referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_ms_word___.docx · web viewТақырыбы: ms word –...

13
Тақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестелердi құру. 2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу. 3. Құжатты баспаға шығару. 1. Кестелердi құру. Word мәтіндік редакторы жұмыс кезiнде реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кез келген кесте қатарлар мен бағаналардан тұрады, о ларға мәтiн немесе сурет орналастыруға болады. Кесте құру үшін: 1)Стандартты саймандар тақтасындағы Кесте қосу батырмасы – экранда көрінген терезеде жол, баған сандарын таңдап, жылдам кесте құру; 2)КестеКесте сызу командасы – құжатқа кестені қолдан сызу. Ең алдымен сыртқы шекаралары сызылады, содан соң жеке ұяшықтарға бөлеміз; 3)КестеКесте қосу командасы – шыққан сұхбаттық терезеде қажетті баған және қатар сандарын көрсету арқылы кесте құру. Нұсқасы салынған кестелердi толықтыра отырып өңдеу iсi Кесте (Таблица) мә зірi арқылы орындалады. Оның құрамында кестеге қосымша бағаналар немесе қатар лар қосатын, екi бағананы (қатарды) бiрiктiретiн, қажет емес бағаналарды (қат арды) алып тастайтын, мәлiметтердi сұрыптайтын т.б. командалар бар (8-сурет). 8-сурет. КестеКесте қосу (ТаблицаДобавить таблицу) командасы. Бұл мәзірдiң ең бiр жақсы мүмкiндiктерiнiң бiрi – алдын ала терiлген мәтіндердi кестеге түрлендiру (Преобразовать в таблицу…) және керісінше. Ол ү шiн терiлген мәтіннiң бағанаға бөлiнетiн аралықтарына кестелеу таңбасы орнала стырылады. Ол таңбалар мәтін iшiнде қайталанбайтын тыныс белгiлерi немесе бас қа таңбалар (табуляция таңбасы) болуы мүмкiн. Көбiнесе бағана аралықтары ;, : немесе табуляция () таңбаларының бiрiмен бөлiнiп тұруы тиiс. Сонан соң кесте ге түрленетiн мәтін аумағын ерекшелеп аламыз да, КестеКестеге түрлендiру командасын орындаймыз. Сол сәтте бағана саны мен олардың аралығын бөлу таңбас ын көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезесi экранға шығады (9-сурет). Бұл те резедегi бағаналар саны автоматты түрде анықталады, ал бөлу таңбасын (раздели тель) өзiмiз енгiзумiз немесе таңдап алуымыз қажет.

Upload: others

Post on 31-Dec-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

Тақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы.

1. Кестелердi құру.2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу.3. Құжатты баспаға шығару.

1. Кестелердi құру. Word мәтіндік редакторы жұмыс кезiнде реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген,

ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кез келген кесте қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтiн немесе сурет орналастыруға болады. Кесте құру үшін:

1)Стандартты саймандар тақтасындағы Кесте қосу батырмасы – экранда көрінген терезеде жол, баған сандарын таңдап, жылдам кесте құру;

2)КестеКесте сызу командасы – құжатқа кестені қолдан сызу. Ең алдымен сыртқы шекаралары сызылады, содан соң жеке ұяшықтарға бөлеміз;

3)КестеКесте қосу командасы – шыққан сұхбаттық терезеде қажетті баған және қатар сандарын көрсету арқылы кесте құру.

Нұсқасы салынған кестелердi толықтыра отырып өңдеу iсi Кесте (Таблица) мәзірi арқылы орындалады. Оның құрамында кестеге қосымша бағаналар немесе қатарлар қосатын, екi бағананы (қатарды) бiрiктiретiн, қажет емес бағаналарды (қатарды) алып тастайтын, мәлiметтердi сұрыптайтын т.б. командалар бар (8-сурет).

8-сурет. КестеКесте қосу (ТаблицаДобавить таблицу) командасы.

Бұл мәзірдiң ең бiр жақсы мүмкiндiктерiнiң бiрi – алдын ала терiлген мәтіндердi кестеге түрлендiру (Преобразовать в таблицу…) және керісінше. Ол үшiн терiлген мәтіннiң бағанаға бөлiнетiн аралықтарына кестелеу таңбасы орналастырылады. Ол таңбалар мәтін iшiнде қайталанбайтын тыныс белгiлерi немесе басқа таңбалар (табуляция таңбасы) болуы мүмкiн. Көбiнесе бағана аралықтары ;, : немесе табуляция () таңбаларының бiрiмен бөлiнiп тұруы тиiс. Сонан соң кестеге түрленетiн мәтін аумағын ерекшелеп аламыз да, КестеКестеге түрлендiру командасын орындаймыз. Сол сәтте бағана саны мен олардың аралығын бөлу таңбасын көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезесi экранға шығады (9-сурет). Бұл терезедегi бағаналар саны автоматты түрде анықталады, ал бөлу таңбасын (разделитель) өзiмiз енгiзумiз немесе таңдап алуымыз қажет.

9-сурет. КестеТүрлендiруМәтінді кестеге түрлендіру командасы.

Тор сызықтары кесте ұяшықтарының мөлшерiн белгiлеп көрсету үшiн қолданылады. КестеТорды бейнелеу (ТаблицаОтображать сетку) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге, ал КестеТорды жасыру (ТаблицаСкрыть сетку) командасы тор сызықтарын жасыруға мүмкiндiк бередi. Бұл команда

Page 2: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

ауыстырғыштар тобына жатады, яғни оны бiрiншi рет орындау нәтижесiнде экраннан тор сызықтары алынып тасталса, команданы қайтадан орындау – тор сызықтарын қайтадан экран бетiне шығарады.

Word құжаттарында барлық кесте қатарлары мен бағаналары жiңiшке қара сызықпен бөлiнiп тұрады. Кесте ұяшықтарында мәтiннен бөлек ұяшық символы және қатар символы белгiлерi болады, олар қағазға түспейдi, экранда тек арнайы режимде ғана көрiнiп тұрады. (10-сурет).

10-сурет.Кесте бөлiктерiн өзгерту.

Word редакторында кестелердi өңдеудiң көптеген мүмкiндiктерi – ұяшықтағы мәлiметтердiң орнын ауыстыру және көшiрмелерiн алу, торлардың биiктiгi мен енiн өзгерту т.б. бар. Ол үшiн кестелердiң өңдеуге арналған белгiлi бiр бөлiктерiн алдын ала таңдап алу, яғни ерекшелеу қажет.

Кесте мәзірiндегi Кесте қасиеті (Свойства таблицы) командасы Кесте (Таблица), Қатар (Строка), Баған (Столбец) және Ұяшық (Ячейка) ішкі бөлімдерінен тұрады. Бұл команданың көмегiмен бағаналар енi мен биiктiгiн өзгертуге болады. Экран бетiне шыққан сұхбаттық терезеде қажеттi параметрлер енгiзiледi. Осы тәсiлмен бағана енiн өзгерту үшiн:

1)Енi өзгертiлетiн бағананы белгiлеу керек;2)Кесте мәзірiндегi Баған (Столбец) ішкі астарлы бетiн ашу қажет;3)Еннiң нақты сандық мәнiн “Бағана енi” өрiсiне енгiзу немесе оның мәлiметiне сәйкес еннің

өлшемін орнатамыз (11-сурет);

11-сурет. Кесте мәзірінің Бағана астарлы беті.

Дәл осылай кестенің қатарының биіктігін де өзгертуге болады.Кесте құрылған соң оның құрылымын оған қатарларды және бағаналарды енгiзу жолымен немесе

олардың кейбiрiн өшiре отырып өзгертуге болады. Кесте құрылымына енгiзiлетiн бiрнеше өзгертулердi – Кесте мәзірiндегi Енгiзу (Вставить) және Жою (Удалить) командалары арқылы орындай аламыз. Оның нақты түрi команданы шақырмас бұрын кестенiң қандай элементтерi (ұяшықтар, қатарлар немесе бағаналар) таңдап алынғанымен анықталады.

Кестедегi қатар немесе бағананы алып тастау үшiн:1. Жойылуға тиiс элементтердi белгiлеп аламыз;2. Кесте мәзірiнiң Қатарларды жою немесе Бағаналарды жою командаларының бiрiн орындау кере

к.Кесте iшiндегi мәлiметтi ғана (қатар немесе бағана жойылмайды) өшiрiп тастау үшiн өшiрiлуге тиiс м

әлiметтердi белгiлеп алып Del пернесiн басу керек.Қатарларды немесе бағаналарды қосымша енгiзу үшін қатарды немесе бағананы белгiлеп аламыз да

Кесте мәзірiнен “Қатарларды қосу” (Добавить строки) немесе “Бағаналар қосу” (Добавить столбцы) командаларының бiрiн таңдаймыз немесе стандартты саймандар тақтасынан осы командаға сәйкес батырмал

арды ( немесе ) бассақ та болады.КестеҚатарларды енгiзу (Добавить строки) командасын таңдағанда жаңа қатар ағымдағы

қатардан жоғары қосылады, ал одан төмен орналасқан қалған барлық қатарлар төмен қарай жылжиды. Бағананы қосу барысында жаңа бағана ағымдағы бағананың сол жағына қосылады.

Егер кесте соңына жаңа жол қосу қажет болса, онда курсорды кестенiң соңғы ұяшығына алып барып Tab пернесiн басамыз.

Бағананың оң (сол) жағына қосымша бағана енгiзу үшiн ұяшыққа курсорды орналастырып КестеКірістіруБағана оң жақтан (Бағана сол жақтан) командасын таңдау жеткiлiктi.

Егер кесте соңына тағы бiрнеше бағаналар қосу қажет болса, онда ТүзетуБағандарды кірістіруді қайталау командасын қайталаймыз немесе F4 пернесiн қанша бағана қосқымыз келсе, сонша рет басамыз.

Кесте соңына бiрден бiрнеше бағаналарды қосу үшiн кестенiң оң жағынан бастап, қажетті бағананы белгiлеп аламыз да КірістіруБаған оң жақтан (Баған сол жақтан) командасын орындаймыз немесе

Page 3: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

саймандар панелiндегi батырмасын басамыз. Нәтижесiнде бағаналардың қажеттi саны қосылады, бiрақ олар кестенiң ортасында орналасатын болады. Мұнан кейiн кестенiң соңында орналасқан бағаналарды қайтадан белгiлеп, олардың мәлiметiн керектi орнына жылжыту қажет.

Қатарларды (немесе бағаналарды) жою үшiн, сол элементтердi таңдап аламыз, содан кейiн КестеЖоюҚатарлар немесе КестеЖою Бағандар командасын орындаймыз. КестеЖоюҚатарлар командасын орындау нәтижесiнде таңдап алынған қатарлар жойылады, ал одан төменде орналасқан қатарлар жоғары жылжиды. Бағаналарды жою барысында жойылған бағаналардың оң жағында орналасқан барлық бағаналар солға қарай жылжиды.

Егер бірнеше ұяшықтарды біріктіру қажет болса, сол ұяшықтарды белгілеп алып КестеҰяшықтарды біріктіру (ТаблицаОбъединить ячейки) командасын орындаймыз немесе

стандартты құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын басамыз. Ал егер бір ұяшықты бернеше бағанға бөлу қажет болса, ұяшықты белгілеп алғаннан соң Кесте Ұяшықтарды бөлу (ТаблицаРазбить

ячейки) командасын орындаймыз немесе стандартты құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын басамыз.

Егер де ұяшықты мәлiметтен тазарту қажет болса (яғни ұяшықты жоймай-ақ оның iшiндегiсiн жою), онда ұяшықтардағы мәлiметтердi белгiлеп аламыз да Del немесе Backspace пернесiн басамыз.

2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу.

Қарапайым графикалық элементтердi (түзу сызық, қисық сызық, дөңгелектер, iшi боялған, боялмаған көпбұрыштар, т.б. геометриялық фигураларды) Word құрамындағы графикалық редактордың көмегiмен салуға болады. Сурет салатын элементтермен тек редактордың беттердi белгiлеу (разметка страницы) режимiнде ғана жұмыс iстеуге болады. Әртүрлi геометриялық фигураларды сызу үшiн Сурет (Рисование) саймандар тақтасы пайдаланылады. Бұл саймандар тақтасы сурет салуға және графикалық объектiлердiң барлық түрiн басқаруға, форматтауға арналған. Саймандар тақтасын экранға шығару үшiн Түр Сурет

(Рисование) командасын орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасындағы батырмасын шертемiз (12-сурет).

12-сурет. Сурет (Рисование) командасының саймандар тақтасы.

Кәдiмгi түзу сызықты сызу үшiн Сурет саймандар тақтасындағы Сызық батырмасын шерту керек. Егер сызықтың түрiн таңдау қажет болса Автофигуралар батырмасын шертiп, қажеттi сызық түрiн көрсеткеннен кейiн курсорды жұмыс алабында жылжыта отырып, таңдаған сызықты саламыз. Сызықтың иiлу бұрышы 15 градусқа қысқару үшiн курсорды жылжыту кезiнде SHIFT пернесiн, ал сызық бастапқы нүктеден екi жаққа бiрдей сызылу үшiн CTRL пернесiн басулы күйде ұстау қажет.

Дөңгелектер мен эллипстердi салу үшiн эллипс бейнесi тұрған батырманы басып курсорды бастапқы нүктеге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде ұстап тұрып, эллипстi қажеттi мөлшерге дейiн үлкейту керек. Осы әрекеттi орындау кезiнде эллипс центрi де жылжытылып отырады, оны бiр нүктеге бекiтiп алу үшiн салу кезiнде Ctrl пернесiн басып ұстап тұрамыз. Шеңбер салу кезiнде Shift пернесiн жiбермей ұстап тұру керек, оның да центрiн жылжытпай бекiту мақсатында Ctrl және Shift пернелерiнiң екеуiн де жiбермей ұстап тұруға болады.

Тiктөртбұрышты тұрғызу үшiн алдымен оның бейнесi тұрған батырманы басып, содан кейiн курсорды тiктөртбұрыш төбелерiнiң бiрiне сәйкес келетiн нүктеге апарып тышқанның сол жақ батырмасын басып, оны жiбермей ұстап тұрып тiктөртбұрышты толық етiп салу керек. Ctrl пернесiн басып тұрып тiктөртбұрыштың центрiн белгiлi бiр орынға бекiтуге болады. Ал квадрат салу барысында Shift пернесiн басулы күйде ұстап тұру қажет.

Салынған объектілерді өз қалауымыз бойынша түстермен бояу үшін саймандар тақтасынан батырмасын шерту арқылы қажетті түсті таңдаймыз (13-сурет).Мысалы:

Page 4: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

13-сурет. Объектілерді бояу.

14-суретте көрсетiлген кез келген фигураны Автофигуралар батырмасын шертiп, қажеттi фигураны таңдаған соң экранда тышқанның сол жақ батырмасын басулы күйде жылжыту арқылы сала аламыз.

14-сурет. Автофигуралар батырмасы.

Ал Жұлдызшалар және ленталар (Звезды и ленты) тiзiмiнен суретте көрсетiлген бейнелердi экранға шығара отырып, көлемiн ұлғайтып iшiне мәтiн жазу мүмкiндiгi бар.

Түсiндiрмелер (Выноски) тiзiмiндегi фигураларды пайдаланып, кез келген суреттi немесе кестенi т.б. нұсқай отырып түсiндiрме жазуға болады.

Блок-схемалар тізімінде алгоритмді блок-схема түрінде бейнелеуге қажетті фигуралар тізімі көрсетілген.

Фигуралы бағыттауыштар (Фигурные стрелки) тізімінен әр түрлі бағыттағы фигуралық бағыттауыштарды алуға болады.

Негізгі фигуралар (Основные фигуры) тізімінде әр түрлі негізгі геометриялық фигуралар тізімі келтірілген (тіктөртбұрыш, параллелограмм,трапеция және т.б.).

Біріктіруші сызықтар (Соединительные линии) тізімінде үш түрлі біріктіруші сызықтар бар: тік,біріктірілген және қиғашталған сызықтар (15-сурет).

15-сурет. Біріктіруші сызықтар.

Автофигураларды таңдап болғаннан соң объектіден объектіге дейінгі байланыс көк түске боялады. Бұл түс қай жерге байланыстың қажет екендігін көрсетеді.

Сурет саймандар тақтасында Қисықты сызу үшiн АвтофигураларСызықтар

(АвтофигурыЛинии) командасын орындап, Қисық батырмасын таңдаймыз да сызықты бастайтын орында тышқанның сол жақ батырмасын бiр рет шертемiз, одан кейiн курсорды жылжыта отырып келесi ұштары тұратын жерлерде шертемiз. Қисықты тұйықталмаған күйiнде қалдыру үшiн оның кез келген нүктесiнде тышқанды екi рет шертемiз. Ал тұйықтау үшiн тышқан батырмасын сызық басталған нүктеде екi рет шертемiз (16-сурет).

16-сурет. Автофигуралар батырмасының көмегімен енгізілген қисықтар.

Page 5: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

Сондай-ақ, Сурет саймандар тақтасында орналасқан Автофигуралар мәзірiндегi Салынған

қисық (Рисованная кривая) және Көпсызық (Полилиния) саймандарының көмегiмен әртүрлi сызықтар және бiрiктiрiлген формалар салуға болады. Салынған сызықты өзгерту үшiн, суретте тышқанның сол жақ батырмасын екi рет шерту арқылы белгiлеп алған соң жанама мәзірдiң Түйiндердi өзгертудi бастау (Начать изменение узлов) командасын қолданамыз. Түзу және қисық сызықты кесiндiлерден тұратын объектiнi салу үшiн АвтофигураларСызықтарКөпсызықтар батырмаларын шертемiз. Қисық сызықты кесiндiлердi тасымалдау жолымен салған өте тиiмдi.

Word мәтiн редакторында жақтау мен жақтау iшiндегi мәтiн “графикалық объект” ретiнде қарастырылады – яғни оны бiр беттен екiншi бетке графикалық объектiлер сияқты тасымалдауға, өлшемiн өзгертуге болады. Жақтау iшiне мәтiн енгiзу үшiн:

1)ЕнгiзуЖақтаудағы жазба (ВставкаНадпись) командасын орындаймыз немесе Сурет

саймандар тақтасындағы батырмасын шерту қажет;2)Тышқан курсорын Жақтау тұратын жерге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басулы

күйiнде жылжыта отырып, тiк төртбұрышты жақтауды салғаннан кейiн қажеттi мәтiндi iшiне терiп жазамыз.

3)Жақтауды және оның iшiндегi мәтiндi форматтау үшiн, оны белгiлеп алып жанама мәзірден Жазбаның форматы… (Формат надписи…) командасын орындағанда ашылған сұхбаттық терезесiн пайдаланамыз. (17-сурет).

17-сурет. Жазбаның форматы… (Формат надписи…) командасы.

Бұл сұхбаттық терезе Түстер және сызықтар, Өлшемi, Орналасуы, Сурет, Жазба және Веб астарлы беттерiнен тұрады. Мұнда:

а)жақтау iшiнiң түсiн және шекара сызығының түрiн, қалыңдығын таңдай аламыз; ә)жазбаның биiктiгi мен енi бойынша өлшемiн; б)абзацтан, парақ шетiнен, бағанадан горизонталь және вертикаль бойынша орналасуын анықтай және

өзгерте аламыз;в)мәтiннiң орналасуын таңдай аламыз..Жақтау iшiне жазылған мәтiннiң мүмкiндiктерi:1.құжаттың бiр бөлiгiнен басқа бөлiгiне тасымалдауға болады;2.Сурет саймандар тақтасындағы батырмалардың көмегiмен форматтауға болады. Бұл кезде көлемдi

эффектiлер, көлеңкелер, шекаралардың түстерi мен стильдер және iшiн бояу батырмалары қолданылады; 3.Формат мәзірiндегi Мәтiннiң бағыты (Направление текста) командасын пайдалануға болады;4.Мәтiнге енгiзiлген немесе салынған объектiлермен топқа бiрiктiруге және осы топқа қолданылатын

барлық командаларды пайдалану мүмкiндiктерi бар.Word құрамындағы графикалық редактордың көмегiмен кез келген элементтi тiк немесе көлденең

бағытта 900 немесе 1800-қа бұрып орналастыруға болады. Бұл мүмкiндiктердi симметриялы түрде салынған суреттер үшiн қолдануға болады. Бұратын геометриялық фигураны белгiлеп алғаннан кейiн Iс-әрекетБұру/көрсету (ДействияПовернуть/отразить) командасын орындап, қажеттi бұру параметрiн таңдау қажет (18-сурет).

Page 6: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

18-сурет.Iс-әрекетБұру/көрсету (ДействияПовернуть/отразить) командасы.

Бiр автофигураны басқамен алмастыру мүмкiндiгi бар. Алмастыратын фигураны белгiлеп алған соң, Iс-әрекетАвтофигураны өзгерту командасын орындап, тiзiмнен қажеттi фигураның түрiн, одан кейiн фигураның өзiн таңдаймыз. Автофигураның көлемiн өзгерту үшiн, оны белгiлегеннен кейiн жан-жағында пайда болған маркерлердiң қажеттiсiн тышқанның көмегiмен жылжытамыз. Автофигураны өзгерту командасын орындаған соң, фигураға курсорды орналастырып, тышқанның оң батырмасын шертсек, түйiндердi қосу, өшiру, өзгертуге байланысты жанама мәзір ашылады.

Егер масштабын өзгерту кезiнде Shift пернесiн басып ұстап тұрсақ, өзгертулер пропорционалды түрде екi бағытта (тiк және көлденең) жүргiзiледi. Бұл мүмкiндiк квадраттар мен шеңберлер масштабын өзгертуде олардың пропорцияларын сақтап қалу үшiн, яғни өзгерткеннен кейiн шеңбер – шеңбер болып, квадрат –квадрат болып қалуы үшiн қолданамыз.

Егер де масштабтау кезiнде Ctrl пернесiн басып, оны жiбермей ұстайтын болсақ, масштабын өзгерту процесi геометриялық элементтiң центрiне байланысты жүргiзiледi.

Геометриялық элементтердiң көшiрмесiн алу және өшiру үшiн Түзету (Правка) мәзірiнің командаларын қолдануға болады немесе объектіні белгілеп алған соң CTRL пернесін басып отыру керек.

Егер графикалық элементтер бiр-бiрiн жауып тұратын болса, қай элементтiң беткi жағында (үстiнде), ал қайсысының астыңғы жағында орналасуы керектiгiн анықтап көрсету мүмкiндiгi бар. Бұл үшiн элементтi белгiлеп алып Iс-әрекет батырмасын шерткенде ашылған мәзірдiң немесе жанама мәзірдiң Ретi (Порядок) командасынан қажеттi команданы таңдаймыз (19-сурет)

19-сурет. Іс-әрекетРеті (ДействияПорядок) командасы.

Көптеген құжаттарда әртүрлi иллюстрация түрiндегi объектiлер бар. Word редакторында мәтiндiк құжат iшiне алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер және дыбыстық объектiлердi енгiзуге болады.

ЕнгізуСуретКартинкалар (ВставкаРисунокКартинки...) командасын орындағаннан кейiн экранда әртүрлi графикалық және дыбыстық объектiлер қосуға мүмкiндiк беретiн Microsoft Clip Gallery программасының терезесi ашылады (20-сурет). Коллекциялар тізімінен өзімізге қажетті бөлімнен суретті өз қалауымызша таңдап аламыз.

Page 7: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

20-сурет. Сурет Картинкалар командасы.

Безендірілген тақырыптар даярлау үшін MS Word мәтіндік редакторының арнаулы WordArt программасы қолданылады. Оны қосу үшін:

1)Сурет саймандар тақтасындағы WordArt объектiсiн қосу батырмасын шертеміз немесе ЕнгiзуСуретWordArt объектiсi…командасын пайдаланамыз (21-сурет). Мәтiндi әр түрлi тәсiлмен бейнелеп жазу, оған көлеңке салу, қисайту, айналдыру, созу, үлкейту, қысқарту мүмкiндiгiн беретiн WordArt программмасының көмегiмен мәтiнге әртүрлi эффектiлер беруге болады.

21-сурет.WordArt объектісін қою командасы.

Microsoft Equation 3.0 программасының көмегiмен Word мәтiндiк редакторында жазылған құжатқа математикалық элементтердi енгiзуге болады. Ол үшін:

1)ЕнгiзуОбъект (ВставкаОбъект) командасын орындағанда ашылған терезеде (22-сурет) Microsoft

Equation 3.0 қатарын таңдаймыз немесе стандартты саймандар тақтасындағы батырмасын шертемiз;

22-сурет. Microsoft Equation 3.0 командасы.

Page 8: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

2)Курсор тұрған орынға формула енгiзу мүмкiндiгi берiледi және формулалар саймандар тақтасы пайда болады (23-сурет);

23-сурет.Формулалар саймандар тақтасы.

3)Қажеттi элементтi осы саймандар тақтасынан таңдап аламыз да, енгiзуге тиiстi мәндердi терiп жазамыз. Бұл программа енгiзiлген формулаларды автоматты түрде форматтайды.

3. Құжатты баспаға шығару.Құжатты баспаға жiбермес бұрын, алдымен оның қағаз бетiнде қалай орналасатынын арнаулы алдын

ала мәтiн көру режимi арқылы қарап шығуға болады. Бұл бiраз уақытты және қағазды үнемдеуге мүмкiндiк бередi.

Word редакторында бiрден мәтiннiң бiрнеше дана көшiрмесiн немесе құжаттың тек кейбiр беттерiн ғана баспаға шығаруға болады.

Баспаға шығарылатын мәтiндi көру үшiн келесi бес режимнiң кез келгенiн қолдана аламыз, олар: қалыпты (обычный), электрондық құжат (электронный документ), беттердi белгiлеу (разметка страницы), құжат құрылымы (структура документа) және баспаға шығару алдында мәтiндi көру (предварительный просмотр). Егер құжат құрамында арнайы элементтер (кестелер, кадрлар, графикалық объектiлер т.с.с.) болса, тек беттердi белгiлеу және баспаға шығару алдында мәтiндi көру екi режимi ғана баспаға шығарылатын құжат жайлы алдын-ала толық көрiнiс бере алады.

Ағымдағы Құжатты баспаға шығару үшiн:1.Қажеттi құжатты ашамыз;2. ФайлБаспаға шығару командасын орындаймыз немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер

комбинациясын басамыз, сонда “Баспаға шығару” сұхбат терезесi ашылады (24-сурет).3.Егер ешқандай параметрлер өзгертiлмейтiндей болса, ОК батырмасын шертемiз.Мұндай сәтте құжаттың басынан аяғына дейiнгi барлық беттерi бiр дана болып басылып шығады,

оның параметрлерi алдын ала келiсiлген мәндердi қабылдап тұрады немесе баспаға шығарудың осының алдындағы “Баспаға шығару” сұхбат терезесiнде анықталған параметрлер арқылы орындалады.

24-сурет. ФайлБаспаға шығару командасы.

Ашық тұрған құжатты баспаға стандартты саймандар тақтасындағы батырмасын шерту арқылы да орындауға болады. Құжатты баспаға шығаруды болдырмау үшiн Esc пернесiн басамыз.

Баспаға шығару барысында Windows жүйесiнiң Есептер тақтасындағы принтердiң шартбелгiсi көрсетiлiп тұрады. Баспаға шығаруды болдыртпау үшiн, тышқанды принтер шартбелгiсiне жеткiзiп, оны екi рет шерту керек. Шыққан сұхбаттық терезеде ҚұжатБаспаға шығаруды болдырмау (ДокументОтменить печать) командасы арқылы баспаға шығаруды болдырмауға мүмкiндiк бар. Баспаға шығару терезесiн жабу үшiн ПринтерЖабу (ПринтерЗакрыть) командасын орындаймыз.

Page 9: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

Алдын ала келiсiм бойынша құжаттың барлық беттерi бiр дана болып қана басып шығарылады. Бiрақ оны бiрнеше дана етiп те шығару мүмкiндiгi бар, ол үшiн:

1)Баспаға шығаруға арналған құжатты ашу қажет;2)ФайлБаспаға шығару командасын орындап немесе Ctrl+Shift+F12 пернелер комбинациясын

басып “Баспаға шығару” (Печать) сұхбаттық терезесiн шығарамыз;3)Осы терезенiң “Көшiрмелер” (Копии) бөлiмiндегi Көшiрмелер саны (Число копии) өрiсiне

құжаттың қажеттi көшiрмелер санын тiкелей енгiземiз (немесе өрiстiң оң жағында орналасқан тiлсызық батырманы басып қажеттi санды шығарып орнату керек);

4)Алдын ала келiсiм бойынша “Көшiрмелер” бөлiмiнде Көшiрмелердi бөлiп қою (Разобрать по копиям) қасиеті таңдалған, соның нәтижесiнде бiрiншi дананың барлық беттерi толық басылады, одан кейiн екiншi дананың беттерi басылып шығады т.с.с. Ал егер барлық даналарды қатар алу қажет болса, онда Көшiрмелердi бөлiп қою (Разобрать по копиям) қанатбелгісін алып тастау қажет, сонда ең алдымен барлық бiрiншi беттер, сосын барлық екiншi беттер т.с.с. болып басылып шығады. Бұл тәсiл баспаға шығару уақытын бiршама қысқартуға мүмкiндiк бередi, бiрақ мұнда құжаттың барлық даналарын реттеудi әркiм өзi орындауына тура келедi;

5)Қажетті қасиеттерін белгілеп болған соң ОК батырмасын шертемiз.Құжатты толығымен емес, оның тек бiр немесе бiрнеше беттерiн ғана баспаға шығару қажеттiлiгi

жиi кездеседi. Құжатты баспаға бөлiп шығарудың екi жолы бар, олар:1)«Баспаға шығару» (Печать) сұхбат терезесiнде жеке беттер нөмiрлерiн (немесе беттер диапазонын)

нақты көрсету;2)Сұхбаттық терезені ашудан бұрын қажеттi беттердi белгiлеп алу. Сондай-ақ, құжаттың курсор

тұрған ағымдағы беттi ғана басып шығаруға болады.Құжаттың жеке беттерiн баспаға шығару үшiн мынадай әрекеттер орындалады:1. Баспаға шығаруға арналған құжатты ашып, одан кейiн “Баспаға шығару” сұхбат терезесiн экранға

шығару керек;2. “Беттер” (Страницы) бөлiмiнде Нөмiрлер қатарын таңдап алу қажет;3. Енгiзу өрiсiне басып шығарылуға тиiс беттер нөмiрлерiн үтiр арқылы ажырата көрсетiп жазып

шығамыз. Егер қажеттi беттер бiрiнiң артынан бiрi жалғасып тұрса, дефис арқылы бастапқы және соңғы беттер ғана көрсетiледi. Ал тiзбек түрiнде бiрнеше диапазон болса, оларды да үтiрмен бөлемiз, мысалы: 1-3,9,20-21,44,47-51,57-62. Егер құжат бiрнеше iрi бөлiмдерден тұрса, әр бөлiмдегi қатар орналасқан беттердi баспаға шығару үшiн енгiзу өрiсiне беттер нөмiрлерiн және олардың бөлiмдерiн дефис арқылы көрсетемiз. Мұндайда беттердi белгiлеу үшiн р латын әрпi, ал бөлiмдердi белгiлеуде – s әрпi қолданылады. Мысалы: р28s3-p12s5.

4. Егер тек курсор орналасқан ағымдағы бiр беттi баспаға шығару қажет болса, онда “Беттер” бөлiмiнен Ағымдағы (Текущая) деген қатарды белгiлеп алу қажет.

5. Соңында ОК батырмасын шертемiз.6.Құжаттың ерекшеленген бөлiгiн баспаға шығару үшiн, қажеттi фрагменттi ерекшелеп алған соң

“Баспаға шығару” сұхбат терезесiн ашып, оның “Беттер” бөлiмiнде Ерекшеленген фрагмент (Выделенный фрагмент) қатарын таңдап, соңында ОК батырмасын шерту жеткiлiктi. Бiрақ құжат колонтитулдары (тұрақты тарау аттары) басып шығарылмайды. Оның үстiне құжаттағы нақты ерекшеленген бөлімге қоса сол қағаз бетiнiң жоғарғы бөлiгi де басылып шығарылады.

Көлемдi құжаттарды баспаға шығаруда қағаздың екi жақ бетiн де пайдалану арқылы қағазды үнемдеуге болады. Кейбiр принтерлерде қағаздың екi бетiне де мәтiн басып шығару режимi бар, ал егер ондай мүмкiндiк болмай қалса, төмендегiдей етiп қағаздың екi бетiн де пайдалануға болады: алдымен Құжаттын тек тақ беттерiн парақтын бiр жағына, ал екiншi жолы тек жұп беттердi парақтың келесi бетiне басып шығарамыз.

Құжаттың тек тақ (жұп) беттерiн баспаға шығару үшiн келесi әрекеттер орындалады:1. Баспаға шығару (Печать) сұхбат терезесiн ашамыз;2. Баспаға шығарып алу (Вывести на печать) деген ашылатын тiзiмнен Тақ беттер (Нечетные

страницы) қатарын таңдап алу керек; 3. Оны баспаға шығарып болған соң қағазды оның таза жағына басатындай етiп принтерге

орналастырамыз;4. Одан кейiн жұп беттердi таңдап алып қағазға шығарамыз;5. Құжаттың барлық жұп (немесе тақ) беттерiн баспаға шығарудан басқа, көрсетiлген бөлімнің

(диапазонның) де жұп немесе тақ беттерiн басып шығара аламыз. Мысалға, Тақ беттердi таңдау барысында Нөмiрлер өрiсiнде 15-20 цифрларын енгiзсек, 15-, 17- және 19-беттердi басып шығарамыз;

6. Соңында ОК батырмасын шерту керек.

Егер кітапша түрде құжатты баспаға шығарғымыз келсе, онда:1)ФайлБаспаға шығару (ФайлПечать) командасын шақырамыз;2)Баспаға шығаруҚасиеттері (Свойства) батырмасын басамыз. Сонда 25-суреттегідей сұхбат

терезесі шығады.

Page 10: referatikz.rureferatikz.ru/_ld/1/104_MS_Word___.docx · Web viewТақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторы. 1. Кестел ердi құру. 2. Құжатқа

25-сурет. Баспаға шығаруҚасиеттері (Свойства) сұхбат терезесі.

3)Шыққан сұхбаттық терезеде Парақтағы бет саны (Страниц на листе) қасиеттері бөлімінде 2 санын таңдаймыз;

4)Баспаға жіберілетін құжаттың бет сандарын 4-ке қалдықсыз бөлінетіндей етіп толықтырамыз – 4, 8, 12 және т.б.;

5)Әр бет нөмірлерін бір-бірінен нүкте арқылы ажырата көрсетеміз, яғни егер құжат 8 беттен тұратын болса – 8,1,6,3 – бет нөмірлерін бірінші жібереміз;

6)Принтерден осы парақтарды – бірінші тұрған парақты соңына, екіншісін оның бетіне қойып аламыз;

7)Екінші рет баспаға жіберу барысында Беттер бөлімінде – 2,7, 4, 5 – бет нөмірлерін көрсетеміз; 8)Баспадан шыққан парақтарды бет нөмірлеріне сәйкестендіре қайта қойып шығамыз, сонда – бірінші

парақта – 1,2,7,8-ші беттер, ал екінші парақта – 3,4,5,6-шы беттер орналасқан.

Бақылау сұрақтары:1. Құжатқа кестені калай енгіземіз?2. Кесте калай салынады?3. Алмастыру буфері дегеніміз не?4. Диаграмма не үшін қолданылады?5. Диаграмманың түрін қалай өзгертеді?6. Құжатқа формуланы калай енгіземіз?

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. С.Симонович, Г.Евсеев, А.Алексеев «Специальная информатика», Москва, «Аст – Пресс – книга», 2003г.

2. Симонович С. В. И др. «Информатика. Базовый курс.», Санкт-Петербург, Питер, -2001г.

3. Фигурнов В.Э. «IBM PC для пользователя», Москва, ИНФРА-М, -1998г., изд.7.4. Е.К.Балапанов, Б.Бурибаев «Новые информационные технологий. 30 Уроков по

информатике», Алматы, 2001г.5. А.В.Андреев, И.Б.Беккерман, В.И.Гриднев «Основы информатики и

вычислительной техники», «Феникс», 2002г.6. Ермеков Н.Т. и др. «Информатика: базовый курс», Алматы «Атамұра», 2003г.7. Сеннов А.С «Курс практической работы на ПК», БХВ – Петербург, 2003г.9. М.Қ.Байжұманов, Л.Қ.Жапсарбаева “Информатика” Астана, 2004.10. О.Камардинов «Информатика» I, II том. Алматы, 1994г.11. Қ.А.Ахметов, Б.Д.Шарипова, Г.К.Ордабаева, А.А.Тенгаева «Информатика», Алматы, 2007ж.12. «Халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша электронды оқулық» Ұлттық

ақпараттандыру орталығы, 2007ж.