сөздер: есім (аты) – имя – name; адам – человек – human.Ресурстар: «Мен» сөзі жазылған шар, есімдері жазылған бейджиктер, барлық

оқушылардың есімдері жазылған конверттегі хат, фотосуреттер, орам жіп.

Сабақтың мақсаты: 1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен, мінезімен, тәртібімен бір-бірінен ерекшеленеді. Әр адамның дара тұлға екеніне қарамастан, ол қоғамсыз өмір сүре алмайды. Адамдар арасындағы қарым-қатынас адамның дамуына көмектеседі. Ғалымдар адамға ортаның қажет екенін, оған өзін үлкен ұжымның бір бөлігі екенін сезіну, қоғам мүшесі болуы маңызды екенін дәлелдеді. Ол үшін адам істеген істерге, әдеттерге және қоғамда қабылданған тәртіптерге қатысты ережелерді сақтауы және білуі тиіс.

Қай уақытта болмасын барлық өркениеттерде адамдардың өз есімдері

Оқулық және жұмыс дәптерінің беттерінде кездесетін кейіпкер Ботамен таныстыру. Оларға «Дүниетану» сабағында немен айналысатыны туралы хабарлау.

Сабақ тақырыбы бойынша жұмысты бастау үшін оқушыларды оқулықтың 1-бетіндегі суретке қарауын сұраймын.

Сабаққа дейін қабырғаға «МЕН» сөзі жазылған шарды бекітемін. Бота шарын сабаққа алып келе жатқан кезде жоғалтып алғанын айтыңыз. Оқушыларға шарды табуға көмектесуге ұсыныс беріңіз. Шарда жазылған сөзді кімнің оқи алатынын сұраңыз. Олар бұл сөздің нені білдіретінін айтсын.

Жауабы: «Мен» – бұл мен туралы айтылған сөз.Егер адам өзі туралы айтса, «мен» дейді.

Page 2: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

болды. Ежелгі ата-бабаларымыз есім ретінде белгілі бір мағынаны білдіретін сөз тіркестерін қолданды. Мысалы, «Жарық жұлдыз», «Өткір көз» және т.б. Уақыт өткен сайын олар жеңілірек және жағымды естілетін түрге айналды.

Психологтардың айтуынша, есімнің дыбысталуын музыкалық әуенмен салыстыруға болады. Айналадағы адамдарда адам есімінен туындаған сезім сол адамның өзіне автоматты түрде беріледі екен. Ерболат және Бибігүл есімдерінің қаншалықты әртүрлі айтылатынын байқап көріңіз. Алғашқы есімде жинақылық пен жігерлілік бар, ал екінші есімде нәзік жанға тән ерекшелікті байқауға болады. Есімнің сипаты адамның мінезіне ғана емес, сонымен қатар оның кейінгі өміріне де әсер етеді екен.

Сондай-ақ адам өмірінде есімнің маңызы зор. Оның барлық іс-әрекеттері есімінің арқасында танымал болады. Осыған орай, «Оның есімі беделді», «Өз есіміңді ұятқа қалдырма» – деп айтып жатады.

1-жұмыс парағы. Менің досым қандай?Досыңның суретін сал. Оның көңіл-күйін көрсетуге тырыс.

Аты-жөні:

Әр адамның есімі бар.«Әр есімнің өз мағынасы бар», – дейді менің атам.Атамның айтқаны дұрыс па? Тексеріп көрейік!

«Мен» сөзін хормен айтқызыңыз және сабақ тақырыбын хабарлаңыз.Салыстыр. Cуреттерге қара. Кімдерді көріп тұрсың?Суреттегі адамдарды салыстыр.Ұқсастығы мен айырмашылығын анықта.Мұғалімнің белгісі бойынша оқушылар тез арада мынадай ерекшеліктері бойынша топтарға жиналады:– көзі қара/мөлдір;– шашы ұзын/қысқа;– аяқкиімінің түсі қара;– есімдері бірдей және т.б.Біз қандаймыз? • Бір-біріңе қара.• Араларыңда бір-бірінен айнымайтын екі адам бар ма?• Адамдардың ұқсастығы мен айырмашылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар.Балалар мен үлкендер. Ер адамдар мен әйел адамдар. Барлығымыз адамбыз. Сен – адамсың. Бір адам басқа адамға ұқсамайды. Әрбір адам ерекше.Анықта. Кімнің зерттеуші болғысы келетінінсұраңыз. Зерттеу дегеніміз бір нәрсені толық анықтауға бағытталған бірқатар әрекеттерді орындау екенін түсіндіріңіз. Ботаның атынан барлық оқушылардың есімдері жазылған тапсырма-хатты көрсетіңіз. Бұл нені зерттеу керек екенін еске салады. Оқулықтағы 3-беттегі тапсырма мәтінін оқып беріңіз. Оқушылардан тапсырмада қандай нәтижеге тоқталу керек екенін түсіндіріңіз.Жауабы: Eсімнің нені білдіретінін айту.Өз есімінің мағынасын білетін оқушылардың пікірлерін сұраңыз. Көп ұлтты еліміздегі барлық халықтардың есімдері әдемі естілетінін айтып өтіңіз. Барлық оқушылар бір-бірін есімдерімен атайтынын түсіндіріңіз. Оқушыларға есімдері жазылған бейдждерді таратыңыз, оны сол аптада тағып жүрсін.Орындап көр. Бұл тапсырманың мақсаты – бір-біріне жақсы көзқарас қалыптастыру үшін мектеп ұжымында іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтауы тиіс екенін көрсету.Сынып оқушыларын жұптарға бөліңіз. Бір- біріне өзі туралы қызықты оқиғаларды айтып беруін сұраңыз. Сыныпты аралаңыз. Оқушылардың әңгімелерін тыңдаңыз. Әңгімелеген оқиғалары

Page 3: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

қызықты болған 1-2 жұпты тыңдаңыз. Олар өз оқиғаларын үнсіз қимыл арқылы сынып оқушыларына көрсетсін. Қалған оқушыларға бұл оқушы не туралы айтып жатқанын табуды ұсыныңыз. Барлық адамдарға жақсы болуы үшін сақталатын ережелердің атауын сұраңыз. 3-беттегі негізгі мәтінді оқып беріңіз.

Сабақты қорытындылау Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

«Өрмек» жаттығуын қолданыңыз. Орам жіпті оқушыларға беріңіз. Орам жіпті алған оқушы есінде қалған оқушының есімін атайды, оған қысқаша тілек айтады. Жіптің ұшын өзі ұстап тұрып, орамды басқа оқушыға береді. Оқушылардың назарын танысуға арналған өрмек жіптің барлығын біріктіретініне назар аудартыңыз.

Ботаның хатын оқығаннан кейін тірек сөздерді хормен айтқызыңыз. Бұл сөздерді алақандарын соғып отырып, айтсын. Қандай сөздің қысқа, ал қандай сөздің ұзақ айтылатынын сұраңыз. Оқи алатын оқушыларға оқытуға болады.

Жауабы: Man (ағылш. тілі) – қысқа (1 шапалақ),адам (қаз.тілі) – (2 шапалақ), человек (орыс тілі) – ең ұзақ (3 шапалақ).

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. Оқулықтың 6-бетіндегі «Салыстыр» тапсырмасы.Өнер. Дәптердің 3-бетіндегі «Менің досым қандай?» тапсырмасы.

Отбасымен өзара байланыс жасау мақсатында оқушыларға «Анықта» тапсырмасын ұсыныңыз. Ата-аналарынан өзіне неліктен осындай есім бергенін біліп келуге тапсырма беріңіз.

БағалауОқушылар– сыныптастар арасындағы ұқсастық пен айырмашылық туралы;– әр адамның ерекшелігі және бірегейлігі туралы;– өз есімінің, сыныптас оқушылардың есімдерінің мағынасы туралы;– іс-әрекетке, әдеттерге және тәртіпке қатысты ережелерді сақтау қажеттілігі туралы білді.Оқушылар– өзі туралы әңгімелеуге, сыныптастарын есімдерімен атауға;– сыныптастары арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табуға;

– Қарым-қатынас және тәртіп ережелерін сақтауға үйренді.Бағалау үшін «Ұйқас» тапсырмасын ұсыныңыз.Оқушылар «иә» немесе «жоқ» деп жауапберуі тиіс.Біздің әрқайсымыз ерекшеміз? Иә.Әрқашан ереже сақтаймыз ба? Иә.Біз барлығымыз бірдейміз. Жоқ.Сенің есімің түсініксіз ұғымды білдіреді? Жоқ.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

Page 4: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Менің сүйікті ісім.Қажет заттар.

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:бір-бірінің сүйікті істері туралы білу;• Оқушылардың басым бөлігі:сабақта алған ақпарат негізінде таңдауды қалай жасау керектігін түсіну;• Кейбір оқушылар:өзіне және өз жетістігін бағалауға үйрену.

Тірек сөздер: cүйікті іс – любимое занятие – hobby; таңдау – выбор – choice;қалау – предпочтение – preference.

Ресурстар: Үш арал орналасқан теңіз картасы, 6 желкені бар қайықтың суреті, теңіз шуы естіліп тұрған дыбыстық жазба, туған күн иелерінің санына қарай түрлі түсті телпектер, «Қызықты ойын өткіз», «Сүйікті сусын және тағам таңда», «Қызықты кітап таңда», «Тосын сый ойлап тап» деген тапсырмалар жазылған үлестірме парақшалар, ашықхат жасауға арналған заттар, асықтар, «Спорт», «Ән мен би», «Кітаптар», «Сурет» сөздері жазылған түрлі түсті тақтайшалар.Интернет ресурстар http://education4children.ru

Сабақтың мақсаты: 1.1.1.5 тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Оқушыларды жан-жақты дамыту шарттарының бірі оларды әр алуан қызмет түрлеріне тарту болып табылады. Бұл міндетті шешу үшін мұғалім өз оқушыларының қызығушылығы мен сүйікті ісі

Сабақты «сүйікті істер теңізіне» саяхат түрінде өткізуге болады. Оқушылар бір аралдан екінші аралға саяхат жасайды. Тақтаға үш арал орналасқан және желкенді қайықтың суреті бар теңіз картасы ілінеді. Бұл аралдар «Сүйікті істер», «Ойындар», «Мерекелер» деп аталады. Сабақтың соңында оқушылар өздері қалаған аралды таңдауы тиіс.

Сабақты оқушылардың портреттері ілінген галереядан бастауға болады. Содан кейін оларға алған өз әсерлерімен бөлісіп,

Page 5: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

туралы білуі тиіс. Бұл сыныпта қолайлы жағдай туғызуға көмектеседі. Әр адамның қалауы және сүйікті ісі – әртүрлі. Өз сүйікті және әуес ісі бар адамдармен араласқан қызықты. Оқушының алдымен мұғалімнің басшылығымен, содан кейін өз бетінше өз қажеттілігін анықтауға үйреніп, дұрыс таңдау жасай алуы маңызды. Оған өз сүйікті ісін таңдауға көмектесуге болады. Ол үшін қызықты адамдар, олардың сүйікті істері туралы әңгімелеу, қызығушылығы бойынша үйірмелерге немесе секцияларға жазу, құрастырғыштарды қуыршақ театрын қолдана отырып, оқушыны шығармашылық жұмысқа бейімдеу қажет. Сүйікті іске айналуы мүмкін заттарды сыйлыққа беруге болады. Мысалы: фотоаппарат, микроскоп, аквариум. Оқушыға қызықтыратын іс таңдауға көмектесу және оның сүйікті ісін қолдау баланың өмірде өз орнын табуға және өзіне деген сенімін көмектеседі.

Сенің сүйікті ісің қандай? Әңгіме құрастыр.

Әрқайсымыздың өз сүйікті ісіміз бар. Олар бізге қуаныш сыйлайды. Олардың біреуі біздің күшті, епті болуымызға көмектеседі. Басқалары жаңа,

тұжырым жасауға ұсыныс беріңіз.

Жауабы: Әрқайсымыз әртүрліміз.

Оқушылардың жауаптарын толықтырыңыз. Бізге бірге жүрген көңілді, себебі әрқайсының өз сүйікті ісі бар екенін айтыңыз.

Сүйікті істер теңізі – 1-бөлім. Оқушыларға бұл сабақта бір-бірі туралы маңызды мәліметтер біле түсетіндерін, «Сүйікті істер теңізіне» саяхатқа шығатынын айтыңыз. Содан кейін «Сүйікті істер», «Ойындар», «Мерекелер» деген аралдардың суреттері салынған теңіз картасын көрсетіңіз. Оқушылар көздерін жұмып, қайықпен тыныш теңіз бетінде жүзіп келе жатқанын елестетсін. Теңіз дыбысын, шағала дауысын тыңдатыңыз. Картаның жанына барып, оқушылардан көздерін ашуын сұраңыз. Кеменің бірінші бағыты «Сүйікті істер» аралы екенін айтыңыз.

Менің сүйікті істерім. Оқушылар оқулықтың 8-бетін ашып, тапсырманы орындайды. Бұл тапсырманы жұпта орындасын. Оқушылардың жауабын тыңдаңыз.

Оқушылардың эмоциялық қалауына қызығушылық танытыңыз. Белгі бойынша жұмысты аяқтасын. Екі жұпты бір топқа біріктіріңіз. Оларға бір-бірінің суреттерін талқылауға мүмкіндік беріңіз. Спикер сыныпқа өз тобындағы оқушылардың сүйікті істері туралы хабарлайды.Жауабы: Алма мен Ғалия балмұздақты жақсы көреді, Әмір футболмен әуестенеді және т.б.

Сыныппен кері байланыс жасау үшін маркерлі тақтада идеялар тізімін жасаңыз. Жазбаларды тармақтарға назар аударып, анық құрылымдап орналастырыңыз. Мысалы:

Сүйікті ойындар – тығылмақ, шахмат, фант(жеребе бойынша ойналатын ойын) Барлығын шеңберге шақырыңыз. Әр оқушы өз сүйікті ісін 1-2 сөзбен жеткізсін. Өз сүйікті ісіңіз туралы да айта кетіңіз.

Сүйікті істер теңізі – 2-бөлім. Саяхатты жалғастырыңыз. Кеме «Ойындар» аралына тез жүзіп жеткенін хабарлаңыз. Ойынды жақсы көретін оқушылар қолдарын көтерсін. Олардың жақсы көретін ойыны туралы сұраңыз.

Кел, ойнайық. Оқулықтағы «Кел, ойнайық» тапсырмасындағы суреттерді қарауға ұсыныңыз және оны орындау барысын ұйымдастырыңыз. 1-2 оқушыны тыңдаңыз. Оқушылар өздері қай

Page 6: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

қызықты іспен таныстырады.

2-жұмыс парағы

Мен .......... жақсы көремін

Өзің ұнататын заттың суретін сал.

жерде ойнайтынын айтсын.

Анықта. Оқушыларға бір-бірінің сүйікті ісін анықтауға тапсырма беріңіз. Бұл бірін-бірі жақсы тануға көмектеседі. Оларға қызығушылығы бойынша сынып қабырғасында ілінген бір тақташаның жанына баруын сұраңыз.

Сен білесің бе? Оқушыларға «Сен білесің бе?» айдары бойынша мәлімет беріңіз. Кімде ойыншық аю бар екенін сұраңыз. Оқушылар әкелген ойыншықтарын көрсетсін. Оларды кеменің жанына сөреге қойып қойсын. Ойыншықтарды саяхатқабірге алып шығуды ұсыныңыз.

Ойындар. Оқушылардан топ болып ойнауға болатын ойынды атауын сұраңыз.

Сүйікті істер теңізі – 3-бөлім. Сабақты жалғастырыңыз. Бұл бөлімде өте жарқын және қызықты «Мереке аралына» жақындағанын айтыңыз. Сабақта ойындар өткізуді ұсыныңыз.

Көрініс қой. Алдын ала құрылған топтармен рөлдік ойындар ұйымдастырыңыз. Оқушылар көздерін жұмып, ең қызықты мерекені естеріне түсірсін, ал сіз бұл уақытта әр топқа бір-бірден туған күн өткізуге арналған ресурстар мен нұсқаулықтар көрсетілген үлестірме парақшаларды таратыңыз (ресурстар тізімін қараңыз). Жауаптарын тыңдаңыз және ең сүйікті «Туған күн» мерекесін көрсетуді ұсыныңыз. Мерекеге ұсыныстар дайындау үшін 1-2 минут беріңіз. Топтар өз идеяларын көрсеткеннен кейін оларға туған күн иесімен бірге билеуді ұсыныңыз. Бұл оларға қуанышты көңіл-күй сыйлайды.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Сүйікті істер теңізі – қорытынды. Сабақ соңында «сүйікті істер теңізіне» саяхаттың аяқталғанын, бірақ теңізшілеріміздің мектепте өз сүйікті істерін жалғастыратынын хабарлаңыз. Оқушылардан сабақта нені үйренгенін сұраңыз. Олар қандай аралда болғандарын, қандай жаңа арал ашқысы келетінін айтсын.

Тірек сөздерді қайталау мақсатында «Сөздерді құрастыр» тапсырмасын ұсынуға болады. Сабаққа дейін түстері әртүрлі екі желкенге бір тілде екі тірек сөз жазыңыз. Әр топ кемеге түсіне қарай үш тілде сөздер жазылған желкен түріндегі үлестірме парақшаларды бекітеді. Барлық оқушылар сөздерді атайды.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Page 7: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

АКТ. Оқушыларға Power Point бағдарламасының көмегімен өздерінің сүйікті істері туралы таныстырылым дайындауды ұсыныңыз.

Ашықхат жасауға арналған заттарды таратыңыз. Әр оқушы ашықхатқа досының нені жақсы көретінін жазсын. Қабілеті жоғары оқушылар досына тілектер ойлап тауып, жазуына болады.

БағалауОқушылар– бір-бірінің сүйікті заттары туралы;– сүйікті істің өмірді қызықты ететіні туралы білді.Оқушылар– бір-бірінің сүйікті заттары туралы өз сөздерімен айтуға;– сабақта алған ақпарат негізінде қалай таңдау жасау қажеттігін түсінуге;– өзіне және өз жетістіктеріне оң көзбен қарауға үйренді.Бағалау үшін оқушыларға сөйлемдерді былайша аяқтауды ұсыныңыз: «Бұны мен жақсы көремін», «Бұны мен жақсы көрмеймін».Іс-қимыл ойындарын ойнау … Цирктағы клоундар мен жолбарыстар … Қиын есептерді шешу … Ертегі тыңдау және оқу … Шуламау, аунамау …Таңертең күнге қарап, күлімдеу …

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Күн тәртібі Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:күн тәртібін сақтаудың маңыздылығын түсіну;•• Оқушылардың басым бөлігі:.өз жеке күн тәртібін құрy.• Кейбір оқушылар:өз жеке күн тәртібін әңгімелеп береді

Тірек сөздер: таң – утро – morning; күн – день – day; кеш – ночь – evening;күн тәртібі – режим дня – daily schedule; демалыс күні – выходной – weekend.

Page 8: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Ресурстар: Қораптағы сағат, «КҮН» сөзі, «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» қима әріптері, М.Тынышбаев, Т.Әубәкіров, Т.Мұсабаев, И.Ильиннің портреттері бар таныстырылым, топ санына қарай күн тәртібі кезеңдері бейнеленген суреттер, әрқайсысына бір жағы қызыл, екінші жағы жасыл түсті дөңгелек сигнал белгілері салынған А3 парақтары.

Сабақтың мақсаты: 1.1.2.4 күн тәртібін сақтау маңызын түсіндіру және күн тәртібін құру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Денсаулық сақтау мен нығайту шарттарының бірі– мүлтіксіз орындалатын күн тәртібі. Күн тәртібін сақтау кез-келген жұмысты анағұрлым жеңілдетеді, денсаулықты сақтау үшін адам ағзасының барлық мүмкіндіктерін көбірек қолдануға мүмкіндік береді. Күн тәртібі – бұл тәулік бойы қызмет пен демалыстың барлық түрлерін тиімді бөлу. Күн тәртібін сақтайтын адамдар көбірек іс тындырып,аз шаршайды. Күн тәртібі адамды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, жауапкершілікке үйретеді. Бұған әйгілі адамдардың қызмет жетістіктері дәлел болады. Мысалы: қазақтың алғашқы теміржолшы-инженері Мұхаметжан Тынышбаев (1879 ж. 12 мамыр – 1937 ж. 21 қараша);ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров (1946 ж. 27 шілде) және Талғат Мұсабаев (1951 ж. 7 қаңтар); зілтемірші Илья Ильин (1988 ж. 24 мамыр) – екі мәрте олимпиада чемпионы (Пекин – 2008,Лондон – 2012). Оқыған және жұмыс істеген жылдары олар жұмыс және күн тәртібін сақтауға үйренді, соның нәтижесінде үлкен табыстарға қол жеткізе алды.Күн тәртібінің негізгі элементтерінің бірі ұйқы болып табылады. Ұйқы –

Сабақты тосын сыйдан бастаңыз. Алдын ала сағат салынған қорап дайындаңыз. Оқушылар қорапта не бар екенін білмеуі тиіс. Оларға «құпиясы» бар қорапты көрсетіңіз және ішінде не бар екенін сұраңыз. Оқушылар оны жұмбақтың көмегімен табады: «Уақытты өлшеп, санап, таппайды бір тағат. Бұл не?» Оқушыларға бұл құпияның әуенін тыңдатыңыз. 1-2 оқушыға қораптағы сағаттың тықылын тыңдатыңыз. Бүкіл сыныппен «тық-тық» әуенін хормен айтқызуға болады. Оқушылар қорапта не бар екенін тапқаннан кейін сағатты көрсетіңіз және сағаттың не үшін қажет екенін сұраңыз. Сағаттың көмегімен уақытты өлшейді. Бұл сабақта бір күнгі уақытты ненің көмегімен дұрыс бөлуге болатыны туралы айтылатынын хабарлаңыз.

Әңгіме құрастыр. Оқушыларға бұдан әрі барлық іске үлгеру үшін уақытты бағалай біліп, уақыт құпиясын түсіну маңызды екенін хабарлаңыз. Уақыттың негізгі құпиясын білгісі келетіндігі туралы сұраңыз. Сынып қабырғасында шашыратып ілінген «Т, Ә, Р, Т, І, Б, І» әріптері, тақтада «КҮН» сөзі ілініп тұр. Оқушылардың сөзді жинап, хормен оқуын сұраңыз. Күн тәртібі туралы не білетінін сұраңыз. Оқулықтың 6-бетіндегі мәтінді оқыңыз. Оқушылар оқулықтың «Әңгіме құра» тапсырмасындағы суреттерге қарасын және Асланның күн тәртібі туралы әңгімелеп берсін.Орындап көр. Оқушылардан қайсысының күн тәртібін сақтайтынын сұраңыз. Күн тәртібі не үшін қажет екенін өз сөздерімен түсіндірсін. Тақырыпты бекіту үшін топта осы айдардың тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар бұл жерде өз күн тәртібін құрып көреді. А3 көлеміндегі парақтарды, күн тәртібінің кезеңдері бейнеленген суреттер жинағын топтарға таратып беріңіз. Таймер орнатыңыз. Белгі бойынша жұмысты аяқтап, барлық плакаттарды «сөйлейтін» қабырғаға бекітіп қойыңыз.Оқушылар барлық плакаттарды қарап шықсын. Күн тәртібі сәттерінің орналасуында айырмашылық байқалса, сол топқа өз плакаттарын түсіндіруге және қорғауға сөз беріңіз. Жұмысты өз бетімен істеудің маңызды екенін естеріне салыңыз. Тайм-менеджмент сақтай отырып, бірлесе жұмыс істеу сабақтың тәрбиелік тиімділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Оқушыларға уақытты құрметтеу қажетігін естеріне салыңыз. Оқушылар күн тәртібін сақтағанда барлық іске үлгеруге болатынын түсінуі қажет.

Кеңес бер. Оқулықтықтағы «Кеңес бер» тапсырмасының суретін қарауды ұсыныңыз. Сұрақтарды оқыңыз. Осындай жағдайды

Page 9: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

біздің өміріміздің қажетті бөлшегі. Ол ой мен денеге табиғи жолмен демалуға және өз қызметін қалпына келтіруге көмектеседі. Дұрыс ұйқы жұмыс қабілеттілігінің маңызды шарты. Күнде бір уақытта ұйқыға жатып, тез ұйықтап қалу әдетін қалыптастырған дұрыс. Ұйқының ұзақтығын қадағалау қажет: кіші сынып оқушылары ауасы тазартылған бөлмеде кем дегенде 10 сағат ұйықтауы қажет. Олай болмаған жағдайда қатты шаршайды, жүйке жүйелері бұзылады сыныптағы оқушылардан артта қалады. Егер зорығу созылмалы болса, ол баланың өсуіне және дамуына, жалпы денсаулығына кері әсер етеді.

кімнің кезіктіргенін сұраңыз. Оқушылар жұпта балаларға осындай жағдайға тап болмас үшін қалай көмектесу қажеттігі туралы кеңес ойлап тапсын. 1-2 жұптың жауаптарын тыңдап, олардың жауаптарын «келісемін», «келіспеймін» деп белгілесін.

«Сен білесің бе?» айдарындағы мәтінді оқыңыз.

Менің демалыс күнім. Кейіпкердің сүйікті істері туралы «Нехочуха» мультфильмінен үзінді көрсетіңіз. Аптаның қай күндерінде аттракциондар паркіне, киноға баруға болатынын сұраңыз. Оқулықтағы «Менің демалыс күнім» тапсырмасын орындау үшін «Әңгіме құрастыр» тапсырмасындағы суреттерге тағы да қарап шығып, баланың күн тәртібінде не өзгеретіні туралы жауап беруін сұраңыз. Содан кейін бір-екі сөзбен өздері демалыста немен айналысатынын айтсын. Оқулықтағы демалыс күні туралы мәтінді оқыңыз.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Сабақ қорытындысын шығарған кезде уақыттың ең басты құпиясы – күн тәртібін сақтау қажет екенін естеріне салыңыз. Барлық оқушыларды шеңбер құрып, күн тәртібі туралы қандай шешім қабылдағанын қысқаша айтып берсін. «Сөйлейтін қабырғаға» назар аудартып, «Біз тәртіпті қалаймыз, күн тәртібін сақтаймыз!» деген сөздерді хормен айтқызыңыз.

Оқушылар өз плакаттарында тірек сөздер жазылған үлестірме парақшаларды дұрыс ретпен орналастырып, оларды дауыстап айтады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. «Кеңес бер» тапсырмасы «Адам» тарауымен байланысты.Математика. Жұмыс дәптеріндегі «Менің күнім» тапсырмасында оқушылар ұйқыға, серуендеуге және т.б. қанша сағат жұмсалатынын есептейді.

Шығармашылық жұмыс жүргізуге тапсырма беріңіз. Бұл суретпен берілген фоторепортаж немесе күн тәртібі болуы мүмкін екенін айтыңыз. Жаза алатын оқушылар үшін тапсырманы жазбаша орындауға беруге болады.

Page 10: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Бағалау Оқушылар– күн тәртібі туралы айта алады;– жұмыс және демалыс уақытын дұрыс бөле алады.Оқушылар– күн тәртібін құрастыруды үйренді;– күн тәртібін сақтау маңыздылығын түсінді.Бағалау үшін «Дұрыс жауабын таңда» тапсырмасын ұсыныңыз. Оқушылар сигнал белгісі түріндегі дөңгелектерді пайдаланып, жауаптардың дұрыстығын бағалайды: жауап мағынасы жағынан дұрыс болғанда дөңгелектің жасыл жағы, дұрыс емес болғанда қызыл жағы көрсетіледі.Күн тәртібі тек балаларға ғана қажет. Мен күн тәртібін сақтаймын.Демалыс күні күн тәртібін сақтау қажет емес. Сағат онға дейін ұйықтау қажет.Демалыс күні – бұл ойнайтын және көңіл көтеретін күн.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Жақсы істер қуанышыЖақсылықпен жаным дос.

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:адамның әр кезеңде білдіретін түрлі эмоциялары мен сезім-күйлері туралы білy;• Оқушылардың басым бөлігі:жақсы істер қоғам игілігіне бағытталса, көңілге қуаныш және шаттық сыйлайтынын түсінy;• Кейбір оқушылар:әртүрлі қарым-қатынас туралы ақпарат алy.

Тірек сөздер: эмоция – эмоция – emotion; сезімдер – чувства – feelings; көңіл-күй – настроение – mood;жақсы істер – добрые дела – good deeds.

Ресурстар: Әр оқушыға төрт фишкадан, мұғалім алдын ала дайындалған оқушылардың әртүрлі эмоциямен түскен фотосуреттері, балалар

Page 11: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

әнінің фонограммасы, оқулықтағы «Ойлана біл» тапсырмасынан сурет.Өсиет әңгіме, – М.: «Новая мысль», 2010. – с 256.

Сабақтың мақсаты: 1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы өзара қамқорлықтың маңызын түсіндіріп, мысал келтіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Өсиет әңгіме. «Адам теңіз жағасымен келе жатып,құмнан бір нәрсені көтеріп, теңізге лақтырып тұрған баланы көреді. Ол жақын келіп, баланың құмнан теңіз жұлдызын алып жатқанын байқайды. Баланың айналасы толған теңіз жұлдызы. Көптеген аумақты алып жатыр.– Теңіз жұлдыздарын неге суға лақтырып жатырсың? – деп сұрады адам.– Егер теңіз жағасында таңертеңге дейін қалатын болса, су кері қайтқанда олар өліп қалуы мүмкін,– деп жауап берді бала қимылын тоқтатпай.– Бұл тіпті ақымақтық қой! – деп айғайлап жіберді адам.– Жан-жағыңа қарашы, бұл жерде миллиондаған теңіз жұлдыздары жатыр.Сенің әрекетің ештеңені де өзгертпейді.Бала келесі жұлдызды қолына алып, бір сәт ойланып қалды да, сәл жымиды.Оны суға лақырып тұрып:– Жоқ, менің әрекеттерім осы жұлдыз үшін көп нәрсені өзгертеді, – деп жауап берді».

Сабақты жұмыстарға қысқаша шолу жүргізуден бастаңыз. Оқушылардан қандай іс қызықтырғанын, қандай істер қуанышты эмоция мен жақсы көңіл-күй сыйлағанын сұраңыз. «Менің көңіл-күйім» тапсырмасында оқушылардан көңіл-күйлерін межеде белгілеуін ұсыныңыз. Оқушылардан өз қойған белгілерін түсіндіруін сұраңыз. Егер барлығының көңіл- күйі жақсы болса, өзіңіздің де қуанғаныңызды білдіріңіз. Бұл жұмыс кезеңін бірқалыпты әуенмен орындауға болады.Көңіл-күй кемпірқосағы. Оқушылардың назарын өзіңіз алдын ала дайындап қойған «сөйлейтін қабырғада» ілінген фотосуреттерге аудартыңыз. Суретте олар әртүрлі көңіл-күйде болуы тиіс. Мысалы, таңдану, шаттану, мұңаю және т.б. Оқушылардан неліктен осындай эмоцияны сезінгенін сұраңыз. «Эмоция» сөзінің мағынасын қалай түсінетінін анықтаңыз. Эмоция дегеніміз сезім білдіру екенін түсіндіріңіз. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Көңіл-күй кемпірқосағы» тапсырмасын жеке орындауды ұсыныңыз. Тапсырманың орындалуын, суреттерді қандай фишкамен белгілегенін тексеріңіз. Содан кейін оқушылардың жұпта 2 минут өздерінде жағымды сезім қалдырған оқиғаларды естеріне түсіріп, сол бойынша әңгімелесуін сұраңыз. Жауаптарын тыңдаңыз. Бекіту үшін «Айна» ойынын өткізуге болады. Бір оқушыны тақтаға шақырыңыз және құлағына сезім атауын сыбырлаңыз. Ол айнадағы қимылды қайталап көрсетсін.Сынып оқушылары оның қандай сезім түрі екенін табуы тиіс. Бұдан кейін қалған оқушылар «айна» болып, құлаққа сыбырлаған эмоция түрін қимылмен қайталайды.

Оқушылар табуы қажет: Қуаныш, шаттық бар жерде, Байқалады ерніңде.

Жауабы: Күлкі.

Оқушылардан бір-біріне қарап, күлуі сұраңыз. «Сен білесің бе?» айдары бойынша нмәлімет беріңіз. «Ең қуанышты күлкі» байқауын өткізіңіз. Сабақтан кейін оқушыларды қалауы бойынша суретке түсіріп алыңыз. Фотоларын «сөйлейтін қабырғаға» іліп қойыңыз.

Өсиет әңгімені айтып беріңіз. Теңіз жұлдызшаларыеың

Page 12: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

суреттерін көрсетіңіз. Кімнің теңіз жұлдызын көргенін анықтаңыз. Өсиет әңгіменің идеясын қалай түсінгенін тексеріңіз:– Бала неліктен осы іспен айналысты?– Ол неліктен күлді?Өсиет әңгіменің тәрбиелік мәніне назар аудартыңыз: бала жақсы, пайдалы іс жасады, өз еңбегінен қуаныш сезінді.Ойлана біл. Әдемі қорапшаны көрсетіңіз.Оны «жақсы істер сандықшасы» деп атап, бұл сандықшаны толтыру қажет екенін айтыңыз.

Жақсы істер қуаныш сыйлайды. Олар ұзақ жылдар бойы есте қалады. Жақындарыңа қамқор бол. Достарыңды қолда. Әлсіздерге көмектес. Табиғатты қорға. Жақсы істер адамдарды жақсылыққа жетелейді.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Сабақ қорытындысын шығарған кезде оқушылардан қандай тұжырым жасағанын анықтаңыз. Олардан бірінші тапсырмаға қайтып оралуын сұраңыз. Оқушылар сабақ соңында көңіл-күй межесін белгілесін. Межеде х белгісінің саны дәл келген оқушылардың қол көтеруін сұраңыз. Оқушылардың жақсы іс жасағаннан өз көңіл-күйін дұрыс болжауға үйренгені үшін алғыс білдіріңіз.

Сен не білдің? Дұрыс жауаптарды таңда.• Барлық адамдар бірдей.• Мереке – бұл қуаныш және шаттық.• Күн тәртібі тек балалар үшін ғана қажет.• Жақсы істер қуаныш сыйлайды.

Оқушылар тірек сөздерді есте сақтауы үшін сезім туралы әңгімелесіп, сөйлемді толықтыруы керек. Адамдарда әртүрлі сезімдер мен …….(эмоция)

…….…….…….…….…….…….(emotions) …….…….…….…….(эмоция) болады.

Әр адам …….…….…….…….…….(жақсы істер) …….……….….…….(доброе дело) …….…….(goodworks) жасай алады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. «Сен білесің бе?» айдары «Адам» тарауымен байланысты.

Өнер. Қосымша тапсырманы орындау үшін балалар әнін таңдап алыңыз.АКТ. Оқушылардан

Оқушылардан бір-бірінің көңіл-күйін көтеру үшін жақсы істерді атқаруға қайсысының қатысқысы келетінін сұраңыз. Ән айтуды (үш тілде айтса болады) ұсыныңыз. Әнді күрделі емес бірнеше

Page 13: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

фотосуреттерден таныстырылым жасауын, бір күнде оқушылардың өзгерген көңіл-күйі туралы бейнежазба түсіруін сұраңыз.

қимылдармен толықтырыңыз.

БағалауОқушылар– әртүрлі эмоцияны, сезімді, көңіл-күйді өз сөздерімен сипаттай алады;– сабақтың әртүрлі кезеңдерінде өз эмоциялық жай-күйін анықтай алады.Оқушылар– өз эмоциялары мен көңіл-күйілерін басқаруға болатынын түсінді;– егер қоғам игілігіне жасалған болса, жақсы істер табыс және жақсы көңіл-күй сыйлайтынын білді;– жалпыға пайда әкелетінін және айналаға қуаныш сыйлайтын істерді таңдауға үйренді.Оқушыларға сөйлемді аяқтауға ұсыныс беріңіз:Жамандықтан – жамандық, жақсылықтан ...........(жақсылық)Жақсы ағаштың жемісі де ........... (жақсы)........... жасауға асығыңдар. (жақсылық)Күмісіңмен мақтанба, ........... мақтан. (жақсылығыңмен) Өмір ........... жасау үшін берілген. (жақсы істер)

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Менің мектебім Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:өз мектебі туралы білy;• Оқушылардың басым бөлігі:мектепте кімдер жұмыс істейтінін және олардың қызметі туралы білy;• Кейбір оқушылар:кітапханана қызметін пайдалануды үйренy.

Page 14: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Тірек сөздер: мектеп – школа – school; мұғалім – учитель – teacher; аспаз – повар – cook;кітапханашы – библиотекарь – librarian; дәрігер – врач – doctor.

Ресурстар: Кеспе әріптер, Ы.Алтынсариннің портреті, Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңі, асханадағы аспаз, кітапханадағы кітапханашы, дәрігер бөлмесіндегі дәрігер, сыныптағы мұғалім бейнеленген сюжетті суреттер.Володин Б.Ф. Дүниежүзілік кітапхана тарихы: Mонография. – 2-ші басылым, қосымша. – СПб.: Профессия, 2004. - 432 с.

Сабақтың мақсаты: 1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру1.1.2.6 өзін мектеп оқушысы және сынып ұжымының мүшесі ретінде сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Кітапхана алғаш рет ежелгі Шығыста пайда болды. Саздан жасалған тақташаларды алғашқы кітапхана деп атаған. Олар шамамен б.з.д. 2500 жылы негізі қаланған Вавилонның Ниппур қаласының ғибадатханасынан табылды. Өтетанымал көне шығыс кітапханасы ретінде б.з.д. VII ғасырда Ниневидегі ассириялық Ашшурбанипала патшасының сарайынан табылған сына жазу тақташаларының жинағын айтуға болады. ЕжелгіГрекияда алғашқы кітапхананың негізін Гераклде Клеарх құрды.Александрия кітапханасының негізін б.з.д. Птоломей І құрды. Ол ескі кітаптардың ірі орталығы болды.Абай атындағы Семей кітапханасы – Қазақстандағы тарихи кітапханалардың бірі.Ол 1883 жылғы 20 қыркүйекте құрылған. Кітапхана құрастыру ісін Қазақстанға жер аударылған саяси қайраткерлер бастады. Құрылған жылы кітапхана қорында 274 дана кітап болды. Кітапхана қызметін130 оқырман пайдаланды. Кітапхананың алғашқы келушілерінің қатарында қазақтың ұлы ақыны және ағартушысы Абай Құнанбаев та болды.

Суреттерді салыстыр. Сабақ басталғандаоқушыларға ауызша «мектеп» сөзіне қатысты сөздер тізбегін құру ұсынылады. Оқушылар (жұпта, топта) өз түсінігінде бұл сөзді немен байланыстыратынын ойланып, айтып көрсін. Содан кейін олардың назарын оқулықтағы 1-суретке аудартыңыз. Оқушылар суреттегі көріністі өз мектебімен салыстырады. Бұл салыстыруоқушылардың өз мектебі, оның ерекшелігі туралы көбірек білуі үшін жүргізіледі. Сонымен қатар оқушылар алғаш оқушы атанғанда/алғаш мектепке барғанда/сыныпқа алғаш енгенде өмірінде қандай өзгеріс болғаны туралы әсерімен бөліседі. Талқылағаннан кейін оқушылар мектеп туралы мәтінді оқып шығуы тиіс.Мектепте кімдер жұмыс істейді? Бұл тапсырманыөз бетімен де, жұпта да орындатуға болады. Оқушылар сурет бойынша әртүрлі кәсіп өкілдерін табады, одан кейін бұл тізімнен мектепте жұмыс істейтін және оларға білім алуға көмектесетін кәсіпті таңдайды. Мұнда пікірталас жүргізу үшін «Бұл кәсіптердің қайсысы мектепте аса маңызды?» деген сұрақ қойыңыз.

Сен білесің бе? Оқушыларға Қазақстанда алғашқымектепті кім ашқаны туралы мәлімет беріледі. Оқушылар бұрын Ыбырай Алтынсарин туралы естіген болуы мүмкін. Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін оқып беріңіз.

Page 15: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Менің кітапханам» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз.Менің кітапханам• Өз кітапханаңдағы заттардың орналасу тәртібін есіңе түсір.

• Мектептегі кітапхананың сұлбасын сал.

Бұл сабақта оқушылар сұхбаттасу, әңгімелесу, талқылау, пікір таласу арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамытады. Тірек сөздер оқушыларға таныс, сондықтан айтқан кезде қиындық тудырмайды. Жұмыс дәптеріндегі 1-тапсырмада тірек сөздермен жұмыс істеу керек. Оқушыларға қима әріптерден тірек сөздер құрауға ойын өткізуге болады. Сонымен қатар тілдік құзыреттілікті дамыту үшін «Қосымша тапсырма» айдарындағы бөлімінде ойындар мен тапсырмаларды беруге болады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

АКТ. Оқушыларға интернеттен әртүрлі елдегі мектептердің суреттерін табуға және «Әртүрлі елдердің мектептері» тақырыбына ауызша таныстырылым жасауға ұсыныс беругеболады. Қабілеті жоғары оқушыларға PowerPoint бағдарламасы бойынша жұмыс дәптеріндегі «Менің кітапханам» тапсырмасын орындатыңыз.Жаратылыстану. Кітапханаға зерттеу жүргізугеберілген тапсырманы орындаған кезде оқушыларға мынадай сұрақтар қоюына болады: «Неліктен кітапханада барлығы сыбырлап сөйлеседі?», «Қатты дауыстап сөйлеу кітапханада отырған оқырманға қалай әсер етуі мүмкін?» Өнер. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі кітапхана

сұлбасын салуда берілген 2-тапсырманы орындайды.

Қосымша тапсырма ретінде «Диалог құр» ойынын өткізуге болады. Оқушыларды 4 топқа бөліңіз. Әр топ үшін мұғалім, кітапханашы, дәрігер, аспаз кәсіптерінің біреуін таңдатыңыз. Топта оқушылар өзара таңдап алынған мектеп қызметкері арасында диалог құрады, сахналық қойылым қояды. Бұл тапсырма топтық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырады және білім беру үдерісіндегі барлық субъектілердің рөлін түсінуге көмектеседі.

Бағалау Оқушылар

– мектепте мұғалімнен басқа кітапханашының, аспаздың, дәрігердің жұмыс істейтінін;

– әр қызметкер белгілі қызмет атқаратынын және тиісті бөлмеде жұмыс істейтінін;

– өз бітінше бақылай жүргізу арқылы кітапхана қызметін қалай пайдалану керектігін біледі.Оқушылар– мектеп қызметкерлерінің әрекетіне бақылау жүргізіп, тұжырым жасауға;

– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренеді.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға

Page 16: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

бірнеше дұрыс жауаптар ұсынуға болады. Мысалы: «Аспаз балаларды оқытады», «Кітапханашы оқулықтар береді». Олар жауаптардың қайсысы дұрыс екенін анықтауы тиіс. Оқушылардың өздеріне бірнеше дұрыс жауаптарды жасата отырып, тапсырманы күрделендіруге болады.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Мектепке баратын жол

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:жаяу жүргінші және жолдағы қауіпсіздік ережелері туралы білу;• Оқушылардың басым бөлігі:үйден мектепке дейінгі жергілікті жер сұлбасын сыза отырып, картографиялық қызметтің бастапқы дағдыларын меңгерy.• Кейбір оқушылар:алған білімді тәжірибеде қолдану

Тірек сөздер: қауіпсіздік – безопасность – safety; жаяу жүргінші – пешеход – pedestrian; бағдаршам – светофор – traffic light.

Ресурстар: Бағдаршам макеті, жол қозғалысы белгілері-тақташалар, ала құланның суреті (А4 форматы), қаладағы жол суреті (А4 форматы), жаяу жүргінші өтпесінің суреті, жануарлар таптаған жолдардың суреті.

Сабақтың мақсаты: 1.1.4.4 жолда жүру тәртібін, жаяу жүргіншілердің қозғалысын реттейтін жол белігілерінің мәнін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қаладағы қозғалысты алғашқы реттеу әрекеттері Ежелгі Римде қолданылған болатын. Гай Юлий Цезарьдің жарлығы

Сабақты сонымен қатар «Қашан? Кіммен? Қайда? Қалай? Не үшін?» және т.б. сұрақтардың көмегімен мектепке баратын жолды сипаттаудан бастауыңызға болады. Бұл тапсырмада оқушылардың жеке тәжірибесі маңызды болып табылады.Менің бағытым

Page 17: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

бойынша б.з.д. 50-жылдары қала көшелерінде бір жақты қозғалыс енгізілді.Жолда жүрудің қазіргі заманғы ережелерінің тарихы Лондоннан бастау алған. Парламенттің алдындағы алаңда механикалық темір жол семафоры орнатылған. Бұл 1868 жылғы 10 желтоқсан еді. Оны Джон П. Найт ойлап тапқан. Құрылғының екі семафор қанаты болды және ол қолмен басқарылды. Семафорды қызметші басқарып, таяқшаны көтеріп, түсіріп, фонарьды бұрып тұрған. Алайда, көтергіш механизмнің тізбегінен шыққан дыбыс қатты және жағымсыз болғаны сондай, жанынан өтіп бара жатқан аттарүркетін. Семафор бір ай жұмыс істеместен жарылып кетті.Қазіргі заманғы жол белгілерінің прототиптері деп елді мекенге баратын бағыттар көрсетілген тақташаларды айтуға болады. Жолда жүрудің бірыңғай ережелерін жасау туралы шешім 1909 жылы Парижде Дүниежүзілік конференцияда қабылданды. Бұған себеп қала көшелеріндегі автомобильдер санының артуы және жол қозғалысының

Үйден мектепке дейінгі жолды есіңе түсір. Сен қандай көшеде тұрасың? Өз жүретін жолыңды сипаттап көр.Жаяу жүретін адамды жаяу жүргінші деп атайды. Ол жолда қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс. Оның көмекшісі – бағдаршам.

Анықта. Оқушыларға мынадай сұрақ қойыңыз:«Машиналар мен жаяу жүргіншілер қозғалысын тек бағдаршамдар ғана реттей алады ма?» Жол қозғалысы белгілері көрсетілген (4) тақташаларды көрсетіңіз, оқушылардан олардың мағынасын түсіндіруді сұраңыз. Бекіту мақсатында «Жауабын тап» ойынын ұйымдастырыңыз. Ойын үшін мұғалімнің үстеліне теріс жағымен қойылатын тақташалар қажет. Санамақ көмегімен оқушыны таңдаңыз және одан төрт тақташаның біреуін алуын сұраңыз. Оқушы қарап, белгінің мағынасын қимылмен түсіндіруі тиіс.

Зертте. Оқушыларға зебра мен көшедегі ала жолақсуретін көрсетіңіз. «Зебра мен жолдың қандай ұқсастықтары бар?» Оқушылардан қажетті жауап ала алмауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда жетелеуші сұрақтар қоюды сұраңыз. Оқушылар түсіне бастағанда «Жаяу жүргінші өтпесі неліктен жолақ етіп жасаған?» деген сұрақты талқылауға болады. Мұғалім адам баласы жол барынша қауіпсіз болуы үшін барлық жағдайдың жасалғаны туралы деген қорытындыға келеді.Жауабы: Жаяу жүргіншілер өтпесі жүргізушігеде, жаяу жүргіншіге де анық көрінуі үшін жолақ етіп жасалған.

Page 18: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

көбеюі еді.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Сұлба сыз• Үйден мектепке баратын жолыңды еске түсір.

• Бос шаршыларға жол бойы байқаған нысандардың суретін ретімен сал.• Үйден мектепке дейінгі жолдың суретін сал. Бұл – сенің бағытың.

Бұл сабақтың тірек сөздері барынша күрделі, сондықтан олардың мағынасын оқушылардың жақсы түсінуі маңызды. Олардан «жаяу жүргінші» сөзінің мағынасын сұраңыз. Тақтаға бұл сөзді жазыңыз және оның қандай екі сөзден тұратынын сұраңыз. Оқушылар бұл сөздің «жаяу жүру» деген мағынаны білдіретінін айтады. Осылайша, «қауіпсіздік» және «бағдаршам» деген тірек сөздерді талқылауға болады. Осындай жұмысты ағылшын және қазақ тілдерінде жүргізуге болады. Мысалы, «бағдаршам» деген сөз «бағдар» (бағыт) және «шам» (бағытты көрсететін шам) деген сөздерден тұрады. Бұл жағдайда сөздерді құрамы бойынша талдау оқушыларға есте жақсы сақтауға мүмкіндік береді.

Пәнаралық байланысМатематика. «Зертте» тапсырмасын орындаған кезде оқушылардан суреттегі жаяу жүргіншіөтпесінің ақ жолақтарын санауды сұраңыз. Жаратылыстану. Оқушылар көшедегімашиналарды бақылап, «Қозғалыс деген не және ол қалай пайда болады?» деген сұрақ төңірегінде ойланады.Өнер. Оқушылар жұмыс дәптеріндегі «Сұлба сыз» тапсырмасын орындайды. Оқушылар үйден мектепке дейінгі жолды, онда орналасқан нысандарды салуы тиіс.

Қосымша тапсырмалар«Оқушы-мұғалім-ата-ана» арасындағы байланысты жүзеге асыру үшін оқушыларға ата-аналарымен бірге «Сұлба сыз» тапсырмасында үйден мектепке дейінгі жолда кездесетін нысандардың дұрыс орналасқанын тексеруге тапсырма беріңіз (жұмыс дәптері, 12-бет). Байқау жүргізгеннен кейін оқушылар сызған сұлбаларына өзгеріс енгізе алады.

Бағалау Оқушылар– «жаяу жүргінші» сөздерінің мағынасын түсінді;– «қауіпсіз жол» ұғымын түсінді;– бағдаршам мен оның белгілерінің қызметі туралы білді.

Page 19: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Оқушылар– үйден мектепке дейінгі жолды бағдарлауды;– үйден мектепке дейінгі жолдың қарапайым сұлбасын сызуды;– қарапайым бақылау жүргізуді;– сұрақтар қоюды үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Сөйлемді аяқта» тапсырмасын беруге болады:Жаяу жүргінші – бұл ....Мен .... белгісін көргенде, жерасты жолын пайдаланамын.....түс «өте бер» дегенді білдіреді. Мен ....көшесінде тұрамын.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Мектептегі саяхат Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:мектепте қандай бөлмелердің болатынын, олардың неге арналғанын білy;• Оқушылардың басым бөлігі:олардың орналасқан жерлерін өз бетінше табуға үйренy.• Кейбір оқушылар:Алған білімді өмірде қолдана алады.

Тірек сөздер: асхана – столовая – сafeteria; кітапхана – библиотека – library;дәрігер бөлмесі – медицинский кабинет – medical office.

Ресурстар: Интерактивті тақта, оқушылардың санына қарай бөлмелердің атауы жазылған үлестірме парақшалар, мектеп сұлбасының көшірмесі,фотоаппарат, ғаламшар немесе дүниежүзілік карта.

Сабақтың мақсаты: 1.1.2.1 мектептің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Өзінің орналасуы және сәулеті жағынан ерекше мектептер туралы ақпарат.Ашық кеңістіктегі мектеп (Дания) Мектептің ішінде бір де бір жеке кабинет және сынып бөлмесі жоқ. Есесіне мектептің ортасынан өтетін үлкен айналмалы баспалдақ бар. Мұнда барлық

Біздің мектепте қандай бөлмелер бар және олар неге арналған?» деген сұраққа жауап алудан бастасаңыз болады. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Содан кейін олардан 1-суретке қарауын және суретте қандай бөлмелер бейнеленгенін, неге арналғанын

Page 20: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

жерде сымсыз интернет бар, ал еденде ашық түсті жастықшалар жатыр.Террасет – жер астындағы мектеп (TerrasetElementarySchool PTA (АҚШ)Террасет мектебі Рестон қаласында орналасқан (Вирджиния штаты). Ол негізінен жер астында орналасқан. Оқу орыны 70-жылдардың ортасында салынған. Бұл кезеңде Америкада энергетикалық дағдарыс орын алды. Соған байланысты қала басшылары энергияны үнемдейтін жер астындағы мектепті ойлап тапты. Ол өзін-өзі жылытып тұрады.Камбоджадағы қалқымалы мектеп. Бұл оқу орны судың үстінде орналасқан. Бұл жерде мұндай құбылыс ешкімді таңғалдырмайды: Кампонг Луонг ауылындағы барлық ғимараттар тура мағынасында суда қалқып тұрады. Мектепте шамамен 60 оқушы оқиды. Балалар мектепке арнайы легендерге отырып барады.Тапсырма топтар бойынша беріледі. Мұғалім топтарға бөлуді былайша ұйымдастыра алады. Парақтарға тірек сөздерді (кітапхана, асхана, дәрігер бөлмесі) жазыңыз, оқушылар парақтарды таңдайды, оқиды және бөлмелерді атауы бойынша біріктіреді. «Кітапхана» тобы сұлбадан кітапхананы табады. Келесі топ – асхананы, ал үшінші топ дәрігер бөлмесін табады. Бұдан әрі мұғалім оқушыларға саяхат кезінде сұлбаны пайдалану тәсілдерін үйретеді. Бөлмелерге апаратын қысқа жолдарды табуға, ондағы адамдар мен заттарды анықтауға, оның неге арналғанын түсіндіруге тапсырма береді. Оқушылар мектеп сұлбасын алып, мұқият қарайды. Саяхат кезінде дәрігер бөлмесіне ерекше назар аударылады. Мұғаліммен бірге кабинеттен шығады. Саяхаттан кейін оқушылар жұмыс дәптерінде «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасын орындайды.

және қайда орналасқанын айтуын сұраңыз. Суреттеген кезде оқушылардың «сол жақта», «оң жақта», «ортасында», «төменгі жақта», «жоғары жақта», «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда», «жанында» және т.б. сөздерін дұрыс қолданғаны өте маңызды. Тапсырма қызықты болуы үшін «Көз алдыңа елестет» ойынын өткізуге болады.

Мектепте көптеген бөлмелер бар. Бұл – асхана, кітапхана, дәрігер бөлмесі. Әр бөлме белгілі бір қажетке арналған.Сен білесің бе? Бұл айдарды «Егер .............. неболар еді?» ойынынан бастауға болады. «Егермектепте бөлмелер болмаса, не болар еді?» сұрағын қойыңыз. Оқушылар бұл жағдаятты көз алдыларына елестетіп, талқылай бастайды. Көпшілігі үшін бұл шындыққа жанаспайтындай көрінеді.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Математика. 1-тапсырманы орындаған кезде оқушылар «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда»ұғымдарын қайталайды.Жаратылыстану. Оқушылар нысандарды бақылап, тиісті тұжырым жасауға үйренеді.Өнер. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасы орындауға беріледі. Бұл тапсырмада оқушылар мектептегі өзіне ұнайтан жерлердің суретін салады.

Бұл сабақта тірек сөздер әр оқушы үшін үш тілде үлестірме парақшаларға жазылады. Осы үлестірме парақшалар бойынша топтарға бөлінеді. Сонымен бірге «Жұбын тап» ойынын ұйымдастыруға болады. Бүкіл сынып бойынша әр жерде сынып бөлмелерінің суреттері және бұл бөлмелердің әр тілде жазылған атаулары ілінеді. Оқушылар суреттерге қатысты сөздерді табуы тиіс. Бұл тапсырманы сергіту жаттығуы ретінде қолдануға да болады, себебі бұл ойын

Page 21: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

кезінде оқушылар үнемі қозғалып жүреді.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Математика. 1-тапсырманы орындаған кезде оқушылар «бірінші/екінші/үшінші қабаттарда»ұғымдарын қайталайды.Жаратылыстану. Оқушылар нысандарды бақылап, тиісті тұжырым жасауға үйренеді.

Өнер. Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Есіңе түсір және суретін сал» тапсырмасы орындауға беріледі. Бұл тапсырмада оқушылар мектептегі өзіне ұнайтан жерлердің суретін салады.

Қосымша тапсырма ретінде жұмыс дәптеріндегі 1- «Лабиринт» тапсырмасы орындауға беріледі.Оқушылар лабиринтте қарындашпен сызық жүргізу арқылы барлық заттарды тиісті бөлмелерге апаруы тиіс. Бұл тапсырманы сыныпта да орындатуға болады. Себетке бірнеше заттар салынады. Оқушы олардың кез келгенін таңдайды, мысалы, градусник. Бұл заттың атауын айтып, оны «Дәрігер бөлмесі» деген жазуы бар үлестірме парақшалардың жанына қояды.

Ботаға барлық заттарды жинауға және оларды қажетті бөлмеге апаруға көмектес

Бағалау Оқушылар– асхананың, кітапхананың, дәрігер бөлмесінің мектептің қай жерінде орналасқанын;– бұл бөлмелер неге арналғанын;– дәрігер бөлмесінде қандай заттар бар екенін білді.Оқушылар– асхананың, кітапхананың, дәрігер бөлмесінің орналасқан жерін мектептің сұлбасынан анықтауды;– қарапайым бақылау жүргізуді;– бұл бөлмелерде өздерін дұрыс ұстай білуді үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Суреттерді дұрыс таңда» тапсырмасын ұсынуға болады. Бірқатар заттардың суреттері (парта, тақта, кесе, қасық, дәрігер халаты, кітап сөресі және т.б.) және үш бөлменің (кітапхана, асхана, дәрігер бөлмесі) атаулары беріледі. Оқушылар суреттерді бөлмелердің атауларымен сәйкестендіруі және бұл бөлмелердің не үшін қажет екенін айтуы тиіс.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Page 22: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Мектеп өмірінің ережелеріМектеп ережелері

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:«тәртіп ережелері» ұғымымен танысyОқушылардың басым бөлігі:сыныптағы өз тәртіп ережелерін үйренy;Кейбір оқушылар:мектеп ережелерін сақтауға үйрену.

Тірек сөздер: тәртіп – поведение – вehavior; ереже – правила – rules;жауапкершілік – ответственность – responsibility.

Ресурстар: «Жақсы және тамаша», «Нашар және жағымсыз» жазулары бар А4 форматындағы тақташа, А3 форматындағы қағаз (4-6 дана), маркерлер, қима әріптер.

Сабақтың мақсаты: 1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қарапайым адамгершілік мінез-құлық нормалары рулық қоғамда пайда болды. Дәл сол рулық құрылыста өзара көмек, адалдық және т.б. сияқты нормалар қалыптасты.Мінез-құлықтың сыртқы формаларын анықтайтын ережелерді саналы түрде тарату көне кезеңге жатады. Бұл уақытта адамдарды өзін-өзі жақсыұстауға үйрету әрекеттері байқалады. Орта ғасырларда этикеттің заңды күші болды және оның талаптарын бұзғаны үшін адам жазаға тартылатын. (Этикет – қоғамда қабылданған тәртіп ережелерінің жиынтығы). Орта ғасырларда этикеттің қатаңдығы «өз ортасындағы» адамдарды ажыратуға мүмкіндік беретін белгі ретінде қызмет атқарды.Әр халықтың өз этикет ережелері бар. Қазақтардың

Тәртіп ережелері. Сабақты жұп болып жұмысістеуден бастауға болады. Оқушыларға парталас көршісімен тәртіп ережелері деген не, олар не үшін қажет, ереже сақтамаса не болуы мүмкін екені туралы талқылауға тапсырма беріңіз.Тәртіп ережелеріЖұпта талқыла.• Тәртіп ережелері деген не?• Тәртіп ережелері не үшін қажет?

• Ереже сақталмаса не болуы мүмкін?Үзілісте• Суреттен оқушылардың қандай әрекетін көріп тұрсың?• Олардың қайсысы тәртіп ережелерін сақтайды?• Тағы қандай тәртіп ережелерін білесің?

«Сыныпта бәріне қолайлы болуы үшін әрқайсысың қандай ережелерді сақтауларың қажет?» Бұл сұрақ оқушыларға ережелердің мәнісін және маңызын түсінуге мүмкіндік береді. Әр топ бұл сұрақты талдайды және постерді безендіреді (суреттер салуға, жазу жазуға, шартты белгілер ойлап табуға болады). Мұғалім әр топқа өз идеяларын қорғау үшін бір минут уақыт береді.

Page 23: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

ұлттық этикет шеңберіндегі күнделікті мінез-құлқы «әдет» (сыпайылық, дәстүр) ұғымымен айқындалады. Ең алдымен бұл үлкендерді сыйлауға қатысты. Ең құрметті қонақты және қарт адамды төрге (дастарқан басындағы құрметті орын) шығарады. Бұл қоғамдық көлікте үлкендерге орын беру қажет болғанда да қолданылады. Этикалық қағидалар жасы жағынан үлкен және кіші адамның, әйел және ер әдеп сақтауы талап етіледі. Мысалы, жасы кішілер үлкен адамның жолын кеспейді.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

«Мектепке қандай затты апаруға болмайды?» тапсырмасында заттарды тиісті түстерге бояйды.

Сабақта ауызша сөйлеу, өз көзқарасын білдіру және пікір таластыру дағдылары дамиды. Жұмыс дәптеріндегі «Мектепке қандай затты апаруға болмайды?» тапсырмасында заттардың атауларын жазуға тапсырма беріледі. Оқушылармен «Әріптерден сөз құра» ойынын ұйымдастыруға болады. Әр топ үшін қима әріптер салынған конверт дайындалады. Оқушылар ана тілінде тірек сөздердің біреуін жинап, оларды басқа екі тілде айтуы тиіс.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Математика. Оқушыларға оқулықтың 1-суретіндегі ұлдар мен қыздарды санап, олардың санын салыстыруға тапсырма беріледі (<; =; > белгілерін қолданылады).

Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Асханада өзіңді қалай ұстау керек?» тапсырмасын орындауға және асханадағы тәртіп ережелерін талқылауға ұсыныс беріледі. «Өзіңе сұрақ қой» тапсырмасы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамытуға және ерте кезден өз тәртібін реттеу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі.

Бағалау Оқушылар– тәртіп ережелері дегеніміздің не екенін;– олар неге арналғанын;– жауапты болу дегеніміздің нені білдіретінін;– мектепке қандай зат апаруға болмайтынын білді.Оқушылар– өмірде ережелеін сақтаудың маңызды екенін түсінді;– сыныпта тәртіп ережелерін сақтаудың қажеттілігін түсінді;– өз әрекеттері өзіне де, өзге адамдарға да әсер ететінін білді.

Page 24: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Бағалаудың бір түрі ретінде мына тапсырмаларды ұсынуға болады. Оқушылар ұсынылған тізімнен жүгіру, айқайлау, тыңдау, жауап беру, келеке ету, итеру, кешігу, көмектесу, амандасу етістіктерін таңдап, оларды тиісті бағандарға орналастырады.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Араласып үйренемізДос болайық бәріміз!

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:«қарым-қатынас» ұғымымен танысып, оның адам өміріндегі маңызын түсінy;• Оқушылардың басым бөлігі:.адамдар арасындағы әртүрлі қарым-қатынас туралы білy;• Кейбір оқушылар:өмірде қарым-қатынас ережесін қолдануға үйренy.

Тірек сөздер: қарым-қатынас – общение – communication; әңгімелесуші – собеседник – talker;диалог – диалог – dialogue.

Ресурстар: «Отбасындағы және мектептегі қарым- қатынас» тақырыбына сюжетті суреттер, әртүрлі көлемде ашық хаттар (15-тен астам), орам жіп, «Жақсы әдет» тақырыбына мульфильмдер Интернет ресурстарhttp://my.mail.ruhttp://etiketsabina.blogspot.comhttp://multmir.nethttp://video.meta.uahttp://langopedia.ruhttp://txtb.ruhttp://www.prometod.ru

Сабақтың мақсаты: 1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау

Page 25: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қарым- қатынас – бұл адамдар арасындағы бірлесе қызмет ету қажеттілігінен туындаған өзара байланысты дамытудың жоспарлы үдерісі.Қарым-қатынас бірлесе жұмыс істеуді, жоспар құру мен талқылауды, оларды іске асыруды қамтамасыз етеді. Оқушылардың адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру қоғамда өз орнын табуға көмектеседі. Қарым-қатынассыз жеке адамды қалыптастыру, оны тәрбиелеу, білім беру, ақыл-парасатын дамыту мүмкін емес.Қарым-қатынас орнату кезінде мынадай фазалар (кезеңдер) айқындалады:байланыс орнату;қарым-қатынас жағдаятына, мақсатына және тұлғаларға бағдар жасау;өзара байланысты ұйымдастыру, қарым-қатынас құралын таңдау;әріптеспен кері байланыс орнату және оны қолдау;қарым-қатынас бағытын, стилін және тәсілдерін түзету; байланысты аяқтау.Қарым-қатынастың барлық фазаларын меңгеру оны тиімді етеді және коммуникативтік құзыреттілік негізін құрайды.Дәстүрлі қазақ қоғамында қарым- қатынас мәдениетіне ерекше көңіл бөлінген. Екінші тараппен сабдарлы қатынас жасап, сөзін өткізуге ерекше назар аударылған. Осы ретте қазақтар сөзін сыпайы әрі қисынды жеткізуге айрықша мән

Мен араласатын орта. Сабақты «Өрмек»ойнынан бастасаңыз болады. «Барлығы өзім туралы» тарауында оқушылар бұл ойынмен таныс болған. Оқушылардан шеңбер құруын сұраңыз. Орам жіпті алыңыз. Оқушылардан «қарым-қатынас» ұғымын қалай түсінетінін сұраңыз. Жауап бергісі келген оқушы жіптің ұшын алады, ал орам мұғалімнің қолында қалады. Бұдан кейін екінші оқушы бірінші оқушыдан жіптің ұшын алып, өз пікірін білдіреді. Осылайша қарым- қатынас үдерісін көрнекі түрде көрсететін «өрмек» тоқылады.Егер қарым-қатынас тоқталса, басқа сұрақтар қойыңыз, мысалы: «Қарым-қатынас не үшін қажет?», «Оқушы мектепте кіммен араласады?».

Мен араласатын ортаСызба бойынша әңгімеле. Сен кіммен және не үшін араласасың? Қарым-қатынас – бұл адамдардың әңгімелесуі, кездесуі жәнебірлесе жұмыс істеуі. Ол – адам өмірінің маңызды бөлігі.Қарым-қатынас адамдардың бірін-бірі түсіне білуіне көмектеседі.

Дұрыс қарым-қатынас түрлеріОлар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлайсың?Қандай қарым-қатынасты дұрыс деп санайсың?Неліктен?Сыныптағы қарым-қатынас ережесіӘңгімелесушінің сөзін бөлмей, мұқият тыңда.«Өтінемін» және «рақмет» сөздерін қолдан.Адамды ренжітіп алатын сөздерді қолданба.

Page 26: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

берген. Олар тура сөйлемей, ойын астарлы жеткізуді дұрыс санаған.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылар өздері ойластырған ережелерінің айырым белгісін (жол белгілері сияқты) жасап, бүкіл сыныпқа таныстыра алады.Жауабы: «Бір-біріңді жамандама, дөрекі сөз айтпа, өте қатты әңгімелеспе және т.б.»

Бұл сабақта тілдік мақсаттар сипаттау, салыстыру, әңгімелесу, талқылау сияқты тапсырмалардың көмегімен іске асырылады. Оқушылар диалог жүргізеді, журналистер рөлін ойнайды. Қарым-қатынасты тәжірибеде қолдану сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.Сабақта екі тірек сөз үйретіледі. «Әңгімелесуші» ұғымын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөздерді құрамына қарай талдау арқылы түсіндіруге болады. Сонымен қатар «Орындап көр» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар өзара әңгімелесуші болып табылатынын түсіндіру қажет.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Математика. Оқушылар жұптарға бөлінген кезде әріп саны өз есімінің әріп санымен сәйкес келетін оқушыны табады.АКТ. Интернеттен ата-аналарымен бірге «Жақсы әдет» тақырыбына мультфильм тауып, бірге тамашалайды. Егер интернет болмаса, оқушылар SmartArt бағдарламасын қолданып, өз қарым-қатынас схемасын жасай алады.

Жұмыс дәптерінде «Бір- бірімізді зерттейміз» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар журналист рөліне еніп, аз араласатын сыныптасының жанына барып, сұхбат құрады. Мұндай сұхбат оқушыларға бір-бірімен жақын араласуға мүмкіндік береді және сынып ұжымының қалыптасуына жақсы әсер етеді. Басқа жағынан алғанда тапсырма қарым-қатынас ережелерінің іс жүзінде қолданылуын бекітеді.

Осылайша, сабақта «өзгертіп айтыңдар», «келісіңдер», «шешім шығарыңдар», «даудың себебін табыңдар» түріндегі тапсырмаларды қолдануға болады.

Бағалау Оқушылар– қарым-қатынас дегеннің не және оның не үшін қажет екенін;– әңгімелесушінің кім екенін;– кіммен және не үшін араласатынын;– әртүрлі қарым-қатынас туралы;– сыныптағы қарым-қатынастың негізгі ережелерін білді.Оқушылар– қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызын түсінуге;– сыныптағы өз қарым-қатынас ережелерін құрастыруға;– сыныпта қарым-қатынас ережелерін қолдана білуге;– сыныптастармен және мұғаліммен жақсы қарым-қатынас орнатуға үйренді.Бағалау кезеңінде «Өзіңді тексер» тапсырмасын беруіңізге болады. Оқушылардан бір-біріне қарым-қатынас ережелерін әңгімелеуін сұраңыз. Мысалы, «әңгімелесушінің сөзін бөлме, мұқият тыңда», «өтінемін», «рахмет» сөздерін қолдан», «ренжітуі мүмкін дөрекі сөздерді айтпа». Оқушылардың өздері ережелерді қалай

Page 27: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

сайқтайтыны туралы ойланып, жауап берсін.Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Дос болайық бәріміз!Нағыз достар

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:оқушылардың санасында «достық» ұғымын қалыптастыруға көмектесу;

• Оқушылардың басым бөлігі:өз көзқарасын қалыптастыруға үйрету;• Кейбір оқушылар:оқушыларды мейірімділікке, сыпайылыққа, қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу

Тірек сөздер: достық – дружба – friendship; қызығушылық – интересы – interests; нағыз дос – настоящий друг – a real friend.

Ресурстар: А4 форматты қағаздар, жануарлардың суреттері, әріптер жазылған үлестірме парақшалар, мысалдар жазылған үлестірме парақшалар, ватман.

Сабақтың мақсаты: 1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау 1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Достық – бұл адамдар арасындағы өзара сыйластыққа, рухани жақындыққа, ортақ қызығушылыққа негізделген қарым-қатынас. Адамның нағыз достары болса, өзін сенімді сезінуіне әсер етеді. Өзіңді басқамен дос болуға немесе өзгені досың болуға мәжбүрлеуге болмайды. Достық өзара сыйластық пен сенімге құрылады. Достық

Қане, бастайық!Адам өміріндегі ең қымбатты жандар – бұл отбасы мүшелері. Отбасы – бұл ата мен әже, әке мен ана, аға мен әпке, іні мен сіңлі. Отбасында барлығы бірін- бірі жақсы көреді, сыйлайды, құрметтейді, көмектеседі. Сабақтан кейін өзіміздің жылы, жайлы үйімізге қайтамыз. Үйде бізді әрқашан қуана қарсы алады. Адам үшін

Page 28: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

қарым-қатынастар адамның тәртібіне және эмоциялық күйіне әсер етеді.Халықаралық достық күні 30 шілдеде аталып өтеді. 2011 жылғы 27 сәуірде БҰҰ Бас ассамблеясы Достық күнін өткізуге шешім қабылдады. Әлем мәдениеті шеңбіріндегі іс-қимылдар бағдарламасы мен декларациясы идеологиялық негіз болып табылады. Біріккен ұлттар ұйымы бұл күнді белгілі бір елдің мәдени дәстүрлеріне сәйкес атап өтуді ұсынды. Сонымен қатар 9 маусымда бүкіл әлемде Халықаралық Достық күні атап өтіледі.

«Достық» сөзінің мағынасын сұраңыз.

Жауабы: «Достық сөзі нені білдіреді?» деген сұраққа оқушылар әртүрлі жауаптар беруі мүмкін.

«Достық – екі достың бос уақытты бірге өткізуі». «Достық – бұл сыйластық, түсіністік және т.б.»

нағыз достың болғаны да маңызды. Нағыз дос әрқашан жаныңнан табылады.

Ойланып көр!• Өз отбасыңның тарихын білесің бе?• «Нағыз дос» дегенді қалай түсінесің?• Отбасының қорғаны кім?

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Достық туралы мақал-мәтелдер. Оқушылар мақал-мәтелдерді дауыстап оқиды. Олардың мағынасын бір-біріне түсіндіреді. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын күнделікті өмірден алынған мысалдар негізінде түсіндіре алады.Олардан достық туралы басқа да мақал-мәтелдерді естеріне түсіруін сұраңыз.

Оқушылармен «Сөздер құра» ойынын жүргізіңіз. Оқушыларды 3-4 топқа бөліңіз, әріптер жазылған кесте қағаздар таратып беріңіз. Әр топқа барлық үш тірек сөз беріледі. Оқушылар аталған әріптерден «достық», «нағыз дос», «қызығушылық» сөздерін құрастыруы тиіс. Тапсырманы басқалардан жылдам орындаған және үш тілде барлық тірек сөздерді дұрыс құрастырған топ жеңімпаз болады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. Жұмыс жұпта өткізіледі. Оқушыларға әртүрлі жануарлардың – мысық, ит, кірпі, тоты, балық және т.б. суреттерін таратып беріңіз. Тапсырма: «Сенің үйіңде бар немесе сен асырағың келетін жануардың біреуін таңда. Неліктен сен жануарлардың дәл осы түрін таңдадың?». Оқушылар өз таңдауын түсіндіреді.Математика. «Сөзді тап» ойыны. Тақтаға мысалдар жазылған парақшалар ілінеді.70 – 20 = Қ

Оқушылардың ұйымшыл болуы үшін «Кім жылдам?» ойынын жүргізуге болады. Әр топ ешнәрсе айтпай бірінің артына бірі жылдам тұра қалуы және команданың барлық оқушылары бірігіп, шаршы, үшбұрыш, ромб, әріп пішіндерін құруы тиіс. Жаттығуды орындағаннан кейін оқушылардан тапсырманы орындауда қандай қиындық болғанын және тапсырманы орындауда не көмектескенін сұраңыз.

Page 29: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

35 + 2 = О20 – 1 = Д55 + 4 = Т80 – 80 = С17 + 3 = ЫОқушылар мысалдарды шешіп, жасырынған сөзді табады.19 37 0 59 20 50д о с т ы қ

Музыка. Бояуға арналған тапсырманы орындаған кезде С.Бәйтерековтің «Жан досым» әнін қосып қоюға болады. Әнді тыңдағаннан кейін оқушылардан әндегі достық қарым-қатынасты білдіретін сөздерді естеріне түсіруді сұраңызБағалау Оқушылар

– достық қарым-қатынастың маңыздылығын;– нағыз достың бойындағы жақсы қасиеттер туралы білді.Оқушылар– өз көзқарасын білдіруге;– бір-біріне және қоршаған ортаға құрметпен қарауға үйренді.Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:1. Достарыңа қандай сөздер айтпау қажет? (дөрекі, ренжітетін)2. Достар не үшін қажет? (жалғыз қалмау, кеңесу, қиын жағдайларда бір-біріне қолдау көрсету үшін және т.б.)3. Егер достары болмаса адам не істеуі қажет? (мінезін өзгерту қажет)

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Менің отбасымОтбасылық дәстүр

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі:

Page 30: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:«Отбасы» тақырыбының әлеуметтік мәселелерін қарастыруды, ұлттық дәстүрлер мен мерекелерді суреттеуді, «отбасылық шежіре», «отбасылық дәстүр» сөздерінің мағынасын түсінуді үйренy;

Оқушылардың басым бөлігі:дағдылы және мереке күндерінің айырмашылығын түсіндіре білу.

Кейбір оқушылар:Алған блімді тәжірибеде қолдана алады.Тірек сөздер: отбасы – cемья – family;

отбасылық шежіре – родословная – geneology;отбасылық дәстүрлер – семейные традиции – family traditions.

Ресурстар: Түймедақ суреті, рөлдік ойынға арналған үлестірме парақшалар, шежіре ағашы бейнеленген плакат, ашықхат жасауға арналған үлгілер, түрлі-түсті қағаз, желім.

Сабақтың мақсаты: 1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру1.1.1.2 отбасындағы өзге мүшелерге қатысты өзінің туыстық байланыстар жүйесіндегі орнын анықтау 1.1.6.1 отбасылық мерекелердің бірін сипаттау1.1.1.3 отбасы мүшелерінің арасындағы қамқор қарым-қатынастың маңызын түсіндіріп, мысалдар келтіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Әр адамның өмірінде отбасының маңызы зор. Адамға жалғыз өзі өмір сүру, қиындықтармен күресу қиындық келтіреді. Бір өзі өз табыстарына қуана алмайды. Отбасы ұғымы сүйіспеншілік және қамқорлық туралы алғашқы ізгі ниеттермен байланысты.Әр отбасында өз дәстүрлері болуы тиіс. Дәстүр– ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып және көзқарастар жиынтығы. Дәстүрлерге сонымен бірге отбасылық шежіре құру да жатады. «Шежіре – бұл бір тамырдан тарайтын ұрпақтар ағашы»,- деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жолдауында. Мұндай дәстүрлерге отбасылық мерекелер де жатады.

Сабақты «Түймедақ» ойнынан бастауыңызға болады. Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып қойыңыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге қатысты сөздерді жазуы тиіс. «Отбасы» тақырыбына әңгіме өткізіңіз.Сұрақтар қойыңыз: «Отбасының басқа адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?»Кел, талқылайық!• Суретте кімдер бейнеленген?• Бұл адамдарды біріктіретін не?Отбасы – ең жақын және туыс адамдар.Әр отбасында жақсы қарым-қатынас болуы өте маңызды. Отбасы мүшелерінОтбасылықдәстүрлербіріктіреді.

Менің отбасым. Оқушылардан өз отбасы,отбасындағы адамдардың қарым-қатынасы туралы айтуын сұраңыз.«Қонақжайлылық» ойынын өткізіңіз. Сынып оқушыларын 3-4 топқа бөліңіз. Әр топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар рөлдерін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін ойын өткізіледі және оны талқылайды. Әр топтың жақсы жақтарын

Page 31: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Отбасылық мерекелерді өткізу отбасы мүшелерін ұйымшыл етіп, қуаныш сыйлайды.Кейбір отбасыларында дастарқан басында бірге ас ішу, жоспарларды бірге талқылау, мәселелерді бірлесе шешу, киноға, табиғатқа бірге бару сияқты дәстүрлер қалыптасқан.Қазақ отбасыларында балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен бастап («Шілдехана тойы», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесер», «Тілашар» және т.б.) бүкіл өмір бойы баланың барлық қуаныштары аталып отырады.Тұсаукесер дәстүрінің пайда болу тарихы. Бұл дәстүр өте ертеде пайда болған және текқазақтарда ғана емес, сонымен бірге басқа да туыстас халықтарда да (қырғыз, алтайлықтар, хакастар) кездеседі. Ерте заманда әлемді жер үсті, жер асты және аспан әлемі деп үш бөлікке бөлген екен. Адам бұл әлемнің барлығында болып қайтуы тиіс екен. Нәрестенің жерасты әлемімен байланысы мықты болғаны сондай, оны өз бетімен үзе алмаған. Оған көмектесу қажет болған. Сол кезеңнен бастап тұсау кесуді жігерлі, рухы мықты адамға сеніп тапсырған. Тұсауды кесе отырып, ол жерасты әлемімен баланы байланыстырып тұратын соңғы жіпті кескендей болады. Бала содан кейін біздің әлемге алғашқы қадам жасайды!БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы 15 мамырда Халықаралық отбасы күні деп жариялады. Бұл күнді белгілеу туралы шешім әлем жұртшылығындағы көптеген отбасылық мәселелерге назар аудару үшін қабылданды.

айтыңыз: үлкендерге, қонақтарға құрмет көрсете алды ма, отбасы мүшелеріне назар аударды ма?Дәстүрлер. Оқушылардан өздеріне таныссуретті таңдауын сұраңыз («Шашу», «Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз өмірлерінде болған оқиғаларды әңгімелейді. Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.«Отбасылық шежіре» сөзінің мағынасын оқушылармен бірге ашыңыз. Оқушылардың назарын ағаштың суретіне аударыңыз. «Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын біліңіз. Сен білесің бе? Оқушылардың пікірін сұраңыз.Адамның өмірі, азамат ретінде қалыптасуы отбасынан басталатыны туралы түсінік беріңіз. Отбасы мәселелеріне көңіл бөлу үшін Халықаралық отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда да аталып өтіледі.Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға беріңіз.Оқушылар үшін өз ата-аналарының балалық шағы туралы білу қызықты болады. Олар өздері жүргізген бақылау нәтижелерін сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары оқушылар суреттерінде ата-аналарының бала кездерінде үлкендерге қалай көмектескенін, қандай ойындарды ойнағанын және қазіргі кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды ойнайтынын көрсетеді.Орындап көр. Оқушыларға ашықхат жасау үшінүлгілер таратып беріңіз. Өз жақын туыстарына тілек жазуды сұраңыз. Ашықхаттың арғы бетіне үй мекенжайын жазсын. Бұл келесі сабаққа арнап алдын ала берілген тапсырма болады.«Отбасылық шежіреге» туыстарыңның суреттерін желімде.

Page 32: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл күн қыркүйектің әр екінші жексенбісінде мерекеленеді.Сен білесің бе?15 мамыр – Халықаралық отбасы күні. Қазақстанда Отбасы күнін қыркүйекте мерекелейді.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Зертте. Оқушылардан Наурыз мерекесі туралы әңгімелеп беруді сұраңыз. Олар өз отбасында бұл мерекені қалай атап өтетіні туралы естеріне түсіріп, әңгімелеп беруі тиіс. Олардың әңгімесін тойда айтылатын тілектер, ұлттық тағам, киіз үй және т.б. туралы қосымша ақпаратпен толықтырыңыз. Наурыз мерекесінің тарихы туралы қысқаша түсінік беріңіз.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырма тілдік мақсатты іске асыруды көздейді.Оқушылар «ана», «әке», «әже», «ата», «аға», «іні», «әпке», «сіңілі» сөздерін үш тілде айта алады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Өнер. Оқушыларға өз отбасына қатысы бар заттардың суретін салуды ұсыныңыз. Олар күннің, кемпірқосақтың, ағаштың, үйдің және т.б. суретінсалуы мүмкін. Әр суретке атау беруге болады. Мысалы, «Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасымыз», «Отбасымыз – қорғанымыз», «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін!», «Әрқашан біргеміз» және т.б.АКТ. Қабілетті оқушыларға өз отбасы туралы шағын таныстырылым жасауды ұсыныңыз. Онда отбасы мүшелерінің суреттерін орналастыруға болады. Оқушылар суретке өз шежіре ағашын сала алады.Жауабы: Жеті күннен кейін.

Оқушыларға әшекейлі тізбек көмегімен өз отбасын бейнелеуді ұсыныңыз. Оқушылар түрлі-түсті қағаз жолақшаларына өз есімін, анасының, әкесінің, атасының, әжесінің, ағасының, әпкесінің есімдерін жазады. Әр жолақты сақина етіп бекітеді де барлық әшекейлі тізбектерді біріктіреді. Нәтижесінде отбасы шежіресі шығады. Әрқайсында қайталанбас өз отбасы бар екенін байқайды. Оқушылар бір-бірінің әшекейлі тізбектерін біріктіре алады. Оқушылардан барлық әшекейлі тізбектерді біріктірсе, не болатыны туралы тұжырым жасады сұраңыз.

Бағалау Оқушылар– отбасылық дәстүрлер туралы;– Наурыз мерекесі туралы білді;Оқушылар

Page 33: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

– өз отбасы шежіресін жасауды;– қонақжайлылық ережелерін сақтауды үйренді.«Тату-тәтті отбасы» ойыны Сенің анаңның анасы саған кім болады?(Нағашы әже). Менің анамның қызы, бірақ мен емес?(Әпке, сіңлі).Сенің әкеңнің әкесі? (Aта). Сенің әкеңнің ағасы саған кім болады?(Көке).Сенің әкеңнің әпкесі саған кім болады? (Әпке).

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Менің үйім Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:баспана түрлерімен танысу;Оқушылардың басым бөлігі:.«жайлылық» ұғымын түсіну;Кейбір оқушылар:өз үйіндегі бір бөлмені сипаттауды және сұлбасын салуды үйренy.

Тірек сөздер: баспана – жилище – house; жайлылық – уют – comfort; киіз үй – юрта – yurt.

Ресурстар: «Қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй» тақырыбына таныстырылым, «Үйшік» тапсырмасын орындауға арналған ағаш немесе пластмасса пішіндер, әртүрлі баспана суреттері (киіз үй, ағаш үй, лашық), киіз үй әбзелдерінің суреттері бар үлестірме парақшалар, ватман, түрлі-түсті қағаз, қайшы, үйшік түріндегі үлестірме парақшалар, киіз үй макеті.

Сабақтың мақсаты: 1.1.1.1 түрлі дереккөздерді зерттей отырып, «отбасы» ұғымын түсіну және мәнін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Үй дегеніміз не? «Үй» сөзі латынның «домус»деген

Тақтаға үлкен ватман қағазын іліңіз. Оқушылар сабақ барысында әр дұрыс жауап үшін үйді дайындауға қажетті «іргетас», «кірпіш»,

Page 34: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

сөзінен шыққан, бұл «баспана», «шаруашылық» дегенді білдіреді. Сондықтан адамдар өмір суретін, тіршілігін жасайтын мекенді үй деп атайды. Адам баласы үшін үй – баспана, қорған және жайлылық мекені.Дәстүрлі тұрғын үйлер. Үйді салған кезде

елдімекеннің табиғи

жағдайы есепке алынады.

Әр

халыққа тән тұрғын үйдің көптеген түрлері бар: Арабияда –шатыр, Америкада – вигвам, типи, хоган, Бразилияда – хижина (лашық), Гренландияда – иглу, Испанияда – пальясо, Қырғызстанда, Монғолияда – киіз үй, Қытайда – фанзай, Ресейде – изба (ағаш үй), Украинада – хата (там).Киіз үй. Қазақ халқы ерте заманда көшпелі тіршілікеткен. Олардың негізгі байлығы мал еді. Қазақ халқы малдан түрлі тағам өнімдерін және тұрмыстық заттар жасайтын материалдарды алған. Мал басының өсімі жайылым мен су көздерін ауыстыруға да байланысты болды. Мұндай жағдайда киіз үй көшпелі тіршілікке қолайлы болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған.

Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы

«шатыр» желімдейді. «Кірпіштерге» үйді сипаттайтын сөздер жазуға болады. Мысалы, жайлы, жарық, таза, кең, жылы, әдемі, биік және т.б.Бұрынғы және қазіргі баспана. Оқушылардыңназарын әртүрлі үй суреттеріне аударыңыз. Олар әр үй туралы не айта алады? Оқушылар қандай қорытынды жасайды? Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары туралы ақпаратпен толықтырыңыз. Олардан қандай үй түрлерінбілетінін анықтаңыз. Оларды салыстыруын сұраңыз. Оқушыларға

үйшік түріндегі үлестірмепарақшалар таратып беріңіз. Әр оқушы өз үйін сипаттайды. Оларды тақтаға немесе қабырғаға ілінеді.Мәтінді оқығаннан кейін киіз үй туралы білімдерін тексеріңіз. Оқушылар киіз үйді қайдан көргенін сұраңыз.

Жауабы: Суреттен, мерекелерде, ауылдық елді мекенде және т.б.

Сен білесің бе? Оқушылардан мәтінді оқып шығуын сұраңыз. Олармен бірге өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіріңіз. Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуына ықпал етеінін білуі қажет.

Зертте. Келесі тапсырманы орындау үшін киіз үйдегі заттардың неліктен қатаң тәртіппен орналасатыны туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушыларға киіз үйдегі заттардың орналасу реті туралы сұрақ қойыңыз. Олардың назарын киіз үйдегі әр заттың белгіленген орында орналасуының белгілі бір мәнге ие екеніне аударыңыз. Киіз үй үлгісін және бірнеше заттардың (сандық, кебеже, дөңгелек үстел, ошақ) суреттерін алыңыз. Оқушылар оларды орналастырады. Содан кейін киіз үйдегі заттардың дұрыс орналасу тәртібі туралы таныстырылымды көрсетіңіз.

Жауабы: Киіз үйде бос орын аз. Үй іші таза және жайлы болуы үшін заттарды орналастыруда қатаң тәртіп сақтау қажет болған.

Балаға көмектес. Оқушылардан бала неліктен өз портфелін таба алмай жатқанын сұраңыз. Оқушылар балаға мінездеме береді. Бұл тапсырманы қорытындылай отырып, оқушылар өз үйлерінде тазалық пен тәртіпті қалай сақтайтынын әңгімелейді. «Жайлылық» және «өзіне-өзі қызмет көрсету» ұғымдарын түсіндіріңіз.Үйдегі жайлылық – бұл тек тазалық, тәртіп қана емес, сонымен бірге үйдегі жандар жылы ерекше жағдай. Үйдегі тәртіпті отбасының әр мүшесі сақтауы тиіс. Өзіне қызмет көрсету – бұл жайлылық пен тазалық сақтауға бағытталған қызмет түрі.

Page 35: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты керегемен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді.

Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады.

Анықта. Бұл айдар оқушылардың «мекенжай» ұғымы бойынша білімін анықтауға көмектеседі. Бұл тапсырманы сыныпта немесе үйде өз бетімен орындайды. Тапсырма оқушылардың өз мекенжайларын дұрыс айту және жазу дағдысын бекітеді.

Орындап көр. Оқушыларға түрлі түсті геометриялық фигуралардан үй құрастыруға тапсырма беріңіз. Үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы, сопақ фигураларды қолдануға болады. Оқушылардан бұл фигураларды атап, санап шығуын сұраңыз.

Сабақ соңында оқушылардың назарын өздері бірге құрастырған үйге аударыңыз.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Түрлі-түсті геометриялық фигуралардан үйшік құрастыр. Қандай фигура түрлерін қолдандың? Оларды ата және сана.

Тақтаға киіз үйдің және лашықтың суреттерін іліңіз. Оқушылар әр үйшікке тиісті сөздер жазылған үлестірме парақшаларды орналастыруы тиіс. Олар үш тілдегі мағынасы бір сөздерді тауып, орналастырады. Тірек сөздерге осы тақырып бойынша басқа сөздерді де қосуға болады. Мысалы,үстел – стол – table кілем – ковер – carpetтеледидар – телевизор – television гүлдер – цветы – flowers.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. Оқушылардан үйлерінде қандай өсімдіктердің бар екенін сұраңыз. Сынып

Оқушыларға «Дүкенде» рөлдік ойынын ойнауды ұсыныңыз. Олар сатушы және сатып алушы рөлдерінде ойнасын. Бағалау критериі:

Page 36: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

бөлмесінде тұрған өсімдіктерге назар аудартыңыз. Оқушылардың бөлме өсімдіктерінің маңызы туралы білімін тексеріңіз.АКТ. Оқушылардан интернеттен әлемнің ең ерекше үйлерін табуды сұраңыз: ұлу қабыршағы тәрізді үй, автомобиль сипатындағы үй, ойық үй және т.б. Қабілеті жоғары оқушылар өздерінің ерекше үйлерін ойлап тауып, ауызша сипаттап беруіне болады.Өнер. Жұмыс дәптеріндегі тапсырма картографиялық қызмет дағдыларын дамыта түседі. Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін бекітеді.

дүкенде өзін дұрыс ұстай білу дағдысының қалыптасуы (тауарды дұрыс сатып алу, сатушымен дұрыс есеп айырысу). Алдын ала қағаз ақшалар жайындап қойып, есептесу дағдыларын үйретуге болады.

Сен не білдің?

Сұрақтарға жауап бер

• Достық дегеніміз не?

• Кімді нағыз дос деуге болады?

• Отбасы дегеніміз не?

• Қандай отбасылық дәстүрлер бар?

• Үйдің қандай түрлері болады?

• «Үйдегі жайлылық» ұғымы нені білдіреді?

Бағалау Оқушылар– үйлердің көптеген түрлері болатынын;– қазақтардың дәстүрлі баспанасы – киіз үй екенін;– үй ішіндегі жайлылық туралы;– үй мекенжайын дұрыс жазу реті туралы білді;Оқушылар– ертедегі және қазіргі үй түрлерін салыстыруды;– өз бөлмесін сипаттауды;– өз бөлмесінің сұлбасын сызуды үйренді.Оқушыларға сөйлемдерді толықтыруға тапсырмаберіңіз.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Page 37: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабақ тақырыбы: Бізді қоршаған әлемБағдарлауды үйренеміз

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:көкжиек тұстарымен (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс) танысады;• Оқушылардың басым бөлігі:.көкжиек тұстарын тұсбағдар көмегімен анықтауды үйренеді.• Кейбір оқушылар:көкжиек тұстарын тұсбағдар көмегімен анықтауды үйренеді.

Тірек сөздер: көкжиек – горизонт – horizon; тұсбағдар – компас – compass; солтүстік–С – север – С – North– N; оңтүстік–О – юг– Ю – South– S; шығыс–Ш – восток –В – East– E; батыс–Б – запад –З – West– W.

Ресурстар: Тұсбағдар, қол сағаты, флипчарт, көкжиек атаулары (С, О, Б, Ш) жазылған үлестірме парақшалар, «Сағат бойынша қалай бағдарлауға болады?» бейнежазбасы.

Сабақтың мақсаты: 1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік көкжиек деп аталады. Аспан мен жер беті жанасып тұрғандай болып көрінетін шекара көкжиек сызығы деп аталады. Көкжиек тұстарын яғни, солтүстікті, оңтүстікті, батыс пен шығысты таба білу бағдарлау деп аталады. Адамдар ерте кезден табиғат белгілері бойынша бағдарлауға үйренген. Мысалы, күн үнемі шығыстан көтеріліп, батыста батады. Тал түсте күн әрқашан оңтүстік бағыттаболады. Қатты жел соғып тұрған қарама-қарсы бағыт солтүстік деп аталады. Бұл көкжиектің негізгі тұстары.

Көкжиек тұстарын күн және сағат бойынша анықтау.

Көкжиек тұстарын күн және сағат бойынша анықтау үшін бетіңізді күнге қаратыңыз. Сағаттың тілі күнге бағытталатындай орналастырыңыз. Сағат тілі мен қысқы уақыт бойынша «1» саны немесе жазғы уақыт бойынша «2» саны арасындағы сызық оңтүстікті көрсетеді.

Сабақты мектеп ауласында өткізген дұрыс. Оқушыларға айналасына қарауды ұсыныңыз. Оқушылар көргендерін сипаттап жазады.

Не көріп тұрсың? Оқушылардың назарыноқулықтағы 1-суретке аударыңыз. Олардан сұрақтарға жауап беріп, суретке ат қоюын сұраңыз. Оқушылар «көкжиек» сөзінің мағынасын қалай түсінетінін айтсын. Жауаптарын тыңдаңыз. Айналада көріп тұрған кеңістік көкжиек екенін түсіндіріңіз. Оқушылардың біріне оқулықтағы 1-мәтінді оқуды ұсыныңыз.

Тұсбағдар және сағат. Бұл тапсырманы топтаөткізіңіз. Ол үшін оқушыларға көкжиек тұстарының атауы жазылған үлестірме парақшаларды таратыңыз. Оқушылар таңдап алынған үлестірме парақшаларына сәйкес топтарға бөлінеді. Оқушылардың назарын оқулықтағы суретке аударыңыз (егер мүмкіндік болса, әр топқа тұсбағдар мен қол сағатын таратыңыз). Олардан бұл заттардың

Page 38: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Егер мүмкіндік болса, оқушыларға көрсетіңіз.

Көкжиек тұстарын тұсбағдар бойынша анықтау.

Көкжиек тұстары мен қозғалыс бағытын жылдың кез келген уақытында тұсбағдармен анықтауға болады. Ол тіпті табиғатқа шағын саяхат жасаған кезде де қажет. Тұсбағдардың негізгі бөлігі – магнитті тілі. Ол өз осі бойынша еркін айналады. Тұсбағдардың тілі сыртқабатының ішінде орналасқан. Онда С, О, Б, Ш бөліктері көрсетілген шеңбер бар. Тұсбағдар бойынша бағытты дұрыс анықтау үшін оны тегіс жер бетіне қою қажет. Сақтандырғышын тартып, аспаптың көк ұшы солтүстікті көрсететіндей етіп бұрыңыз.

арасында қандай ұқсастық бар екенін сұраңыз. Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінмен танысуды ұсыныңыз.

Сен білесің бе? Оқушыларға тұсбағдарсызжергілікті жерде бағдарлаудың көптеген тәсілдері бар екенін айтыңыз. Тұсбағдар өсімдігі бар екенін, оның жапырақтары солтүстіктен оңтүстікке қарай орналасатынын айтыңыз. Осындай өсімдіктердің бірі – сүтшөп (латук). Оның жапырақтары қырымен орналасады және ұштары солтүстік пен оңтүстікті көрсетіп тұрады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің емдік қасиеттері туралы ақпаратты да айтыңыз. Оқушылардан 3-суретке қарауын және айдар мәтінін оқуын сұраңыз.

Не байқадың?• Суретке мұқият қара.• Суретке ат қой.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Орындап көр. Бұл тапсырма тұсбағдарды қолдана отырып, жергілікті жерде бағдарлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Деректі материалды қолдана отырып, оқушыларға тұсбағдарды қалай қолдануға болатынын түсіндіріңіз. Әр топқа солтүстікте, оңтүстікте, батыста және шығыста орналасқан нысандарды (ғимараттар, тұрғын үйлер, дүкендер, саябақтар) анықтауға тапсырма беріңіз.

Бұл сабақта оқушылар бірқатар жаңа ұғымдармен алғаш рет танысады, сондықтан да оқушылардың үш тілдегі тірек сөздерді тыңдауына және айтуына назар аударыңыз. Тірек сөздерді естерінде жақсы сақтауы үшін «Есте сақта» ойынын өткізіңіз. Бұл ойын үшін көкжиек тұстарының атауы көрсетілген үлестірме парақшаларды қолданыңыз. Оқушы тірек сөздердің біреуін қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде айтады және өзінен сол жағында тұрған оқушының есімін қосады. Ол өз кезегінде бұл сөзді басқа тілде айтады. Осылайша, оқушылар үш тілде барлық тірек сөздерді айтып шығуы тиіс.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. Оқушылар тұсбағдар өсімдік – сүтшөп (латук) туралы мәлімет алады.

Өнер. Жұмыс дәптерінде оқушылар үйдің айналасында

«Шатастырма!» ойынын өткізіңіз. Алдын ала әріптер дайындап алыңыз. Оқушылар бірден сөзді қай тілде бастау қажет екенін түсіне алуы тиіс. Әріптер белгілі бір түсте болуы қажет: қазақ тілінде – жасыл, орыс тілінде – сары, ағылшын тілінде – қоңыр.

Page 39: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

орналасқан заттардың суретін салады және бояйды.

Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Оларға әріптердің біреуін көрсетіңіз. Мысалы, «С» әрпі жасыл түсті. Бірінші оқушы «солтүстік» сөзін қазақ тілінде айтады, келесі оқушылар бұл сөздерді орыс және ағылшын тілдерінде айтады. Барлық сөздерді дұрыс және тез айтқан топ жеңеді. Ойын тірек сөздерді еске сақтауға көмектеседі, сонымен қатар оқушыларды мұқият болуға үйретеді.Тұсбағдарды қолдана отырып, тәжірибелік дағдыларын бекіту мақсатында оқушыларға өз үйінің қалай орналасқанын анықтауға тапсырма беріңіз.

БағалауОқушылар–– көкжиек және оның тұстары – солтүстік, оңтүстік, батыс,

шығыс туралы;–– тұсбағдардың көмегімен және жергілікті жер белгілері

бойынша бағдарлау тәсілдері туралы білді.Оқушылар–– тұсбағдарды пайдалануды; –– нысандардың бағытын анықтауды;–– тірек сөздерді дұрыс қолдануды үйренді.Блиц-сауалнама (әр оқушыға арналған үлестірме парақшалардағы кестеде). Әр жауаптан кейін дұрыс болса (+) белгісін, бұрыс болса (-) белгісін қою қажет.1. Көкжиек – бұл айналамыздағы көрінетін жер. (+)2. Бағдарлау үшін 5 негізгі көкжиек тұстары қолданылады. (-)3. Тұсбағдар – көкжиек тұстарын анықтауға арналған құрал. (+)4. Тұсбағдардың көк (жасыл) тілі оңтүстікті көрсетеді. (-)5. Тұсбағдар адаспау үшін қажет. (+)6. Күн әрқашан шығыстан атады. (+)7. Тал түсте күн солтүстікте болады. (-)

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Page 40: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабақ тақырыбы: Сұлба және карта Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:сұлба мен карта туралы білy, олардың ерекшеліктерімен танысy;• Оқушылардың басым бөлігі:шартты белгілерді ажыратуды үйренy;сұлбалы картамен жұмыс істеуді үйренy• Кейбір оқушылар:

Тірек сөздер: cұлба – план – plan; карта – карта – map;шартты белгілер – условные знаки – conventional signs.

Ресурстар: Флипчарт, жергілікті жердің сұлбасы, шартты белгілер көрсетілген үлестірме парақшалар, карта, «Достарымның мекенжайы» ойынына арналған кестелері бар үлестірме парақшалар. «Шартты белгілер» тапсырмасын орындау үшін А3, А4 көлеміндегі суреттер (үй, өзен, көпір, орман және т.б.), қабырғаға ілінетін Қазақстан картасы, А4 көлеміндегі Қазақстанның контур картасы (оқушылардың санына қарай), Ш.Уәлихановтың портреті.

Сабақтың мақсаты: 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Жергілікті жер сұлбасы – бұл аумағы жағынан шағын жер телімінің кішірейтілген көрінісі. Сұлба арқылы біз белгілі бір жердің ерекшеліктерін, сондай-ақ ондағы заттар мен нысандардың орналасу ерекшелігін білеміз. Жергілікті жер сұлбасын қарап отырып, биіктігі әртүрлі ғимараттардың онда бірдей етіп түсірілгенін байқаймыз. Яғни барлық заттардың пішіндері сұлбада төбесінен көргендей бейнеленеді. Жергілікті жер сұлбасыадамдардың күнделікті тіршілігінде қажет. Көбінесе сұлбаны құрылыс жұмыстарында қолданады. Жергілікті жер сұлбасын көбінесе фермерлер жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игерген кезде және егін егу жұмыстарымен

Сабақты «Достарымның мекенжайы» ойынынан бастасаңыз болады. Оқушылар алдын ала дайындалған кестелерден сынып оқушыларының мекенжайы (көшесі, үйі) туралы ақпарат жинайды. Қай оқушы көбірек ақпарат жинайтын болса, сол жеңеді. Оқушылардан жолда адаспау үшін оларға не көмектесетінін сұраңыз.Саяхатшы Арман мен Айша. Оқушыларғаоқулықтағы 1-суретке қарауын сұраңыз. Олардың назарын Арман мен Айшаның қолындағы жергілікті жер сұлбасына аударыңыз. Оқушылармен бірге нысандардың суретін талдаңыз, оларға бұл нысандар сұлбада шартты белгілермен

көрсетілгенін түсіндіріңіз. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз.

Шартты белгілер. Бұл тапсырманы орындау үшіншартты белгілер салынған үлестірме парақшаларды қолдана отырып, ойын ұйымдастырсаңыз болады. Әр топқа «үй», «орман», «көпір», «өзен» және т.б. шартты белгілерін 5-6 данадан үлестіріңіз. Оқушылар онда бейнеленген нысанды және қандай түстердің қолданылғанын айтады. Мұғалімнің белгісі бойынша олар шартты белгілерді кабинетте ілініп тасталған

Page 41: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

айналысқан кезде қолданады. Сонымен қатар саяхатшы жергілікті жер сұлбасын саяхат жасау кезінде қолданады. Ерте заманнан ақпарат берудің бір тәсілі карта болатын. Карталарды ел билеушілер әскери жорыққа шығу үшін пайдаланды. Олар картаның көмегімен дұрыс бағытпен жүріп отырды. Бірақ ол кезеңде көптеген карталар дәл көрсетпейтін еді. Географиялық білім алу үшін адамдар қиын және қауіпті саяхаттарға шығып отырды.Отандық және дүниежүзілік ғылымға өз үлесін қосқан көрнекті ғалым Ш.Уәлиханов болатын. Өжет саяхатшы және қажымас зерттеуші Ш.Уәлиханов қиындықтарға, қауіптерге толы Қашқарияға, Шығыс Түркістанға сапарына шықты. Ол еуропа ғылымы үшін Қашқарияны ашқан тұңғыш ғалым болды.Ұзақ уақыт бойы Қытайдың Шығыс бөлігі ғылым үшін құпия еді. Көп адам бұл жерлерге бара алмайтын. Оның ғылыми ерлігі Ресей және басқа да елдердің ғалымдарының назарын аударды. Ш. Уәлихановтың еңбектері Лондонда, Берлинде басып шығарылды.Тұңғыш қазақ ғалымы Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі мен еңбектерін орыс және әлем жұртшылығы кеңінен таныды. Туған еліне деген сүйіспеншілік, халықпен тығыз байланыс оған бірнеше жылға ілгері ойлануына мүмкіндік берді.

суреттермен тез сәйкестендіруі тиіс. Қабілеті жоғары оқушыларға өз шартты белгілерін ойлап табуға ұсыныс беріңіз.Карта. Оқушылар оқулықтан Қазақстан картасынқарап, ол жерден Астананы табады. Оларға сұлба мен картаны салыстыруға, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтауға тапсырма беріңіз. Салыстыру үшін Венн диаграммасынқолданыңыз. Оқушылар оқулықтағы 2-мәтінді оқиды.Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшіноқушыларға сұлбалы карта таратыңыз. Қабырғада ілінген картаға қарап, сұлбалы картаны бояуға тапсырма беріңіз. Оқушылар картадан өз қаласын (ауылын) тауып, атауын сұлбалы картаға түсірсін.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Мен кіммін? Оқушыларға Сабақ барысында оқушылар тірек сөздерді қолдана

Page 42: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Ш.Уәлихановтың портретін көрсетіңіз. Оларға бұл адам туралы не білетінін анықтаңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Оқушылар өз бетімен көрнекті тарихи қайраткер туралы айдардың мәтінін оқып шықсын. Оқылған ақпаратты деректі материалдардан алынатын ақпаратпен толықтырыңыз. Ш.Уәлихановтың нағыз отансүйгіш тұлға болғанын және өз халқының игілігі үшін көп қызмет атқарғанын ерекше атап кетіңіз.

отырып, сұрақтарға жауап береді, сөйлемдер құрайды, өз көзқарастарын білдіреді. Тірек сөздер оқушылар үшін жаңа, сол себепті бұл сөздерді 3 тілде хормен дауыстап айтқызыңыз. Қабілеті жоғары оқушылар тірек сөздермен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлемдер құрай алады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Математика. Оқушыларға Қазақстан картасындағы қалаларды (облыс орталықтарын) санауға тапсырма беріңіз.

Өнер. Жұмыс дәптеріндегі 2-тапсырманы орындау «Өнер» пәнімен пәнаралық байланысты жүзеге асыруға көмектеседі.

АКТ. Оқушылар интернеттен ежелгі карталарды, теңізшілер картасын және т.б. таба алады. Тапқан мәліметтерін қолдана отырып, арнайы плакаттар жасайды.

«Картаны жылдам салып үйренеміз» ойынын өткізіңіз.

Оқушыларды 4-5 шағын топтарға бөліңіз. Тақтаға жергілікті жер сұлбасын іліңіз. Топтың бір оқушысы «суретші» (ол тақтаға арқасын қаратып отырады), қалғандары «көмекшілері». Көмекшілер сұлбаның элементтерін естеріне сақтап, суретшіге дұрыс жеткізуге тырысады. Әр оқушы сұлбаны 30 сек. қарайды да, суретшінің жанына барып, не салу қажет екенін түсіндіреді. Ойын суретші сұлбаны толық салып болғанға дейін жалғасады. Оқушылар жұмыстарын өзара тексеріп, бағалай алады.

БағалауОқушылар

–– жергілікті жер сұлбасы мен картасын; –– қазақтың көрнекті ағартушы ғалымының есімін; –– сұлбалы картаның неге арналғанын білді.

Оқушылар

–– жергілікті жердің қарапайым сұлбасын сызуды; –– сұлба мен картаны ажыратуды; –– шартты белгілерді қолдануды; –– сұлбалы картамен жұмыс істеуді;

–– тірек сөздерді үш тілде дұрыс қолдануды үйренді.

Page 43: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға мынадай тапсырма беруге болады. Сөз және оның мағынасы арасын сызықпен қос.Карта Шағын жер телімінің суреті

Жергілікті жердің Географиялық нысандардың

сұлбасы кескіні көрсетілген оқу

картасы

Шартты белгілер Жер бетінің кішірейтілген

көрінісі

Сұлбалы карта Жергілікті жер мен

картадағы нысандарды

көрсететін белгілер

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Қала мен ауыл Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:қала және ауыл тіршілігімен танысy;• Оқушылардың басым бөлігі:.өз туған өлкесін сипаттауды үйренy

• Кейбір оқушылар:жергілікті жердегі көрікті орындармен танысу.

Тірек сөздер: қала – город – city;ауыл – село (деревня) – village;көрікті жерлер – достопримечательность – sights.

Ресурстар: Мультимедиапроектор, компьютер, флипчарт, қала және ауыл суреттері, қала және ауыл туралы таныстырылым, «қала», «ауыл»,

Page 44: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

«қала тұрғыны», «ауыл тұрғыны» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, Орал қаласындағы кеме шығаратын зауыттың фотосуреті, оқушылар тұратын ауылдағы немесе қаладағы орталық көшенің фотосуреттері.

Сабақтың мақсаты: 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау1.2.1.1 жергілікті белгілер бойынша көкжиек тұстарын анықтау 1.1.3.1 өз мекенжайын атау және елді мекенінің географиялық орналасқан жерін сипаттау1.1.3.2 өзі тұратын елді мекеннің басты көшесін, ғимараттарын және көрнекі жерлерін сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қазақстанда қала мәртебесіне ие 86 елді мекен бар. Олардың 14-і – облыс орталықтары, екеуі - республикалық маңызы бар қала. Республика тұрғындарының 56%-ы қалаларда шоғырланған. Елімізде барлығы 2500-ден астам ауыл аймақтар бар.

Қала – бұл ірі елді мекен. Бұл дамыған шаруашылық, экономика, мәдениет пен әкімшілік басқару орталығы. Қаладағы адамдар өнеркәсіп өндірісі нысандарында: зауыттар мен фабрикаларда жұмыс істейді. Ғылыммен, біліммен,

спортпен айналысады. Қалада көптеген мәдениет орындары – театрлар, мұражайлар, концерт залдары көп. Қала ауыл тұрғындарын көлік түрлерімен, тұтыну тауарларымен, тұрмыстық техникамен, киіммен қамтамасыз етеді. Ертеде адамдар соғыс уақытында жаудан қорғану үшін жасалған, қоршаумен қоршалған бекіністі қала деп атаған.

Ауыл – шағын елді мекен. Ауыл тұрғындары негізінен ауыл шаруашылығымен айналысады. Қазақстанда ауыл шаруашылығына басты назар аударылады. Біздің ел әлемдік астық экспорттаушылар ондығына кіреді және ұн экспорты бойынша озық елдердің бірі болып табылады. Солтүстіктегі егіс алқаптарының 70%-

Сабақты «Ауыл немесе қала» тапсырмасын орындаудан бастаңыз. Бұл тапсырманы топта орындауға болады. Оқушыларға қала мен ауыл фотосуреттерін араластырып, таратыңыз. Әр суретте не бейнеленгенін анықтауы тиіс. Әр топ фотосуреттерді ауыл және қала деп екі топқа бөледі. Оқушыларға мынадай сұрақтар қойыңыз:

«Қала мен ауылды қалай анықтадыңдар?» «Қала мен ауылдың қандай ұқсастығы бар?»

Қала туралы әңгімеле. Оқушыларға оқулықтағы1-суретке мұқият қарауға тапсырма беріңіз. Сұрақтарға жауап берсін. Содан кейін 1-мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.

Ауыл туралы әңгімеле. Оқулықтағы сұрақтардықолдана отырып, суреттер бойынша әңгіме өткізіңіз. Қосымша мынадай сұрақтар қойыңыз:

«Кімдерді қалалық деп атайды?» «Ауыл тұрғындары немен айналысады?» «Сенің қайда тұрғың келеді? Неліктен?»

Оқушылардың жауаптарын қала және ауыл туралы ақпаратпен толықтырыңыз. Оқушыларға мәтінді оқуға беріңіз. Қабілеті жоғары оқушыларға қала мен ауыл арасындағы байланысты анықтауға тапсырма беріңіз. Олар күнделікті өмірден мысалдар келтірсін. Оқушылардың назарын қалада

Page 45: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

ында астық және техникалық дақылдары – бидай, арпа, тары өсіріледі. Еліміздің оңтүстігінде күріш, мақта, темекі өсіреді. Қазақстан бау-бақша өсімдіктерімен танымал. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының озық саласы болып табылады.

Оның негізгі бағыттары – ірі қара мал, жылқы, түйе және қой өсіру. Республикада сонымен қатар құс және балық шаруашылығы дамыған. Ежелден ауыл ұлттық салт-дәстүрлерді, шежірелер мен ұлттық мәдениет ерекшеліктерін сақтайтын жер болып саналған.

Оралдағы кеме шығаратын зауыт 1941 жылы құрылды. 1921 жылы Ленинград қаласында негізі қаланды. Бастапқыда зауыт әскери қажеттілік үшін салынған болатын. 1996 жылдан бастап зауыт «Зенит» Орал зауыты акционерлік қоғамы деп аталады.

Ауылда өсімдік түрлерін өсіреді, үй жануарларынасырайды. Алынған өнімдерді дүкендерге жеткізеді. Ауылда ферма, егістік, бау-бақша бар

Әр қала мен ауылда көрікті жерлер бар. Бұл ең әдемі және ерекше жерлер.

театрлар, фабрикалар, зауыттар, ойын-сауық орталықтары бар екеніне аударыңыз. Оқушылардан Қазақстанның қандай қалаларына барғысы келетінін сұраңыз. Мәдениет орындарында тәртіп және тазалық сақтау, жолдардағы қауіпсіздік туралы әңгіме өткізіңіз. Қажетті көшелерді іздеудің қазіргі заманғы тәсілдері – жергілікті жер сұлбасы, навигатор және т.б. туралы әңгімелеп беріңіз. Интерактивті тақтадан спутниктік байланыс көмегімен өз туған өлкесін, өзі барғысы келген жерлерді қалай анықтауға болатынын көрсетіңіз.

Сен білесің бе? Оқушыларға Орал қаласындағыкеме зауытының фотосуреттерін көрсетіңіз. Суретке қатысты бір-бір сұрақ ойлап тауып, параққа жазуды ұсыныңыз. Олардың жұмыстарын тексеріңіз. Қызықты сұрақтарды дауыстап оқуын сұраңыз. Айдардың мәтінін оқытыңыз. Оны деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырыңыз.

Орындап көр. Оқушыларды екі топқа бөліңіз.Бірінші топ қала туралы, ал екінші топ ауыл туралы жарнама дайындайды. Оқушыларға жарнама жанрының ерекшеліктерін естеріне салыңыз. Оқушылар өз жарнамалық жобаларында қаладағы, ауылдағы көрікті жерлерге басты назар аударсын. Қажетті сөздерді таңдауға көмектесіңіз. Туған өлкесіне деген патриоттық сезмді дамыту мақсатында оқушылар туған қаласын, ауылын гүлдендіру үшін не істеу керектігі туралы әңгімелеп берсін. Оқушыларға оқулық мәтінін оқуға беріңіз.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Зертте. Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топқа өз қалаңыздағы немесе ауылыңыздағы орталық көшенің фотосуреттерін, көшедегі ғимараттарды, көшелердің атаулары жазылған үлестірме парақшалар жинағын таратып беріңіз. Оқу жоспарындағы

Оқушылармен «Екі жұлдыз, бір тілек» ойынын өткізіңіз. Оқушылар ауылдың немесе қаланың екі жақсы көретін және бір ұнатпайтын жағын атайды. Бұл жерде «қала», «ауыл», «көрікті жер» сөздерін үш тілде айтады.

Page 46: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

«Диалогқа және жазуға арналған пайдалы сөз орамдар тобын» (көпір, дәмхана, кинотеатр, фабрика/зауыт, әкімшілік ғимарат, тұрғын үй, ескерткіш, мешіт, шіркеу, мұражай, кеңсе, саяжай, жол, дүкен, көрікті жер, мүсін, театр) қолданыңыз. Оқушылар бірнеше минут ішінде сөздер жазылған үлестірме парақшаларды тиісті фотосуреттерге орналастыруы тиіс. Үлестірме парақшаларды дұрыс орналастырып, тапсырманы тез орындаған топ жеңеді.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. Қалада және ауылда қандай өсімдік түрлері кездесетіні, ауылдық жерлерде қандай мал түрлері өсірілетіні туралы әңгімелесіңіз. Оқушылар өз тәжірибесіне сүйене отырып, әңгімелеп бере алады.

Математика. Оқушылардан алдыңғы тапсырмада айтылған ауылдағы үй жануарлары мен дақыл түрлерін санап шығуын сұраңыз.

АКТ. Қабілеті жоғары оқушыларға интернеттен Қазақстанның бұрынғы кезеңнен бастап, қазірге дейінгі қалалары туралы материал табуға ұсыныс беріңіз. Деректерді кестеде қала атауын бірінші бағанға, көрікті жерлердің атауын екінші бағанға орналастыруды ұсыныңыз.

«Ойлан, тап!» ойынын өткізіңіз. Бірінші оқушы ойынды бастап, көршінің құлағына ауылдағы бір үй жануарының атауын сыбырлап айтады. Келесі оқушы бұл жануарды сипаттайды, оқушылар оны табуы қажет. Кім жауабын тапса, сол ойынды жаңадан бастайды.

Бағалау№ Белгілері «Қ» - «А»

1. Көп қабатты үйлер Қ

2. Университеттер, колледждер

3. Қосалқы шаруашылық

4. Зауыттар мен фабрикалар

5. Бау-бақша

6. Омарта

Оқушылар–– қала мен ауыл ерекшеліктері туралы; –– өз қаласындағы, аулындағы көрікті жерлертуралы; –– қала мен ауыл арасындағы байланыс туралы білді.

Оқушылар–– өз туған өлкесін сипаттауды; –– алған ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді

үйренді.

Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға мынадай тапсырма беруге болады. Ұсынылған нысандар тізімінен қалаға және ауылға тән белгілерді тауып, қаланы «Қ» әрпімен, ауылды «А» әрпімен белгілеуі тиіс.

Page 47: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Ауа райы деген не?Мен қайда тұрамын?

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:өзіне тән белгілері бойынша жыл мезгілдерін анықтауды және салыстыруды үйренy;• Оқушылардың басым бөлігі:.ауа температурасын термометрмен өлшеуді үйренy.• Кейбір оқушылар:ауа температурасын термометрмен өлшеуді үйренy.

Тірек сөздер: ауа райы – погода – weather;жыл мезгілдері – времена года – seasons; қыс – зима – winter;көктем – весна – spring; күз – осень – autumn; жаз – лето – summer.

Ресурстар: Мультимедиапроектор, термометр, жыл мезгілдерінің суреттері, П.И.Чайковскийдің «Қыс» шығармасының дыбыстық жазбасы, оқушылардың санына қарай жыл мезгілдерінің атаулары жазылған үлестірме парақшалар, шартты белгілері бар плакат, А4 көлеміндегі қағазға шығарылған Қазақстан картасы, желдеткіш, фен.

Сабақтың мақсаты: 1.2.2.1 ауа-райының адамға және оның іс-әрекетіне әсерін анықтау 1.2.3.1 жыл мезгілдеріне орай табиғатта бос уақытты өткізу мүмкіндіктерін анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Жыл мезгілдері – бұл жылдық цикл шартты түрде бөлінген төрт кезең. Әр жыл мезгілі белгілі бір ауа райымен және

Сабақты П.И.Чайковскийдің «Қыс» шығармасын тыңдаудан бастаңыз. Оқушылардан әуенді тыңдап, терезеге қарауын сұраңыз (бұл сабақ қыста өткізіледі). Олардан сазгер бұл әуенді жазған кезде не туралы ойлағанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және бұл шығарма «Қыс» деп аталатынын айтыңыз.

Page 48: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

табиғи өзгерістермен сипатталады. Ауа райы – қысқа уақыт мерзімі аралығында сол немесе басқа жерде болған атмосфералық жағдай. Ауа райы шуақты, жаңбырлы, желді, қарлы болады.Ертеде қазақ халқының шаруашылық қызметінде табиғат құбылыстарын мерзімді бақылаудың тәжірибелік мәні зор болған. Көшпенді шаруашылық табиғат құбылыстарының мерзімділігін түсінуді және уақыт есебін білуді талап етті. XVI- XVII ғ. халық арасында метрологиямен және уақыт есебімен айналысатын кәсіпқой есепшілер болды. Олардың кәсіптері әкеден балаға беріліп отырды. Есепшіде көптеген ұрпақтар тәжірибесі болды, жылдан жылға бақылаулар жасап тұрды, маусымдық жұмыстар үшін бір жерден екінші жерге көшу уақытын анықтады, ауа райы болжамын жасады, қазақ халық күнтізбесінің толық жылдарын белгіледі.

Барлық халықта ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын көптеген ауа райы болжамдары бар. Бұл көптеген адамдардың шаруа қожалықтарын жүргізуімен байланысты және үйдегі әл-ауқат және береке ауа райына байланысты болды. Осындай болжамдарға мыналар жатады: Егер жаңбыр немесе боран жұмаға қарай басталса, онда ол келесі жұмаға дейін

Чайковскийдің «Жыл мезгілдері» шығармасы – бұл сазгердің оның жүрегіне жақын өмір кезеңдерін, кездесулер мен табиғат суреттерін бейнелейтін музыкалық күнделігі.Табиғат құбылыстары. Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс. Ол үшін оқушыларға жыл мезгілдерінің суреті бейнеленген үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Осылайша сізде 4 топ құрылады. Әр топ жыл мезгілінің біреуін сипаттайды. Оқушыларға оқулықтағы суреттерді қарауға ұсыныңыз. Жауап бергенде олардың назарын өз өмірлік тәжірибесін қолдануға болатынына аударыңыз. Топ кем дегенде 5 құбылысты анықтауы қажет.Күз: 1) жаңбыр жауып тұр; 2) жапырақтар түсе бастады; 3) жел соғып жатыр; 4) құстар жылы жаққа ұшып кетеді; 5) суытады.Көктем: 1) қар ериді; 2) жылғаларданағады; 3) ағаштар бүршік жарады; 4) бәйшешектер өсіп шығады; 5) жыл құстары ұшып келеді.Қыс: 1) қар жауып тұр; 2) аязды күндер басталды; 3) тайғақ; 4) ұйқы басатын кез; 5) ағаштарда жапырақтар жоқ.Жаз: 1) ыстық; 2) айналада барлығы гүлденеді; 3) құстар сайрайды; 4) барлығы шомылып жүр; 6) масалар шағады.Барлық топтардың жауаптарын тыңдаңыз. Жақсы жұмыстарды атаңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз.Зертте. Бұл айдар тапсырмасын «Қимыл» ойыны түрінде өткізсеңіз болады. Оқушыларға адамдардың әр жыл мезгілінде әртүрлі ойындар ойлап тапқанын айтыңыз. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беруін ұсыныңыз. Ол үшін оқушылар өзсүйікті ойындарын қимылмен және ыммен көрсетуі тиіс.Жауабы: Қыс – шаңғы, коньки, шана тебу, қармен ойнау. Көктем – суға кемелер жіберу. Жаз — суға шомылу, футбол ойнау.Бір топ көрсетеді, ал екінші топ жауабын айтады. Ойын біткеннен кейін оқушылардан неліктен балалар әр жыл мезгілінде әртүрлі ойын ойнайтынын сұраңыз.Жауабы: Қыста аулада қар, мұз, ал жазда ыстық және өзендегі су жылы.Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінді оқуға беріңіз.Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға ауа райын бақылауға тапсырма беріңіз. Егер мүмкіндік болса, оқушылармен бірге мектеп ауласына шығу қажет. Оларға бақылау парақтарын таратыңыз. Оқушылар ауа райын бақылап, деректерді бақылау парағына түсіреді (бұлтты, температура, жел және т.с.).Сен білесің бе? Бұл айдар мәтінін оқу алдында эксперимент жүргізіңіз. Көкжиек тұстары көрсетілген Қазақстан картасын төсеңіз. Қазақстанның солтүстігі жағына желдеткіш және мұз салынған кішкентай шелек қойыңыз. Қазақстанның оңтүстігі жағына фен қойыңыз. Екі бөлігіне де термометр бекітіңіз.

Page 49: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

созылады. Егер жазда күн қатты ысыса, жаңбыр жауады. Аспанның түсі көгілдір болса, күн ашық, қалыпты ауа райы болады. Күн қызарып батса, ауа райы жақсы болады.

Оқушылар термометр бойынша көрсеткіштерді анықтайды және тұжырым жасайды.Сен білесің бе?Еліміздің аумағы өте үлкен. Қыста бір күнде солтүстік бөлікте -20°C суық, ал оңтүстікте +3°C жылы болуы мүмкін.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Өзің тұратын елді мекенді сипатта. Шартты белгілерді қолдан.

Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардан өздері дүниеге келген жыл мезгілдеріне қарай топтарға бөлінуін сұраңыз. Әр топ оқушылары үш тілдегі тірек сөздермен қысқаша сөйлемдер ойлап табады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. Оқушыларға ертеде адамдар неліктен ауа райы болжамын жасағаны туралы материал жинауға тапсырма беріңіз.

Математика. Оқушыларға белгілі бір жыл мезгілінде – жазда, күзде, қыста, көктемде дүниеге келген балалардың санын есептеуге тапсырма беріңіз.

Өнер. Сабақ басталғанда оқушылар П.И. Чайковскийдің «Қыс» шығармасын тыңдайды.

Оқушылармен «Аукцион» ойынын өткізуге болады. Оқушылар мұғалімнің дабылы бойынша («Жаз!», «Қыс!», «Күз!», «Көктем!») кезек-кезек әртүрлі жыл мезгілдерінде киетін киімдерді, аяқ киімдерді, бас киімдерді атайды. Аукционның шарты сөзді кім соңынан айтса, сол жеңеді.

Оқушыларға жыл мезгілдері туралы ертегіні аяқтауға тапсырма беруге болады. «Жыл мезгілдері қайсымыз ең жақсымыз деп дауласады. Қыс, Жаз, Күз және Көктем әдеміленіп тырысқандары сондай, соңында .... түсінді»

Жауабы: Әр жыл мезгілі өзінше әдемі.

Бағалау Оқушылар–– жыл мезгілдерінің белгілері туралы; –– әртүрлі жыл мезгіліндегі ойындар туралы;–– Қазақстанның әр өңіріндегі ауа райы туралы білді.Оқушылар–– жыл мезгілдерін белгілері бойынша анықтауға және салыстыруға;–– ауа температурасын анықтау үшін термометрді пайдалануға;–– бақылау нәтижелерін шартты белгілермен белгілеуге;–– ауа райына сәйкес киіне білуге үйренді.Бағалау ретінде оқушыларға сөйлемді толықтыруғатапсырма беріңіз:Ауа райы – бұл ..........................................................................Термометр – бұл.......................................................................Жыл мезгілі – бұл .....................................................................

Қорытынды бағамдау

Page 50: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Сен не білдің? Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Оқу нәтижелерін бақылау тізімі• Оқушылар• көкжиек және оның тұстарын;• сұлба мен картаны;• қала мен ауылдың ерекшеліктерін;• өз қаласының (аулының) көрікті жерлерін білді.• Оқушылар• тұсбағдардың көмегімен көкжиек тұстарын анықтауды;• жергілікті жердің сұлбасын салуды;• мектептің айналасын зерттеуді;• өз жерінің ауа райын анықтауды үйренді.

Ресурстар: ЖҰМБАҚТАРСабақтың мақсаты:

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Сен не білдің?Көкжиек тұстарын қандай құралмен анықтаймыз? с) тұсбағдар.Көкжиек тұстарын тапсолтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс.Жыл мезгілдерін ретімен ата а) көктем, жаз, күз, қыс.Жергілікті жердің сұлбасы кімге қажет? в) саяхатшыға.Жер бетінің сұлбасы – бұл қайдан қарағандағы көрініс?с) жоғарыдан.6. Қалада қандай еңбек түрімен айналысады?

Табиғат аясына топсеруен. Оқушыларды топқабөліңіз. Топсеруен кезінде оқушыларға табиғи белгілері бойынша көкжиек тұстарын анықтауды ұсыныңыз. Әр топ өз бақылау нәтижелерін әртүрлі жұмыс (постерлер, таныстырылым, фотошоу және т.б.) арқылы көрсетеді.

Page 51: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

d) жабдық өндірумен.7. Ауыл қаланы қандай тауар түрлерімен қамтамасыз етеді?а) сүт, жұмыртқа.8. Ауа температурасын қандай құралмен анықтайды?в) термометр.9. 20 градус жылылық белгісін көрсет.d) +20 °C.10. Адамдар күздің аяғында қалай киеді? в) пальто, етік.Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Топсеруен.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Алғашқы адам Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:алғашқы адамның тіршілігі туралы білy;• алғашқы адамның сыртқы келбетін сипаттауға үйренy;• Оқушылардың басым бөлігі:ежелгі отбасын сипаттауды үйренy;• Кейбір оқушылар:алғашқы адамдар тіршілік еткен жерлерді картадан көрсете алу.

Тірек сөздер: ежелгі адамдар – древние люди – ancient people; үңгір – пещера – сave;ру – род – family;аң аулау – охота – hunting.

Ресурстар: Жарты шар картасы, ежелгі еңбек құралдарының көшірмелері: жер қазатын таяқ, тас балта, түрлі пішіндегі материалдардың кесектері, ағаш бұтақтары және құрғақ шөп, ермексаз, меңзер түріндегі стикерлер. http://nashimalyshi.ru–Балаларға арналған «Алғашқы адамдар» мультфильмі.

Сабақтың мақсаты:

Page 52: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Ғылыми деректерге сай алғашқы адамдар 2 млн. астам жыл бұрын Шығыс Африкада пайда болған. Дарвиннің теориясы бойынша адамдармаймылдан пайда болған. Олар негізінен аң аулап, жабайы жеміс-жидектер жинаған. Ежелгі адамдар үшін бірлесе аң аулау, қауіптерге және табиғат күштеріне қарсы тұру жеңілірек болды. Әйелдермен балалар жеуге жарамды өсімдік тамырларын, ағаш жемістерін, жәндік дернәсілдерін жинаған. Шикілей тамақтанған. Аңыз бойынша күндердің күнінде найзағай жарқырап, жалыны ағашқа тиіп, ағаш тұтанып кетеді. Сол кезде адамдар бұтақты жанып жатқан ағаштан тұтатып, баспанасында немесе баспана жанында от жаққан. Содан адамдар от тұтатуды үйренеді. Біртіндеп отты тамақ жасау және үй жылыту үшін қолдана бастайды. Адамдар су айдындарының жағалауында қоныстанды. Су ернеуінен қайта бастағанда, суға жақын болуы үшін тұрақтарын өзгертіп отырған. Алғашқы адамдар тастан, ағаштан және сүйектен жасалған қарапайым еңбек құралдарын пайдалануды үйренген. Бұл құралдармен ауланған жануардың терісін сыпыруға, тамырларды қазып алуға немесе бұтақтарды

Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты былайша бастауға болады. Оқушылардан сыныптағы сағатқа қарауын, сағат тілін ойша 2 сағатқа шегеруін және сол кезеңде олар немен айналысқанын естеріне түсіруін сұраңыз. Бұдан әрі 5 жыл бұрын не болғанын кім есіне түсіре алатынын сұраңыз. «Өткен кезеңде не болғанын зерттейтін ғылым бар. Бұл ғылым тарих деп аталады және біз сол тарихты оқуды бастаймыз. Ол бізге адамзаттың өткені туралы әңгімелеп береді» – деп, тарихтуралы түсіндіріп кетіңіз. Бота әкелген ежелгі еңбек құралдарының – жер қазатын таяқтың және тас балтаның суреттерін көрсетіңіз. Оқушылардан бұл заттардың атауын, кімдер және қашан қолданғанын сұраңыз. Бұл заттарды алғашқы адамдар қолданғанын түсіндіріңіз. Бұл сабақта оқушылар осы құралдармен танысады. Оқушыларға картадан алғашқы адамдар мекендеген Шығыс Африканы көрсетіңіз.Салыстыр. Оқушыларға оқулықтағы бірінші екі суретті салыстыруға тапсырма беріңіз. Олардан алғашқы адамдар мен қазіргі адамдар арасында қандай айырмашылық бар екенін сұраңыз.Жауабы: Ежелгі адамдар маймылға ұқсас, бет әлпеттері дөрекі болған. Сөйлей алмаған. Олардың қолдары ұзын және маңдайлары тар болған.Бұдан әрі оқушыларға ойларын растайтын мәтінді өз бетінше оқуға тапсырма беріңіз.Картамен жұмыс. Келесі тапсырманы орындауүшін дүниежүзілік физикалық картаны пайдалану қажет. Оқушылар жауап беріп, тапсырманы орындауы тиіс. Картаға алғашқы адамдардың қозғалысын (қоныс аудару жолдарын) көрсететін бірнеше меңзерді жабыстырыңыз. Оқушыларға балаларға арналған «Алғашқы адамдар» мультфильмін көрсетіңіз. Неліктен алғашқы адамдардың топтасып өмір сүруге мәжбүр болғанын сұраңыз. Олардың ойларын тыңдаңыз. Бұдан әрі оқушылар оқулықтағы 2-суретті қарайды. Олар өз жауаптарын оқулықтағы мәтінмен салыстырады. Оқушылардың әңгімелерін алғашқы адамдардың өмірі туралы мәліметпен толықтырыңыз.Ежелгі адамның баспанасын жасап көр. Бұтақтарды, құрғақ шөптерді қолдан.елгі адаЕжелгі адамдар топтасып өмір сүрді. Әйелдер өсімдік тамырларын, жеміс-жидектерді терді. Ер адамдар аң аулады. Адамдар үңгірлерді баспана етті. Бұтақтардан және жануарлардың сүйектерінен баспана жасады.жасады.

Page 53: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

кесіп алуға болатын. Ғалымдардың пікірінше, Қазақстан аумағы тас ғасырында алғашқы адамдардың көші-қоны өтетін орталық болған. Олардың тұрақты мекендері болмаған. Адамдар жер бетінде саяхатшылар сияқты бір орыннан екінші орынға жылжып отырған. Олардың алған бағыттары жемістердің пісуіне, балықтардың уылдырық шашуына, жануарлардың орын ауыстыруы мен көбеюіне байланысты болды.

баспанасын жасап көр.

Сергіту сәті

Сергіту жаттығуы. Оқушылардың шаршағанынбасу және зейінін жақсарту үшін сергіту жаттығуын өткізіңіз. Олар орындайтын сергіту жаттығуы сабақ тақырыбымен байланысады.1. Бір орнында жүру Бұл жаттығуды бастар алдында адамдардыңжануарлардан айырмашылығы адам екі аяғымен жүретінін ескертіңіз.2. Омыртқаға арналған жаттығу Алғашқы адам бүкірейіп жүрген, ал қазіргі адамтік жүреді. Оқушылар бір орында біресе еңкейіп, біресе тіктеліп жүруді жалғастырады.3. Қол буындарына арналған жаттығу – «Жеміс жина» Жоғарғы бұтақтардан жемістер жинағандаадамдар жоғары қарай тартылып, қолдарымен жемістерді жұлған.4. Мойынға арналған жаттығу – «Аңға шыққан адам».Адамдар аң аулағандай басын жан-жаққа бұра қарап, алысқа мұқият көз тастайды.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Орындап көр. Бұл тапсырманы орындау үшін мұғалім үш топқа ағаш бұтақтарын, құрғақ шөп, жапырақ және ермексаз дайындауы қажет.Оқушыларға алғашқы адамдардың баспананы жасайтынын түсіндіріңіз. Оқулықтағы 2-суретке

Сабақта оқушылар әңгімелесу, әңгімелеу, талқылау арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамытады. Тірек сөздер оқушылар үшін жаңа. Сол себептен оларды ауызша айтқанда қолдану қажет. Тірек сөздерді оқу және есте сақтау оқулықтағы 1 және 2-тапсырмада бекітіледі.

«Қатесін тап» ойыны. Оқушылардың міндеті сөздегі қатені тауып, дұрыс оқу болып табылады. Орыс тілінде: под(р), қазақ тілінде: ри(у), ағылшын тілінде: fanily(m). Қабілеті жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіруге болады,

Page 54: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

мұқият қарауды ұсыныңыз (суретті интерактивті тақтадан көрсетуіңізге болады). Оқушыларға баспана әзірлеу технологиясын ойлап тауып, топта талқылауға тапсырма беріңіз. Мұғалім оқушыларға өз идеяларын талқылауы үшін бір минут уақыт береді. Тексеру кезінде жасалған үйдің ұқыптылығы мен беріктігі есепке алынады.

яғни, екі дұрыс емес әріп жазу қажет. Мысалы: З(ж)инауж(ш) ылық –соп(б)иратен(л)ьство– g(с)olleg(c)tor; аум(л)ау– оп(х)ор(т)а–hy(u)nt.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. «Орындап көр» тапсырмасын орындау барысында жүзеге асады.

Алғашқы адамдарды жануарлардан ажыратып тұратын ерекшеліктің астын сызыңыз. Екі аяғымен жүрді, үңгірді мекендеді, еңбек құралдарын жасады, аң аулады, жануарлардың терісін жамылды, оттан қорықпады, жаңа нәрселерді ойлап тапты, қол-аяқтары жылдам және икемді болды, сөйлей алды, болжамдай алды, өз әрекеттерінің нәтижелерін болжай алды.

Бағалау Оқушылар–– ежелгі адамдардың қандай болғанын білді; –– алғашқы адамдардың тіршілігімен танысты;Оқушылар–– алғашқы адамдар ертеде өмір сүргенін, олар біздің ата-бабамыз болғанын түсінуге;–– адамдардың алғашқы қауымдастықтары туралы әңгімелеуді;–– картадан ең алғашқы адамдар мекен еткен жерлерді көрсетуді үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға «Сөйлемді толықтыр» тапсырмасын беруге болады.Жұмысты жеке немесе жұпта өткізуге болады.1. Алғашқы адамдар… өмір сүрді.2. Ер адамдар ……. аулады.3. Әйелдер мен балалар ……. терді.4. Адамның ең алғашқы еңбек құралы – бұл … .

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.

Page 55: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Ежелгі ата-бабаларымыз

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:ежелгі ата-бабаларымыз сақтар, олардың мәдениеті, тұрмысы туралы мағлұмат алу;• Оқушылардың басым бөлігі:сақ ханшайымы Томириспен танысy;• Кейбір оқушылар:қазіргі және ежелгі тіршілікті салыстыруды үйренy.

Тірек сөздер: көшпенді ел – кочевник – nomadic people; көлік – транспорт – transport;әскер – армия – army; бостандық – свобода – freedom.

Ресурстар: Сабақ тақырыбына байланысты арнайы таныстырылым, көлік түрлерінің суреттері, А3 көлеміндегі парақ, маркерлер, стикерлер, «Көшпенділер» ойынына арналған музыкалық композиция, сақ мәдениетінің заттары бейнеленген суреттер.

Сабақтың мақсаты: 1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қазақстандағы өмір сүрген тайпалардың ішіндегі ерекшелерінің бірі – сақтар. Олар туралы мәліметтер грек және парсы дерек көздеріндебар. Ғалымдардың зерттеулеріне сай сақтар жер өңдеумен, көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтарда металл шығарып, өңдеуге байланысты қол өнері жақсы дамыды. Сақ шеберлері темірден, қалайыдан, күмістен және алтыннан

Сабақ басталарда оқушыларды топтарға бөліңіз. Ол үшін оқушыларға көлік түрлерінің атауы жазылған үлестірме парақшалар таратыңыз, мысалы, ұшақ, кеме, пойыз, автомобиль. Оқушылар мұғалімнің бұйрығымен көлік аттары бойынша топтасады. Оқушыларды топ бойынша отырғызып, «Көшпенділер» ойынын өткізіңіз. Көшкен кезде өздерімен бірге қандай заттарын алып жүретінін сұраңыз. «Көш қозғалды» деген сәтіңізде заттарын алып, келесі топпен орын ауыстырып отырулары қажет. «Көш қоныстанды» деген сәтте қай орынға келіп тоқтады, сол орындарында қалулары тиіс. Ойын арқылы оқушылар жаңа сабақ туралы біршама түсінік алуы керек. Осылайша бірнеше рет қайталауға болады. Бұл жұмыс түрі оқушылардың көшпенділер тіршілігінің ерекшелігін түсінуге мүмкіндік береді. Ойын өткізіп жатқан уақытта домбырада ойнаған музыкалық композицияның дыбыстық жазбасын қосып қоюға болады.

Page 56: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

қанжар, садақ оқтарының ұштарын, атәбзелдерін, әшекей бұйымдар, айна құйып, жасады. Ата-бабаларымыз табиғат сырларына өте қанық болған. Олар жылқы, қой, түйе, ірі қара мал өсіріп,жануарлардың етін азық етті. Олардың терілері мен жүнінен киім және басқа да қажетті заттар жасады. Сақ өнерінде аң стилі кеңінен таралған. Азия тарихындағы аса танымал әйелдердің бірі сақ ханшайымы Тұмар (Томирис) еді. Тұмар ханшайым есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы еш жеңілуді білмеген әйгілі парсы патшасы Кирдің әскерін жеңуіне тікелей байланысты. Аңызға сай Томирис керемет сұлулығымен, өжет мінезімен, ақыл-парасатымен ерекшеленеді.

Көшпенді ел. Топтардың арасында «Сақтардыңқоныс аударуы» тақырыбына кіші зерттеу жұмысын жасатыңыз. Ол үшін әр топқа А3 көлеміндегі 1-2 парақ, маркер таратып беріңіз. Оқулықтағы суретке мұқият қарауды ұсыныңыз. Топтағы оқушылар суретте кім бейнеленгенін, бұл адамдар қалай тіршілік еткенін, шаруашылықтары, қару-жарақтары қандай болғанын, қандай көлік түрін пайдаланғанын айтып беруі тиіс. Оқушылар өз жұмыстарын тірек схема немесе кесте түрінде безендірсін. Әр топ өз жұмыстарын тақтаға немесе сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қояды. Барлық топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеруі үшін уақыт беріңіз. Олар стикерлерде өз ұсыныстарын, ескертулерін, пікірлерін, тілектерін жаза алады және оларды басқа топтардың жұмыстарына іледі.Бұл тапсырманы «Телефон» ойыны арқылы жұптағы жұмыс ретінде өткізуге болады. Бір оқушықазіргі заманғы баланың рөлін, ал басқасы сақ баласы рөлін орындайды. Рөлді ойнап жатқандар өзара телефонмен диалог жүргізеді. Жұмысты жақсы жүргізген жұпты атаңыз. Бұл тапсырма шығармашылықпен ойлануына көмектеседі. Оқушыларға оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.Мен кіммін? Бұл айдарда Сақ ханшайымы Томиристуралы айтылады.«Томирис есімді қыздарды білесіңдер ме?», «Неліктен оларды Томирис деп атаған?» деген бірнеше сұрақтар қойыңыз. Оқулықтағы Томирис туралы жазылған ақпараттармен танысып шығуларын сұраңыз. Сыныпта кімнің есімі еліміздің атақты адамдарының есімімен аталғанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Отан үшін жасалған ерліктер және халық үшін атқарылған істер ұлы адамдардың есімдерін танымал еткенін түсіндіріңіз.Екі сұрақ. Бұл тапсырма жұпта орындалады.Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған Томирис туралы мәліметпен толықтырыңыз.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Қозғалыс құралы. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларды сабақ басында құрылған топтар (көлік құралдары түрлерінің атауы) бойынша отырғызыңыз. Оқушылардан оқулықтағы суретке қарап, сұрақтарға жауап беруін сұраңыз. Соңғы сұраққа жауапты әр топ бір-бір сурет түрінде беруі тиіс.

Үлестірме парақшаларға жазылған тірек сөздерді сынып қабырғаларына, тақтаға іліп қойыңыз. Оқушылар сіз берген белгі бойынша тірек сөздерді жинайды және мағыналары бойынша топтасады. Әр сөзді үш тілде қайталаңыз. Тірек сөздермен жай сөйлем құрастыруға тапсырма беріңіз. Мысалы, «Сақтар – көшпенді халық», «Cаки – кочевой народ», «Saks – nomadic people». Бұл сөйлемдерді тақтаға жазыңыз және дауыстап қайталаңыз.

Page 57: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Креативті идея білдірген топты атаңыз. Оқушыларды қызықтыру үшін «Бес қадам» ойынын өткізіңіз. Ол үшін тақтаға әр топтан бір қатысушыдан шақырыңыз. Бір оқушы ортаға шығып, бес қадам жасайды. Әр қадамында өзі білетін көлік түрін атайды. Бес көлік түрін қайталамай жылдам атаған топ жеңеді. Бұл тапсырма жадының дамуына көмектеседі.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

АКТ. «Көшпенді халық» тапсырмасында шағын зерттеу жүргізген кезде оқушылар Word бағдарламасының көмегімен SmartArt қосымшасын пайдалана алады.Өнер. Тілдік құзыретті дамытуға арналған тапсырманы орындаған кезде оқушыларға «Сақтар – көшпенді халық» деген сөйлемді үш тілде Бота Бейсенованың «Тұлпарым» әуеніне салып айтқызыңыз. Сабақ барысында оқушылар бірқатар шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Гуманитарлық жағына бейім оқушылар үшін қосымша тапсырма ретінде «Мұражай» ойынын ұйымдастыруға болады. Ол үшін алдын ала сынып қабырғаларына сақ мәдениетінің аң стиліндегі заттары бейнеленген суреттерді іліп қойыңыз. 1-2 оқушыға экскурсия жүргізушісі рөлін ойнатыңыз.

Бағалау Оқушылар–– ежелгі ата-бабамыз сақтардың тіршілігі; –– сақтар патшайымы Томирис туралы білді.Оқушылар–– қазіргі заманғы және ежелгі көлік түрлерін ажыратуды;–– дерек көздеріне сүйене отырып, негізделген тұжырым жасауды;–– өткен мен қазіргінің арасындағы айырмашылықты түсінуге үйренді.Оқушыларға бағалаудың бір түрі ретінде үш сұраққа жауап беру және жұпта талқылау ұсынылады:–– Сақтардың қонысы қандай болды? –– Көшпенділер деген кім?–– Томирис есімі неліктен тарихқа енді?

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

Page 58: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Ұлы қоныс аударуҰлы дала тарихы

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:ғұндар және олардың қозғалысы туралы мағлұмат алу;• Оқушылардың басым бөлігі:картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсетуге үйренy;• Кейбір оқушылар:өзі жүретін бағыттарының сызбасын сызуды үйрену.

Тірек сөздер: ғұндар – гунны – huns;қоныс аудару – переселение – мigration.

Ресурстар: Интерактивті тақта, диктофон, Ақ Бұғы туралы аңыз бойынша жекелеген бес сюжетті сурет, оқушылар санына қарай жаңа сөздер жазылған тірек сөздер, «Экскурсия жетекшісі» ойынын жүргізуге арналған ғұндар туралы суреттер.1. Гумилев Л.Н. Хунну. Степная трилогия. – Санкт-Петербург, 1993.2. Өтенияз С. Атилла. Алматы, 2000.3. Ежелгі Қазақстан тарихы. Очерк. Алма-Ата, 1993.4. Байпаков К.М. Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы: Рауан, 1994.

Сабақтың мақсаты: 1.3.1.1 көрнекі материалдарды зерделеу арқылы ежелгі адамдардың өмірі туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Ғұндар – II-IV ғ. өмір сүрген ежелгі көшпенді халық.Тарихшылардың пікірі бойынша ғұн империясы батыстағы Альпі мен Балтық теңізінен бастап шығысында Каспий теңізіне дейінгі жерді

Ежелгі тайпа. Сабақ басында оқушыларғаоқулықтағы 1-суретті мұқият қарап шығуға тапсырма беріледі. Суретті интерактивтік тақтада көрсеткеніңіз дұрыс. Оқушылар өз бетімен суретте кімдер бейнеленгені, олардың қай уақытта өмір сүргені туралы болжамын айтады, олардың сыртқы келбетін суреттейді. Киімдері және заттары бойынша олардың немен айналысқанын анықтайды. Тапсырманың бұл түрі бейнелі ойлауын және қиялын дамытады. Бұдан әрі оқушыларға мәтінді өз бетімен оқып шығуға және өз

Page 59: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

алып жатқан. Оның тіршілік етуі Еуропа халқы үшін маңызы зор еді.Алғашында ғұндар оңтүстік Байкал маңында тіршілік етіп, мал шаруашылығымен айналысты. Олар көбінесе жылқы өсірумен әуестенген.Ғұндарда тұрақты баспана болмады, олар өз мал-жандарымен бірге қоныс аударып отырды және киіз үйлерде тұрды деп айтылады. Ғұндардың қоныс аударып отыруы жайылым өнімділігінің аздығына байланысты. Олар малдарына азық іздеу үшін үнемі қоныс аударып отырған. Алайда, ғұндардың бөренеден жасалған үйлері туралы дәлелдейтін еңбекті еске түсіріп кету қажет (V ғ. византиялық дипломат және тарихшы).Климаттың ғаламдық өзгеруі нәтижесінде Еуропа халқы ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия халқы да көшпелі тіршілікке көше бастады. Ертеде көптеген халық, сонымен қатар ғұндар да өз аумақтарынан тыс жерлерге соғысқа аттанатын. Көшпенді мал шаруашылығымен айналысқаннан кейін оларға мал бағу үшін көп жер қажет болды. Б.з.д. ІІІ ғасырдың соңында ғұндар Қытайдың солтүстік-батыс шекарасына жиі шабуыл жасап тұрды. Күш-жігері мол және дарынды қолбасшысы Модэ

жорамалдарын мәтіндегі нұсқамен салыстыруға тапсырма беріледі. Жұмыстың мұндай түрі оқушыларға мәтінді тез және қызығып оқуына мүмкіндік береді. Содан кейін шағын әңгіме өткізуге және ғұндар, олардың тіршілігі туралы дұрыс түсінігін бекітуге болады. Оқушылардың назарын қазақтар ұлы ғұндар тайпасының ұрпақтары екеніне аудартыңыз. Оқушыларға бұл жерде ғұндар туралы үзінді көрсетуге болады.Орындап көр. Оқушыларға қызықты іспенайналысатындарын айтыңыз. Оқушылар бұл жерде ғұндар кезінде өмір сүрген Ақ Бұғы туралы мультфильмді дыбыстайды. Оқушыларға Ақ Бұғы туралы аңызды тыңдатыңыз. Бұл үшін диктофонға қысқаша және түсінікті нұсқасын жазып алуға болады (ресурстарды қараңыз). Үлестіру материалы түрінде бес сурет (кадр) дайындаңыз. Оқушыларды бес киностудияға бөліңіз және оларға бір суреттен таратып беріңіз. Оқушылар Ақ Бұғы туралы аңыздың өзіне тиесілі бөлігін дыбыстауы тиіс. Әр топтың бір мүшесіне суреттерімен тақтаға шығып, аңызды әңгімелеуін сұраңыз. Оқушыларға өз нұсқаларын ойлап тауып, аңызды аяқтауды ұсынсаңыз болады. Оқушылар ғұндар (және басқа да халықтар) өмір сүру үшін қолайлы, жылы және мал азығы көп жақсы жерлерді іздегенін түсінуі қажет. Бұл көші-қон қоныс аудару деп аталатынын түсіндіріңіз. Оқушылардан халық қазіргі уақытта қандай жағдайда, неліктен қоныс аударатынын сұраңыз. Оқушылар өз тәжірибесінен мысалдар келтіре алады. Мысалы, адамдар жаңа пәтер сатып алғанда көшеді. Осылайша, «қоныс аудару» деген ұғым жеңіл және қолжетімді түрде жеткізіледі.Ғұндардың қоныс аударуы. Оқушыларға картаны интерактивті тақтада көрсетіңіз немесе қабырғаға ілінетін «Ғұндардың қоныс аударуы» картасын қолданыңыз. Оқушылардан жұпта картаны қарап, «Көк меңзер нені білдіреді?», «Ол қандай бағытты меңзеп тұр?» деген екі сұраққа жауап беруін сұраңыз. Оқушылар қалауы бойынша тақтаға шығып, картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсете алады. Қоныс аудару себептері туралы тағы да естеріне түсіріп кету қажет. Тұсбағдарды қолдануға болады. Топта оқушылар тұсбағдар бойынша шығыстан батысқа дейінгі жолды анықтап, бұл бағытты сыныпта көрсетсін.Жауабы: Көк меңзер ғұндар қозғалысын көрсетеді. Ғұндар шығыстан батысқа қоныс аударып отырған және Италияға дейін жеткен.Ақ бұғы туралы оқиға• Ақ бұғы туралы оқиғаны тыңда.• Оқулықтағы мультфильм кадрларын көр.Мультфильмді кадрлар бойынша түсіндір.Оқиғаны қалай аяқтауға болады?Ғұндар керемет жерді көргенде не деп ойлады?

Ғұндардың қоныс аударуы

Page 60: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

ғұндар тайпасын біріктірді. Көршілес халықтардың бір бөлігін бағындырып, Модэ Қытай империясын өзімен «бейбітшілік және туыстық» шартын жасауға мәжбүрледі. Бұл шартқа сай Қытай империясы ғұндарға алым-салық төлеуге міндетті болатын.

Картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсет.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Халық үнемі көшіп отырды, себебі өмір сүру үшін лайықты орын іздеді. Бұндай үдеріс қоныс аудару деп аталады.

Оқушылар санына қарай жаңа сөздер жазылған бір-бір үлестірме парақшалар дайындаңыз. Егер сіздің сыныпта 26 оқушы болса, сіз 4 «қоныс аудару», 4 «переселение», 4 «migration» үлестірме парақшаларын дайындаңыз. «Ғұндар» сөзіне үш тілде 12 үлестірме парақша дайындаңыз. Оқушылардан сыныптың ортасына шығып, бір үлестірме парақша алуын сұраңыз. Олар 3 минут ішінде осы сөз басқа тілде жазылған үлестірме парақшаларды табуы және олардан үштік құруы тиіс. Содан кейін әр үштік өздерінің сөздерін көздері жұмулы күйінде үш тілде қайталайды.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Өнер. Жұмыс дәптерінде «Мектепте жүретін жолдарым» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар сабақта болған бір күн ішінде жүрген бағытын салады.АКТ. Оқушыларға ата-аналарымен бірге интернеттен ғұндардың керек-жарақтары, киімдері бейнеленген суреттерді тауып, оларды ермексаздан жасауды ұсыныңыз (мысалы, ғұн әскерінің бас киімі).Математика. Жұмыс дәптеріндегі «Бұрын болған, қазір бар және келешекте болады» тапсырмасын орындаған кезде оқушылар сандарды және сандардың каллиграфиясын қайталайды.

Гуманитарлық қабілеті бар оқушылар үшін қосымша тапсырма ретінде кабинетті ғұндардың тарихи мұражайына айналдырып, «Эксурсия жетекшісі» ойынын өткізуге болады. «Саяхат» бөлімі бойынша білімдерін кеңейту үшін қабілеті жоғары оқушыларға «Не? Қайда? Қашан?» сұрақ-жауап сайысын ұйымдастыруға болады.

Бағалау Оқушылар–– ғұндар және олардың тіршілігі туралы; –– ертеде халықтың

Page 61: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

қоныс аударуы туралы;–– олардың қоныс аудару себептері туралы білді.Оқушылар–– картадан ғұндардың қоныс аударған жерлерін көрсетуге;–– өз жүрген бағыттарының картасын салуға үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға жұпта талқылауға және жауап беруге үш сұрақ беріледі:–– Сақтардан кейін біздің жерімізді кімдер мекендеді?–– Олар қандай тіршілік етті? Олар немен айналысқан?–– Ертеде халық не үшін қоныс аударған?

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Уақытқа саяхатЕртедегі саяхат

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:уақытқа қатысты қарапайым терминдерді қолдануды үйрену;• Оқушылардың басым бөлігі:Қазақстандағы саяхаттың рөлі туралы ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге үйренy;• Кейбір оқушылар:картадан Астананың орналасқан жерін анықтай алy;• Астананың негізгі көрікті жерлерін сипаттауды үйренy.

Тірек сөздер: саяхат – путешествие – travel; астана – столица – capital city.Ресурстар: Қолбасшы Аттиланың дулығасы, «Уақыт машинасы» суреті,

«Аттила» тақырыбына тест, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар, Қазақстанның картасы, саяхаттауға арналған әдемі жерлердің суреттері (5-6), ұялы телефондар, тірек сөздердің дыбыстық жазбасы, «Астана – болашақ қаласы» бейнефильмінің үзіндісі.

Сабақтың мақсаты: 1.2.4.1 туризмнің мәнін түсіндіру 1.2.4.2 туристтердің негізгі мақсаттарын анықтау1.3.5.3 Қазақстан астанасы туралы шығармашылық жұмыстарды таныстырады

Сабаққа байланысты

Page 62: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Саяхат дегеніміз – адамдардың айналаны тану, білім алу немесе спортпен айналысу мақсатында белгілі бір аумақ бойынша қозғалысы. Адамдар өте ертеден бастап саяхаттай бастады. Ертеде аңшылар аңдардың артынан, малшылар малға азық табу, ал жер өңдеушілер егін егуге құнарлы жер іздеу үшін орын ауыстырып жүріп, үлкен аумақтарды игерген. Ел билеушілер әскерлерімен аумақ бойынша жылжып отырып, жаңа жерлерді жаулап алу үшін соғыстар ашқан. Кейінірек адамдар айналадағы тірлікті тану, жаңа білімдерді меңгеру үшін саяхаттай бастады.

Ертеде керуен жолдарының жүйесі Ұлы жібек жолы Шығыс пен Батыстың арасын байланыстырып тұрған. Бұл жол Қазақстан аумағы арқылы өткен. «Саяхат» ұғымы Қазақстанның ежелгі тарихында– көшпенділік өркениетін қалыптастыру мен дамытуда, жаулап алу және қоныс аудару кезеңінде, Ұлы жібек жолы жұмысын атқарып тұрған кезеңде орталық рөл атқарды.

Қазіргі кезеңде саяхаттың рөлі өзгерді. Қазіргі заманғы саяхатшыларды алға итермелейтін білімге деген құштарлық қана емес, сонымен қатар саяхат барысында адамдар жаңа достар табады, жақсы әсер алады. Қазіргі кезде саяхат –

Рөлдік ойын. Сабақты өткен сабақтыңматериалын қайталаудан бастауға болады. «Сен Аттиласың!» рөлдік ойынын ұсыныңыз. Қолбасшы атрибуттарын – Аттиланың рөлінде ойнайтын оқушыға дулыға дайындап қойыңыз. Оқушылар қанша сұрақ қоя алатынын келісіп алыңыз. Егер «Аттила» жауап бере алмаса, «кеңесші» ретінде таңдап алған сыныптасынан көмек сұрауына болады.Саяхатқа барамыз! Оқушыларға анимацияланғансуреттерді көрсетіңіз және бұл сабақта қазақ ертегісі Алдар көсемен бірге қиял-ғажайып уақыт машинасымен саяхат жасайтындарын айтыңыз. Оларды қолға кигізілетін қуыршақпен таныстырыңыз. Алдар көсе қулығымен, көңілді мінезімен танымал. Оқушылардан оның жүрген жерлері туралы не білетінін сұраңыз. Ол жақсы істер жасай отырып, кең далада саяхат жасағанын әңгімелеңіз. Алдар Көсе қайда саяхатқа барсам екен деп қиялдайды. Оқушылардан сынып қабырғаларында ілінген әртүрлі жерлердің (теңіздің, орманның, таудың және т.б.) суреттерінің жанына баруын сұраңыз. Алдар көсені шақырғысы келетін жердің суретін таңдауға ұсыныс беріңіз. Оқушыларды топтарға біріктіріңіз (4 адамнан). Топ бұл саяхатты неліктен таңдағаны туралы қысқаша әңгіме дайындайды.Талқылауды үйрен. Қуыршақтың оқушыларменуақыт машинасында саяхат туралы әңгімесін жалғастырыңыз. Олар саяхаттау үшін көліктің қандай түрін таңдайтынын анықтаңыз. Оқулықтан 52-беттегі «Талқылауды үйрен» тапсырмасын табуды сұраңыз. Олар негізгі мәтінді оқып шықсын. Көңілді айлакердің қай сурет бұрынғы, ал қай сурет қазіргі заманғы екенін түсіне алмай тұрғанын естеріне салыңыз. Оқулықтағы тапсырманы бекіту мақсатында «Үлестір және сипатта» тапсырмасын орындатуға болады. Оқушылар топта өз жұмыстарын талқыласын. Бір топ бұрынғы көлік түрін, ал екінші топ қазіргі заманғы көлік түрін көрсетеді. Әңгіме кезінде уақытқа «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануын сұраңыз.Салыстыруды үйрен. Уақыт машинасыбұрынғы заманға бара жатқанын айтыңыз. Қазақстан картасында Астана қаласын көрсетіңіз. Оқулықтың 38-бетіндегі дерек көзімен жұмысты ұйымдастырыңыз. Астана қаласының суреттерін – 100 жыл бұрынғы ескі Ақмола қаласы мен қазіргіАстана қаласының суреттерін салыстыруға тапсырма беріңіз. Олардың жауаптарын Ақмоланың шағын сауда қалашығы болғаны туралы ақпаратпен толықтырыңыз.100 жыл бұрынғы көліктер: ат, алғашқы автомобильдер. Бүгінгі Астана – бұл қайталанбас еуропалық келбеті бар, тұрақты дамып келе жатқан

Page 63: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

бұл негізінен туризм немесе жұмыс бабымен көшу.

Салыстыруды үйрен

• Астана қаласының суреттерін мұқият қара және салыстыр.

• Қала қалай өзгерген?

• Астананың қандай көрікті жерлерін білесің?

• Қазақстан картасынан Астананы тап.

және салынып жатқан қазіргі заманғы мегаполис.Саяхатты жалғастырыңдар.Астанаға көрікті жерлерді қызықтау үшін әртүрлі елдерден көптеген саяхатшылар келе жатқанын хабарлаңыз. Жұмыс дәптерінің 38-бетіндегі Астананың суретін тауып, мұқият қарауын сұраңыз. Тапсырманың мәтінін оқыңыз. Астана қаласына саяхаттауға шақырыңыз және Астана туралы бейнефрагментті көрсетіңіз. Оқушылар бейнежазбаны қарап отырған кезде қала көшелеріндегі көлік түрлеріне назарын аударсын. Жауаптарын тыңдаңыз.

Астана – Қазақстанның астанасы. Бұл – еліміздегі әдемі қала. Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан. Астанада театрлар, мұражайлар, ескерткіштер көп. Астана жыл сайын жаңарып, көркеюде.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Сабақтың қорытындысын шығарғанда «Уақыт машинасымен» саяхат аяқталғанын айтыңыз. Астананы қандай екенін бір сөзбен жеткізсін.Жауабы: Әдемі, жас, жаңа және т.б.

«Аудармашылар» жаттығуы. Диктофонға бір тілдегі тірек сөздерді жазып алыңыз және Ботаның атынан дыбыстық жазбаны тыңдатыңыз. Оқушылар қайталайды, қалған екі тілдегі нұсқаларын айтады. Сөздер жазылған үлестірме парақшаларды «сөйлейтін» қабырғаға іліп қойыңыз.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Математика. Бейнефильмді тамашалаған кезде Астана қаласының көшелеріндегі көліктерді санайды.Өнер. Қосымша тапсырмаға суреттер салады. АКТ. Астана туралы бейнефильмді тамашалайды.

Бота қазіргі заманғы саяхат туралы көбірек білгісі келетінін айтыңыз. Оқушылардан қазір кім саяхат жасай алатынын сұраңыз. Бірнеше секунд жауабын күтіңіз. Оқушыларға телефондарын дайындап, өзіңіз жіберген «Астана» sms – хабарламасын оқытыңыз. Бұл қандай саяхатшы екенін ойлансын. Үйде қазіргі заманғы басқа да саяхатшылар туралы ойлануын сұраңыз. Жауаптарын сурет түрінде салуды және фотосуреттерін көрсетуді сұраңыз.

Жауабы: Xабарлама, ақпарат, жүктер, тауарларБағалау Оқушылар

–– саяхат туралы; –– бұрынғы және қазіргі көлік туралы;–– Астананың көрікті жерлері туралы білді.Оқушылар–– дерек көздерімен, яғни суреттермен жұмыс істеуді;–– уақытқа қатысты «сол уақытта, енді, болашақта, бұрын және қазір» деген сияқты қарапайым терминдерді қолдануға;–– ақпарат негізінде өз пікірін білдіруге; –– қазіргі заманғы көлік қалай өзгергенін сипаттауға; –– картадан Астананы табуды

Page 64: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

үйренді.Тақырыпты игергенін тексеру және бағалау үшін мынадай сұрақтар қойыңыз.–– Астана деген не?–– Астана қандай өзеннің жағалауында орналасқан? –– Астана нышаны саналатын монумент қалайаталады?–– Астанада қандай көрікті жерлер бар?

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Дәстүр және фольклорМен қазақпын

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:қазақ халқының тарихымен танысy;• Оқушылардың басым бөлігі:оның рухани құндылықтарын түсінуді үйренy;• Кейбір оқушылар:батырлардың қазақ халқының тарихындағы рөлін түсінy.

Тірек сөздер: ауыз әдебиеті – фольклор – folklore; ерлік – мужество – bravery.Ресурстар: Мультимедиапроектор, «Толағай» мультфильмі, Қасымханның портреті,

Е.Құдайбергеновтің орындауында «Мен қазақпын» әнінің бейнеклипі, стикерлер, флипчарт, түрлі-түсті маркерлер, таныстырылым, «Толағай» суреті, «батыр», «ерлік», «адамгершілік», «әлсіз», «күшті», «сараң», «мейірімді» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, домбыра, жылқы, батыр, шаңырақ суреті салынған, суреттерге байланысты мақал-мәтелдер жазылған үлестірме парақшалар, қосымша тапсырмаға арналған сюжетті сурет.

Сабақтың мақсаты: 1.3.2.1 көрнекі материалдардың негізінде қазақтардың өмір салтын сипаттау

Сабаққа байланысты деректі материалдар

Сабаққа қатысты ескертпелер

«Толағай» – халық Бұл сабақты «фольклор» ұғымын түсіндіруден бастаған дұрыс. Ол үшін

Page 65: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты. Ерте заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшының отбасында Толағай деген ұл дүниеге келеді. Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Күндердің күнінде жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, жұт келеді. Елін жұттан құтқару үшін алыстағы тауды өз еліне әкеледі. Шаршаған батыр ауылына жеткенде тау астынан шыға алмай мәңгіге сол таудың астындақалып қояды. Содан бері бұл тау «Толағай» деп аталады.Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511–1523 жж.) тұсында нығайды. XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ жерін өз қол астына біріктірді. Тарихшы-ғалымдардың зерттеуіне сай Қасым ханның тұсында қазақ халқының саны 1 миллионға жетті. Қасым дана және

Қожаберген жыраудың нағыз қазақ әніне айналған «Елім-ай» әнінің дыбыстық немесе бейнежазбасын тыңдатуға болады. Тыңдап болғаннан кейін оқушылардан бұл ән қандай сезім оятқанын, мағынасы қандай екенін сұраңыз. Оқушылардың болжамдарын тыңдаңыз. Бұл ән қазақ халқының ең ауыр жылдарында пайда болғаны туралы әңгімелеңіз. Қаптаған жоңғарлар қазақтың бейбіт ауылдарына қаһарлы күшін төкті. Мыңдаған адамдар туған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Міне, сол кезде барлығы білетін және айтатын осындай зарлы ән пайда болды. Ауыздан ауызға беріліп отырған осындай әндер, мақал-мәтелдер, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады.Толағай. Бұл тапсырманы орындау үшін «Жеті жебе» әдісін қолданыңыз. Ол үшін сабақ басталар алдында тақтаға қазақ батыры бейнеленген суретті іліңіз. Суреттің айналасына бормен жеті жебенің суретін салыңыз. Балаларға «Жеті жебе» бізге қазақ батырлары туралы әңгіме қозғауға көмектесетінін айтыңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті ұсыныңыз. Егер мүмкіндікболса, оларға Толағай батырдың ерлігі көрсетілген мультфильмнен үзінді көрсетіңіз. Оқушылар жұпта қандай қасиеттері арқылы Толағайды батыр деп атауға мүмкіндік беретінін талқылайды. Талқылағаннан кейін оқушыларға қалауы бойынша жебелерге батырдың ерекше қасиеттерін жазуды ұсыныңыз.Жауабы: Күшті, ержүрек, батыр, қайсар, елжанды, жанашыр, мейірімді.Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуды ұсыныңыз. Бекіту ретінде жұмыс дәптерінде қосымша тапсырма орындауға болады.Халық даналығы. Оқушылар мақал-мәтелді оқиды және мағынасын түсіндіреді. Тапсырманың екінші сұрағына жауап беру үшін оқушылар өз өмірлік тәжірибелерін қолдануы тиіс. Олардың назарын бейбіт өмірде адамдардың игілігі үшін жасалған кез-келген игі істер ерлік болып саналатынына аударыңыз. Мысалы, қарттарға, мүгедектерге көмек, өрт сөндіру.Мен кіммін? Тақтаға Қасым ханның суретін іліңіз. Оқушыларға бір-бірден стикер таратыңыз және портретке қатысты бір сұрақтан жазуды ұсыныңыз. Содан кейін оқушылар айдардың мәтінін және 2-мәтінді өз бетімен оқысын. Оқушылардан оқыған материалдарда сұраққа жауап бар ма екенін сұраңыз. Егер жауап бар болса, онда оқушылар тақтаға барып, өз стикерін алсын. Егер тақтада тағы да стикерлер қалған болса, онда деректі материалды қолдана отырып, сұрақтарға жауапты өзіңіз бере аласыз. 2-3 қызықты сұрақты қалдырып, қабілеті жоғары оқушылардан үйден интернет ресурсынан жауаптар табуға тапсырма беріңіз.

Сен білесің бе? Бұл айдар мазмұнының тәрбиелік мағынасы зор, бірақ 1-сынып оқушыларының қабылдауы қиын. Сондықтан мұғалім оның мағынасын өзі ашып бергені дұрыс. Мәтінді оқудың алдында оқушыларға бейнелі түрде салыстыруды ұсыныңыз. Оларға әр халықтың ана тілі, мәдениеті – бұл оған қорек беретін және ұстап тұратын өсімдік тамыры тәрізді екенін түсіндіріңіз. Сыныптағы ең әдемі бөлме гүлін үстелге

Page 66: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

көреген саясаткер, дарынды және ер жүрек қолбасшы болған.

қойыңыз. Бұл гүлді суармаса, не болатынын сұраңыз.Жауабы: Гүл қурайды. Ана тілі де тура сол сияқты. Егер ана тілінде сөйлемесе, ол біртіндеп жойылып кетеді. Тіл болмаса, халық та болмайды.Орындап көр. Жұмысты топта өткізіңіз. Әр топқа қазақ халқының ұлттық құндылығы көрсетілген мақал-мәтелдер мен суреттер салынған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушылардың міндеті – шағын жоба (аппликация, сурет, ермексаздан жасалған заттар) көрсету. Оқушылар өз материалдарын қолдана отырып, шетелдік қонаққа қазақ халқын таныстырады. Мынадай үлестірме парақшалар ұсынуға болады: қазақ батырының суреті салынған үлестірме парақшада «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», аттың суреті бар үлестірме парақшада «Ер қанаты – ат», мереке суреті бар үлестірме парақшада «Гүлсіз болса жер мұңды, Күлкісіз болса ел мұңды», ауыл суреті бар үлестірме парақшада «Туған жердің жуасы да тәтті» және т.б. мақал-мәтелдері. Әр топ өзіне таныстыру түрін таңдайды.Сабақты Ерболат Құдайбергеновтің орындауындағы «Мен қазақпын» әнімен бастап, «Жау жүрек мың бала» көркем фильмінен үзінді көрсетумен аяқтаңыз. Оқушылар әуенмен би билеуіне немесе қарапайым қозғалыстар жасауына болады.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Бұл сабақтың тірек сөздері қолданып жүрген сөздік қорға жатпайды. Оқушылар тірек сөздерді хормен қайталасын. Содан кейін тірек сөзбен бір жай сөйлем ойлап табуын сұраңыз. Қабілеті жоғары оқушылар өз сөйлемдерін орыс және ағылшын тілдеріне аудара алады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. «Сен білесің бе?» айдарының мазмұнын ашқан кезде өсімдікпен салыстыру қолданылады.Өнер. Дәптердегі «Мен қазақпын» тапсырмасы өнермен пәнаралық байланысты қамтиды.АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар интернет ресурстарынан қазақ хандығы туралы

Толағай

• Танысып қой, бұл – батыр Толағай.• Неліктен ол батыр атанды деп ойлайсың?

Оқушыларға жұмыс дәптеріндегі «Қазақ халқы» тапсырмасы орындауға беріледі.

Page 67: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

материалдар жинайды.

Бағалау Оқушылар–– «батыр» ұғымын және батырлардың қазақ тарихындағы рөлін;–– мақал-мәтелдер мен аңыздардың мағынасын түсінді;–– қазақ халқының тарихымен танысты.Оқушылар–– қазақ халқының рухани құндылықтарын түсінуге; –– сұрақтар қоюға; –– алған ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруге

үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде «Орындық» тәсілін қолдансаңыз болады. Оқушы орындыққа арқасын тақтаға қаратып отырады. Тақтада оқушылар сабақ барысында алған ұғымдар мен есімдер жазылған. Мұғалім әр ұғым мен есімді (батыр, Қасым, Толағай) көрсетеді, ал бір оқушы олардың мағынасын ашады немесе кейіпкердің мінезін сипаттайды. Орындықта отырған оқушы ұғымды немесе есімді атайды.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Қазақстанның рәміздері

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен танысy;• Оқушылардың басым бөлігі:тудағы бейнелердің мағынасын білy;

• Кейбір оқушылар:мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді үйренy.

Тірек сөздер: ту – флаг – flag;елтаңба – герб – coat of arms; әнұран – гимн – anthem;мемлекеттік рәміз – государственный символ – state symbol.

Ресурстар: Мультимедиапроектор, Мемлекеттік рәміздер бейнеленген плакат,

Page 68: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

ҚР Мемлекеттік Әнұранның дыбыстық жазбасы, И.Ескендір «Көк Тудың желбірегені» әні, «Ту», «Әнұран», «Елтаңба», «Бәйтерек», «Алтын адам» сөздері жазылған үлестірме парақшалар, флип-шарт, түрлі-түсті маркерлер, «Мемлекеттік ту» тақырыбына таныстырылым, түрлі-түсті қағаздар, қайшы, желім, мемлекеттік рәміздегі бейнелердің элементтері бар суреттер (қыран, жұлдыз, күн, шаңырақ, қанатты тұлпар), жапсырмалар, өрнек жапсырмалар, «Орындап көр» айдары тапсырмасына арналған ту үлгілері.

Сабақтың мақсаты: 1.3.5.2 тәуелсіз мемлекеттің негізгі белгілері туралы әңгімелеу 1.3.5.1 Қазақстан Республикасының рәміздерін өзге елдердің рәміздерінен ажырату

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы көгілдір түсті матадан жасалған. Оның ортасында 32 сәулесі бар күн орналасқан. Күннің астында көкте шарықтаған қыран құс бейнеленген. Ағашсабына бекiтiлген тұста – ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек – алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Автордың түсіндіруі бойынша ту жобасымен жұмыс істеген алты ай уақыт ішінде қазақ халқының тарихын, әдебиетін оқып, көп ізденген. Ту идеясы тарихтан, ұлттық мәдениеттен алынған. Бiрыңғай көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашанда бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың

Сабақты Ибрагим Ескендірдің орындауында «Көк Тудың желбірегені» әнін тыңдаудан бастауға болады. Бейнебаяннан әнді тыңдап болғаннан кейін:«Ән тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?» «Бүгінгі сабақ не туралы болады депойлайсыңдар?» – деген сұрақтар қою арқылы сабақ мақсатын ашуға жетелеңіз.Жауабы: Ту туралы.Суреттерге қара. Оқушыларға оқулықта берілген суреттерге назар аударып, сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз. Оқушылардың жауабын сабаққа қатысты деректі материалдармен толықтырыңыз. Оқулықтағы 1-мәтінді өз бетінше оқуға беріңіз.Кел, анықтайық! Бұл айдар бойынша жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқулықтағы суреттерге назар аударып, берілген сұраққа жауап берсін. Оқушылардың сұраққа жауап беру барысында тиісті лексиканы дұрыс қолдануына көңіл бөліңіз. Оқушылардың мақтаныш сезімін ояту үшін 2012 жылы Лондон Олимпиадасында қазақстандық спортшыларды марапаттау сәті бейнеленген қысқаша бейнебаянды тамашалатыңыз. «Еліміздің туын биікке көтеру үшін қандай үлес қоса аласыңдар? Сен өзің не істер едің?»,– деген сұрақтар қойыңыз. Өз елінің туына құрмет көрсету – азаматтықтың көрінісі екенін айтып қорытындылаңыз.Кел, ойланайық! Бұл айдарды «Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді көрумен бастауға болады. Алдымен оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топқа тапсырма беріңіз. Бірінші топ фильмде қолданылған музыканы зерттейді, екінші топ қолданылған декорацияны, үшінші топ кейіпкерлер іс-әрекетін бақылайды. Үзіндіні қарап болған соң, әр топтың бір -бір оқушысынан шағын топ ұйымдастырыңыз. Бір оқушы фильмнің музыкасын, екіншісі декорациясын, үшіншісі адамдардың әрекеттерін сипаттайды. Оқушылардың міндеті – бұл фильм мақалдың мағынасын қалай ашатынын түсіндіру. Бұл жұмыс түрі байқампаздықты дамытуға көмектеседі. Оқушыларға ерте заманда қазақ халқы үшін тудың

Page 69: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде – көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн – қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн – уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс – бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Сақтар, ғұндар, қыпшақтар туды жауынгерлік рухтың белгісі деп ерекше қастерлеген. Олар туда әскердің күші, киесі болады деп сенді. Сол себепті тудың құлауын әскердің жеңілуі деп түсінді, бүкіл әскер болып шайқастарда әскер туын қорғады. Ту алыстан айқын көрінуі үшін ашық, көк, қызыл, сары, жасыл, ақ түсті маталардан жасалынып, кейде бір туда екі-үш түс қатар қолданылды. Тудың әр түсі көшпелілердің төл мәдениеті ретінде белгілі бір ұғымды білдірді. Абылай ханның туы ақ түсті болған. Ақ түс тазалықтың, әділдіктің белгісі саналады. Абылай хан көрнекті мемлекет қайраткері, үш жүздің басын біріктірген атақты хан, қолбасшы және елші ретінде танылды.

мәні қандай болғаны, ал қазіргі кезде тудың маңыздылығы қалай өзгергені туралы қорытынды жасатыңыз. Отан қорғау әр жігіттің қасиетті борышы екені туралы тұжырым жасауға бағыттаңыз. Оқулықтағы 2-мәтінді өз бетінше оқуға беріңіз.Сен білесің бе? Оқушыларға Абылай ханның портретін көрсетіңіз. Абылай қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманда өмір сүргені, он бес жасынан бастап жоңғарларға қарсы жорықтарға қатысқаны туралы әңгімелеуден бастаңыз. Абылай ханның тарихтағы ең басты еңбегі үш жүздің басын қосып, бір ту астына жұмылдыруы екенін атап өтіңіз. Оқушылардың біріне мәтінді мәнерлеп оқуды тапсырыңыз. Ақпаратты «Жеті жебе» әдісі бойынша жүйелеңіз. Портреттің айналасында жеті жебенің суретін жасаңыз. Оқушылар әр жебеге тарихи тұлға Абылай ханды сипаттайтын сөздерді жазсын.Жауабы: Батыр, ержүрек, ақылды, әділ…Орындап көр. Тапсырманы топта орындатыңыз. Әр топ өз туы қандай болатынын ойластырып, алдын ала дайындалған түрлі-түсті қағаз, жапсырма, маркер, өрнек жапсырмалар қолданып жасайды. Оқушылардың жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, тазалықты сақтауларын мұқият қадағалаңыз. Орындалған жұмыстарды «Сөйлейтін қабырғаларға» іліңіз. Әр топ өзі жасаған туларын таныстырып қорғайды. Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз.

Ойлан

«Тусыз бірлік болмайды, қарусыз жігіт болмайды» деген мақалды қалай түсінесің?Әр елдің мемлекеттік рәміздері болады. Олар – елтаңба, ту және әнұран. Қазақстанның рәміздері мемлекетіміздің тарихы туралы әңгімелейді. Олар еліміздегі барлық адамдарды біріктіреді.

Page 70: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

«Бағдаршам» ойынын ұйымдастырыңыз. Қазақ тіліндегі сөзді жасыл түспен, орыс тіліндегі сөзді сары түспен, ағылшын тіліндегі сөзді қызыл түспен белгілеңіз. Әр топқа тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Оқушыларға түсті дөңгелекті көрсетіңіз бір немесе белгілі бір түс (қызыл, жасыл, сары) атауын айтыңыз. Оқушылар түске сәйкес тірек сөздерді тиісті тілде атайды.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Өнер. «Орындап көр» айдарында берілген тапсырманы орындайды.

АКТ. Интернеттен әлемдегі түрлі мемлекеттердің туының үлгілерін жинақтайды.

Жұмыс дәптеріндегі «Менің елімнің рәміздері» тапсырмасын орындау ұсынылады.

БағалауОқушылар:–– ҚР мемлекеттік туымен танысты; –– тудағы бейнелердің мағынасын;–– тудың мемлекеттік маңыздылығын білді.Оқушылар:–– бақылау жүргізуді; –– ақпарат негізінде өз көзқарасын білдіруді;–– сұраққа жауап беруде тиісті лексиканы қолдануды;–– халқымыздың өткені мен бүгінгісін салыстыруды; –– туды құрметтеуді үйренді.Бағалау үшін жауаптардың дұрыстығын анықтауды ұсыныңыз.–– Ту мемлекеттің тәуелсіздігін білдіреді.–– Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы қызыл түсті.–– Қазақстанның туында көгершін бейнеленген.–– Мемлекеттік рәміздер елдің тарихы туралы сыр шертеді.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

Page 71: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Көне жазбалар Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:өткен мен қазіргі кезеңді көз алдына елестетудің түрлі тәсілдерімен танысy;• Оқушылардың басым бөлігі:көне жазбалар мен олардың мағынасы туралы білy;• Кейбір оқушылар:таңбаларды күнделікті өмірде қолдануды үйренy.

Тірек сөздер: ақпарат – информация – information; жазу – письменность – writing.

Ресурстар: «Көне жазбалар» сабағы бойынша таныстырылым, тірек сөздер жазылған үлестірме парақшаларлар, қосымша тапсырмаға арналған түрлі-түсті жіптер, ермексаз, ермексаздан жасалған тақтайша, ағаш таяқша.

Сабақтың мақсаты: 1.3.3.1 Қазақстан аумағындағы көне жазу туралы білу1.3.3.2 түрлі материалдарды, әдістер мен құралдарды пайдалана отырып көне жазуларды бейнелеу1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Көне жазбалар. Тастағы және саз тақташалардағыежелгі жазбалар болашақ ұрпақ үшін өткен кезеңдер туралы мәліметті сақтап қалды.Ежелгі жазбалар пиктографиядан (көне замандағы суретті жазу) басталады. Жазудың бұл түрі сурет түріндегі хабарламаны көрсетеді. Пиктограммаларда шартты белгілер болуы мүмкін.Сонымен қатар ертеде Екі өзен тоғысында жазуды саз тақташаларға жазған. Ол жерде алғашқы мектептер болған. Оқу сазды илеуден басталатын. Жұмсақ тақташаларға ағаш таяқшалармен мәтін жазған. Мұндай жазуды сына жазу деп атайды. Жазу үшін олар ұшы үшкір таяқшаны пайдаланған. Олар бұл жазу тәсілін кәдімгі мысықтың сазды тырнап жатқан әрекеттерін байқағанда үйренген болатын.

Кел, анықтайық! Жұмысты топта өткізіңіз. Әртоп оқушылары ғалым рөлінде алғашқы жазбаның пайда болған нұсқасын талқылайды. Оқушылар жазу қашан және қайда пайда болғанын, жазуды не үшін қолдану қажет болғанын ойластырып, қиялдайды. Оқушылар әртүрлі таңбалар, белгілер және т.б. ойлап табады. Жұмыс нәтижелерін шағын жоба түрінде беруге болады. Оқушылардан өз әңгімелерін оқулықтағы 1-суретпен байланыстыруын сұраңыз.

Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып шығады. Қарамен боялған сөзге назар аудартыңыз. «Ақпарат» сөзін орыс және қазақ тілдерінде дауыстап айтуын сұраңыз.

Page 72: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сонымен өзен тоғысындағы тұрғындар мысықтың арқасында жазуды ойлап тапқан. Ежелгі алуан түрлі жазудың бірі түрлі-түсті жіпті ақпарат ретінде қолданатын ілмек жазу болған. Ілмек жазуды тек таңдаулылар ғана оқып, түсіне алған. Осындай жолдаудың көмегімен адамдар кез-келген мәселені, тіпті әскерлер санынан бастап, қайсыбір жергілікті жер немесе кезеңсипаттамаларына дейін айтып бере алған. Тамғалы. Жетісу өңірінің өте ертедегішығармашылық мұраларының бірі Тамғалы петроглифтері. Ол 2004 жылдан бастап ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұра нысаны болып табылады. 1950 жылдың соңында бұл жерде көптеген жартас суреттері табылды. Жартастағы суреттердің жалпы саны 2000 көлемінде. Тамғалы шатқалы Алматы қаласының жанындағы Аңырақай тауларындаорналасқан.Күлтегін. Күлтегін VІІ ғасырдың соңында – VІІІ ғасырдың бірінші жартысында көгілдір тудың астында көшпенді халықтың көпшілігін біріктірген түркі халқының әскер басшысы, билеуші болды. Ол ұлы көшпенді империяның дәстүрін жалғастырды. Руналық жазу мұрасы Моңғолиядағы Орхон өзенінің жағасында табылды.Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ежелгі түркі өркениетінің ескерткіші ретінде – қолбасшы мәртебесіне арнап Түркі қағанаты жылнамасы ойып жазылған тас шатқалдың көшірмесі орнатылған.

Ойлан. Жұмысты жұпта өткізіңіз. Оқушыларғаертеде адамдар қандай заттарға жазу жазғандарын ойлануға тапсырма беріңіз. Олардың болжамдарын тыңдаңыз. Берген жауаптарын сабаққа қажетті деректі материалдардан алынған ақпаратпен толықтырыңыз.

Оқушылар оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқиды.

Тастағы жазбалар. Оқушылардың назарын2-суретке аударыңыз. Олар жазбаның мазмұны туралы өз болжамдарын айта алады. Сурет бойынша 1-2 сұрақ құрастырып, оларды басқа оқушыларға қояды. Жауаптарды сабаққа қажетті деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырыңыз. Содан кейін оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқып шығады.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Орындап көр. Жұмысты жұпта өткізіңіз. Оқушылар шағын тақтайшаны немесе ермексазды пайдаланып, жазу жазатын негіз жасайды. Одан кейін тақтайшаға ұшы үшкір ағаш таяқшамен таңбалар мен белгілер арқылы хат жазады. Оқушылар жұп болып «хаттарын» бір-біріне беріп, алмасады және оларды оқуға тырысады. Ағаш таяқшамен өз есімін, тегін, тұратын қаласын және т.б. жазуды ұсынуға болады.

Тірек сөздерді еске сақтау үшін оқушылармен «Өз үштігіңді тап» ойынын өткізіңіз. Әр оқушыға бір тілде тірек сөздердің біреуі жазылған үлестірме парақшалар таратыңыз. Сөздер қайталануы мүмкін. Ең бастысы барлық тірек сөздер қамтылуы тиіс. «Баста» белгісін беріңіз. Оқушылар екі тілде тірек сөздер жазылған үлестірме парақшалары бар оқушыды табуы тиіс. Ойынның қорытындысын шығарыңыз. Әр оқушы тірек сөздерді айтуы тиіс.

Page 73: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. «Кел, анықтайық!» тапсырмасында оқушылар шатқалға салынған суретті қарай отырып, жануарлардың атауларын атайды.Өнер. «Орындап көр» айдарында оқушылар ермексазбен жұмыс істейді, тақташаға сурет салады.АКТ. Қабілеті жоғары оқушыларға интернеттен «Көне жазбалар» тақырыбында материал табуға тапсырма беріңіз. Олар ертеде қандай жазбалар болғанын, қазіргі заманғы таңбалар мен белгілер қандай екенін білуі тиіс.

«Ілмек жазу» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Оқушылардың назарын көне жазбаға – ілмекті жазуға аударыңыз.

Олардан түрлі-түсті жіптерден өз досына хат жазуын сұраңыз. Олар ілмектердің саны мен түсін қалай таңдағанын түсіндіреді. Оқушылардан бұл хатта не жазғысы келгенін сұраңыз.

Бағалау Оқушылар–– ежелгі жазбалар және олардың мағынасы туралы; –– өткен кезеңді көз алдына елестетудің түрлі

тәсілдерімен танысты; –– орта ғасырдағы тарихи тұлға Күлтегін образымен

танысты.Оқушылар–– тастағы көне жазбаларды сипаттауды; –– бақылау жасап, сұрақтар қоюды; –– ақпарат негізінде өз ойын білдіруді;–– өз таңбалары мен белгілерін ойлап табуды үйренді.Бағалау ретінде оқушыларға «Өзін- өзі бағалау парағы» кестесін толтыруға беріңіз.

№ Сұрақтар Жауаптар

1 Мен сабақта қандай жаңа

мәлімет білдім?

2 Сабақта қандай қызықты

нәрселерді үйрендім?

3 Маған не қиын болды?

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

Page 74: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы:

Алтын адам туралы аңыз

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:Алтын адам туралы аңызбен танысy;• бұрынғы заман мен болашақ арасындағы айырмашылықты түсінy;•• Оқушылардың басым бөлігі:.сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.• Кейбір оқушылар:сұрақ қоюды, тарихи оқиғалар туралы үзінді айтуды үйренy.

Тірек сөздер: нумизматика – нумизматика – numismatics; аңыз – легенда – legend;батыр – батыр – batyr.

Ресурстар: «Сөз құрастыр» ойыны бойынша әріптер жазылған үлестірме парақшалар, рөлдік ойын ойнауға арналған дулыға, «Типография» ойыны бойынша үлестірме парақшалар.

Сабақтың мақсаты: 1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

НумизматикаНумизматика – тиын, құйма ақша коллекциясы арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін қосалқы тарихи ғылым саласы. Осы саладағы ғылыми зерттеудің негізін қалаушы австралиялық ғалым, «Ежелгі осы нақты ма? Жайнар! туралы ғылым» еңбегінің авторы И.И. Эккель (1737–1798).

Тиын – бұл белгілі бір салмағы, пішіні, құндылығы бар металл құйма. «Тиын» атауы Монета Юнон әйел құдайының атынан шыққан.

Аверс – тиынның немесе медальдің оң жағы. Реверс – тиынның теріс жағы.Аңыз деген не? «Аңыз» сөзі бізге латын тілінененген.

Заттар. Оқушылар суретте бейнеленген заттартуралы ойларын айтады. Ерте заманда ақша ретінде тұзды, мал терісін, малды, ұлу қабыршағын және т.б. қолданғанын айтыңыз. Оқушылардан бұл саудада заттарды қолдану ыңғайлы ма деп сұраңыз. Тиын суретін көрсетіңіз.

«Нумизматика», тиындардың «оң және теріс жақтары» деген сөздерге түсінік беріңіз.Сен – Алтын адамсың. «Автор орындығы»стратегиясын қолданыңыз. Оқушылар бас киім

Page 75: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Бұл халық ауыз шығармасы түрлерінің бірі. Бірақ ертегілерден ерекшелігі шынайы өмірді суреттейді. Жазу әлі болмаған кезде аңыз ауыздан ауызға беріліп отырған. Тиындардағы барлық жазбалар да аңыздар деп аталады.Алтын адам туралы аңыз. Ерте заманда қазақтыңұлан байтақ даласында бір тайпа мекендепті. Бұл тайпаның балалары бір-біріне ұқсас болған және бір тілде сөйлеген екен. Халқы күшті әрі бай болған. Қасқалдақ батырдың отбасында 9 ұл болыпты. Күндердің күнінде оныншы ұл дүниеге келіпті. Оның ұзын алтын бұрымы болған дейді. Сондықтан оны Алтын Айдар деп атаған екен. Оны барлығы еркелеткеніне қарамастан Алтын Айдар қыңыр болмапты. Кішкентай кезінен бастап ол атпен шабуға құмар болып, бәйгеде әрқашан бірінші келеді екен.

Күндердің күнінде тайпаға шығыстан қаһарлы жау келе жатқаны туралы жаман хабар келеді. Халық жиналып, жауға қарсы шығуға шешім қабылдайды. Батыр Қасқалдақ бас қолбасшы болады. Атты әскерлер темір сауыт киіп, болаттан жасалған өткір семсер мен қылыш тағынады. Бәрінен де Алтын Айдар жақсы жасақталады. Жас батыр алтын сауыт-сайман тағынады, басына дулыға киіп, кеудесі мен арқасын алтын кіреукемен жапты, беліне алтын белдік тағынды. Аяғына ұшы үшкір, алтын өрнекпен өрнектелген қонышы биік етік киді. Ол өз әскерімен жауға қарсы шапқанда, алтын киімі ұшқын шашады екен. Оның пайда болғанының өзі жауға үрей туғызады. Жау Қасқалдақ әскерін жеңе алмады. Үш күндей айқасқан соң екі жақ та бітімге келеді. Бірақ жау Алтын Айдарды қулықпен жойып жібергісі келеді. Жау оғы да, басқаның семсері де Алтын Айдарды жеңе алмады. 18 жасында ол қатты науқастанып, қайтыс болады. Оны сол үстіндегі алтын киімімен жерлеген екен. Қабірінің жанына «Сен бізден болашаққа ерте кетіп қалдың.....» деген жазуы бар күміс ыдыс қойылған.

1969 жылы Алматыға жақын Есік қорғанында археологтар «Алтын адамды» тапты. Ол жерде көмілген адамның шамамен алғандағы жасы 18 жас. Қабірінде киімдерге, аяқ киімге және бас киімге тігілген, алтыннан жасалған төрт мыңнан астам әшекей бұйымдар, сонымен қатар алтын балдақ сақиналар, мүсіншелер, қалайы және алтын қару-жарақ, әртүрлі ыдыстар табылды. Жазуы бар күміс ыдыс тар біздің ата-бабамызда жазу өте ертеде пайда

киіп, Алтын адам рөлін орындайды және басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді.Сен білесің бе? Оқушыларға 1969 жылы Алматымаңындағы Есік қорғанынан археологтар «Алтын адамды» тапқаны туралы ақпарат беріңіз.Орындап көр. Оқушыларға өз тиындарын ойлаптауып, «Тиын» тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Олардан тиынның оң және теріс жақтарында қандай сурет болғанын қалайтынын сұраңыз.

Сен білесің бе?

Археологтар 1969 жылы Алматы маңындағы Есік қорғанынан Алтын адамды тапты.

Page 76: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

болғанын дәлелдейді.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Өз тиыныңды ойлап тап. Оның оң бетіне нені бейнелер едің?

«Сөз құрастыр» ойынын жарыс түрінде өткізіңіз. Сыныпты үш топқа бөліңіз. Жаңа тақырып бойынша сөздердің әріптері жазылған үлестірме парақшаларды таратып беріңіз. Әр топ үш тілде үш сөз құрауы тиіс. Топтардың қайсысы сөзді бірінші болып құраса, сол топ жеңімпаз болады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде құрылған сөздерді дауыстап оқуын сұраңыз

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Жаратылыстану. Оқушылармен әңгіме өткізіңіз.«Әскердің сауыт-саймандары неліктен осы күнге дейін сақталған деп ойлайсың?» «Күнделікті өмірде алтынды қай жерлерде кездестіруге болады?»Математика және АКТ. Мына тапсырмалардыңбіреуін орындауды ұсыныңыз.1-тапсырма Қабілетті оқушыларға интернеттен Қазақстанныңтеңгесі туралы ақпаратты табуды тапсырыңыз. Бұл теңгелердің номиналдары қандай? Қандай теңгелер майда және ірі болады? Оларды қалай атайды? Қазір біз қандай теңгелерді қолданамыз? 2-тапсырма Археологтар тапқан Алтын адам қорғанындағыәшекей заттардың саны туралы

«Типография» ойыны Сынып оқушыларын екі топқа бөліңіз.

Әрқайсысына әріптердің біреуі жазылған үлестірме парақшалар таратып беріңіз. Әріп жазылған үлестірме парақшалар кеудеге ілінеді. Мұғалім сұрақты оқиды. Олар топта кеңесе отырып, жауапты оқуға болатындай бір қатарға тұрады. Ұпай сөзді жылдам құраған топқа беріледі. Ұпайды көп жинаған топ жеңеді.

Бекіту үшін жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойыңыз. Қайталау ретінде өткен тақырыптар бойынша сұрақтарды қолдануға болады. Таңдалған сұраққа қарай мұғалім қажетті әріп жазылған үлестірме парақшалар дайындайды.

Page 77: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

ақпаратты табуды ұсыныңыз.

Бағалау Оқушылар–– теңгенің пайда болу тарихын; –– Алтын адам туралы аңызды білді;Оқушылар–– аңыздың мазмұнын айтуға; –– сұрақтар қоюға және оларға жауап беруге

үйренді.Оқушылармен «Жұлдызды сәт» ойынын өткізіңіз. Жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойыңыз. Әр дұрыс жауап үшін жұлдызша беріледі. Кімде жұлдызшаны көп болса, сол жеңеді.–– Теңгелер туралы ғылым қалай аталады? (Нумизматика).–– Алтын Айдар қандай болып өсті? (Оны барлығы еркелетті, бірақ ол

қиқар болған жоқ).–– Алтын Айдардың сауыт-саймандарын сипаттаңдар (Жас батыр

алтын сауыт киді, басына дулыға киді, кеудесі мен арқасын алтын кіреуке жауып тұрды, беліне алтын белбеу тағынды, аяғына алтынмен безендірілген үшкір биік етік киді).

–– Археологтар Алтын адамды қай жерден тапты? (Алматы маңындағы Есік қорғанынан).

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Өмір ағашы – Бәйтерек

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:оқушылар Бәйтерек туралы аңызбен танысy;• Оқушылардың басым бөлігі:.аңыздың мазмұнын айтуды үйренy;• Кейбір оқушылар:Бәйтерек монументін сипаттауға дағдыланy.

Page 78: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Тірек сөздер: монумент – монумент – monument; археолог – археолог – archeologist.

Ресурстар: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті, «Сәуегейлік ағашы» суреті, «Бәйтерекке саяхат» фильмі, «Ботаға көмектес» ойынына арналған үлестірме парақшалар, «Бәйтерек» пазлдары.

Сабақтың мақсаты: 1.3.1.2 көне заманның танымал тарихи ескерткіштері/жәдігерлері туралы әңгімелеу

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Бәйтерек туралы түркі аңызы не жөнінде сыр шертеді?

Ерте заманда бүкіл әлем үшке бөлінген деген наным болған. Аспан әлемінде құдайлар, Ортаңғы әлемде адамдар, ал Төменгі әлемде зұлым күштер өмір сүрген деседі. Барлық үш әлемнің арасын Бәйтерек байланыстырған екен. Ағаштың тамырлары жын-перілер әлемінде, ұшар басы Темірқазық жұлдызына дейін жететін құдайлар әлемінде орналасыпты. Бәйтеректің ұшар басында Самұрық құс ұя салып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен әлемді түнек басса, құс жұмыртқаны тағы да салып, қайтадан әлемді тіршілік жайлайды. Ағаштың етегінен әртүрлі өзендер бастау алған екен.Астана – Бәйтерек монументі. «Бәйтерек»монументі орналасуы мен құрылысы жағынан ертедегі көшпенділердің өмір туралы түсінігінбілдіреді. Олардың әңгімесі бойынша өткен мен бүгіннің арасында өзен ағып жатады екен. Ал өзен жағасында зәулім биік Бәйтерек ағашы өсіп тұрады. Оның тамыры жерді ұстап тұрса, ұшар басы көкті тірейді екен.

Монумент Қазақстанның

Сабақты «Бәйтерек туралы аңыздан» бастаңыз. Ол үшін «Сәуегейлік ағашы» стратегиясын қолданыңыз. Бұл тәсіл өз болжамын дәлелдеп, негіздей алуға көмектеседі. «Ағаштың діңі» – бұл тақырып, «жапырақтары» – болжамдар, «сабақтары» – дәлел. Қабілеті жоғары оқушылар аңызда не туралы айтылатыны жөнінде өз болжамдарын жасай алады.

Алдын ала тапсырма берілген оқушылар Бәйтерек туралы түркі аңызын әңгімелесін. «Аңызшылар» Самұрық құс және Айдаһар туралы аңызды айтып береді. Олардың болжамдары аңызбен сәйкес келетініне назар аударыңыз.

Оқушылармен бірге аңыз кейіпкерлерін талқылаңыз. Олар кімді мейірімді, ал кімді зұлым кейіпкер деп санайтынын және неліктен олай ойлайтынын айтсын. Оқушылардан Астанадағы монумент неліктен Бәйтерек деп аталатынын сұраңыз. Тақырыпты бекіту үшін «Аңыз кейіпкерлері» тапсырмасын орындатыңыз. Оқушылар «Бәйтерек туралы аңыз» кейіпкерлері Самұрық құс пен Айдаһардың суреттерін бояйды. Суреттердің астына осы кейіпкерлерге сай сөздер жазады. (Самұрық – жақсылық, жарық, күн; Айдаһар– жамандық, түнек, түн және т.б.).Аңыз. Оқушылар мәтінді оқып шыққаннан кейінаңыз туралы айтып берулерін сұраңыз. Оқушылар Астанадағы монумент неліктен Бәйтерек деп аталатыны туралы өз бетімен болжам жасай алуы тиіс.Салыстыр. Оқушылардан фольклорлық өмірағашы мен Астанадағы монумент суреттерін салыстыруды ұсыныңыз. Олар жұпта әр суретке 1-2 сұрақ дайындап, бір-біріне сұрақтар қояды.Зертте. Оқушыларға «Бәйтерекке саяхат» фильмін көрсетіңіз. Фильмді көріп жатқан уақытта оқушылардың назарын Бәйтеректің әр бөлігіне аудартыңыз. Мұнардың үш бөлігі аңызға сай үш дүниені – жер үсті, жер асты, аспан әлемін білдіретінін түсіндіріңіз. Әр әлемде кімдер мекен еткені туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушылар монументтің әр бөлігінде не орналасқанын өз бетімен жазады.Жауабы: Төменгі бөлігінде дәмхана, аквариумдар және

Page 79: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

елордасы Астанада тұрғызылған. Ол Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша салынды.Монумент Қазақстанның негізгі көрікті және бетке ұстар ғимаратына айналды. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған және болашаққа ұмтылған қазақ халқының нышаны болып табылады. Монумент жобасының авторы – әйгілі ағылшын сәулеткері Норман Фостер. Ғимараттың биіктігі 97 метрді құрайды. Бұл сан елорданы Алматыдан Астанаға ауыстырған уақытты (1997 жыл) білдіреді. Алтын түстес шардың диаметрі 22 метр. Төменгі деңгейі төрт жарым метрге дейін тереңге бойлаған. Ол жерде дәмхана, аквариумдар және суретші Ерболат Төлепбайдың жұмыстары қойылған «Байтерек» шағын-галереясы бар. Ол жерден лифт арқылы жоғарғы бөлік – шарға көтерілуге болады. Онда панорама (жоғарыдан қарағандағы жазықтықтың көрінісі) залы мен бар (жеңіл тамақтанатын шағын мейрамхана) орналасқан.

«Байтерек» шағын-галереясы, ортаңғы бөлігінде панорамалық лифт, ал жоғарғы бөлігінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алақан бедері, ғаламшардан жасалған композиция орналасқан шар.Оқушылар жұпта суреттерге екі сұрақтан дайындайды. Сұрақтар «неліктен», «қалай», «не үшін» деген сұраулы сөздерден басталуы қажет екенін алдын ала ескертіп қойыңыз. Содан кейін олар өздері дайындаған сұрақтарды бір-біріне қояды.Монумент туралы мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз. Бұл жерде ғимараттың биіктігі елорданы Алматыдан Астанаға ауыстырған уақытты білдіретінін түсіндіріңіз. Астана қаласында болған және Бәйтерекке барған оқушылар өз алған әсерлерімен бөлісе алады.Сен білесің бе? Оқушыларға Н.Ә.Назарбаевтың портретін көрсетіңіз. Қазақстан Президенті мен сабақ тақырыбы арасында қандай байланыс бар екенін сұраңыз.• Бәйтерек туралы аңызбен танысамыз• Бәйтерек монументін сипаттауды үйренемізКең далада зәулім Бәйтерек ағашы өсіпті. Самұрық құс оның ұшар биігіне таңертеңмен алтын жұмыртқа салады екен. Бәйтерек үш дүниені – жерүсті, жерасты, аспан әлемін байланыстырған екен.Аңыз• Бұл аңызды қалай түсіндің?• Астанадағы монумент неліктен «Бәйтерек» деп аталады?Салыстыр• Суреттерді мұқият қара.• Оларға сұрақ қой.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

«Ботаға көмектес» ойынын өткізіңіз, себебі бұл бөлімнің қорытынды тақырыбы болып табылады. Барлық тірек сөздерді – ту, әнұран, елтаңба, ауыз әдебиеті, монумент, ақпарат, суретті хат, нумизматика, аңыз, батыр, теңге, президент деген сөздерді қолдануға болады. А4 көлеміндегі қағазға жазылған сөздерді сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қойыңыз. Оқушыларға тірек сөздер «жоғалып кеткенін» айтып, Ботаға сол сөздерді табуға көмектесуін сұраңыз. Оқушылар үш тілде бір мағынаны білдіретін сөздер жазылған үлестірме парақшаларды жинауы тиіс.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Өнер. Пәнаралық байланыс жұмыс

Page 80: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

дәптеріндегі 1-тапсырмада жүзеге асырылады.Жаратылыстану. Оқушыларға Бәйтерек шары күн сәулесіне қарай түсі құбылып тұратын «хамелеон» шынысынан жасалғаны туралы ақпарат беріңіз.

Математика. Қосымша тапсырма ретінде оқушыларға есеп шығаруға ұсыныс беріңіз. Бәйтеректің жұмыс уақыты сағат 10.00-ден бастап 22.00-ге дейін. Бәйтерек қанша уақыт жұмыс істейтінін есепте.

Жауабы: 12 сағат.

БағалауОқушылар–– «Бәйтерек туралы аңыздың» мазмұнын; –– «Астана – Бәйтерек» монументінің авторын; –– өткен мен бүгін туралы түсінудің әртүрлі

тәсілдерін білді.Оқушылар–– сұрақтар қоюға; –– жаңа сөздерді қолдана отырып, аңыздың

мазмұнын айтуға; –– тиісті лексиканы қолдануға;–– аңыз кейіпкерлерінің суретін салуға үйренді.

Сабақты «Бәйтерек суретін (пазл) құрастыр» тапсырмасымен аяқтаңыз. Суреттің артқы жағына тапсырманы және осы тақырып бойынша сұрақтарды жазыңыз. Сұрақтар:–– Аңыздың негізгі ойы қандай? (Жақсылық пен

жамандық арасындағы күрес).–– Неліктен Бәйтеректі «Өмір ағашы» деп атайды? (Себебі ол

біздің ата-бабамыздың әлем туралы түсінігінің көрінісі).–– «Бәйтерек» монументі қайда орналасқан? (Астанада).–– Монументті салу идеясын кім ұсынды? (Елбасы). –– Ғимараттың авторы кім? (Фостер Норман).–– Неліктен монумент тек Астананың ғана емес, бүкіл

Қазақстанның нышаны болып табылады? (Себебі «Бәйтерек» – өз тарихы бар және болашақты гүлдендіруге ұмтылатын мемлекеттің нышаны).

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Page 81: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабақ тақырыбы: Тағам және сусындарБіз қалай тамақтанамыз?

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:ежелгі және қазіргі заманғы адамдардың тамақтану ерекшелігі туралы білу;

• Оқушылардың басым бөлігі:тағам және сусын түрлерін ажыратып үйрену.

• Кейбір оқушылар:бұрынғы мен қазіргі кезеңді елестету тәсілдерімен танысаy.

Тірек сөздер: тағам – еда – food; сусын – напиток –

drink.

Ресурстар: Түрлі тағамдардың атауы жазылған үлестірме парақшалар, «Тағам және сусын» тапсырмасы бойынша А4 көлеміндегі қағаздарға жазылған тағам түрлерінің атаулары, «Орындап көр» тапсырмасына арналған ермексаз.

Сабақтың мақсаты: 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Ең алғашқы адамдар жылы жерлерде өмір сүрген. Сондықтан олар жылы киім туралы қамданбады. Үйлерді қолайсыз ауа райынан және жыртқыш аңдардан қорғану үшін салды. Олар көп уақытын тағам іздеуге жіберетін. Әйелдер мен балалар жемістерді, өсімдік тамырларын, құстар мен тасбақалардың жұмыртқаларын терді. Ер адамдар аң аулаумен айналысты. Сол уақытта жер бетінде мамонттар болған еді. Ежелгі адамдар мамонттарды алдын ала жасаған шұңқырларға қуып, кіргізетін. Олар ұзақ уақыт бойы тағамды шикілей қолданды. Тіпті адамдар от тұтатуды үйренгенде аулаған аңның тұтастай еті жанып тұрған отқа сыйып кететін. Тағамды арнайы дайындаудың адамдар үшін қандай пайдасы болды? Біріншіден,адамдар тамақтану үдерісіне аз уақыт жұмсады, себебі отқа піскен ас жұмсақ

Оқушыларды қызықтыру үшін сабақты қалыпсыз нысанда бастаңыз. Үстелдің үстіне тағам түрлері салынған дорбаны қойыңыз. Оқушылар сіздің сабаққа не әкелгеніңізді табуы тиіс. Егер оқушылар дорбада не бар екенін айта алмаса, бір оқушыны тақтаға шығарыңыз. Ол дорбадағы заттарды қарап, тағам түрлерінің біреуін (мысалы, ақ, дәмді, қою) сипаттайды. Оқушылар сипаттама арқылы қандай тағам екенін табады. Бұл тәсіл «Тағам және сусын» сабағының тақырыбын анықтауға көмектеседі.Суреттерді салыстыр. Оқушылар бұл тапсырмадаоқулықта берілген 1-суреттегі көріністерді салыстырады. Бір оқушы ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты, ал екінші оқушы айырмашылықты табады. Бұл тапсырма оқушыларға алғашқы адамдардың тамақтану ерекшеліктері туралы білуіне көмектеседі. Оқушылардың білімін деректі материалдан алынған ақпаратпен толықтырыңыз. Оларға адам өмірінде отты игерудің мағынасы қандай екені туралы бірлесе тұжырым жасауды ұсыныңыз. Уақыттың шектеулі екенін алдын ала ескертіңіз. Мысалы, оқушылар тапсырманы музыка ойнап тұрған кезде орындап,

Page 82: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

болды, сонымен қатар түрлі бактериялар мен паразиттерді өлтірді. Ғалымдардың пікірі бойынша алғашқы адамның тағам мөлшері әр алуан еді, олар қолдарына түскен тағамның барлығын жейтін. Кейбір қазіргі заманғы диетологтар алғашқы адамдардың тамақтануын адам үшін ең табиғи тамақтану жүйесі деп атаған. Адам тектес маймылдардың ең жоғары дамыған тұқымдасының бірі гоминидтердің сүйектері мен тістеріне жүргізілген талдау бойынша ежелгі адамдарда көптеген қазіргі аурулар – сүйек, тіс аурулары болмағанын, қатерлі ісік ауруымен, жүрек-қан тамыры ауруларымен ауырмағанын білуге болады.Қымыздың пайдасы туралы. Қымыз – емдіксусын, оны бие сүтінен жасайды. Қымыздың шипалық және емдік қасиеттері ерте заманнан белгілі. Ол ел арасына ғажайып қасиеттерімен танымал. Қымызды алғаш рет түркі тайпалары жасап үйренді. Олар бұл сусынды әзірлеу құпиясын сақтады. Қымызды «батырлардың сусыны» деп атаған. Қымызды қолдану арқылы асқазан, өкпе, бауыр т.б. ауруларды да емдеуге болады. Сонымен қатар қымызда дәрумендер көп және керемет салқындататын дәмі бар. Қымызды дайындау және пайдалану түркі халықтары мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады.

музыка аяқталғанда немесе алақаныңызды үш рет соққанда бітіреді. Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді өз бетімен оқуға беріңіз.Тағам және сусын. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылардың санына қарай тағам өнімдерінің атауы (алма, шұжық, сәбіз, айран және т.б.) жазылған үлестірме парақшаларды таратып беріңіз. «Сөйлейтін қабырғаға» А4 мөлшеріндегі қағазға жазылған «жеміс-жидектер», «ет өнімдері», «сүт өнімдері», «ұн өнімдері» атауларын іліп қойыңыз. Оқушылар сіз берген белгі бойынша «сөйлейтін қабырғада» ілінген атауларға сәйкес жылдам 4 топқа бөлінеді. Олардан оқулық тапсырмасын орындауды ұсыныңыз. Көп оқушылардан жауап алу үшін екі топқа әртүрлі тағам түрлерінің тізбесі бар парақтарды таратыңыз. Олар қалаған тағам түрлерін қарындашпен қоршап көрсетуі тиіс. Оқушылар оқулықтағы 2-мәтінді оқиды.Орындап көр. Бұл тапсырманы рөлдік ойын түрінде өткізсе болады. Сынып оқушыларын үш топқа бөліңіз. Әр топ Ресей, Англия және Қазақстан өкілдері болады. Оларға бір-біріне қонаққа баратынын ескертіп қойыңыз, сондықтан «үй иелері» қонақтың тілінде сөйлесуі қажет. Оқушылардың міндеті – дастархан жайып, қонақ шақыру. Оқушыларға «Отбасылық дәстүр»тақырыбында танысқан ұлттық қонақжайлық дәстүрі мен үлкендерге құрмет туралы естеріне салыңыз. Қонақ келгенде қандай сыпайы сөздер айту қажет екенін сұраңыз.Жауабы: «Сәлеметсіздер ме, қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар, астарыңыз дәмді болсын және т.б.»Әр топтан бір оқушы қонақтар үшін дайындалған тағамдар мен сусындар туралы түсіндіреді. Бұл тағамдарды ермексаздан жасауға болады. Сабақ аяқталғаннан кейін оқушылардың жұмыстарынан көрме ұйымдастырыңыз.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Сен білесің бе? Бұл айдарда қазақтың қасиеттісусыны қымыз туралы айтылады. Алдымен оқушылардан өздері білетін ұлттық тағам мен сусын түрлерін атауын сұраңыз. Олар қымызды атауы

«Орындап көр» айдарындағы тапсырмада оқушылар үш тілдегі жаңа сөздерді қолданады. Бұл сөздерді алдын ала тақтаға жазып қойыңыз.

Page 83: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

мүмкін. Бұдан кейін деректі материалдан алынған ақпаратты қолдана отырып, білімдерін толықтырыңыз.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

АКТ. Қабілеті жоғары оқушыларға SmartArtбағдарламасының көмегімен интерактивті тақтада әртүрлі тағамдарды топтастыруға тапсырма беріңіз.Өнер. «Орындап көр» айдарында оқушыларермексаздан әртүрлі тағамдар жасайды.

Оқушылармен «Жалғастыр» ойынын өткізіңіз. Оқушылардың біреуі «Тағам және сусын» тақырыбы бойынша сөздерді атайды, мысалы; «шырын», келесі оқушы бірінші айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын сөзді атайды, мысалы, «нан». Сөздер қайталанбауы қажет.

Бағалау Оқушылар–– ежелгі адамдар қалай тамақтанғаны; –– ұлттық тағамдар мен сусындар туралы білді.Оқушылар–– ежелгі және қазіргі заманғы тамақтану

ерекшеліктерін салыстыруды;–– тағам мен сусын түрлерін ажыратуды; –– алған ақпарат негізінде өз пікірін білдіруді;–– этика ережелерін сақтау маңыздылығын түсінуді

үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде мынадай тапсырма берсеңіз болады. Сөйлемді толықтыр:–– Ежелгі адамдар ....................(жемістермен,

тамырлармен, шикі етпен) тамақтанды.–– .......................... (қымыз) бие сүтінен жасалған емдік

сусын.–– Тағам алуан түрлі және .......................... (пайдалы)

болуы тиіс.Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Page 84: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабақ тақырыбы: Ертеде қалай тамақтанған?Өзен – тіршілік көзі

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:eкі өзен тоғысындағы өркениеттің бастауы ежелгі Месопотамия елді мекенімен танысy;

• Оқушылардың басым бөлігі: алғашқы өркениет пайда болған кездегі өзендердің маңызын анықтаy;

• Кейбір оқушылар:картадан ежелгі мемлекетті табуға үйренy.Тірек сөздер: өркениет – цивилизация – civilization; жарма – крупа

– grains;егін шаруашылығы – земледелие – agriculture; құнарлы жер –

плодородная земля – fertile land.

Ресурстар: Ежелгі Месопотамия елді мекенінің тарихи картасы, тақырып бойынша көркем суреттер, әр топқа А3 көлеміндегі қағаз парақтары, стикерлер, «Ежелгі Месопотамия» тапсырмасы үшін тұқым салынған қалта, әртүрлі жармалар, «Орындап көр» тапсырмасына арналған гуашь, құрма (1 қорап).

Сабақтың мақсаты: 1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Тигр мен Евфрат өзендерінің ортасын Месопотамия деп атаған. Месопотамия тарихы 4 мың жыл бұрын басталған. Өз уақытында Месопотамия тұрғындары жазуды меңгеріп, сурет өнері мен архитектураның керемет үлгісін жасады. Месопотамияда астық, көкөніс, жемістер өсіру үшін жер суарып, құнарландыруды үйренді. Месопотамия сөзі «Өзен аралығындағы жер» деп аударылады. Тигр және Евфрат құнарлыалқаптарында (мол өнім беретін жерді құнарлы деп атайды) ежелгі Месопотамия

«Бүгін менімен бірге саяхатқа барғыларың келеді ме? Бұрынғы өткен заманға, Месопотамия деп аталатын елді мекенге саяхаттауды ұсынамын. Мен сендерге саяхат жетекшісі боламын. Сендер саяхат барысында туындайтын сұрақтарды қоя аласыңдар, ал мен жауап беремін. Менің көмекшілерім болады» – деп бастасаңыз болады. Көмекшілікке ұл және қыз баланың есімдерін атаңыз. Оқушыларды қызықтыру үшін оларға Месопотамия елді мекенінің суретін көрсетіңіз. Егер мүмкіндік болса, интерактивті тақтада көрнекті таныстырылым көрсете аласыз.Ежелгі Месопотамия. Бұл тапсырманы жұпта орындауға беріңіз. Оқушылардан Месопотамияны неліктен екі өзен тоғысындағы өркениет деп атағанын сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын күтіңіз. Картаны мұқият қарап, оқушылар сұраққа дұрыс жауап бере алады.Жауабы: Себебі Месопотамия Тигр және Евфрат өзендерінің аралығында орналасқан.Көмекшілеріңіз оқушыларға «Месопотамиядан әкелінген» дәнді дақыл тұқымы салынған қалташаны көрсетсін. Осы тұқымдардан өсімдік өсіп шығу үшін не қажет екенін сұраңыз.Жауабы: Күн, жылу, су, жер.

Page 85: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

елдерінің тамақтану негізін құрайтын бидай, арпа, бұршақ, түйе бұршақ,аскөк, пияз, шалқан, алма, анар, інжір, жүзім, шабдалы, айва өсірді.Месопотамия тұрғындары кендір өсіруді үйренді. Одан киім тігетін мата тоқыды және емдеуге арналған емдік майлар алды.Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргеннен басқа үй жануарлары мен үй құстарын асырады: сиыр, жылқы, түйе, есек, қой, шошқа, үйрек, қаз, тауық. Месопотамия елді мекенінің дамығаны соншалықты тұрғындары өздерін қажетті заттармен қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелдіктермен сауда жасап, олардан елде кездеспейтін тас, металл, ағаш алатын.

Оқушылардың жауаптарын деректі материалдың көмегімен «құнарлы жер» сөздерінің мағынасы туралы мәліметпен толықтырыңыз. Тек содан кейін ғана тапсырма бойынша адамдар неліктен өзен жағасын мекендегені туралы соңғы сұраққа жауап берсін.Жауабы: Өзен алқаптарында жер құнарлы болды. Ол адамдарға жер өңдеумен айналысуға мүмкіндік берді.Оқушылар оқулықтың 1-мәтінін өз бетімен оқып шықсын.Анықта. Оқушыларға «Біз барлығымыз тарихи саяхатшылар сияқты өте ертеде ежелгі Вавилон, Ур қалаларында тіршілік еткен Месопотамия халқы қандай тағам мен сусын қолданғанын зерттейміз», – деп айтыңыз. Оқушылар аталған қалаларды картадан тапсын. Бұл тақырып бойынша Месопотамияның тағамдары мен сусындары туралы кітаптар, суреттер, оқулық, журналдар, газеттер (алдын ала газет қиындылары түрінде материал дайындасаңыз болады), интернет және дискілер бар екенін айтыңыз. Олар Месопотамия елді мекенінде халық қалай тамақтанғаны туралы сұраққа жауап береді. Оқушыларға оқулықтағы 2-мәтінді ұсыныңыз.Қандай ботқаны жақсы көресің? Бұл тапсырманы орындамас бұрын оқушылардан қандай ботқаны жақсы көретінін сұраңыз. Олардан кестеге қарап, қандай жармалардан ботқа пісіретінін сұраңыз. Оқушылар оқулықтың тапсырмасын орындасын.Сен білесің бе? Бұл айдар мәтінін оқымас бұрын көмекшілеріңізге «саяхатшыларға» құрма таратуын тапсырыңыз. Оқушыларға құрманыМесопотамияда өсіргенін, ұзақ жолдарға төзімділік беретінін түсіндіріңіз. Оқушылар мәтінді оқып шықсын. «Балалар, осымен саяхатымыз аяқталды. Егер сендер тағы да саяхатқа барғыларың келсе, өздеріңмен бірге құрма алып жүріңдер. Құрманың құрамында адам үшін барлық қажетті дәрумендер бар», – деп «саяхатыңызды» аяқтаңыз.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Орындап көр. Оқушыларға екі өзен тоғысында орналасқан елді мекеннің суреті бар қалыпты таратыңыз. Оқушылар ермексазды қалыптың бетіне жағады. Содан кейін жарманы ұқыптап себе отырып, сурет шығарады. Соңында композицияны гуашьпен бояйды.

Негізгі мәтінді оқыған кезде тірек сөздерге назар аударыңыз. Тірек сөздер оқушыларға таныс емес болуы себепті, «Дирижер» ойынын өткізіңіз.Оқушылардың біреуі тақтаға шығып, дирижердың таяқшасымен бір қатарды көрсетеді. Оқушылар осы белгі бойынша қазақ тілінде тірек сөзді атауы қажет. Содан кейін «дирижер» үшінші қатарды көрсетеді. Оқушылар бұл сөзді ағылшын тілінде айтады (дирижер таяқшасының орнына мұғалімнің сілтеу таяқшасын қолдансаңыз болады).

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Page 86: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

АКТ. «Ежелгі Месопотамия» тапсырмасынорындағанда Power Point бағдарламасы көмегімен жасалған таныстырылымды қолданыңыз. «Анықта» айдарының тапсырмасын орындаған кезде интернет ресурстар қолданылады.Жаратылыстану.–– «құнарлы жер» ұғымымен танысады; –– «Ежелгі Месопотамия» тапсырмасын орындаған

кезде оқушылар өсімдіктердің өсуі үшін қажетті жағдайларды атайды;

–– оқушылар дұрыс тамақтану мәзірін құрастырады.Өнер. «Орындап көр» айдарының тапсырмасынорындайды.

Дәптерде орындалады. Оқушы отбасының бір күнгі тамақтануына зерттеу жүргізеді. Дәптерге отбасына арнап бір күнгі ас мәзірін дайындайды. Ол сағатқа ұқсас арнайы диаграммада орындалады.Сен қандай ботқаны жақсы көресің?

• Суретке қара.

• Ботқаның пайдасы туралы әңгімеле.

Сенің отбасыңда ботқаны қалай дайындайды?

Бағалау Оқушылар–– ежелгі Месопотамия өркениеті туралы; –– өзендердің алғашқы өркениет пайда болған

кездегі маңызы туралы; –– ботқаның пайдасы туралы білді.Оқушылар–– картадан ежелгі қала мен мемлекетті табуға; –– Месопотамия тұрғындарының тағамын қазіргі

заманғы адамдардың тағамымен салыстыруға; –– өз отбасы үшін ас мәзірін дайындауға үйренді.Бағалау түрінде оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін сұраңыз: «Алғашқы ежелгі өркениет қайда пайда болды?» (Месопотамияда), «Месопотамия халқы немен айналысты?» (Жер өңдеумен), «Шөл даланың наны» деп нені атайды?» (Құрма).

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Page 87: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Дәмді және пайдалы Мектеп: Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:дұрыс тамақтану туралы біледі;• Оқушылардың басым бөлігі: дұрыс тамақтану

ережелерін құрастыруды үйренеді;• Кейбір оқушылар:Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерін

біріктіретін қонақжайлылық ұғымының мәнін түсінеді.Тірек сөздер: жаңғақ – орех – nut;

ұлттық тағам – национальные блюда – national dish;дұрыс тамақтану – правильное питание – healthy diet.

Ресурстар: «Қонақжайлылық» тапсырмасына арналған бейдждер, суретті үлестірме парақшалар, «Тамақтану ережесі» тапсырмасына арналған А3 көлеміндегі қағаз, мөлшерлі стақандар, тағам өнімдері бейнеленген суреттер, доп.

Сабақтың мақсаты: 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Адам денсаулығы үшін дұрыс тамақтанудың маңызы зоp. Дұрыс тамақтану ұғымы мынадай үш негізгі қағидатты қамтиды:1. Адам пайдаланатын тағам пайдалы болуы тиіс.2. Тамақты күнде уақытында ішкен дұрыс.3. Тамақты шамамен қабылдау қажет.Тамақтану аpқылы адам ағзаға қажетті заттаpды алады. Жүйелі тамақтанбау адам денсаулығына үлкен зиян тигізетінін осы сала мамандаpы жиі айтуда. Тағамның шипалы түрлерін пайдалану аpқылы түрлі ауpулаpды емдеуге болатыны ерте кезден белгілі болған.1980-1990жж. жүгіріп

Виллиге көмектес. Сабақты Виллидің балаларға жазған хатынан бастаңыз. Оқушылардың міндеті – Виллиге көмектесу, қалай дұрыс тамақтану қажет екенін түсіндіру. Бұл жерде:«Вилли неліктен ауырып қалды деп ойлайсың?» «Сауығып кетуі үшін қандай көмек береаласыңдар?», – деген сұрақтар қойыңыз.Жауабы: Дұрыс тамақтану туралы айтамыз, пайдалы тағамдарды таңдауға үйретеміз және т.б.Оқушыларға оқулықтағы 1-мәтінді оқуға беріңіз.Қонақжайлылық. Оқушыларға 2-суретті қарауға беріңіз. Олар оқулықтағы сұрақтарға жауап береді. Жауаптарын тыңдаңыз. Бұл тапсырманың тәрбиелік тиімділігін күшейту үшін оқушылармен топтасу тренингін өткізіңіз. Алдын ала Қазақстан дағы әртүрлі ұлт өкілдерінің аты жазылған бейдждерді таратыңыз. Олар бүгін қонақ екенін түсіндіріңіз. Барлығы қол ұстаса шеңберге тұрып, бір-біріне жағымды сөздер айтсын. Бұдан кейін оқушылардың біреуі оқулықтағы 2-мәтінді дауыстап оқиды.Орындап көр. Бұл тапсырманы топта орындаған дұрыс. Бірінші топ ұсынылған суреттердің ішінен пайдалы тағамдарды таңдап алады. Екінші топқа бір рет пайдаланылатын ыдыс таратып беріңіз. Онда оқушылар өздері қабылдайтын тағамдардың қажетті көлемін

Page 88: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

жүріп қоректену деп аталатын немесе Фаст-фуд мәдениеті бүкіл әлемге тараған болатын. Мамандардың айтуы бойынша, көбінесе балалар мен жасөспірімдер арасында фаст-фудпен қоректену әдетке айналған. Ол адам денсаулығы үшін өте зиянды болып табылады. Соның нәтижесінде адамдарда жүрек, бауыр, асқазан аурулары пайда болады.Жаңғақтың пайдасы туралы. Жаңғақ – табиғаттың керемет сыйы. Оның түрлері өте көп. Олардың ішінде ең пайдалысы – грек жаңғағы. Онда көптеген дәрумендер мен микроэлементтер бар. Грек жаңғағында жүрек жұмысына қажетті магний мен калий көп. Оның пішіні бас миының жарты шарларын еске түсіретіні бекер емес. Ол мидың уақытынан бұрын қартаюының алдын алады.Қонақжайлылық. Қонақжайлылық – бұл қазақ халқы мәдениетінің ең басты құрауышы. Ертеден қазақтар үшін қонақтарды қарсы алу негізгі борыш болып саналған. Тіпті бейтаныс адамды да қарсы алып, тамақ және сусын бергеннен кейін ғана жөн сұрасқан. Қонақтарға құрметпен қарауға бала кезінен тәрбиелеген.Қазақстан – бейбітшілік, өзара түсіністік, татулық-достық орнаған көп ұлтты ел. Біздің елімізде барлық ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді.

маркермен белгілеп отырады. Үшінші топ сағаттың циферблатында «таңғы ас», «түскі ас», «түстен кейінгі ас», «кешкі ас» сөздерін орналастырады. Жұмыс аяқталғанда оқушыларға сабақта алған білімдерін қолдана отырып, өздерінің тамақтану ережелерін ойлап табуға тапсырма беріңіз. Олар тапсырмалардыпостер немесе плакат түріндегі қағазға безендіруі тиіс. Содан кейін плакаттарды магнитті тақтаға орналастырыңыз. Дұрыс тамақтану туралы жалпы тұжырым жасатыңыз.Бұл тапсырма сабақтың негізгісі болып табылады, сондықтан оны өткізуге көп уақыт бөліңіз.Жауабы: Оқушылар өз жұмыстарында тамақтану тәртібін, құрамы мен көлемін көрсетуі тиіс.Сен білесің бе? Бұл айдарға көшу үшін оқушыларға Қазақстанда тұратын көптеген елдердің ұлттық тағамдарының құрамында жаңғақтар бар екенін айтыңыз. Оқушыларға айдар мәтінін өз бетімен оқуға тапсырма беріңіз және қандай жаңғақ түрлерін білетінін сұраңыз.Жауабы: Грек, самырсын, орман, бадам, пісте жаңғағы.Оқушылардың жауаптарын деректі материалдардан алынған мәліметпен толықтырыңыз.Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері тұрады. Біз барлығымыз татумыз. Бір-бірімізге қонаққа барамыз.Қонақтарға дәмді және пайдалы ұлттық тағамдар ұсынамыз.

Page 89: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Математика. Дәптердегі бірінші тапсырма дұрыс орындалса, бірінші бағанда жұп, екінші бағанда тақ сандар шығады. Орындалған тапсырмаларды тексеру барысында оқушыларға бірінші және екінші бағандардағы сандарды салыстыруды ұсыныңыз.АКТ. Оқушыларға дәптердегі бірінші тапсырманы ActivInspire бағдарламасын пайдаланып, интерактивті тақтаға орындатуға болады.Жаратылыстану. «Тамақтану ережесі» тапсырмасын орындаған кезде әр топ өз жұмысын әсемдеп безендіреді.

Сабақта оқушылар сөйлеу мәдениетін әңгімелесу, талқылау арқылы дамытады. Жаңа сөздермен күнделікті өмірде таныс болуы мүмкін. Оны «Қағып ал» ойыны арқылы меңгертуіңізге болады. Допты бір оқушыға үйренген сөздердің бірін айтып лақтырасыз. Қағып алған оқушы сөзді басқа орыс, ағылшын тілдеріндегі аудармасын айтып, келесі оқушыға лақтырады. Осылайша ойын жалғаса береді. Тірек сөздерді оқушылар жұмыс барысында қолдануын қадағалаңыз.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Оқушыларға дұрыс тамақтану туралы мультфильм көрсетіңіз. Олардан қандай мультфильм кейіпкерлерін білетінін сұраңыз. Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз.Қосымша тапсырма ретінде мнемоникалық ойын ойнатуға болады. Мнемоника – бір нәрсені ұмытып қалмай, жадында сақтау үшін қолданылатын әдістердің жиынтығы. Ол «Азық-түлік дүкенінде» деп аталады. Оқушылар шеңбер жасап отырады. Ойынды мұғалім дүкенге барып, бір тағам түрін сатып алғанын айтудан бастайды. Келесі оқушы мұғалімнің және өзінің не сатып алғанын айтады. Оны келесі оқушы жалғастырады. Осылайша шеңбер бойындағы оқушылар алдыңғы оқушылардың және өзінің сатып алған тағам түрін айта бастайды. Бұл тапсырма есте сақтау қабілеттерін жақсартуға көмектеседі.

Бағалау Оқушылар:–– «дұрыс тамақтану» ұғымымен танысты. Оқушылар:–– пайдалы және зиянды тағам түрлерін ажыратуға; –– дұрыс тамақтану ережелерін құрастыруға

үйренді; –– Қазақстандағы ұлт өкілдерінің басын біріктіретінқонақжайлылық ұғымын түсінді.

Бұл сабақта оқушыны бағалау түрі ретінде оқушыларға бір- біріне дұрыс тамақтану туралы үш сұрақтан қоюын ұсыныңыз.• Қандай тағамдарда дәрумендер көп?• Чипсы – пайдалы тағам ба?• Қандай тағам мидың жұмысын жақсартады?

Қорытынды бағамдау

Page 90: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Қазақстанда жасалған.

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:Қазақстанда өндірілетін негізгі тағам өнімдерімен танысy;• Оқушылардың басым бөлігі: өсімдік және мал

өнімдерінің түрлерін ажыратy;• Кейбір оқушылар:Қазақстан картасынан негізгі тағам

өндіретін өңірлерді табуды үйрену.Тірек сөздер: өндіріс – производство – production; өнім – продукция – product;

құрам – состав – ingrediens.Ресурстар: «Қазақстанда жасалған» тақырыбы бойынша таныстырылым,

Қазақстан картасы, Қазақстанда өндірілетін тағам түрлерінің суреттері, әр топқа арналған флипчарт қағаздар.

Сабақтың мақсаты: 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қазақстанның тамақ өнеркәсібі 1000-ға жуық тамақ өнімдерінің түрлерін шығаратын көптеген салаларға бөлінеді. Еліміз ет, сүт, жарма, нан өнімдерінің сапасы мен бағасы бойынша әлемдік бәсекеге түсе алады. Кондитерлік бұйымдар өндіретін «Рахат» АҚ, «Тұлпар» АҚ, шай өндіретін

Бұл сабақты саяхат түрінде өткізуге болады. Оқушыларға саяхат жасау үшін бірнеше сұраққа жауап беру қажет екенін ескертіңіз. Содан кейін өткен сабақпен байланыстырып, мынадай сұрақтар қоя аласыз:«Қазақстанда өндірілетін қандай тағам түрлерін білесің?»«Оларды кімдер өндіреді?» «Қандай елді мекенде, қандай қалаларда тағамөнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар?»Жауабы: Нан өнімдері, сүт және ет өнімдері, қант және т.б.Зауыттар мен комбинаттардың жұмыскерлері. Қазақстанның барлық облыс орталықтарында.Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз. Бүгінгі сабақ елімізде

Page 91: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

«Алматы шайы» ЖШС, қант өндіретін «Қант» ААҚ және «Көксушекер» АҚ, өсімдік майын өндіретін «Май» АҚ – елдегі ең белгілі фирмалар болып табылады. Кейінгі жылдары шетелдік фирмалармен біріккен бірқатар тағам өнімдерін шығаратын кәсіпорындары құрылды, атап айтқанда «Кока кола Алматы Ботлерс» біріккен кәсіпорны (сусындар), «Беккер және К» біріккен кәсіпорны (шұжықтар),«Сұлтан»АҚ (макарондар), «Фудмастер» біріккен кәсіпорыны (сүт өнімдері), «Қарағанды конфеттері» АҚ және сондай-ақ, ішкі нарықта танымал «Баян сұлу» ААҚ (кондитерлік бұйымдар), Алматы және Қарағанды қалаларындағы маргарин зауыттары бар.

Ең дамыған сала – ет өнеркәсібі. Еттен әртүрлі тағам өнімдерін шығаратын зауыттың бірі 1930-жылдары салынған Семей ет консерві зауыты. Барлық ірі қалаларда май, ірімшік жасайтын, басқа да сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жеткілікті. Олардың негізгі шикізат көзі ауыл болып саналады.Таңғажайып апорт алмасы. Апорт – бұл алманыңбірегей сұрыбы. Ол халықаралық көрмелерде жоғары марапатқа ие болды. Апорт Алматы қаласының нағыз нышанына айналды. Бүгінгі таңда Қазақстанда Алматы апортын өсіруді жандандыру мәселесі көтеріліп отыр. Мемлекеттің

жасалатын тағам түрлері туралы болатынын айтыңыз. Тағам түрлерін өндіретін өңірлерге саяхат жасайтынын хабарлаңыз. Оқушылардан тақтада ілулі тұрған Қазақстан картасының төрт тұсын көрсетуін сұраңыз. Олар өткен тақырыпты естеріне түсіріп, картадан Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығысты көрсетеді. Алдымен жаңа сөздерді түсіндіруден бастаңыз. Бұл кезде оқушыларды әр аймақтың атауы бойынша төрт топқа бөліп алуыңызға болады.Еліміздегі тамақ өндірісі. Оқушылар өздері білетін ақпараттарын ортаға салып, сұрақтарға толық және дұрыс жауап беруі үшін сабақты тірек сөздерді түсіндіруден бастауға болады. Өндіріс – кез келген пайдаланатын заттарды жасап шығаратын орын, ал құрам – бір бүтін нәрсенің барлық бөлшектерінің жиынтығы екенін айтыңыз. Бұл сөздердің мағынасын былайша түсіндірсеңіз болады: «Анаң саған бәліш дайындады. Анаң бәлішті жасап шығарған өндіріс орны ас үй болса,шығарылған өнімі бәліш болады», «Анаң ботқа дайындау үшін нелерді қосады? (Оқушылардың жауабын тыңдаңыз.) Осы атаған заттардың барлығы ботқаның құрамы деп аталады». Бұл сөздердің үш тілдегі атауларының жазылуын интерактивті тақтада көрсетіңіз. Оқулықтағы мәтінді бір оқушыға сыныптың алдында мәнерлеп оқып беруін сұраңыз. Әр топқа Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс, Батыс атаулары бойынша еліміздің аймақтарына зерттеу саяхатын жасауды тапсырыңыз. Оқушылар қай өңірде қандай тағам өндірілетінін анықтауы керек. Нәтижесін постерге жазуы тиіс. Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар оқулықтағы картаны қолданады. Интернет ресурстарын пайдалануға мүмкіндік жасауға болады. Тапсырманы орындағаннан кейін әр топ өз жұмыстарымен таныстырады. Оқушылардан жұмыстардың нәтижесіне қарай өз ойларын білдіруін сұраңыз. Оқушылармен бірге саяхат бойынша әрі қарай ауылда тұратын әжесі мен оның немересіне баратынын айтыңыз.Ас дастарқанға қалай келді? Оқулықтағы бұл тапсырма әжесі мен немересі арасындағы аяқталмаған диалог ретінде берілген. Тапсырмаоқушы дастарқанға тағамның еңбекпен келетіндігін түсіне білуі мақсатында беріледі. Оқушылар тапсырманы жұпта рөлге бөлініп орындайды. Диалогты жалғастыра алмай отырған жұпқа қолдау көрсетіңіз. Үлгі ретінде бір жұптың тапсырманы сынып алдында орындауын сұрауыңызға болады немесе рөлдік ойын түрінде өткізе аласыз.Мақал-мәтел. Тапсырманың тәрбиелік мәнін арттыру үшін «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» мақалының мағынасын қалай түсінгендерін сұраңыз. Оқушылар мақалдың мағынасын топ ішінде талдасын. Оларға нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбек ету қажет екені туралы тұжырым жасауға көмектесіңіз.Анықта. Бұл айдардың тапсырмасын топта орындаған дұрыс.

Page 92: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

қолдауымен бұл алма сұрыбын қайта жандандыру жөніндегі ғылыми бағдарлама жасалды.

Оқушыларға туған өлке бойынша саяхат жасаудың жалғасатынын айтыңыз. Бұл тапсырма ақпарат көздері (сурет, мәтін) арқылы сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушыларға өз қаласында (ауылында) орналасқан тағам өндіруші кәсіпорындардың суреттерін көрсетіңіз. Өз қалаңдағы, өңірдегі тағам өнеркәсібі кәсіпорындары туралы қосымша материалды алдын ала дайындап, әр топқа таратып беріңіз.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Сен білесің бе? Бұл айдарда оқушылар Алматы қаласының атауы қалай пайда болғанын біледі. Оқушылардан саяхатымыздың соңғы аялдамасы Алматы қаласы екенін айтыңыз. Алматы еліміздің қай аймағында орналасқанын анықтап, Қазақстан картасынан көрсетулерін сұраңыз. Қаланы неліктен осылай атағанын сұраңыз. Оқулықтағы айдардың мәтінін оқыңыз. Оны деректі материалдардан алынған мәліметтермен толықтырыңыз.

Бұл сабақта үш тілдегі тірек сөздерді меңгерту 1-тапсырманы орындау кезінде қамтылады. Мұғалім мәтінмен жұмыс істеудің алдында сөздердің мағынасына қарапайым түсінік береді. Үлестірме парақша түрінде үш тілдегі тірек сөздерді әр топқа араластырып беріп, аударма реттілігімен қоюды тапсыруыңызға болады.

Ас дастарқанға қалай келеді?– Әже, ас дастарқанға қайдан келеді?

– Балам, ас дастарқанға оңайлықпен келмейді. Бұл – халықтың еңбегі. Әжесі мен немересі арасындағы әңгіме қалай аяқталды деп ойлайсың?

Мақал-мәтел

«Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болады» деген мақалдың мағынасын қалай түсінесің?

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

АКТ. 1-тапсырмада және «Анықта» айдарыныңтапсырмасын орындау кезінде оқушылар интернетті пайдаланады.Өнер. Оқушылар жұмыс дәптерінде біріншітапсырманы орындайды (бояйды).

«Үлкен адамға жүз сұрақ» ойынын ойнатуға болады. Ортада үлкен адамға арналған орындық қойылады. Ол орындыққа отырған оқушы өзін үлкен адам сезініп, қойылатын барлық сұрақтарға жауап беруі керек. Мұғалім де орындыққа отырып, оқушылардың сұрақтарына жауап беруіне болады. Осы сәтті пайдаланып, сабақты қорытындылауыңызға болады.

Бағалау Оқушылар:–– елімізде өндірілетін негізгі тағам түрлері туралы білді;–– барлық тағам түрі ауыл еңбеккерлері мен кәсіпорын

жұмысшыларының қажырлы еңбегімен келетінін түсінді.Оқушылар:–– мал өнімдері мен өсімдік өнімдерін ажыратуды үйренді;–– Қазақстан картасынан еліміздің қай өңірінде не өндіретіндігін

Page 93: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

көрсете алады.Бағалаудың бір түрі ретінде берілген дұрыс және жалған сөйлемнің тұсына тиісті белгілерін қою қажет. Оқушылар ұғымы жағынан дұрыс құрылған сөйлемге +, ұғымдық қатесі бар сөйлемге – белгісін қояды.1. Еліміздің шығысында қант өндіреді.2. Қызылорда – күріштің Отаны.3. Барлық тағам түрлері еңбекпен келеді.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Дені саудың жаны сауДенің сау болсын десең

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:адамның дене мүшелерін ажырата білуге үйрету;• Оқушылардың басым бөлігі:денсаулықты сақтау үшін дәрігерге қаралудың маңызын түсінy;• Кейбір оқушылар:саламатты өмір салтының маңыздылығын түсінy.

Тірек сөздер: денсаулық – здоровье – health;дене мүшелері – части тела – parts of the body;дене шынықтыру жаттығулары – физические упражнения – physical exercises.

Ресурстар: «Адамның дене мүшелері», плакаты А4 көлеміндегі 3 парақ қағаз, әріптер жазылған үлестірмелі парақшалар, жауап жазылған үлестірме парақшалар.

Сабақтың мақсаты: 1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Page 94: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Өте ертеде адамдар өз денсаулығын күтудің қаншалықты маңызды екенін түсінді. Бақытты адам – бұл денсаулығы мықты адам. Мықты денсаулық бізге жақсы өмір сүруге, оқуға және еңбек етуге мүмкіндік береді. Денсаулықты сақтау және нығайту үшін адам өз денесінің құрылысы, өз ағзасы туралы білуі тиіс. Дене жаттығулары ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыра отырып, денені өте мықты, күшті және шыдамды етеді. Сонымен қатар күнделікті дене жаттығулары оқушылардың бойында табандылық, алға қойылған мақсатқа қол жеткізуге дегенсенімділікті, бастаған істі аяқтау сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Адам денесінің әр бөлігіне әсер ететін жаттығуларды орындатыңыз. Кеудеге, аяқ пен қол бұлшық етіне салмақ салу, омыртқаның икемділігін арттыруға арналған жаттығулар жасатуыңызға болады. Ғалымдар күніне сегіз минут дене жаттығуымен айналысу адам өмірін ұзартатынын дәлелдеген. Денсаулықты ұзақ жылдар бойы сақтаудың және ауырмаудың тағы бір тәсілі-дәрігерге үнемі қаралып тұру. Біз әдетте ауру асқынғанда ғана дәрігерге барамыз. Бұл дұрыс па? Дәрігерлердің айтуынша, адам денсаулығына шағымданбаса да, өз денсаулығын тексертіп тұру тиіс. Бұлаурудыңалдыналуғамүмкіндікбереді.

Біздің ұқсастығымыз неде? «Робот» ойынын жұпта орындатыңыз. Оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір-біріне мұқият қарап, кезек бойынша дене мүшелерін атайды. Содан кейін әр оқушы өз әріптесінің нұсқауын анық орындауы тиіс. Мысалы, екі қолды алға созып, жүрелеп отыру, еңкею, үстелге жақындау, бір парақ қағазды алу және т.б. Тапсырмаларды дұрыс орындау нұсқаудың анық берілуіне байланысты екенін ескертіңіз. Әр оқушы кезектесіп, екі рөлді де орындауы қажет. Оқушылардан дене мүшелерінің негізгі атқаратын қызметін атап беруін сұраңыз. Оқушыларға оқулықтағы 1-суретті мұқият қарап, мәтінді оқып шығуға тапсырма беріңіз. «Сөз құрастыр» ойынын өткізіңіз. Оқушылар әріптерден «денсаулық» сөзін құрастырады. Бұл сөзді қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде хормен айтқызыңыз. Денсаулықтың маңыздылығы туралы әңгіме өткізіңіз. Оқушылардан денсаулықтың негізгі факторларын атауды сұраңыз.Жауабы: Дұрыс тамақтану, таза ауада серуендеу, таңертеңгілік жаттығу жасау, спортпен шұғылдану және т.б.Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетімен оқиды.Диалог. Оқушылардан ауырып қалған жағдайда не істеу қажет екенін сұраңыз.Жауабы: Ауырып қалған жағдайда дәрігерге қаралу қажет. Өз бетімен емделуге болмайды.Бұл тапсырманы «Дәрігердің қабылдауында» рөлдік ойыны түрінде жүргізсе болады. Бір оқушы – дәрігер, ал басқасы – емделуші. Олар дәрігер мен емделуші арасындағы диалогты құрастыруы қажет. Оқушылардың назарын дәрігер қандай ұсыныс беретініне аударыңыз. Оқушыларды өз денсаулығын сақтау маңыздылығын ойлануға жетелеңіз және олардың назарын таңертеңгілік жаттығуға аудартыңыз. Оқушылар тұтастай алғанда ағза үшін дене жаттығуларының пайдасы туралы айтсын.Біздің ұқсастығымыз неде?5. Бір-біріңді бақылаңдар.6. Дене мүшелерін ата.7. Суретті қара.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Орындап көр. Бір оқушының тақтаға Бұл сабақта оқушыларда әңгімелесу, талқылау, сөйлесу

Page 95: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

шығуын, денемүшелеріне арналған жаттығулар ойлап тауып, басқалармен бірге орындауын сұраңыз. Бір оқушы бас қозғалысына жаттығу ойлап табады. Келесі оқушы қол, үшінші оқушы аяқ қозғалысына арналған жаттығулар ойлап табады. Барлық жаттығуларды кезекпен орындатуға болады.Оқушылар оқулық мәтінін оқиды.

арқылы байланыстыра сөйлеу дағдылары дамиды. Тірек сөздер оқушылар үшін жаңа сөз, сондықтан оларды сөйлеуде қолдану маңызды. Сонымен қатар оқушылар «денсаулық» сөзін құрастырып, бұл сөзді қазақ және орыс тілдерінде айтады.

Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту үшін «Кім көп сөз біледі?» ойынын ұйымдастырыңыз. Оқушыларды үш топқа бөліңіз. Әр топқа сөздер жазылған А4 форматындағы қағазды бір- бірден таратып беріңіз. Берілген сөздермен 3-4 сөзден тұратын жай сөйлем құрастыру қажет. Бірінші топ «денсаулық», екінші топ «ағза», үшінші топ «дене мүшелері» сөздерімен қазақ тілінде сөйлем құрайды. Тапсырманы орындау үшін 3минут беріледі. Тексеру уақытында барлық сынып оқушылардың жаңа сөздерді үш тілде дауыстап айтуы керек.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Математика және өнер. Жұмыс дәптеріндегі1-тапсырманы орындаған кезде оқушыларға геометриялық пішіндерді атап, санауды және әртүрлі түске бояуды ұсыныңыз.АКТ. Оқушыларға интернеттен

қозғалыс ойындарымен дене

жаттығуларын табуға тапсырма беріңіз.

Сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында ойын ұсыныңыз. Мұғалім кезекпен дене мүшелерін атайды, оқушылар соған байланысты дене қозғалысын атап, жасайды. Тиісті қимылды бірінші болып айтқан оқушы жеңеді.Мысалы, бас – ақпаратты қабылдайды, ойлайды, ауырады.ДиалогСәуленің тамағы ауырды. Ол дәрігердің қабылдауына келді. Сәуле мен дәрігер арасындағы диалогты құр.

Бағалау Оқушылар:– адамның дене мүшелерін;– оның негізгі атқаратын қызметін білді;Оқушылар:– денсаулықты нығайту үшін дене жаттығуларын

ойлап табуды;– саламатты өмір сүру маңыздылығын түсінуді;– дәрігерлердің адам денсаулығын сақтаудағы

қызметін түсінуді;– өз денсаулығын күту және сақтау қажеттілігін

түсінуді үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға үлестірме парақшалар жазылған «Дұрыс жауабын тап» тапсырмасын беруге болады. Жауабын «иә» немесе «жоқ» деп белгілеу қажет.

Page 96: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Жұмысты өз бетінше немесе жұппен орындатуға болады.• Бас – дене мүшесі.• Денсаулық – теңдессіз байлық.• Үнемі спортпен шұғылданатын адамдар жиі ауырады.Жаттығу денсаулықты нығайтады.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Тазалық – денсаулық кепілі

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:жеке бас гигиенасы ережелерін үйрену және оның денсаулықты нығайтудағы маңызын түсінy;• Оқушылардың басым бөлігі:үйде және мектепте жеке бас гигиенасын сақтауды үйренy.• Кейбір оқушылар:үйде және мектепте жеке бас гигиенасын сақтауды үйренy.

Тірек сөздер: гигиена – гигиена – hygiene; тазалық – чистота – cleanliness; жинақылық – опрятность – neatness.

Ресурстар: Жеке бас гигиенасына арналған құралдардың суреттері, қоржын, жеке бас гигиенасы ережелері жазылған плакаттар, сұрақтар жазылған үлестірме парақшалар, жұмбақтар туралы материалдар, оқушылардың санына қарай ағаш бұтақшалары, ермексаз.

Сабақтың мақсаты: 1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қазақ халқында «Денсаулық – зор байлық» деген мақал бар. Денсаулық дегеніміз не? Денсаулық – бұл жақсы физикалық жай-күй, өзін- өзі жақсы

Қоржында не бар? Сабақты әдеттегіден тыс формада бастаңыз. Оқушыларды ынталандыру үшін оқулықтың бас кейіпкері Ботаның қоржынында не бар екенін табуды ұсыныңыз. Сабын, тіс пастасы, щеткасы, жөке, тарақ

Page 97: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

сезіну, жақсы көңіл-күй. Денсаулықты күту қажет. Денсаулықтың жақсы болуы адамдардың ұзақ әрі белсенді өмір сүруін қамтамасыз етеді, өмірдегі міндеттерді нәтижелі шешуге мүмкіндік береді.Өз денсаулығын сақтау үшін жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Ауыз қуысының гигиенасы туралыадамдар өте ертеден ойланған болатын. Ежелгі мысырлықтар тіс тазартатын ұнтақ ретінде күлді пайдаланған. Ал микроскопты ойлап тапқан ғалым Антоний Ван Левенгук тісті тұзбен тазалауды ойлап тапты. Ол 91 жасқа дейін өмір сүрді және ешқашан да тісі ауырып көрген емес. Бірақ мұндай ұнтақ барлығына да ұнай бермеді. Петр І уақытында Ресейде тісті ылғалды шүберекті ұнтақталған борға батырып, тазалаған. XIX ғасырдың 20-жылдары ғана ұнтаққа аздап су және микробтарды өлтіретін заттар қоса бастады. Осылайша тіс тазартатын паста пайда болды.

Адамның жеке бас гигиенасы – бұл денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған талаптар мен нормаларды орындау. Жеке бас гигиенасын сақтаудың негізгі ережелері: теріні, тісті, шашты күту, киім мен аяқкиімді таза ұстау. Ұқыпсыз жүру – тек өзіңді ғана емес, сонымен бірге айналадағы адамдарды да құрметтемеу болып табылады.

Қазіргі кезеде адамдар жеке бас гигиенасына үлкен мән береді, бірақ ХVIII ғасырдың басына дейін адам бүкіл өмір бойы суға түспей жүре берген. Адамдардың көпшілігі суға шомылу дұрыс емес, ал өз денеңе су, әсіресе ыстық су тигізу әртүрлі аурулардың ағзаға енуіне мүмкіндік береді деп ойлаған. Егер адам шомылатын болса, онда ол суға киіммен түскен.

туралы жұмбақ жасырыңыз (бөлімге қосымша материалды қараңыз).Оқушыларға «осы заттар не үшін қажет?» деген сұраққа жауап беруді ұсыныңыз.Жауабы: Бұл заттар шашты, тісті, теріні күту үшін қажет.Суреттерді салыстыр. Бұл тапсырма оқушыларға сабақ тақырыбын құруға көмектеседі. Оқушыларға оқулықтағы сұрақтарға жауап беруге тапсырма беріледі. Талқылау барысында тазалық – денсаулық кепілі екенін анықтау қажет. Оқулықтағы мәтінді оқу оқушыларға «гигиена» сөзінің лексикалық мағынасын өз бетімен құруғакөмектеседі.Гигиена ережелері. Оқушыларға жұпта жеке бас гигиенасын құруға және бір-біріне әңгімелеуге тапсырма беріңіз. Бұл тапсырма жеке бас гигиенасын сақтаудың өмірлік дағдыларын бекітуге, шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі. Әр топ оқушылары гигиена ережелерінің біреуін дене қимылымен немесе ымдау тәсілі арқылы көрсетуі тиіс. Оқушыларға бұл тапсырманы орындауға көмектесетін қосымша материалды ұсыныңыз.Жауабы: Күнделікті жылы сумен және балалар сабынымен жуыну қажет.Шұлықтарды жиі ауыстыру қажет. Шашты таңертең және кешке тара. Таза киім ки.Тырнағыңды уақытында ал.Сен білесің бе? Шығармашылық қиялын дамыту мақсатында «Сен білесің бе?» тақырыбы бойынша білімін кеңейту үшін 1-тапсырманы ұсыныңыз.Бұл айдарды қызықты фактілермен толықтыруға болады.

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Page 98: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Орындап көр. Жеке бас гигиенасына арналғанзаттар туралы түсінігін бекіту үшін тіс щеткасын жасатыңыз. Бұл тапсырманы орындау үшін өзегі жұмсақ ағаштың, мысалы, тал ағашының бұтақтарын дайындаңыз. Парталас көршісімен талқылай отырып, тіс щеткасын әзірлеу технологиясын ойлап табуын ұсыныңыз. Мұғалім әр жұпқа өз идеяларын талқылауға бір минут уақыт береді. Содан кейін оқушылар тапсырманы бірлесе орындайды. Өз бұйымдарыңызды таныстырып болғаннан кейін оқушыларға осындай щеткамен тіс тазалауға болмайтынын ескертуді ұмытпаңыз.

Тәжірибені жетілдіру және тіл үйренуді қолдау мақсатында оқулықтағы мәтіндегі қарамен берілген жаңа сөздерді дауыстап айтқызып, есте сақтауға арналған 1-тапсырманы орындауға беріңіз. Тірек сөздермен сергіту жаттығуын жасатуыңызға болады. Бұл жаттығу дене қимылын жасай отырып, тірек сөздерді дұрыс айту және лексикалық талдау дағдыларын бекітуге мүмкіндік береді. Гигиена – hygiene («гигиена» сөзіне оқушылар ги-ги-е-на деп айтумен қатар 4 рет алақан соғады, 4 буын – 4 рет алақансоғу; «hygienе» сөзіне оқушылар аяқтарын топылдатады: hy-giene, 2 буын – 2 рет топылдату). Тазалық – чистота – сleanliness («тазалық»сөзіне оқушылар қол жуу қозғалысын келтіреді, «чистота» сөзіне – бет жуу қозғалысы, «сleanness» сөзіне – төмен еңкейіп, аяқ жуу қозғалысы). Сонымен қатар жаңа сөздерді үлестірме парақшаларға жазып, сынып бөлмесінің қабырғаларына іліп қоюға болады.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Математика. Жұмбақтарды шешкен кездеоқушыларға Ботаның қоржынынан алған заттарды санауға тапсырма беріңіз. Заттарды тура және керісінше санау қажет. Бұдан кейін бұл қатарды тағы да екі затпен толықтырып, қанша зат болғанын айтқызыңыз. Мысалы: сусабын, жуынуға арналған гель, ауыз шаятын сұйықтық және т.б.АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар

интернеттенгигиена заттарының

суреттерін табуына болады.

Қосымша тапсырма ретінде жұмыс дәптерінде сабын және тіс пастасы қораптарының суреттерін ойлап табуға және оларды салуға тапсырмаберсеңіз болады.

Бағалау Оқушылар:– «денсаулық», «жеке бас гигиенасы» ұғымдарын білді;– гигиена ережесін құрастыруды үйренді;– салыстыру мен талқылаудың тәжірибелік дағдыларын және іскерлігін бекітті.Бұл сабақ бойынша өзара бағалау және өзін-өзі бағалау жүргізуге болады, себебі әр оқушы жеке бас гигиенасы ережелерін сақтаудың маңызды екенін түсінуі қажет. Жұмысты жұппен өткізуге болады. Ол үшін мынадай сұрақтарға жауап беруді тапсырыңыз:«Қолды қашан жуу қажет?» «Тісті күніне неше рет жуады?» «Адамдар не үшін шаш тарайды?» «Күніне неше рет жуыну қажет?»

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Page 99: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Айналадағы қауіп-қатер

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:оқушылар үйде аяқасты болатын қауіпті жағдайлар туралы мәлімет беру;• Оқушылардың басым бөлігі:қауіпті жағдайда дұрыс әрекет етуді үйрену;• Кейбір оқушылар:өз қауіпсіздігі үшін жауапты болуға;қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйренy.

Тірек сөздер: кауіп-қатер – опасность – danger; қауіпсіздік – безопасность – safety;жазатайым жағдай – несчастный случай – accident.қоршаған әлем – окружающий мир – environment; су қоймасы – водоём – water;құтқару қызметі – служба спасения – rescue service.

Ресурстар: Ереже жазылған плакаттар, «Мен білемін» ойынына арналған заттардың суреті.

Сабақтың мақсаты: 1.1.4.6 шұғыл көмек қызметтерін біледі және олармен хабарласу жағдайларын анықтау

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қауіп-қатер бізге кез-келген уақытта және кез-келген жерде кездесуі мүмкін. Ол көшеде, қалада, орманда, суайдының жағасында, өзен көлдерде және тіпті үйде де кездесуі мүмкін. Біздің үйіміз ең қауіпсіз, ыңғайлы және сенімді орын екеніне сенімдіміз. Ғалымдар адамның тұратын үйі тіпті де

Абайла, қауіпті! Оқушыларға оқулықтағы 1-суретке қарап, дұрыс қолданбаған жағдайда қауіп-қатер туғызатын заттарды табуды ұсыныңыз. Тапсырманы оқушылар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. Суреттен қауіп-қатер түрін көбірек тапқан оқушы жеңімпаз болады. Оқушылар оқулықтағы мәтінді өз бетінше оқып шықсын.Сұрақ ойлап тап. Жұпта жұмыс жүргізіңіз. Оқушылардан 2-суретті қарап, сол бойынша бір-біріне 1-2 сұрақ қоюын тапсырыңыз. Әр оқушы бір сұрақтан қойып, берілген сұрақтарға жауап беруі тиіс. Оқулықтағы 2-мәтінді оқуға беріңіз.

Page 100: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

қауіпсіз емес екенін анықтады. Адам өз үйін тұрмысқа қажетті түрлі заттармен және механикалық құрылғылармен толтырды. Бұл заттарға тұрмыстық техника, ыдыс, жиһаз, үшкір және кескіш заттар және т.б. жатады. Сондықтан үйде жазатайым жағдайдың болуы әбден мүмкін.Тұрғын үй қауіпті оқиғаларға себеп болмай, нағыз қорған болуы үшін қауіпсіздіктің ықтимал көздерін білу қажет. Байқампаз және мұқият болсаң, онда ешқандай да жаман оқиғаға ұрынбайсың.Адамның ең маңызды өнертабысының бірі тұрмыста газды жылыту, су ысыту, тамақ дайындау үшін қолдану болып табылады. Алайда газ өрттің немесе уланудың себебі болуы мүмкін. Егер ас дайындайтын бөлмеде жинақталып қалса, жарылуы мүмкін. Газдың иісін сезген сәтте үлкендерге тез хабарлау қажет. Бірден терезелерді ашыңыз, пәтерді тексеріңіз. Газ плитасындағы крандар жабық тұрғанын тексеріңіз. Бұл жағдайда ешқашан шамды және сіріңкені жақпаңыз. Газ иісі сезілгенде бірден 104 нөмірін теріңіз.

Орындап көр. Оқушылар үйдегі өз қауіпсіздік ережелерін ойлап табуы тиіс. Тақтаға №1 ереже жазылған плакат іліңіз. Оқушыларға электр құралдарын пайдалану ережелерін құрастыруға 2 минут уақыт беріңіз.Жауабы: №1 ереже. Үйден шыққан кезде міндетті түрде теледидарды, үтікті және басқа да электр құралдарын өшір.Мынадай сұрақ қойыңыз: «Ойын кезінде аталған қырлы, кескіш заттарды атаңдар»Жауабы: Пышақ, қайшы, шанышқы, тоқитын біздер, ет тартқышМына қатарды қандай заттармен толықтыруға болатынын сұраңыз.Жауабы: Жапсырма шегелер, біз, түйреуіш, шеге,Мына заттар қауіпсіз болуы үшін қандай ережені сақтау қажет екенін сұраңыз.Жауабы: Барлық үшкір, түйрейтін және кескіш заттарды өз орындарына қою қажет.Оқушыларға мына заттарды қолдану ережелерін құрастыруға 2 минут беріледі. Тақтаға «№2 ереже» ілінеді. Үйге жайлы жағдай не үшін қажет екенін сұраңыз.Жауабы: «№2 ереже. Үйдің іші реттеліп тұрғаны жайлы жағдай үшін ғана емес, сонымен қатар қауіпсіздік үшін де қажет.Оқушылардан тұрмыстық химия туралы білетінін сұраңыз.Жауабы: Бұл кір жуатын ұнтақ, ыдыс жууға арналған құрал, әйнек жууға арналған құрал, желім.Тақтаға № 3 ереже ілінеді. Бұл заттармен уланып қалмау үшін қандай ереже сақтау қажет екенін сұраңыз.Жауабы: Балаларға химикаттарды ұстауға, тіпті ашуға болмайды. Химикаттар улы. Уланып қалмау үшін ұқыпты болу қажет.Оқушылардан жұмбақтарды тыңдап, шешуге тапсырма беріңіз.«Ас үйде анама керемет көмекші, Шырпыдан от алып, алауын береді.Бұл қауіп естілмейді және көрінбейді. Ол не?»Жауабы: Бұл – газ.Газ плитасы не үшін қажет және ол несімен қауіпті екенін сұраңыз.Жауабы: Онда тамақ дайындайды. Дұрыс пайдаланбаса, одан өрт шығуы мүмкін.Оқушыларға №4 ережені құрастыру үшін 2 минут уақыт беріңіз.Егер газ иісі білінсе, не істеу қажет екенін сұраңыз (оқушылар жауап беруге қиналса, өзіңіз айтып беріңіз).Жауабы: №4 ереже (тақтаға ілінеді). «Пәтерде газ иісін сезгенде 104 нөміріне хабарласыңыз!»

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Сен білесің бе? Оқушылардан Жұмысты топта жүргізіңіз. Бірінші топ оқушылары қазақ

Page 101: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

шұғыл көмек көрсететін қызметтердің нөмірін сұраңыз. Оқушыларға айдардың мәтінін хормен оқытыңыз. Сабақты «Мен білемін» ойынымен аяқтаңыз. Заттардың суреттерін көрсетіңіз. Оқушылар дұрыс қолданылмаған жағдайда қауіп-қатер туғызатын заттарды көргенде алақандарын соғулары қажет. Оқушылардан мына заттар қандай жағдайда қауіпті болуы мүмкін екенін сұраңыз.Жауабы: Тұрмыстық құралдар тұтанып кетуі немесе ток соғуы мүмкін.

әліпбиіндегі УҚАІПІЗІКСД әріптерін алады және «қауіпсіздік» сөзін құрайды. Олардың міндеті бұл сөзді ағылшын және орыс тілдерінде қайталауы тиіс. Басқа топ орыс тіліндегі әріптерден «безопасность» сөзін құрайды. Бұл сөз орыс және ағылшын тілдерінде айтылады.Абайла, қауіпті!Суретке қара.Үйде қандай жерлер мен тұрмыстық заттар қауіпті?

Жазым жағдай үйде де болуы мүмкін. Абай бол!Үйде қауіпсіздік ережелерін сақта.

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Өнер. Оқушылар «Суретін сал» қосымшатапсырмасын орындайды.АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар Paintбағдарламасын пайдаланып, «Суретін сал» тапсырмасын жасай алады.

Бұл жерде жұмыс дәптеріндегі 1, 2-тапсырмаларды орындайды және үйдегі тәртіп ережелерін талқылайды. «Суретін сал» тапсырмасын беруге болады. Оқушылар өз үйін (пәтерін) үстінен қарағандағы көрінісін салып, қауіпті болуы мүмкін жерлерді қызыл қарындашпен белгілеуі тиіс.

Бағалау Оқушылар– үйдегі қауіптің туындау себептерін;– электр құралдарын дұрыс қолдану ережелерін білді;– қауіпті жағдайда дұрыс әрекет етуді;– қауіпсіздік ережелерін құрастыруды үйренді.Бағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға өзін-өзі бағалау үшін «Өзіңді тексер» тапсырмасын ұсынуға болады.Сұрақтарға жауап ретінде иә (+) немесе жоқ (-) белгілерін қой.• Электр құралдарын қараусыз қалдыруға болмайды.• Газдың иісін сезгенде сіріңке жақ.• Үйдегі тәртіп тек сұлулық үшін қажет.• Оттан қорғану үшін төсек астында немесе шкафта жасырыну қажет.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

Page 102: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Оқу ісінің меңгерушісі: ___________

Сабақ тақырыбы: Қазақстан Республикасының рәміздері

Мектеп:

Күні : Мұғалімнің есімі: СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар

саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: • Барлық оқушылар:Қазақстан Республикасының рәміздері туралы білімді түсінеді.• Оқушылардың басым бөлігі:Аса маңызды мемлекеттік белгілер- рәміздер жөніндегі білімдерін жан – жақты сарапқа сала алады.• Кейбір оқушылар:Алған білімдерін өмірде қолданады.

Тірек сөздер: Рәміздер-символы.Ресурстар: Рәміздерге байланысты түрлі – түсті суреттер, буклеттер, карта,

мақал – мәтелдер, Отан, жер туралы нақыл сөздер.Сабақтың мақсаты: Отаншылдық, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге

тәрбиелеу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер

Қазақ елі ұлан байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717,3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де  тұрарлық.

         Осындай кең  - байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол – көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмытылған қай ел, қай халық та өз дауысымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. ҚР – ның Ата заңының 9 – бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері- Туы, Елтаңбасы және Гимні бар» - делінген. Сондай – ақ осы заңның 34 –бап, 2 тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті» - делінген. Олай болса «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» атты ашық тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

Біздің Елтаңба

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар

Әсем бейне сен көрген

Жай бейне емес, ұғып ал!

Көгілдір түс аясы –

Бейбіт дала елесі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны Сөзін жазған:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан НазарбаевӘнін жазған:Шәмші ҚалдаяқовАлтын күн аспаны, Алтын дән даласы, Ерліктің дастаны, Еліме қарашы! Ежелден ер деген, Даңқымыз шықты ғой. Намысын бермеген, Қазағым мықты ғой!Қайырмасы:

Page 103: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

Біздер тәуелсіз  қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіс екенімізі естен шығармайық.

Сұрақ: Отан деген не?

«Қазақстан»

Отан –жерім, Отан –суым,

Отан –қуат, нәр береді...

Отан ұран, Отан – туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным!Ұрпаққа жол ашқан, Кең байтақ жерім бар.Бірлігі жарасқан, Тәуелсіз елім бар.Қарсы алған уақытты, Мәңгілік досындай, Біздің ел бақытты, Біздің ел осындай!Қайырмасы:Менің елім, менің елім, Гүлің болып егілемін, Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным!

Сабақтың қорытындысы Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба) Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту) Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)

Пәнаралық байланыс Қосымша тапсырмалар

Өнер. Оқушылар «Суретін сал» қосымшатапсырмасын орындайды.АКТ. Қабілеті жоғары оқушылар Paintбағдарламасын пайдаланып, «Суретін сал» тапсырмасын жасай алады.

Суретті бояңдар.

БағалауБағалаудың бір түрі ретінде оқушыларға өзін-өзі бағалау үшін «Өзіңді тексер» тапсырмасын ұсынуға болады.Сұрақтарға жауап ретінде иә (+) немесе жоқ (-) белгілерін қой.

Қорытынды бағамдау Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.2: Рефлексия.Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Page 104: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

«Өзіңді тексер» қорытынды тексеру тесті

1. Күн тәртібін сақтау:а) жақсы оқуға кедергі келтіреді; ә) денсаулықты нығайтуға көмектеседі;б) бір күн ішінде орындалатын істерді дұрыс жоспарлауға көмектеседі.

2. Қоғамдық көлікте өзіңді қалай ұстау қажет:а) ұстағыштан ұстау, көліктен шығуға алдын ала дайындалу; ә) терезеден басыңды шығару, кіре берісте жолаушылардың кіруіне

кедергі келтіру; б) шулап, қатты сөйлесу, үлкендерге орын бермеу.

3. Қазақ отбасының нышаны. Дәстүр бойынша әкесінен баласына беріліп отырған:

а) босаға; ә) кереге; б) шаңыра.

4. «Ағаш тамырымен, ал адам .........» мақалын аяқтаңыз: а) достарымен; ә) ақшасымен; б) жұдырығымен.5. Көкжиек тұстарын ата: а) оң жақ, сол жақ;

ә) солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс; б) Еуропа, Азия, Африка, Америка.

6. Кеме жасайтын зауыт қай қалада орналасқан: а) Астана; ә) Орал; б) Қарағанды.7. Белгілі бір жердегі атмосфераның жай-күйі: а) жауын-шашын; ә) климат; б) ауа райы.8. Алғашқы адамдар қайда тұрған: а) киіз үйде; ә) үңгірлерде; б) қамалда.9. Сақ ханшайымының есімі қандай: а) Тамара; ә) Томирис; б) Елизавета.

Page 105: ktpsor.kz€¦  · Web view2019. 9. 25. · Адамдар биологиялық түр ретінде құрылымы жағынан ұқсайды, бірақ сыртқы келбетімен,

10. Қоныс аудару деген не? а) тәртіп нормалары;ә) адамдардың басқа жерге орын ауыстыруы; б) велосипедпен саяхаттау.11. Заңдар жинағын жасаған қазақтың ұлы ел билеушісі: а) Қасым хан; ә) Жәнібек; б) Жәңгір.12. Еліміздің туында не бейнеленген: а) жылқы, шаңырақ, жұлдыз; ә) бидай масақтары, «Бәйтерек»; б) қыран құс, күн, ою.13. «Бәйтерек» монументінің биіктігі қандай: а) 100 метр; ә) 97 метр; б) 79 метр.14. Алғашқы өркениет қай жерде пайда болды: а) Солтүстік Африкада; ә) Батыс Еуропада; б) Месопотамияда.15. Жеке бас гигиенасына арналған заттар: а) тіс щёткасы, тарақ, орамал; ә) қалам, қарындаш, дәптер; б) доп, секіргіш, асық.