Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ...

23
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.САПАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТЫ МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГУМАНИТАРНЫЙ ИНСТИТУТ ИМ. М.САПАРБАЕВА 5В01170 – «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА СПЕЦИАЛЬНОСТИ 5B011700 «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» Шымкент, 2018 ж.

Upload: others

Post on 30-Jul-2020

26 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

1

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М.САПАРБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҤСТІК ҚАЗАҚСТАН ГУМАНИТАРЛЫҚ

ИНСТИТУТЫ

МИНИСТЕРСТВО ОБРАЗОВАНИЯ И НАУКИ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКИЙ ГУМАНИТАРНЫЙ ИНСТИТУТ

ИМ. М.САПАРБАЕВА

5В01170 – «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ

МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА

СПЕЦИАЛЬНОСТИ 5B011700 – «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»

Шымкент, 2018 ж.

Page 2: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

2

Page 3: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

3

Page 4: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

4

МАЗМҦНЫ

1 Модульдік білім беру бағдарламасының тӛлқҧжаты.................... 6

1.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері........................ 6

1.2 Білім беру бағдарламасына сипаттама…………………....………...... 8

1.3 Мамандарды болашақта жұмысқа орналастыру.................................. 9

1.4 Бітірушілерге біліктілік сипаттамасы…………………..........……… 10

1.4.1 Кәсіби қызмет саласы……………………………..………....….....… 10

1.4.2 Кәсіби қызмет нысаны………………………………………..........… 10

1.4.3 Кәсіби қызмет мәні……………………………….……….........…….... 10

1.4.4 Кәсіби қызмет түрі……………………………..…………….....…....... 10

1.4.5 Кәсіби қызметтің функциялары……………………………....………. 10

1.4.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері…………………....…..………… 11

1.4.7 Кәсіби қызметтің бағыттары………………………………..……….... 11

1.4.8 Кәсіби қызмет мазмұны………....…………………………..……….... 11

2 Білім беру нәтижелері және негізгі қҧзырет….…………………... 11

2.1 Әмбебап құзыреттер (ӘҚ)…………………………………..…........ 14

2.2 Кәсіби құзырет (КҚ…………………………………………………... 16

3 Білім алушылар жетістіктерін бақылау тҥрі................................... 19

4 Білім беру бағдарламасын іске асыруға қойылатын талаптар... 21

5 Оқыту нәтижелерінің картасы

6 Қҧзыреттілік дескрипторларын білім беру бағдарламасы

модульдерінің оқыту нәтижелерімен тҥйіндестіру матицасы

Page 5: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

5

1 Модульдік оқыту бағдарламасының тӛлқҧжаты

1.1 Білім беру бағдарламасының мақсаты мен міндеттері

Басты мақсат: оқу үдерісіне оқытудың инновациялық технологияларын

енгізу жолымен тәжірибелік дағды мен кӛшбасшылық сапаға ие жоғары білікті

мамандар даярлауға бағытталған білімді жүзеге асыру және білім беру

саласында бәсекеге қабілетті мамандар даярлау.

Білім берудің қағидалары негізгі білім мен ғылым қағидаларына сәйкес

жасалып, студенттердің академиялық ұтқырлығына қол жеткізуге және

олардың еңбек нарығында табысты бейімделуіне бағытталған.

Курстың, бағдарламаның халықаралық стандарттарымен ӛзара

үйлесімділігі пен айқындылығы – бағаның негізгі кӛрсеткіші.

Мамандық пәндерін оқытудағы білім стратегиясының бірлігі мен сан

алуандығы меңзейді:

барлық факультеттер үшін базалық концепцияның, курстарды

ұйымдастырудың, сондай-ақ бағалау критерийлерін, бақылаудың түрлері мен

құралдарын ұштастырудың бірлігі;

бітіртуші кафедраның сұранысына қарай нақты курстың мазмұнын

дайындауда, сондай-ақ, негізгі курсты қосымша курстармен толықтыруда түрлі

факультеттердің арнайы мақсаттары мен міндеттерін есепке алуды болжайтын

стратегияның икемділігі;

пәндерді оқытуда әдістемелік тәсілдер кешені ретінде қабылданатын

заманауи білім технологияларын, қазіргі заманғы білім беруді модернизациялау

талаптарына жауап бере алатын оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану;

оқу үдерісінде халықаралық қатынастар саласындағы болашақ

мамандардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал ететін үш тілде

оқытуды жүзеге асыру.

Пәнаралық үйлесімділік. Пәнаралық үйлестіру принципі қайталануды

болдырмау мақсатында әр түрлі пәндердің тақырыптарының келісілуін,

олардың білім алушының санасы қоршаған орта объектілері мен

құбылыстарын тұтас қабылдауды қалыптастыруды бағамдайды. Нәтижесінде

жалпы ғылыми пәндермен қатар мамандық пәндерін оқу барысында кәсіби

саладағы қарым-қатынастың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптасыру

үшін оңтайлы жағдай туғызады.

Оқытудың кәсіби бағытталу принципі білім алушылардың оқу

жоспарындағы пәндер бойынша дәрістерде болашақ мамандығы мен кәсіби

қызығушылықтарының есепке алынуын қарастырады.

Білім беру мекемелеріндегі еңбек негіздерін меңгерген қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімдерін практикалық және теориялық тұрғыдан

дайындау бүгінгі мемлекетіміз үшін аса үлкен маңызға ие болып отыр. Осыған

байланысты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлауда

мамандықтың ерекшелігі, сол сала маманы меңгеруге тиіс негізгі

құзыреттіліктер ескерілуі қажет.

Қазіргі білім беруді модернизациялау құзіреттілік тәсілді білім берудің

мазмұнын жаңартатын ең бір маңызды тұжырымдамалық ережесі ретінде

Page 6: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

6

қарастырады.

Осы ереже негізінде берілген бағдарламаны іске асырудың мақсатына

мыналар жатады:

1. Базалық білім мен кәсіби-әдістемелік қабілет, дағды негізінде

студенттердің оқытушы ретінде заманауи әдістемелік ғылым жетістіктерін

есепке ала отырып, қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды ұйымдастыруда кәсіби

құзыреттілігін қалыптастыру.

2. Кәсіби салада теориялық және тәжірибелік білімнің кең диапазонын

қалыптастыру;

3. Болашақ педагогтардың кәсіби қызметіндегі база болып табылатын

коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру;

4. Студенттердің ӛз бетінше іздену-зерттеу жұмыстары үшін оның

барлық кезеңдерінде эксперимент жүргізуге алғышарттар жасау;

5. Ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметінде

отандық және шетелдік тәжірибені қолдану, алынған ақпаратты жүйелеу және

қорыту;

6. Еңбек және оқу қызметі үдерісін ӛз бетінше бақылай алу қабілеті.

Бакалаврдың кәсіби қызметтерінің түрлеріне байланысты (білім берудің

бірінші баспалдағы) МОБ келесідей міндеттерді шешеді:

Білім беру қызметі саласында:

-жалпы орта және арнаулы мектептердегі, колледждердегі, лицейлердегі,

гимназиялардағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерімен жұмыс істеу;

білім алушылардың тілдік құзыреттіліктерін қалыптастыруға қойылатын

халықаралық-стандарттық деңгейлік талаптарды ескере отырып, қазақ тілі мен

әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқару;

Ғылыми-зерттеу және дамыту саласында:

- кітапхана мен электронды каталогтардан, желілік ресурстардан қажетті

ақпаратты іздеп таба білу;

- шолу, аннотациялар жасау, реферат, эссе жазу және зерттеу жұмысының

тақырыбы бойынша библиографиялық кӛрсеткіш дайындау.

-ғылыми жұмыс нәтижесін ауызша және жазбаша түрде (есептерде,

анықтамаларда, баяндамаларда, ғылыми мақалаларда) кӛрсете білу, ғылыми дау

туындаған жағдайда ғылыми пікірталас пен дәлелге жүгіне білу дағдысын

меңгеру.

Оқу-тәрбие (педагогикалық) қызметі саласында:

- жалпы білім беретін мекемелерде қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда

педагогикалық қызмет негіздерін іс жүзінде қолдана алу;

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша мұғалімдер дайындау

үдерісінде келесі негізгі міндеттер жүзеге асырылады: отансүйгіштікке,

еліміздің тарихы мен салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу; педагогикалық

мақсат, педагогикалық жаңашылдық, педагогикалық технология және

педагогикалық интеграция теориясы принциптерін игеру, лингвистикалық

теория саласындағы заманауи ғылыми-теориялық кӛзқарастардың базалық

негіздерін, лингвистикалық ғылым негіздері мен заңдылықтарын,

лексикологияның қазіргі ахуалын, қазақ тілінің лексикалық даму заңдылықтары

Page 7: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

7

мен мен фразеологиялық жүйесін, лексикалық бірліктердің құрылымы мен

мағыналық ерекшеліктерін, лингвистикалық талдаулар мен сипаттамалардың

негізгі әдістемелерін меңгеру, қазақ тілін оқытудың негізгі әдістемелік

категориялары мен олардың қызметінің негізгі заңдылықтарын, сыни тұрғыдан

ойлауды меңгеру.

-педагогикалық үдеріс заңдылықтары мен заңдарына, принциптеріне,

тәрбие механизмдеріне сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жүргізу;

- сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жоспарлау;

- тәрбиелеудің нақты міндеттерін шешу;

- оқушылар ұжымымен, мұғалімдермен, сыныпта жұмыс жүргізетін ӛзге де

қызметкерлермен, ата-аналарымен қарым-қатынас орнату.

Ҧйымдастырушылық және басқару қызметі саласында:

- мемлекеттік басқару ұйымдары мен жергілікті ӛзін-ӛзі басқару

ұйымдарының шешімдер қабылдауы үшін сараптамалық ақпараттарды

дайындау және ӛңдеу; мәліметтер базасымен және ақпараттық жүйелермен

жұмыс жасау;

- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру және жүргізу әдістерін анықтау;

- білім алушылардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыру сапасының

мониторингісін жасау.

Мәдени-ағарту қызметі саласында:

- мәдени ұйымдар мен мекемелер қызметінің тарихи-мәдени, тарихи-

ӛлкетану аспектілерін ақпараттық қамтамасыздандыру;

- «Мәңгілік ел» жалпы қоғамдық идеясы арқылы қоғамдық қатынастарды

әлеуметтендіру мен студенттердің білімін қалыптастыру процесін жүзеге

асыру;

- моральдық-психологиялық деңгейді, жалпы мәдени, зияткерлік ойды

дамыту, жүзеге асыру қабілеттілігі;

- міндеттемелерді орындауға жауапкершілікпен қарау, адамгершілік

ұстанымды кӛрсете білу қабілеттілігі;

- тәжірибеден ӛту ұйымдарда қалыптасқан, кәсіби этиканың ережелерімен

қағидаларын меңгеру білу.

Сараптамалық-талдамалық қызметінде:

-ғылыми-әдістемелік әдебиетті оқып үйрену;

-білім беру саласында озат отандық тәжірибені үйрену және қорыту,

сонымен бірге тілдерді оқытудың халықаралық тәжірибесін зерттеу;

- оқу үдерісіне енгізілген нәтиже бойынша педагогикалық сараптама

жүргізу.

-зерттелетін сала бойынша топшылаулар мен дәйектеме жасау, мәселенің

шешімін табуды қалыптастыру үшін тақырыптық ақпаратты жинақтауды

жүзеге асыру.

1.2 Білім беру бағдарламасына сипаттама Берілген білім беру бағдарламасы 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті»

бакалаврларын дайындау деңгейі мен оқу жүктемесінің кӛлеміне, оқыту

мазмұнына қойылатын талаптарға сай Қазақстан Республикасы Үкіметінің

23.08.2012 жылғы №1080 Қаулысымен бекітілген, Мемлекеттік жалпыға

Page 8: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

8

міндетті жоғары білім беру стандартының негізінде құрастырылған.

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының білім беру

бағдарламасы «Білім» бағыты бойынша мамандық түлектеріне қажетті негізгі

біліктіліктерді қалыптастыруға жаңа бағыт ұсынады.

Білім беру бағдарламасы оқытушылық, ғылыми-зерттеу,

ұйымдастырушылық-технологиялық, ӛндірістік-басқару, тәрбие, мәдени-ағарту

жұмыстарын орындауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің ұлттық жүйесін еуропалық

және халықаралық білім беру кеңістігімен үйлестіруші Болондық үдеріске

қосуға мүмкіндіктер мен жағдай жасауға бағытталған.

Білім беру бағдарламасы ұлттық білім беру бағдарламаларының

халықаралық деңгейде мойындалуын, білім беру ұйымының профессор-

оқытушылар құрамы мен білім алушылардың академиялық мобильділігін,

сонымен қатар білім сапасының жоғарылауын қамтамасыз етеді.

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының кәсіби

бакалавриатының білім беру бағдарламасы жоғары оқу орындарының

дайындық бағытына сай білім беру бағдарламасын меңгеруі мен

ұйымдастыруын анықтайтын, оқу-әдістемелік құжаттар мен материалдар

кешені болып табылады.

Білім беру бағдарламасы жұмыс берушілердің талаптары мен еңбек

нарығының қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатын мамандарды дайындаудың

біліктілік моделінің негізінде құрастырылған. Берілген модель бітірушілерінің

негізгі біліктіліктерін, олардың нақты кәсіби қызметін орындауға дайындығы

мен дайындалу деңгейін сипаттаудан тұрады.

23.08.2012 жылғы №1080 ҚР Үкіметінің қаулысымен (Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен

толықтырулар мен ӛзгертулер енгізілді), 20.04.2011 жылғы №152 ҚР БҒМ «Оқу

үдерісін ұйымдастыруда кредиттік технологияны оқытудың Ережелерін» бекіту

(ҚР БҒМ 2014 жылғы 2 маусымдағы №198 бұйрығымен толықтырулар мен

ӛзгерістер енгізілді) бұйрығымен, 16.08.2013 жылғы ҚР БҒМ № 343 (ҚР БҒМ

2016 жылғы 5 шілдедегі №425 бұйрығымен толықтырулар мен ӛзгерістер

енгізілді) бұйрығына сәйкес типтік оқу жоспары, типтік оқу бағдарламалары

негізінде құрастырылған 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының

күндізгі оқыту формасы үшін МОБ-ты меңгеру мерзімі: 4 жыл.

1.3 Мамандарды болашақта жҧмысқа орналастыру

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірушілердің

жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері бар:

- жалпы білім беретін орта мектептерге, гимназияларға, лицейлерге,

колледждерге, училищелерге, білім бӛлімдеріне;

- ғылыми-зерттеу (гуманитарлық бағыттағы ғылыми-зерттеу мекемелеріне,

ғылыми институттарына) мекемелеріне;

- гуманитарлық бағыттағы мемлекеттік және мемлекеттік емес (біліктілікті

арттыру институттары, баспа орындары) ұйымдарына;

-арнайы курстарда, оқу орталықтарында, оқу-білім орталықтарында,

лингвистикалық мектептерде;

Page 9: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

9

- кеңес беру фирмаларында, білім беру мекемелерінде, баспа орындарында

(лаборант, әдістемелік кабинет меңгерушісі, тіл маманы, аударма технологиясы

бойынша кеңесші, әдеби кеңесші қызметіне);

- ұйымдастыру-басқару (орта мектептерде, гимназиялар мен лицей,

колледждерде, білім саласына тікелей қатысы бар мекемелерде) қызметтеріне

және т.б.

Бітірушілердің біліктілік сипаттамасы

1.4.1 Кәсіби қызмет саласы

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім

бакалаврының кәсіби қызмет саласы білім беру, тәрбиелеу, әдеби-мәдени,

мемлекеттік-ағарту, бұқаралық-ақпарат салалары болып табылады.

1.4.2 Кәсіби қызмет нысаны

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім

бакалаврының кәсіби қызмет нысандары – жалпы және арнаулы білім беру

ұйымдары (жалпы білім беретін мектептер, лицей, колледж, гимназияларда

қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми

мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы, баспаханалар, білім

департаменті, институтының қызметкері) болып табылады.

1.4.3 Кәсіби қызмет мәні

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім

бакалаврының кәсіби қызметінің мәні – жалпы білім беретін мектептердің

бірінші сатысында педагогикалық қызметті ұйымдастыру, оқу үдерісін

жоспарлау, консультациялық, әдістемелік, тәрбие жұмысы және білім беру

мекемелерінің әдістемелік жұмысы жағдайында Қазақстан Республикасының

білім беруді дамыту тұжырымдамасы талаптарын жүзеге асыру болып

табылады. Сондай-ақ, әлемдік және ұлттық руханияттан нәр ала отырып,

имандылық пен адамгершілік тәрбие беру, ізгілендіру, қоғамның жоғары

саналы азаматтарын қалыптастыру мәселелері болып табылады.

1.4.4 Кәсіби қызмет тҥрі

Еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, 5В011700 – «Қазақ тілі мен

әдебиеті» мамандығы бойынша білім бакалавры келесі кәсіби қызмет түрлерін

атқара алады;

- оқу-тәрбие (педагогикалық) жұмысы;

- ӛндірістік-педагогикалық қызмет;

- білім беру;

-эксперименттік-зерттеу;

-ұйымдастырушылық-басқарушылық;

- әдеби-шығармашылық;

- мәдени-ағартушылық.

1.4.5 Кәсіби қызметтің фукнциялары

Білім бакалаврының кәсіби қызметінің функциялары:

- жас ұрпақты тәрбиелеуді жүзеге асыру;

- педагогикалық қызметті ұйымдастыру және дамыту;

- орта білім беретін мекемелерде оқу үдерісін жетілдіру міндеттерін

Page 10: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

10

орындау;

- оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындауға қатысу;

- білім беру мекемелеріндегі педагогикалық қызмет;

- білім беру мен тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету;

- оқытудың әдістері мен технологияларын жетілдіру;

- педагогика, филология салаларындағы зерттеулердің ӛзекті бағыттарын

анықтау;

- оқу үдерісін ұйымдастыру және әдебиеттермен қамтамасыз ету

мәселелері бойынша кеңес беру;

- білім алушылар арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу.

1.4.6 Кәсіби қызметтің типтік міндеттері

Білім бакалаврының кәсіби қызметінің типтік міндеттері:

- білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру;

- сабақты, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын жоспарлау;

- қазақ тілі мен қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесін жетілдіру;

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқу, зерделеу;

- білім беру үдерісінде заманауи педагогикалық технологияларды (сондай-

ақ оқытудың мультимедиялық құралдарын) қолдану;

- жеке тұлғаны дамытуға бағытталған білім беруді қолдана отырып,

индивидуалды және дифференциалды тәсілдерді жүзеге асыру;

- білім беру саласын басқаруда шешім қабылдаудың жүйесін жақсарту;

- жоғары білімнің келесі баспалдағында білімді жалғастыру.

1.4.7 Кәсіби қызметтің бағыттары

- жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру;

- филология саласындағы білімді жетілдіру;

- оқу үдерісін заманға сай ғылыми деңгейде ұйымдастыру;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарды, ӛндірістік қызметті жүзеге асыру.

1.4.8 Кәсіби қызмет мазмҧны

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім

бакалаврының кәсіби қызметінің мазмұны тӛмендегідей болуы тиіс:

- педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыру және басқару;

- білім алушылардың танымдық қызмет тәсілдерін белсенді меңгеруге,

білім берудің жеке тұлғалық маңыздылығына, білім алушының жеке тұлғасына

бағыттау;

- білім алушылардың ӛзін-ӛзі дамытуы мен ӛз мүмкіндіктерін кӛрсете

білуін қамтамасыз ету, түрлі педагогикалық технологияларды қолдану;

- білім алушылардың ӛз бетінше білім алуы мен кәсіби бағдар алуы үшін

қолайлы жағдай туғызу;

- бұрынғыларды зерделеу, қазіргі қӛзқарас тұрғысынан тарихи оқиғаларды

сараптау;

- білім алушылардың отансүйгіштік және толеранттылық сезімдерін

қалыптастыру, мәдени білім жұмыстары бойынша кеңес беру.

2 Білім беру нәтижелері және негізгі қҧзырет

Дублиндік дискрипторларды есепке ала отырып, 5В011700 – «Қазақ тілі

Page 11: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

11

мен әдебиеті» мамандығының білім бакалавры оқыту нәтижесі бойынша

міндетті:

білу және тҥсіну (Дискриптор А):

- ҚР білім беру жүйесіндегі нормативті-құқықтық базалар мазмұны

(заңдар, концепциялар, халықаралық келісімдер, стандарттар, инструкциялар,

ережелер және т.б.);

- орта білім беру құрылымы және мазмұны (қазақ тілі мен әдебиеті

бойынша міндетті және кәсіптік дайындық);

- жалпы орта білім, кәсіби-техникалық білім және орта кәсіби білім беретін

оқу-тәрбие мекемелеріне бітірушілердің деңгейлік дайындығына қойылатын

талаптар;

- кӛрсетілген білім беру мекемелерінде қолданылатын оқытудың түрлі

технологияларының жүйесі және бағалау критерийлері;

- белгіленген мамандық бойынша оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті

жоғары білім беру стандартында қарастырылған, жалпы білім беретін пәндер

циклі, базалық пәндер циклі, кәсіптік пәндер циклі ендірілген кӛлемі;

- білім алушылар мен оқытушылардың (немесе ӛзге де қызметкерлердің)

құқықтары мен міндеттері;

- жалпы және практикалық психология мен педагогиканың негіздері;

- филологияны зерттеу саласындағы әлемдік және отандық кӛрнекті

ғалымдардың еңбектері;

- гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылым салаларындағы

негізгі білім;

- Қазақстан мәдениетінің базистік құндылықтары және ӛркениет

тарихындағы Қазақстан мәдениетінің орны;

- тарихи сабақтастықтың мәні мен механизмі;

- орта білім беру бағдарламасы бойынша қазақ тілі мен әдебиетінен оқу

пәндерін жүргізудің әдістемесі, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті кабинеттерін

жабдықтау бойынша әдістемелік және ұйымдастырушылық жұмыстар;

- компьютерлік сауаттылық негіздері, компьютерлік презентациялар

дайындау және құжаттарды, суреттерді ӛңдеу бағдарламалары;

Білімді қолдану және тҥсіну (Дескриптор В):

- мемлекеттің білім беру саласындағы саясатын жүзеге асыруда;

- негізгі ұғымдарды, даталар мен оқиғаларды түсіндіру барысында;

- қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ жүргізу барысында;

- экскурсиялар ұйымдастыру, ӛткізу және оларға комментарий беру

барысында;

- қазақ (мемлекеттік) тілінде оқыту әдістемесінің негізгі жетістіктерін іс

жүзінде қолдануда;

- оқу-тәрбие үдерісінде (сондай-ақ ақпараттық үдерісте) оқытудың

заманауи технологияларын пайдалануда;

- оқу материалдарын және оқу нәтижелерін сабақты жоспарлау барысында;

- кәдуілгі ақпарат кӛздері мен әлемдік ғаламтор жүйелерінен ғылыми-

техникалық және ғылыми педагогикалық ақпараттарды іздеу жұмыстарын

жүргізуде;

Page 12: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

12

- мектептегі тарих кабинеттеріндегі (сонымен қатар мультимедиялық

жүйелердегі) оқу құралдармен және техникалық құралдармен жұмыс жасауда;

- қазіргі бағдарламалық ӛнімдердің кӛмегімен компьютерде жұмыс істеу

барысында;

- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сай оқу-танымдық

қызметті ұйымдастыруда;

- заман талаптарына сай пәндерді оқытуда кәсіби-педагогикалық және

әлеуметтік мәселелердің тиімді шешімін қабылдай алуда;

- әлеуметтік-гуманитарлық сипаттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын

жүргізуде;

- оқу-тәрбие жағдаяттарына сараптама жасауда.

тҧжырым жасау (Дескриптор С):

- педагогикалық ӛлшемдер мен индикаторлар жүйесін талдау және

сараптау;

- ғылыми теорияларды тексеруде экспериментті және бақылау тәсілдерінің

нәтижелерін сараптау;

- кәсіптік жаһандану жағдайында әр алуан әлеуметтік, экономикалық,

мәдени аспектілерде ӛзекті мәселелерді шеше білу;

- психология-педагогикалық диагностика, талдау және сараптау негізінде

кешенді педагогикалық мониторингті жүзеге асыру, алынған нәтижелерді

интерпретациялау, барабар ӛзін-ӛзі бағалау мен ӛзін-ӛзі бақылауға талпыну;

- жаңа педагогикалық технологияларды қосу, бағалау, таңдау және

пайдалану, кәсіби шеберлігі жоғары педагог мамандардың тәжірибесін тарату

және қолдану;

- әдістемелік, лингвистикалық және психология-педагогикалық факторлар

тұрғысынан оқыту жағдайларын бағалау, тілдік және пәндік мазмұндарға

сәйкес әдістемелік мәселелерді тұжырымдау;

- қазақ тілін оқытудың әртүрлі кезеңдері мен деңгейлері үшін оқу

материалдарын, тәсілдерін, оқу құралдарын, жұмыс режимін таңдап алу;

- қазақ халқының ӛткен тарихы мен оның жалпы адамзат тарихынан

алатын орны жӛнінде кең кӛлемді шынайы мағұлмат, бұрын орнығып келген

кереғар кӛзқарастардан азат етілген жаңа мазмұндағы тәуелсіз тұжырымдар

жасау;

- әдебиеттану ғылымының, қазақ әдебиетінің даму кезеңдерінің теориялық,

практикалық мәселелері туралы ой қорытындылау;

- жалпы тіл біліміндегі теориялық әдістемелік негіздерді білу, қазіргі

ғылыми тұжырымдармен салыстыру;

- ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелерін ӛңдеу және бағалау;

- қажетті материалдарды ӛз бетінше меңгеру және олады ары қарай

пайдалана білу.

коммуникативтік қабілет кӛрсету (Дескриптор D):

- берілетін ақпараттың мәні жойылмайтындай деңгейдегі тиімді қатынас

құра алу;

- тұлғааралық қарым-қатынас құру;

- кӛпшілік алдында сӛз сӛйлеу барысында сӛйлеу мәдениетінің ережелерін

Page 13: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

13

сақтау;

- пікірталас барысында ӛз тұжырымын дәлелдеу, сендіру;

- кәсіби міндеттерді жүзеге асыруға байланысты мақсат қойып, оларды

шешу үшін ӛзі оқып үйренген ғылымның әдіс-тәсілдерін пайдалана білу;

- шешендік ӛнерді меңгеру, ауызша сӛйлеу мен жазбаша сауаттылық, ӛз

жұмысының нәтижелерін кӛпшілік алдында кӛрсету, білім алушыларды

ынталандыру мақсатында ӛз жұмысын таныстырудың дұрыс формасын және

әдісін таңдай білу;

- қазіргі кезеңдегі мәдениетаралық қатынас мәселелерінің аса ӛзектілігін

түсіндіру және негіздей алу қабілеті, тіл мен мәдениеттің арақатынасын

анықтай алу және олардың мәдениетаралық қатынастағы рӛлі, белгілі бір

мәдениет ӛкілдерінің екінші бір ұлт ӛкілдерімен қарым-қатынас жасау

барысындағы мәдени және ұлттық болмыс ерекшеліктерін ескеру;

- қазақы ұлттық болмыс (менталитет), қазақстандық рухани

құндылықтардың контексінде, сондай-ақ ӛзге де мәдениет пен білім кеңістігінің

контекстерінде ӛзінің кәсіби ерекше қасиеттерін жүзеге асыру үшін

экстрафункциональді және кӛпсалалы білім мен қабілетті игерудің арқасында

жағдайдың ӛзгеруіне орай тез бейімделу қабілеті.

білім алу дағдылары және оқуға қабілеттілік (Дескриптор Е):

- ӛз қызметі мен рефлексия нәтижелерін бағалай алу қабілеті;

- қажетті ақпараттарды ӛзі іздеп таба алу, талдау және қажеттісін іріктеу,

түрлендіру, сақтау және оны жеткізу қабілеті;

- білімді ары қарай жетілдіру үшін қажетті материалдарды ӛз бетінше

меңгеру;

- ӛз бетінше білім алу және ӛз еңбегін ғылыми тұрғыда ұйымдастыру

дағдысы;

- біліктілігін ӛз бетінше жетілдіру, білімін толықтыру мен жаңа дағдылар

мен қабілетті меңгеру.

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім

бакалавры қҧзыретке ие болу керек:

Әмбебап құзыреттер (ӘҚ):

ӘҚ-1 Тілдер саласында қҧзырет:

- мемлекеттік тілді, орыс және шет тілдерін меңгеру;

- мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде сауатты түсіндіре білу;

- ағымдағы құжаттарды мемлекеттік, орыс және шет тілдерінде сауатты

құрастыра білу;

- конструктивтік сұхбат құра білу және дағдылану, қоғамда кӛпмәдениетті,

кӛпұлтты және кӛпконфессиональді қатынас, бірлесіп қызмет жасауға,

ынтымақтастыққа қабілетті болу;

- кәсіби халықаралық сұхбатта қалыптасқан мамандандырылған

терминология аясында коммуникация құралы ретінде шет тілін игеру.

ӘҚ-2 Компьютерлік қҧзырет

- заманауи техниканы қолдана білу дағдысын меңгеруге қабілеттілігі;

- кәсіби қызметі саласында бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпараттық

Page 14: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

14

технологияны меңгеру;

- заманауи ақпарат құралдарын және ақпараттық технологияны меңгеру;

- керекті ақпаратты іздеу, талдау және іріктеу, оны ӛңдеу, сақтау және

қайта жібере білуді меңгеру;

- ақпарат пен білімді интерактивті қолдана білу;

- ақпараттық әрекеттестік құралдары мен негізгі жолдарын, ақпаратты алу,

сақтау, ӛңдеу, түсіндіруді меңгеру, ақпараттық-коммуникациялық

технологиялармен жұмыс істеуге машықтану, ақпаратты жинақтау және

қабылдауға қабілетті болу, оған жетудің жолы мен мақсатын белгілеу.

ӘҚ-3 Оқу қҧзыреті

- оқуға қабілетті болу, ғылыми-жаратылыстану және техникалық пәндер

саласы бойынша жаңа білімді игеру, білімді кәсіби деңгейде қолдану және

түсіну;

- күнделікті кәсіби қызметке және ары қарай білім алуды жалғастыруға

қажетті жаңа білімді алуға машықтана білу;

- әр түрлі дереккӛздерінен ақпаратты табу, ӛңдеу және талдай білу;

- ақпараттың сенімділігі мен дәйектігін бағалауға қабілетті болу және

соның негізінде әрекет ету.

ӘҚ-4 Әлеуметтік қҧзырет

- Қазақстан Республикасының нормативтік актілері мен мемлекеттік

маңызды құжаттарды ӛз қызметінде қолдануға қабілетті болу;

- Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі мен заңдарын білу;

- қоғамның әлеуметтік дамудағы беталысын бағдарлауға қабілеттілік;

- ӛз қызметінде нормативтік және құқықтық құжаттарды қолдана білуге

қабілеттілік;

- мәселелерді анықтау, қалыптастыру және шешуге қабілетті болу.

ӘҚ-5 Этикалық қҧзырет

- базалық мәдени құндылықтарды түсіну және сақтау, азаматтық және

адамгершілік қасиеттерге ие болу;

- этикалық нормаларға сәйкес әрекет етуге қабілетті болу;

- басты кәсіби қасиеттерге ие болу, жұмыс беруші тарапынан қойылатын

барлық заманауи талаптарға жауап беру;

- іскерлік этика нормасын сақтай білу, мінез-құлықтың этикалық

нормасына ие болу;

- әр түрлі әлеуметтік жағдайларда бағдарлануға қабілеттілік;

- кәсіби этикалық талаптарды білу және осы талаптарға сәйкес әрекет

етуге дайын болу, этикалық мінез-құлық нормаларын бұзуға жол бермеу,

этикалық мінез-құлық ережелерін сақтауда азаматтық жауапкершілікті сезіну

және талап қоя білу.

ӘҚ-6 Кәсіпкерлік және экономикалық қҧзырет

- экономиканың мемлекеттік сектордағы орнын білу, экономиканың

мемлекеттік реттеу әдістері мен мақсатын түсіну, білу;

- негізгі экономикалық білім негіздері мен қаржы, маркетинг және

менеджмент туралы түсінік болуы;

- инновациялық қызметке қабілетті болу;

Page 15: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

15

- ресурстық қажеттіліктерді бағалауға қабілетті болу және оларды кәсіби

мәселелерді шешуде қолдануды жоспарлай білу;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдануға қабілетті болу;

- кәсіпкерлік пен бастамашылдыққа қабілетті болу.

ӘҚ-7 Ҧйымдастырушылық-басқарушылық қҧзырет - бастама кӛтере білу және мәселенің ұйымдастырушылық-басқарушылық

шешімін таба білу;

- ұйымдастыруға және жоспарлауға қабілетті болу;

- қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне жауапкершілікпен қарау;

- мақсат қоя білу және оған жетуге қабілетті болу;

- ӛзара әрекеттестікке ықылас таныту және нәтижесіне жауапкерлікпен

қарау;

- ӛмірдің және қызметтің әр түрлі салаларында алынған қабілеттілік пен

білімді қолдана отырып, жаңа идеяларды туғызу және оларды жүзеге асыру;

- қоршаған ортаны басқаруға, мәселелерді шеше білуге қабілетті болу;

- ақпараттық жүйемен және мәліметтер базасымен жұмыс істеуге қабілетті

болу.

ӘҚ-8 Коммуникациялық қҧзырет

- топта жұмыс істей білу, ӛзінің кӛзқарасын дәйектей білу және тың

шешімдер ұсынуға қабілетті болу;

- даулы мәселелерді шеше білу және келіссӛздер жүргізуге қабілетті болу;

- ұжым мен ӛз пікірін ұштастыра білу, мәмілеге келуге қабілетті болу;

- Шешім қабылдауға және ӛзіне жауапкершілік алуға қабілетті болу,

бірлесіп шешім қабылдауға қатысу;

- ӛз міндетін шығармашылықпен орындай отырып, ұжымның жұмысына

дайын болу, ұжымның басқа мүшелерімен қарым-қатынаста болу.

ӘҚ-9 Қҧндылықтар мен халықаралық мәдени қҧзырет

- ӛзге мәдениет және дін ӛкілдерімен тиімді қарым-қатынас жасау;

- әлемнің ӛзге халықтарының салтына және мәдениетіне байсалдылықпен

қарау;

- ұлттық мәдениет құндылықтарын сезіну, тарихи мұраға және мәдени

салт-дәстүрге құрметпен қарау, оны қорғау.

- әр түрлі этномәдениет пен діндерге байсалдылықпен қарау;

- қоғамдық пікірге, салтқа, дәстүрге, қоғамдық нормаларға негізделген

әлеуметтік-мәдени құндылықтарды білу және ӛз қызметінде қолдануға бағыт

алу .

ӘҚ-10 Ӛзгерістер мен беймәлім жағдайдағы ҥдемелі динамизмі кезінде

әлеуметтік, экономикалық, кәсіби рӛлдердің ауысымына, географиялық

және әлеуметтік мобильділігіне дайын болу

-заманауи ақпараттық ағымға бағдар алуға және әлемдік экономикалық

үрдістердегі қарқынды ӛзгеріп отырған құбылыстар мен үдерістерге бейімделе

білу;

- кәсіби қызметпен байланысты әр түрлі жағдайларға икемді және

мобильді болу;

- беймәлім және қатерлі жағдайларда экономикалық және

Page 16: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

16

ұйымдастырушылық сипаттағы шешім қабылдау дағдысын меңгеру;

- жинақталған тәжірибеге сыни кӛзбен баға беру және қайта қорыту, оны

ӛзінің әлеуметтік және кәсіби қызметінде қолдану;

- халықаралық салада ӛндірістік және қолданбалы қызметті жүзеге асыруға

қабілетті болу;

- жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайларға

бейімделуге қабілетті болу;

- ӛзгерістерге икемделу және қисынды тәуекелге бару.

Кәсіби құзырет (КҚ):

КҚ- 1 Дидактикалық қҧзыреттілік

- қазіргі кезеңдегі оқытудың міндеттерін жан-жақты білу және терең

түсіну;

- педагогикалық ғылым ретіндегі қазақ тілі мен әдебиетін оқыту

әдістемесінің теориялық негіздерін білу және оны зерттеудің әдістерін ұғыну;

- халықаралық қатынас құралы ретінде оқушылардың шет тілдерін

меңгеру қабілетін дамытуға бағытталған кәсіби қызметін психологиялық және

әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүзеге асыру;

- Мәдениетаралық қатынас субъектісін қалыптастыруды қамтамасыз ететін

технологияларды, әдістер мен тәсілдерді қолдану.

КҚ-2 Оқу-тәрбие қҧзіреттілігі

- оқу үдерісін ұйымдастыра білу қабілеті, сабақты, оның негізгі екі

белгісін: оқушылардың жұмысын ұйымдастырудың негізгі міндеті мен

формасын есепке ала отырып, сабақ құрылымын дұрыс жоспарлау тәжірибесі;

- қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың тәрбиелік мәнін білу және оқу

үрдерісінде тәрбие жұмысын жүргізу (еңбекке, меншіктік мүлікке құрметпен

қарай білу тәрбиесі, эстетикалық тәрбиенің элементтері, мінез-құлықтың

жағымды жақтарына тәрбиелеу және т.б.);

- сабақ құрылымын жоспарлау, ӛткізу және оқытылған материалдарды

бекіту қабілеті; сабақты ұйымдастыру мен ӛткізу тәжірибесі, сондай-ақ

ӛтілгендерді қайталау;

- білім алушылардың әлеуметтік және кәсіби бағдарлануын қамтамасыз

ету;

- сабақта мазмұндалатын материалдардың кӛлемі мен бірізділігін анықтау,

тарихи негіздемелердің, қорытындылар мен иллюстрациялардың үйлесіміне

негізделген мазмұндаудың рационалды әдісін таңдау;

- оқушылардың танымдық әрекетін белсенді ету, жалпы жұмыстарды

топтық және жеке жұмыстармен үйлестіру. Оқушыларды жеке тұлғалық

қасиеттерін, олардың шығармашылық және креативті қабілеттерін дамыта білу

тәжірибесі;

- сабақ ӛту қабілеті, үйге берілетін тапсырмаларды әзірлеу және оған

жетекшілік жасау қабілеті.

- оқушылардың оқу әрекетін бақылаудың барлық түрлерін білу және

оларды қолдану тәжірибесі;

- Сыныптан тыс жұмыстардың барлық түрлерін жүргізе алу қабілеті.

КҚ-3 Академиялық қҧзыреттілік

Page 17: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

17

- педагогика, психология және қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесін

дұрыс ұғына білу;

- филология ғылымдарының негізгі элементтерін білу: қазақ тілінің

ұғымдары, терминдері мен ережелері, қазақ әдебиетінің негізгі бӛлімдері,

даталары;

- білімді құрылымдау, жүйелеу және оны әртүрлі жолмен бере білу

қабілеті;

- филология ғылымының рӛлін түсіну;

- тарихи даму үдерісінде қазақ тілі мен әдебиетінің тарихи дамуының

негіздері мен байланыстарын анықтай алу;

- тілдік жүйені және тілдік категорияларды, қазақ тілінің грамматикалық,

стилистикалық нормаларын түсіну;

- лингвистика ғылымын зерттеудің, сипаттаудың әдістері мен әдіснамалық

негіздерін меңгеру.

КҚ-4 Қалыптастырушы (кәсіби) қҧзыреттілік

- жүйелі және салыстырмалы сараптау әдістерін меңгеру;

- сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыру;

- жобалау және болжау қабілетін игеру;

- ӛмірдің барлық кезеңдерінде білім алу, біліктілікті арттыру қабілеті;

- топта жұмыс жасай алу қабілеті;

- жеке тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру: ӛздігінен әрекет ете алу,

жауапкершілік, ұйымдастырушылық, жина қылық, мақсаттылық және т.б.

КҚ-5 Жҥйелеушілік қҧзыреттілігі

- педагогикалық ӛлшемдер мен индикаторлар жүйесін құра алу: ғылыми

теорияларды тексерудің экспериментальді және бақылау тәсілдерінің

нәтижелерін жүйелеу мен сараптау қабілеті;

- қазақ тілін оқытудың түрлі кезеңдері мен деңгейлері үшін оқу

материалдарын, мысалдарды, оқу құралдарын, оқу режимін жүйелей алу;

- жаңа педагогикалық технологиялар мен жоғары деңгейлі педагогтардың

тәжірибесін жүйелей алу қабілеті.

КҚ-6 Зерттеу қҧзыреттілігі

- мұрағаттар мен мұражайларда, кітапханаларда жұмыс жасай алу

қабілетін, қажетті ақпараттарды электронды каталогтардан, желілік

ресурстардан іздеп табу дағдысын меңгеру;

- зерттеу жүргізлетін тақырып бойынша шолу, аннотация, реферат және

библиографиялық кӛрсеткіш құрастыра алу қабілетін меңгеру;

- әдіснама, педагогика және психология салалары бойынша білім алу,

ақпараттарды басқара алу дағдылары мен қабілеттері, психогия-педагогикалық

диагностика, талдау және сараптау негізінде кешенді мониторингті жүзеге

асыру, педагогикалық рефлексияға қабілетінің болуы, зерттеушілік мәдениетін

үнемі жетілдіріп отыруға талпыну.

КҚ-7 Бақылаушылық қҧзыреттілік

- педагогикалық менеджмент саласындағы білімді меңгеру, педагогикалық

мониторинг қабілеті мен дағдыларды жүзеге асыру, педагогикалық ӛлшем

индикаторларының жүйесін құру, бақылау-бағалау материалдарын жасау,

Page 18: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

18

алынған нәтижелерді интерпретациялау, шынайы және объективті бағалауға

барабар ӛзін-ӛзі бағалау мен ӛзін-ӛзі бақылауға талпыну.

- психология-педагогикалық диагностика, талдау және сараптау негізінде

кешенді педагогикалық мониторингті жүйелеу қабілеті.

КҚ-8 Бағдарламалық қҧзыреттілік

- теориялық білім алу үшін материалдарды іріктеу әдістерін меңгеру.

- сабақты және сабақтан тыс іс-шараларды жоспарлау әдістерін меңгеру.

- нақты әлеуметтік-педагогикалық жағдайларды ескере отырып, кәсіби

қызметте пәндік, психология-педагогикалық және әдістемелік білім жүйесін,

теориялық білімді қолдану қабілеті мен дағдыларын меңгеру.

- педагогтың кәсіби парызын, педагогикалық қызмет нәтижелеріне деген

жауапкершілікті сезіну.

КҚ-9 Дамытушылық қҧзыреттілігі

- заманауи педагогика ғылымы саласындағы білімді меңгеру, жоғары

білікті педагогтардың тәжірибесін зерттеу, қорыту, тарату және қолдану,

педагогикалық қызметке деген жоғары деңгейлі мотивацияны меңгеру, ӛз

бетінше білім алу мен ӛзін-ӛзі тануға ұмтылу;

- табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылығын білу және бұл білімді

кәсіби қызметте қолдана білу қабілеті;

- әлеуметтік маңызды құбылыстарды, оқиғаларды, үдерістерді сараптау

және бағалай алу; сандық сараптау мен модельдеудің, теориялық және

экспериментальді зерттеудің негізі әдістерін білу.

КҚ-10 Креативті қҧзыреттілік

- шығармашылық психология, сондай-ақ шығармашылық қызметтің

теориялық негіздері саласындағы білімді меңгеру, кәсіби қызметті атқару

қабілеті мен дағдыларын игеру, білім беру саласында авторлық жаңашыл

идеяларды жүзеге асыру, қалыпты емес, балама шешімдер таба білу, жаңа

педагогикалық идеяларды генерациялауға, сыни тұрғыдан ойлауға қабілетті

болу.

- абстрактілі ойлау, сараптау мен талдау қабілеті;

- инновациялық ӛлшемдер;

- белсенді ӛмірлік позиция.

КҚ-11 Ҧйымдастыру-әдістемелік қҧзыреттілік

- білім беру саласындағы нормативтік және құқықтық құжаттарды,

оқытудағы нұсқаулықтарды, ағымдағы оқу-ұйымдастыру (дидактикалық,

бақылау-ӛлшемдік материалдары және т.б.) құжаттарын жасау қабілеті мен

дағдысын меңгеру, ұйымдастырушылық қабілеттің болуы, жоғары

орындаушылық қасиеттерін кӛрсете алу;

- Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің негіздерін және

заңдарын білу.

КҚ-12 Сараптау-талдау қҧзыреті

- Сараптама жасау орталықтары, қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар,

бұқаралық ақпарат құралдары қызметін қамсыздандыру үшін ақпараттармен

жұмыс істеу қабілетін меңгеру.

Page 19: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

19

3 Білім алушылар жетістіктерін бақылау тҥрі

Білімді тексеру түрлері

5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша студенттерді

дайындауда білімді бақылаудың аралық және ағымдық жүйе элементтері

қолданылады. Кафедрада бақылау-ӛлшемдік материалдар мен электронды

бақылау-ӛлшемдік материалдар дайындалған. Сондай-ақ, курстық

жұмыстардың, бақылау жұмыстарының, рефераттардың тақырыптары, курстық

жұмысты, рефератты жазу мен рәсімдеуге байланысты әдістемелік нұсқаулар,

емтихан сұрақтары бар. Білімді бақылаудың әр түрлі формалары қолданылады:

бақылау жұмысы, рефераттар, үй тапсырмасын орындау, практикалық

тапсырма, конспект-жоспар және сабақтан тыс іс-шаралар дайындау, т.б.

Пәнді оқыту кезінде білім алушының білімін ағымдық бақылаудың

бірнеше түрі қарастырылған:

- ауызша сұрау – материалды зерделеп болған соң пәннің бір немесе

бірнеше тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап ретінде және ситуацияны

талқылау түрінде жүргізілетін бақылау;

- жазбаша бақылау – курстың әр тақырыбы бойынша қойылған

сұрақтардан, ситуацияны талдаудан, практикалық тапсырмаларды орындаудан

тұратын бақылау;

- аралас сұрау – бір немесе бірнеше тақырыптар бойынша білімді

бағалаудың бір уақытта бақылаудың ауызша және жазбаша түрі қарастырылған

бақылау;

- үй тапсырмаларын қорғау және презентациялау – олардың дұрыс

орындалғандығын тексеру мақсатында топтық немесе жеке үй тапсырмасы

бойынша білімді бақылау, ӛткен материалды қорыта білу және оны кӛпшілік

назарына ұсыну, курс тақырыптары арасындағы логикалық байланысты

қадағалау;

-зертханалық жұмысты қорғау – техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып,

зертханалық жұмыс ӛткізу әдісін бақылау;

- пікірталас, тренингтер, дӛңгелек үстел – проблемалық сипаттағы

сұрақтар тӛңірегінде ӛз бетінше ойлану және шешім қабылдау дағдысын

кӛрсетуге мүмкіндік беретін топтық талқылау;

- тесттер – белгілі бір тапсырманың жинақталған түрі (ашық, жабық,

аралас), білім алушының білім жетістігін сапалы және объективті бағалауға

мүмкіндік береді;

- бақылау жұмысы – теориялық материалды бекіту;

- тәжірибелік жұмыс –техникалық қауіпсіздікті сақтай отырып,

жүргізілетін жұмыс әдісін бақылау.

Бағалау ережесі

Егер баға интервалы А-дан D–ға дейінгі аралықта болса кредиттер

есептелінеді (1-кесте). F-ке бағаланған барлық пәндер қайта меңгерілуі тиіс.

Студент тапсырылған модульді меңгермей тұрып, жалпы кредит саны

есептелмейді.

Оқытудың кредиттік жүйесінде емтихан 1-ші кестеде кӛрсетілген сызба

бойынша бағаланады.

Page 20: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

20

1-кесте. Оқытудың кредиттік жүйесінде емтиханды бағалау сызбасы

Дәстүрлі жүйе

бойынша бағалау

Әріптік

жүйе

бойын

ша

бағалау

Сандық

эквивален

т балы

%

мӛлше

рі

балл

ECTS бағасы

Ӛте жақсы А 4 95-100

95-

100

А

(ӛте жақсы)

А- 3,67 90-94 90-94

Жақсы В+ 3,33 85-89 85-89 В

(жақсырақ) В 3,0 80-84 80-84

В- 2,67 75-79 75-79 С

(жақсы) Қанағаттанарлық С+ 2,33 70-74 70-74

С 2,0 65-69 65-69 D

(Қанағаттанарлық) С- 1,67 60-64 60-64

D+ 1,33 55-59 55-59 Е

(орташа) D 1,0 50-54 50-5

Қанағаттанарлық

сыз F 0 0-49 0-49

F(FХ)

(Қанағаттанарлықсы

з)

Пән бойынша қорытынды баға ағымдық, аралық және қорытынды

бақылаудан тұрады. Қорытынды бақылау (емтихан) 40%-ды құрайды, ағымдық

және аралық – 60%-ды құрайды; балл түрінде – 40 және 60. Бір пән үшін ең

жоғарғы балл – 100.

Кредит ұсыну шарттары

Бакалавр мамандығын алу үшін кем дегенде 129 кредит жинау керек.

Студентке кредиттер сол немесе ӛзге пән қорытынды сынағын жақсы

тапсырған соң есептеледі. Олардың саны алынған бағаға тәуелді емес, тек

жақсы баға болуы керек. Кредит алу үшін пән бойынша студент барлық

міндетті жұмыс пен бақылау түрін орындауы керек. Кәсіби дайындығы

тереңдетілген әр мамандық пәні үшін кредит саны кәсіби құзыретті

қалыптастыруға бағытталмаған жалпы білім сипатындағы пәннің кредит

санынан кӛп болуы керек.

4 Білім беру бағдарламасын жҥзеге асыруға қойылатын талаптар

Міндетті пәндер каталогы

Міндетті пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және үлгілік оқу

жоспарында кӛрсетілген пәндер бойынша білім алушылардың жеке

дайындығын айқындайтын міндетті компонентке кіретін оқу пәндері.

Элективті пәндер каталогы

Элективтік пәндер - белгіленген кредит шеңберінде және білім беру

Page 21: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

21

ұйымы енгізетін таңдау бойынша білім алушылардың жеке дайындығын

кӛрсететін әлеуметтік-экономикалық дамытудың ерекшеліктерін және нақты

ӛңірдің қажеттіліктерін есепке алатын таңдау компонентіне кіретін оқу пәндері.

Мамандықтың үлгілік оқу жоспары (міндетті компонент пәндерінің тізбесі

мен кредиттердің ең аз кӛлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың

барлық түрлерін кӛрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру

бағдарламасының құрылымы мен кӛлемін регламенттейтін білім беру

саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен оқу құжаты).

Үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі - ҮОЖ) - білім берудің кәсіптік оқу

бағдарламасының оқу пәндерінің тізбесі мен кӛлемін, оларды оқытудың

тәртібін және бақылау нысандарын реттейтін құжат.

Оқу жұмыс жоспарының үлгісі.

Оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың ҮОЖ және білім

алушының жеке оқу жоспары негізінде білім беру ұйымдары дербес әзірлейтін

оқу құжаты;

Жиынтық кесте

Меңгерілген кредиттер кӛлемін модульдер түрінде бейнелейтін жинақ

кесте

Академиялық календарь

Модульді сипаттауға арналған формуляр.

Page 22: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

22

Page 23: Шымкент, 2018 ж.msi-edu.kz/images/pdf_file/mop_kt_2018.pdf · МОДУЛЬДІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ МОДУЛЬНАЯ ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ

23