ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ...

22
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Гуманитарлық-педагогикалық факультет 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы» ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)

Upload: others

Post on 01-Aug-2020

5 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Гуманитарлық-педагогикалық факультет

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығыныңстуденттеріне арналған

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

(Syllabus)

Page 2: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Павлодар

Page 3: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Пән бойынша оқыту

бағдарламасын (Syllabus)бекіту парағы

Нысан

ПМУ ҰС Н 77.18.4/19

БЕКІТЕМІН ГП факультетінің деканы

_________ Ж.Т.Сарбалаев « ___» ___________2013 жыл

Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Муталиева Р.М.

Қазақ филологиясы кафедрасы

5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығыныңстуденттеріне арналған

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті»

пәні бойынша оқыту бағдарламасы (Syllabus)

Бағдарлама 2013ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасыныңнегізінде әзірленді.

Кафедра отырысында ұсынылды 2013ж. «___»____________№_____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі __________ Жүсіпов Н.Қ. 2013ж. «____» ________

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 2013ж. «_____»____________ №____ Хаттама

ОӘК төрағасы ___________ Ксембаева С.К. 2013ж. «_____»_______

Page 4: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

1. Оқу пәнінің төлқұжаты Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті пәніТаңдау компоненті пәні

Кредит саны және оқу мерзіміБарлығы – 3 кредитКурс: 4Семестр: 7Барлық дәрісханалық сағат саны – 45 сағат

Практикалық сабақ – 15 сағат СӨЖ – 90 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағатЖалпы еңбек сыйымдылығы – 135 сағатБақылау түрі:Емтихан ( жазбаша) – 5 семестр

ПререквизитҚазіргі қазақ әдебиетіПостреквизитҚазіргі қазақ әдебиетінің тарихы, қазақ әдебиеті сыны

2. Муталиева Раушан Мамырқызы

Қазақ филологиясы кафедрасы А корпусында (мекен-жайы), 356 - аудиторияда орналасқан.Байланысу телефоны 1255

телефон: 87779391639

Е-mail: [email protected]

3. Нысан, мақсат пен міндетПән нысаны: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақын-жазушылар шығармашылығы.Пәнді оқыту мақсаты: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ақын-жазушыларшығармашылығын идеялық-көркемдік тұрғыда талдау.Пәнді оқытудың міндеттері:- Ақын, жазушылар шығармалары жөнінде түсініктері болуы;

- шығармаларға идеялық-көркемдік талдау жасауды білуі;

- ақын, жазушы шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдарды табуда икемді болуы;

- өлеңдерге, поэмаларға, романдарға, драмаларға талдау жасау бойынша практикалық машықтарды иемденуі қажет.

4. Білім, іскерлік, дағды мен құзыреттілікке қойылатын талаптартүсінігі болуы тиіс:ақын, жазушылар шығармалары жөнінде түсініктері болуы; білуі тиіс:

Page 5: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

көркем шығарманы теориялық тұрғыда талдау талаптарын;дағды мен икемділігі:ақын, жазушы шеберлігін ашуда көркемдегіш құралдарды табуда икемді болуы; қолдана білуі:әдебиет тарихын бағыт, ағымдарға қарай анықтап, стильдік ерекшеліктерді айқындай білу;құзыреттілігі:Әдебиет пен эстетика тұрғысынан көркем шығармаларға, әрі әдеби үрдістіңқұбылыстарына сыни баға беру.

5 Пәнді оқытудың тақырыптық жоспарыАкадемиялық сағаттарды сабақ түрлері бойынша бөлу

№р/с

Тақырып атауы Сабақ түрлері бойыншадәрісханалық сағаттарсаны

СӨЖ

дәрістер

Практикалық(семинар)

Барлығы оныңішіндеСОӨЖ

11-тақырып.Отан соғысы кезіндегіпоэзия

2 1 10 3

2 2-тақырып. Баубек Бұлқышев 2 1 10 33 3-тақырып. Жұмағали Сайн 2 1 10 24 4-тақырып. Мәлік Ғабдуллин 2 1 10 3

55-тақырып. Ғ.Мүсіреповтіңәңгімелері

6 2 10 3

66-тақырып. Ғ.Мұстафиннің«Шығанақ» романы

2 1 15 3

77-тақырып. М.Әуезовтің «Абай»романы

10 6 10 2

88-тақырып. Соғыс кезіндегідраматургия

4 2 15 3

Барлығы:135(3кредит)

30 15 90 22,5

6. Дәріс сабақтарының мазмұны1-тақырып. Отан соғысы кезіндегі поэзияЖоспар

1. Соғыс кезіндегі ақындар шығармашылығыСоғыс кезіндегі қазақ әдебиетін жасауға қаламгерлердің барлықұрпағы қатысты. Бұл кезде елде С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов,Ғ.Мұстафин,Ғ.Орманов, А.Тоқмағанбетов, Ә.Тәжібаев, Ш.Хұсайынов,Ә.Әбішев, М.Хакімжанова еңбек етті. Т.Жароков, Ж.Сайн, Ә.Сәрсенбаев,Д.Әбілев, А.Жұмағалиев, Қ.Аманжолов, Қ.Әбдіқадыров, Қ.Бекқожин,

Page 6: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Б.Бұлқышев, Б.Момышұлы, С.Омаров қолына қару алып, майданғааттанды. Бұларға майдан газеттерінің бетінде жарияланған жауынгержырларымен танылған жаңа ұрпақ өкілдері С.Мәуленов, Х.Ерғалиев,Ж.Молдағалиев, С.Сейітов сияқты ақындар келіп қосылды.Халықпоэзиясының өкілдері Жамбыл, Нұрпейіс Байғанин, Кенен Әзірбаев,Шашубай Қошқарбаев, Нартай Бекежанов , т.б. отаншылдық рухтағыжыр-толғауларын шығарды.

Соғыстың алғашқы күнінен бастап, халықтың Отан алдындағыборышын еске салуда поэзия ұшқырлық танытты. Ел басына түскенауыр күнді ескертіп, жауды талқандауға шақырған үгіттік өлеңдеркүнделікті баспасөз бетінде көптеп жарияланды, радиодан оқылды.Сонымен қатар, жаудың басып алған жерлердегі қатыгездік мінезіеәшкерелеуді нақты, факт, детальдар арқылы суреттеуге ұмтылғансаяси өткір лирика түрлері пайда болды. Ғ.Орманов жау қылығын қаракүйік қала мен қанды қолдың жолақ-жолақ ізінен («Жау ізі») таныса,Қ.Аманжолов гитлер дирижерлік жасаған өлім музыкасын («Мазасызмузыка») естігендей болады. Ә.Тәжібаев «Қос қарлығаш», Т.Жароков«Жапанда жалғыз қарағай» өлеңдерінде қарлығаштың ұясын бұзып,табиғатты оқ астына қалдырған зұлым жауға жеккөрушілігін білдіреді.

Соғыстың алғашқы күнінен майданға аттанып, ел тілегінарқалаған солдаты, оның сезім күйін суреттеу қазақ ақындарыныңнегізгі тақырыбына айналды.Бейбіт еңбекті үзіп, отан қорғауғааттанған солдат – көп өлеңдердің қаһарманы.

Қазақ солдатының соғыстағы өмірін суреттейтін өлеңдернегізінде екі түрліде жазылды. Бірі – жалпы жауынгерге тәнсипаттарды біріктірген жиынтық бейне болса,екіншісі нақты бір атыбелгілі қаһарманның ерлігін көрсетуге арналады. Бұлардыңқайсысында болса да, жауынгердің ерлік тұлғасын ашу соғыс өмірініңшындығын бейнелеу негізінде туады. Майдандағы қазақжауынгерлерінің ерлігін мадақтауға арналған алғашқы өлеңдердіңбірін «Гвардеец бауырларға» деген атпен С.Мұқанов жазды. Ол 1941жылдың қараша айында Мәскеуді қорғауда ерекше көзге түсіп,панфиловшы – гвардияшы атағына ие болған қазақ жауынгерлерінқұттықтады. Сол жауынгерлердің сыры, ойы, сезімі Ә.Тәжібаевтың«Майданнан хат» , «Жас қазақ», Ғ.Ормановтың «Блиндаждағы әңгіме»,«Қаһармандар кескіні», Қ.Аманжоловтың «Елге хат», Д.Әбілевтің«Шылым» өлеңдерінде жаңаша бейнеленді. Бұларда солдаттың ерлігіелге жазған хат арқылы да, блиндаждағы әңгіме үстінде десуреттеледі.

Соғыс кезінде ерекше көзге түскен майдан батырларыБ.Момышұлына, М.Ғабдуллинге, М.Мамыраевқа, Ә.Молдағұловаға,М.Мәметоваға, Т.Тоқтаровқа, т.б. арналған өлеңдер негізінен олардың

Page 7: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

ерлік жолының нақты фактісіне құралады. А.Тоқмағамбетовтің«Алтайдың ақиығы», «Мерген қыз», Ғ.Ормановтың «Полковник»,«Мәлік», Ә.Тәжібаевтың «Сырласу», «Баласы», «Анасы»,Қ.Аманжоловтың «Мартбек», Д.Әбіловтің «Қазақ қызы»,Қ.Әбдіқадыровтың «Қазақ батыры Нұркен Әбдіров» сияқты өлеңдеріосындай жағдайда туған. Бұл өлеңдерде ақындар тарихи адамдарерлігін нақты суреттей отырып, оларды характер-тип есебіндедаралауға тырысты. Бұл тұрғыда Ғ.Ормановтың сәтті ізденістеріболғанын атау орынды. Оның қаһармандары ертегінің батырларындайәсірелеу жолымен емес, нақты адамдық жылылықпен жасалды. Балғынденелі, қыз мінезді, кішіпейіл Мәліктің сыпатынан ол елін, Отаныншексіз сүйген, үлкен жүректі, жауына кекті азаматты таниды. ҒалиБауыржан Момышұлының кескінінен де осы кекшілдікті,намысқойлықты көреді. Батырдың өскен ортасы мен достары, жарыжайлы жылы ойларын, соларды қорғау жолындағы саналы күресінӘ.Тәжібаев тілге тиек етіпті. Оның Төлеген Тоқтаров туралы өлеңдеріадамдық жылы сезімдерге толы.

Майдан өмірінің шындығын терең бейнелеу, солдаттың ішкі сезімкүйіне еркін де батыл үңіле алуы жағынан соғыстың ауыртпалығынбастан кешкен майдангер ақындардың шығармашылығы ерекшебағаланды. Соғыс тақырыбы, әскери өмір суреттері Ә.Сәрсенбаевтың(1905-1995), Қ.Аманжоловтың (1911- 1955), Ж.Саинның (1912- 1961),Д.Әбіловтың (1907) ақындық талантын жаңа биікке көтерді.

Соғыс кезінде Украинада өзінің жауынгерлік жолын партизандар қатарында өткізгенЖ.Саинның жырлары қазақ әдебиетіне бірінші рет партизандар тақырыбын алып келді.Ақын партизандық күрестің ерекшеліктерін , жау қолында қалған елі мен жерінің , бала-шағасының кегін қуып жүрген халық күрескерлерінің бейнесін жасады. Бір ұрыстажараланып, жолдастарына ере алмай қалған Жұмағали Луганск облысының Краменскауданына қарасты Пшеничный хуторының тұрғыны Е.М.Маслованың қолындақалады.Жаралы партизанды іздеп фашистер бірнеше рет тінту жүргізеді. Бірақ ержүрекқыз ақынды жау қолына бермей, күтіп, жазып, қатарға қосады.

Майдан газеттерінің бетінде алғашқы өлеңдерімен көрінген С.Мәуленовтің «Неважақтан жел еседі тамаша», «Танкистер», Ж.Молдағалиевтің «Батыр туралы баллада»,«Сағындым Жайық», С.Сейітовтің «Комиссар», «Төбешік» өлеңдері майдан өмірініңшындығын танытады.

Жауынгердің жан сезімін, елге, жерге деген сағынышын бейнелеу талабы махаббатпен адал достық күйлерін суреттейтін лириканы байытты. Ә.Тәжібаевтың «Жамал»,Ғ.Ормановтың «Орамал», А.Тоқмағамбетовтің «Сүйген жарға», М.Хакімжанованың«Азбай күткен жар алтын», Қ.Бекқожиннің «Сағынып мен күттім» өлеңдеріндемайдандағы солдатты рухтандырып, ерлікке бастап жүрген махаббат күші танылады.

Соғыс кезінде қазақ поэзиясында жырланған өмірдің бір саласы – тылдағы еңбектақырыбы. Тыл еңбегі арқасында Қазақстан соғысқа керек көмір, мыс, жез, мұнай өндірді,ауыл шаруашылық өнімдерін дайындады. Әйелдер майданға кеткен ерлердің орнынастанокқа тұрды, тракторға отырды, жылқы бақты. Осылардың еңбегін жырлау, тылеңбеккерлерін ерлікке үндеу поэзияның басты міндетіне кірді. А.Тоқмағамбетовтің«Мұнай бер» өлеңі осындай жағдайда туды.

Page 8: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Халықтың патриоттық рухын, Отан сүйгіштік сезімін танытуда туған ел, отантақырыбына жазылған өлеңдер де едәуір пайдалы қызмет атқарды. Әсіресе, шағын лирикакөлемінде ел тұғырының мықтылығын, жауға берілмес күшті қуатын Ғ.Ормановтапқырлықпен жырлады. Оның «Қарағай», «Емен» өлеңдерінде жапырағын жау оғыжұлған қарағай мен емен тамырының тереңге кеткені, оны еш дауыл құлата алмайтыныбейнелі суретке түсті. «Гүл» атты лирикасында жау өртеп кеткен күл ішіне шыққанжалғыз тал гүлді жаңғырған өмірге балайды.

Отан соғысының ерлік оқиғалары эпикалық поэзияға көп материал берді.Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз», Қ.Бекқожиннің «Жиырма сегіз», Д.Әбіловтің«Майданбек», М.Хакімжанованың «Мәншүк», Қ.Сатыбалдиннің «Әлия», І.Есенберлиннің«Сұлтан» поэмалары соғыс майданы шындығын нақты деректер шеңберінде жырлауғақұрылған поэмалар.

Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы өзінің идеялық-көркемдікқуатымен ерекше бағаға ие болды. Қасым онда Абдолланың өлер алдындағы ерлігінтанытар бір эпизодты суреттеу арқылы жаңа заман батырының бейнесін, отты тұлғасынкөрсете білді. Өр сезімді ақын :

Құдірет күші – жер жаһанныңҚанатын бер қыран құстың,

Ашуын бер арыстанның,Жүрегін бер жолбарыстың.

Күллі әлемнің ашу-кегіОрна менің кеудеме кеп,Жау жолына атам сені,

Бомба бол да, жарыл, жүрек!-деп қайтыс болады. Қасым кейіпкерінің ерлік ісін лирико-романтикалық сарындажырлайды. Ғ.Мүсірепов мұны «Майданнан соққан жаңа леп» (Соц. Қаз. 1944,6.06) депбағалады.

Жазба әдебиетпен қатар халық поэзиясы да соғыс кезі шындығын жырлағаншабытты толғаулар туғызды. Қарт ақын Жамбыл «Ата жаумен айқастық», «Өмір мен өлімбелдесті» өлеңдерінде жаудан кек алуға шақырды. Оның «Ленинградтық өренім»,«Майданға хат», «Балама хат», «Жүз жасаған жүректен» өлеңдері отан қорғаушыларға демберді.

Жалпы алғанда, соғыс тақырыбын жырлау қазақ поэзиясын едәуір байытты.

2-тақырып Баубек БұлқышевЖоспар

1. Өмірбаяны2. Шығармалары

(1916, Қарағанды облысы Ұлытау ауданы — 1944, Украина, Днепропетровск облысы Софьевск ауданы) — жазушы. Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. Қарсақбайдағы ФЗО мектебін бітірген (1935). Алматы сауда-қаржы техникумында оқи жүріп (1937), көптеген өлең, “Балалық шақ” поэмасын, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесін жазды. 1939 жылы “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас Алаш”) газетінде әдеби қызметкер, кейін “Қазақстан пионері” (қазіргі “Ұлан”) газетінде бөлім меңгерушісі болған.1940 жылы Кеңес Армиясы қатарына шақырылады да, Мәскеу әскери училищесінде оқиды. Бұлқышев Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады. Оның соғыстағы отаншылдық ерлігі ата дәстүрінің жалғасы іспетті. Баубектің әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан. Ата дәстүріне берік азамат, жалынды көсемсөз шебері, ержүрек жауынгер Мәскеуді қорғау, Украинаны азат ету шайқастарының бел ортасында болды. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаїармандықпен қаза тапты. Бұлқышев көптеген өлеңдер жазып, республика

Page 9: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

баспасөз беттерінде жариялады, оның “Алматы — менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Бұлқышевтың шығармашылық дарыны Ұлы Отан соғысының ауыр сын сағаттарында ерекше көрінді. 1942 жылы 1 мамырда “Комсомольская правда” газетінде Бұлқышевтың “Өмір мен өлім туралы” (жас қазақ әскерінің хаты) деген өршіл, отаншыл мақаласы жарық көрді. Соғыс кезінде жазған шығармаларының дені “Комсомольская правда” газетінде жарияланды. Бұлқышевтың “Я хочу жить”, “Жизнь принадлежит нам”, “Коварство и любовь”, “Письмо сыну Востока”, “Слушай, Кавказ” және басқа мақалаларын көрнекті жазушы Ғ. Мүсірепов қазақ тіліне аударып, республика “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде жариялады. Бұлқышев шығармалары әдеби жинақтарда (“Жизнь солдата”, М., 1946; “Журналисты в шинелях”, А.-А., 1968; “Есімізде қанды майдан жорықтары”, А., 1968) басылды, жеке кітап болып жарық көрген.[2][3]

3-тақырып Жұмағали СайнЖоспар

1. Өмірі2. Өлеңдері

(1912-1961) – қазақ ақыны, Отан соғысына қатысушы. 1930 жылы Петропавлпедагогикалық техникумын, 1931 жылы Мәскеудегі түсті металдар және алтынинститутының даярлық бөлімін, 1932 жылы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.1932-1957 ж. Қарағанды облыстық халық ағарту мекемесінде қызметкер, «Жас алаш»газетінде бөлім меңгерушісі, 1932-1941 ж. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет (қазіргі«Жазушы») баспасында редактор әрі Қазақстан Жазушылар одағының жастар менбалалар әдебиеті секциясының меңгерушісі, Қазақтың мемлекеттік филармониясының,Республикалық халық шығармашылық үйінің директоры, «Жаңа өмір» және «Әдебиетжәне искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналы редакторының орынбасары, 1960 жылдан «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған.

Жұмағали Саинның тұңғыш өлеңдер жинағы - «Бақыт жыры» (1937), «Жорық жылдары»(1944), «Айғақ» (1948), «Алтай» (1950), «Жылдар» атты өлең жинақтары мен «Құнарлыкүз» очерктері . Сонымен қатар, жазушының орыс классиктері А.С.Пушкин,М.Ю.Лермонтовтың және т.б. ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударған аудармаларыкөрмеден орын алды. КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Ж.Сайн шығармалары әскери тақырыпты толықтыруға қызмет етті. Ол бұлтақырыпта «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» сияқты әдемілирикалық өлеңдер тудырды. «Есімде Айдар өзені» - қазақтың әскери поэзиясының үздікөлеңдерінің бірі. Онда Айдар өзені бойындағы ұрыс пен неше түрлі сезім арпалысынбасынан кешірген солдаттың жан дүниесі түгел көрінеді. Жауынгерлердің жеңімпаз қуаты,жараланғандар мен қаза тапқандар жайы, отан тәуелсіздігін қорғаған солдаттың ыза-намысы, халықтар достығы өлеңнен көрініс тапқан.

Маңдайында қос сызық,

Майдан жолы – оқ жолы.

Сәл қисықтау бітіпті

Сол иығы, сол қолы.

Бұл – майдан солдаты Тілеу бойындағы белгілер.

Page 10: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

4-тақырып Мәлік ҒабдуллинЖоспар1. Өмірі2. Шығармалары Мәлік Ғабдуллин (15.11.1915, Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, —2.01.1973,

Алматы) — қазақ жазушысы, әдебиет зерттеуші, қоғам қайраткері, филологияғылымдарының докторы (1959), профессор (1959), КСРО Педагогика ҒА-ның академигі(1959), Кеңес Одағының Батыры (1943). Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері(1961). Кедей шаруа отбасында туған. М.Ғабдуллин 1935 жылы Қазақтың Абай атындағы

мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген. 1936 ж. әскер қатарына барып,әскери борышын өтеп қайтқаннан кейін осы институттың аспирантурасында оқыды.

М.Ғабдуллиннің ғылыми-творчестволық жұмысы 1938 жылы КСРО ҒА-ныңҚазақстандағы филиалында кіші ғылыми қызметкерліктен басталды. 1941- 1946 жылдарыКеңес әскерінің генерал И.Панфилов бастаған даңқты 8-гвардия дивизиясы сапындаболып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Ғабдуллиннің Ұлы Отан соғысындағы ерлік даңқыбүкіл одаққа әйгілі. Оның бұл ерлігі алғаш рет белгілі жазушы Б. Полевойдың "Правдада"жарияланған "Эпостың тууы" атты очеркінде баяндалды. Көптеген қазақ ақындарыҒабдуллинге арнап, өлең-жырлар шығарды. Соғыс аяқталып, армиядан қайтқаннан кейінҒабдуллин республиканың ғылыми-педагогикалық мекемелерінде қызмет атқарды. ҚазақКСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтының директоры (1946-51), Қазақтың Абайатындағы мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (1951-63) болды. 1963-1973жылдары Қазақ КСР ҒА-ның М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтыфольклор бөлімінің меңгерушісі болды. Әдебиетке қосқан үлесі

М.Ғабдуллин ғылыми-зерттеу саласында көп еңбек етті. "Қазақ халқының ауызәдебиеті" (1958, 1964) атты күрделі монографиялық еңбегінде Ғабдуллин ауыз әдебиетінзерттеудің ғылыми-методологиялық негіздерін айқындап, қазақ ауыз әдебиетіндегібатырлар жыры, лиро-эпостық дастандар, айтыс өлеңдері, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,ертегілер туралы жан-жақты терең ғылыми талдаулар жасады, олардың ғылымдық, тәлім-тәрбиелік мәнін ашып көрсетті. Бұл еңбек жоғары оқу орындарына арналған оқулықретінде бірнеше рет қайта басылып шықты. Ол 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті"оқулығын (1952-1957) жазды. М.Ғабдуллиннің көркем шығармадағы тырнақ алдытуындылары дивизиялық, майдандық газеттерде жарық көрді. Шығармалары жеке жинақболып, соғыстан кейін жарияланды. "Менің майдандас достарым" (1947), "Алтын жұлдыз"(1948), "Майдан очерктері" (1949), "Сұрапыл жылдар" (1971) атты кітаптарына енгенәңгіме, очерктерінде М.Ғабдуллин майдан өмірін суреттеп, жауынгер тұлғасын, кеңесөкіметінің адамдарының Ұлы Отан соғысы кезіндегі қаһармандық бейнесін суреттеді.Педагог-жазушы ретінде ол жас ұрпақтың тәрбиесіне де ерекше көңіл бөлді. "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" (1966) деген кітабында М.Ғабдуллин бесік жырынанбастап, батырлар жырына дейінгі халық поэзиясының тәрбиелік мәнін ашып, оны ісжүзінде пайдаланудың тәсілдерін көрсетеді. Сонымен бірге балаларды патриотизмге,шыншылдыққа тәрбиелеу, олардың болашаққа сенімін арттыру, жас баланы дұрыссөйлеуге үйрету жөнінде ата-аналарға педагогтық кеңес береді. Қызметтері

М.Ғабдуллин ӀӀ-ӀV сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты. КСРО ЖоғарғыКеңесінің парламенттік тобының құрамында Финляндияда (1953), Бельгияда (1957),Югославияда (1957) болды. Ғабдуллин еңбекшілер депутаттарының Алматы облыстық,қалалық Кеңестерінің депутаттығына, Қазақстан КП Алматы облыстық, қалалық, Фрунзеаудандық комитеттерінің мүшелігіне бірнеше рет сайланды. Ленин ордені, Қызыл Ту,Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жүлдыз, Ұлы Отан соғысы ордендерімен наградталған. "Қазақхалқының батырлар жыры" кітабы авторларының бірі.[1]

Page 11: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Шығармалары: Менің майдандас достарым, А., 1947; Алтын жұлдыз, А., 1948; Майданочерктері, А., 1949;Проблема народности қазахского героического эпоса, А.,1953.Қазақ халқының ауыз әдебиеті, А., 1958;Майдан очерктері, А., 1959;Ел намысы- ер намысы, А., 1966;Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А., 1966;Сұрапыл жылдар.А., 1972;Қазақ эпосы, А., 1971;Менің майдандас достарым, А., 1985.

«Майдан очерктері», «Сұрапыл жылдар», «Менің майдандас достарым» атты кітаптарыноқи отырып, ол кісі басқарған ротаның қан майдандағы шешуші нүкте Дубосеково сияқтыбасқа да маңызды бекеттерді қорғауда қандай жанқиярлық ерліктерге барғандарын мектепқабырғасынан оқып өскенбіз.аспирант Ғабдуллин екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгіғылыми ізденістері барысында «Қобыланды батыр» жырын ғылыми зерттеупроблемалары» деген тақырыпта едәуір ізденістер жүргізген екен. Алайда соғыс киіп кетіп, ниет еткен бұл халықтық ісін едәуір жылдарға шегере тұруынатура келген еді. Соғыс аяқталғаннан екі жыл кейін, яғни 1947 жылы аталған тақырыбынодан әрі түбегейлі зерттей түсіп, ғылыми диссертациясын қорғап, филологияғылымдарының кандидаты ғылыми атағын иеленген болатын.Арада тағы біраз жылдарөткенде қазақ ауыз әдебиетін зерттеушілер үшін оның ғылыми-методологиялықшарттарын қалыптастыруға айрықша үлесін қосқан екен. Сонымен бірге «Ата-аналарғатәрбие туралы кеңес» деген қомақты дүние жазып, онда ауыз әдебиеті үлгілерін балатәрбиесінде қалай тиімді пайдалануға болады деген өзекті мәселені қозғаған болатын.Олкісі жайлы ғылыми анықтамалықта былай делінген: «1959 жылы оған филологияғылымдарының докторы атағы берілді. 1967 жылы КСРО Педагогика ғылымдарыАкадемиясының толық мүшесі, академигі болып сайланды. 1963 жылдан 1973 жылғадейін М.Ғабдуллин ҚазССР Ғылым Академиясы М.Әуезов атындағы әдебиет және өнеринститутында фольклор бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. М.Ғабдуллиннің әдебиқызметі 1938 жылдан басталды. Оның қазақ фольклоры мен әдебиеті туралы жазған 100-ден астам мақалалары республикамыздың газет, журналдарында жарияланды. Ол ҚазССРҒылым Академиясының қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген көптомдық “Қазақәдебиетінің тарихы” кітабының негізгі авторларының бірі. Қазақ мектептерінің 8-сыныбына арналған «Қазақ әдебиеті», Педагогика институты студенттеріне арналған«Қазақ фольклоры», «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес», «Фольклор және әдебиет»,еңбектерінің авторы. Т.Сыдықовпен бірігіп «Қазақ халқының батырлық жыры»монографиясын, көрнекті қазақ жазушыларының шығармашылығы туралы бірнеше сынмақалаларын, мектеп жұмыстары жөнінде ағарту зерттеулерін жазды. М.Ғабдуллинқоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Ол үш мәрте (1946-1958жж.) КСРО ЖоғарыКеңесіне депутат болып сайланды. М.Ғабдуллиннің еңбегін жоғары бағалап, Еңбек ҚызылТу орденімен марапаттады. Оған 1961-жылы ҚазКСР-не еңбегі сіңген қоғам қайраткеріатағы берілді».

Мәлік Ғабдуллин туралы Борис Полевой «Елдің Ері» деген көркем очерк жазған.Очеркте бір жауынгер ән айтып отырады. Ол ән батыр Мәлік туралы екен. «- Мұның кімжайында өлең айтып отырғанын білесіз бе? Ол, жақында ғана біздің батальонға келіп,жауынгерлермен әңгімелесіп кеткен Мәлік Ғабдуллинді жырлап отыр, - деп, лейтенантПлимов бізге өлеңінің жайын түсіндірді: – Ол, Мәлік – батыр, әрі күшті, әрі ержүрек дейді. Қыр түлкісінен айлакер, ақбөкендей саққұлақ, жау дүрсілін қырымнан біледі. Ақ тұйғындай қырағы, бұққан жаудықиядан көреді. Темірдей қатты білектері неміс төбеттерін қырудан қалжыраған емес:қанша қырса, сонша көбейе береді. Үрейі ұшқан немістер Мәлікті көрген жерден-ақ зытабастайды.

1941 жылдың күзінде, немістердің октябрь ішінде Москваға жасаған шабуылындажас ғалым, дивизияның барлық жауынгерлерімен бірге астананың іргесін қорғады. Рузаөзенінің жағасынан асығыста қазылған тоң қатқан сазды окоп Мәліктің бірінші өткенсоғыстық мектебі болды.

Page 12: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Мәлікке оққа ұшқан взвод командирінің орнын басуға тура келді. Сол взвод ең бірқиынға түскен, арпалыстан көз ашырмаған сол қанатты қорғады. Берілген бұйрық:немістерді өзеннен өткізбеу, қанша сұрапыл айқас болса да табан жылжытпау, ақтық күшсарқылғанша тырп етпеу еді.

Мәліктің алғаш көрген соғысы тым-ақ сұрапыл болды. Дем алдырмай, көзаштырмай, мұрын сіңбіртпей, түтеген оқ бір тынбаған аяусыз айқас ұзақ күнге созылды.Немістің бір ротасы өзеннен өтпек болып күні бойы ентеледі. Немістердің әрбір атакасынтойтарған сайын жас ғалым өзінің командирлік міндетіне сенімді түрде кірісіп, бойы түгелүйрене берді. Оның тек 43 жауынгері қалған екен. Қазылған жыралар суға толып қалғанекен. Азық таусылуға жақын.

Келер күн бойы взвод үздіксіз соғыста болды. Немістер өзеннің нақ жағасынаәкеліп үш машина толы жаяу әскер түсірді. Бронебойщиктер оқтың астына алып, тоқтапүлгіргенше машиналарды өртеп те жіберді. Машиналардан қарғып түсе бастаған фашистәскерлерін пулеметчиктер баудай түсірді, енді немістер біздің взводты бір бүйіріненсоқпаққа айналды. Мәлік взводы осы қоршауда тағы бір тәулік соғысты. Сухарь желініпболды. Темекі бітіп, жұрт балдыр тарта бастады. Соңғы оқтар да бітуге таянды. Взводта 23қана жауынгер қалды. Мәлік бұл жерді тастап, жау қолын кесіп өтіп, өз бөліміне қосылуғабел байлады.

Мәлік взводын үш күн бойы ағаш ішімен жүргізіп отырды. Төрт күннен бері нәртатпаған аш адамдар жауынгерлік тәртіпті бір бұзбастан келе жатты.Пулеметтерді жаяусүйретіп, жаралыларды плащ-палаткамен алысып жүрді.

Кешке қарай алдыңғы шолғыншылар – алдымызда немістер алған деревня бардеген хабар әкелді.отряд ағаш арасына тоқтады. Зерттеуге жіберілген сержантКоваленко төрт сағат жоқ болып кетіп, қайтып келіп,деревняда немістің штабыбар,қару-құралдың мол складтары бар; әлі бекінбеген, бірақ, қору мықты деген анықхабар айтты.

Мәлік қалаға шабуыл жасап, немістердің азық-түліктерін соғыспен тартып алуғабайлам жасады.

Мәлік бел байлаған шабуыл жоспарында тездік пен айла отрядтың әлсіздігін түгелбайқатпауға тиіс еді . таңертен отряд деревняны қоршап алып, барлық отыз екі пулеметтеноқты бұршақтай боратты. Содан кейін, немістерге ес жидырмай, «уралап» айғай сала,жауынгерлер қаланың төрт жағынан бірдей қаптап , деревняға өздері ұмтылды. Соғыстыңнәтижесін деревняның ортасында , көшеде болған қысқа ғана қол айқаста шешілді.Немістер өлгендерін де, азық- түліктерін де, қару жарақ складтарын да тастай қашты.Гитлердің 27 қанды балағы қолға түсті. Жеті күннен кейін немістердің майдан шебінбұзып-жара мәлік отряды өз дивизиясына қарай өтіп кетті . манағы отыз екі пулеметтіотряд аман алып келді . жауынгерлердің көбі өз мылтықтарынан басқа, бір-бір немісавтоматтарын ала келіпті . он алты жаралы жауынгер көтеруде келді. Ақ көңіл, алыпденелі Коваленко өз полкіне төрт жасар бала вованы ала келді, ол баланы мәлік екеуінемістер өртеп жіберген деревнядағы көп өліктің ішінен тауып алған еді. Мәлікті дивизиякомандирі генерал Панфиловтың өзінің көргісі келді. Сұңғақ бойлы, талдырмаш жастаПанфилоф ұзақ айналдырып қарады. Шынын айтқанда мәліктің денесіне соғыстық әскерикиім әлі қона да қоймаған кезі еді.- мә, саған ғылым адамы! Жарайсың! Жаман солдатболмассың, - деді ол Мәлікке жарықшақты дауысымен.»

5-тақырып Ғ.МүсіреповЖоспар1. «Ер ана», «Ақлима» әңгімелері

Ғ. Мүсірепов Ұлы Отан соғысы жылдарында да ана тақырыбына қайта оралып, екіәңгіме жазды. Оның бірі – «Ер ана» (1942). Онда жау уақытша басып алған селода аурунемересімен қалған Наталья ананың партизандар көмген минаны жарып, неміс офицерлеріорналасқан мектеп үйін өртеп, ормандағы партизандарға қосылуы суреттеледі.Кішкентай

Page 13: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

қаладағы мектепте Натальяның немересі Лида ауырып жатады. Қыз жатқан соң қауіпсізболар деп немістер де орналасады.

– Мына бір еврейдің құрт көзін ! – деген әмір берілгенде, ақ гипстен жасалғанПушкин мүсіні терезеден атып шықты.

Мұнда автор фашистердің еврейлерге деген өшпенділігін аңғартып отыр. ОларНатальяны түн ішінде немересімен далаға шығарып жібереді. «Наталья қарға кеудесіненкіріп отыра қалған Толстой мүсінін көрді. Қалың қабақтың астынан түйіле қарағаншүңірек көздер әлденені айтып, әмір етіп тұрғандай, «Аннаны» бастарда жазған «егеркегім бір алынса!» деген сөздері еске түседі». Наталья бомба көмілген жерге от жағып,кетіп қалады. Бір кезде мектептің күлі көкке ұшқанын көреді.

Ал «Ақлима» (1944) әңгімесінде жалғыз ұлы соғыста ерлікпен өлген ананың майданнан мүгедек болып оралған Сапар деген жігітті асырап алып күтуі, оны өз баласы Қасымнан кем көрмеуі баяндалады.Ақлима баласы Қасымнан қара қағаз алған. Бірақ тағы бір хат келеді. Оны көрші қыз Нұрила оқып береді.Хат Сапар деген жігіттен екен. Оның шешесі Ақлима тұрып жатқан үйде бұрын тұрып, қайтыс болған. Баласы шешесінің қазасынан хабарсыз екен. Ол танк ішінде өртеніп, екі аяғынан айрылады. Мұрны да жасанды.Енді жасанды аяқ салғызғалы жатқанын жазады.Ақлима оны өз баласындай күтіп алуға бел байлайды. Жазушының айтпағы: соғыс талай ананы ұлынан айырды, сондықтан соғыс кезінде талай Ақлима мен Сапар секілділер «екі жарты бір бүтін» болып бірінің қайғысын бірі толтырған.

1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен повесі шықты. Кейін өңделіп, «Қазақ солдаты деген атпен шықты». Совет Одағының батыры Қайырғали Смағұлов бас кейіпкер Қайрош Сарталиевтің түп тұлғасы ретінде алынған.Жазушы өмірде нақты болған адамныңөмір жолын тізбектеп жаза бермейді. Оларды суреткерлік елегінен өткізіп, оқиғаларды саралап, іріктеп береді.

6-тақырып Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романыЖоспар

1. Романның жазылу тарихы2. «Шығанақ» романы

Жазушы романның арнайы тапсырмамен жазылғанын айтады.1941 жылыЛенинградты қорғаушыларға арналған азық-түлік эшелонын апарып тапсырушылардыңішінде С.Мұқанов болады. Ақтөбеде бұларға Шығанақ Берсиев қосылады. Екі айғасозылған бұл сапарда С.Мұқанов Шығанақты әкесіндей жақсы көріп кетеді. ШығанақпенС.Мұқанов екінші рет Москва ауруханасында кездеседі. Сонда Ш.Берсиев жазушығамынадай өтініш айтады: «Бірнеше жыл бағып өсірген шаруам бар еді, сол шаруа халықтыңесінде сақталу үшін сипатталып жазылғаны мақұл болар еді. Осыны ұйымдастыруыңыздыөтінем».

С.Мұқанов Москвадан Алматыға келгеннен кейін шығанақтың диқаншылық өміріжайлы шығарма жазуды Ғ.Мұстафиннен өтінеді. Жазушы Шығанақты көре алмай қалады.Романға материал іздеп Ойылға барады. Жазушы атақты диқаншының шәкірттерімен,туыстарымен сөйлесіп, дән еккен алқаптарды аралайды.

«Шығанақ» романында екі жүйе бар. Оның бірі – колхоздан қашқан Олжабектіңбасынан өткен оқиғалар. Екіншісі Шығанақтың диқаншылық еңбектерімен сабақтасады.Шығанақ – романдағы басты тұлға. Жер жүзіне аты әйгілі тарихи адам. Тары өнімінендүниежүзілік рекорд жасап, әлемді таң қалдырған. Романда Шығанақтың үй ішін қағысқалдырмай, бар мәзірмен суреттеген. Обкомның секретары үйіне қонақ боп келгендеШығанақтың екі әйелі бар екенін аңғарып қалады. М.Хасеновтің пікірінше, осы ескіліктіңсарқыншағы жазушы тарапынан сынға ұшырамаған. Қайта бәйбіше, тоқалдың әзілдеріжарасып, бірі үйде, бірі жұмыс басында жүреді.

7-тақырып. М.Әуезовтің «Абай» романы

Page 14: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

ЖоспарРоманның алғашқы кітабы 1938-1940 жылдары «Телқара» деген атпен қағазға түсті.

«Оқудан қайтқанда», «Қат-қабатта» атты тараулары 1939 жылы баспасөзде жарияланды.Романға кірісер тұста Леонид Соболевпен бірігіп «Абай» трагедиясын жазды. 1940жылдың күзінде «Телқара» атты бірінші кітап жазылып бітті. Әуелі араб әрпімен баспағатапсырылып, кейін кирилл әрпіне түсірілген «Телқара» 1942 жылы шілде айында «Абай»деген атпен басылып шықты.Бейсенбай Кенжебаев баспа қызметкерлеріне құпиялапшығартады. «Абай» романы қызу талқыланды. Ғ.Мүсірепов «Абай» романы туралы дегенмақаласында жұрттан өзгеше пікір айтты. Ол романдағы Қодар мен Қамқа оқиғасыныңкіргізілгенін құптамады. Құнанбайдай әкім, Абайдай ақын шыққан елге бұл оқиға міндеді. Талай елге аударылатын шығармада қазақ еліне сын болатын мұндай жайтты айтудыңқажеті жоқ еді деді. Романды қазақтың елдігін танытатын шығарма деп өзінің әділ сыншыекенін танытты. Ол кезде елдік туралы сөз қозғаудың өзі қауіпті болатын.Романдағыбірнеше басты кейіпкерлерді бір-бір сөзбен бағалады. Мысалы, Сүйіндік жалтақ, Бөжейсыр бермес, Қаратай жеңген топтың қасында. Құнанбайдың шешендік сөздерін жетілдірукеректігін ұсынды. Басқа сыншылар айтқан Құнанбайдың Қодарды өлтіртудегі мақсатыоның қыстауын иемдену деген пікірге қарсы болды. Құнанбай көзі тірісінде Байсалдардыңжерін тартып алды, сонда Құнанбайдың қорыққаны Қодар болып па деді. АбайдыңҚуандық қызбен байланысын арзан мінезге балады.

З.Қабдолов өзінің «Менің Әуезовім» роман – эссесінің аяқталмай қалған екіншікітабында «Абай» романы туралы Қ.Сәтбаевтың пікірін келтіреді: «Абай» романы – асакөрнекті көркем шығарма ғана емес, бағалы ғылыми еңбек. «Абай» романына қалыңоқырман ғана емес, әр саладағы ғалымдар да назар салмай өте алмайды. Ғалым-филологодан фольклордың бай материалдарына қанығумен қоса, қазақ әдеби тілінің тууы менқалыптасуын көреді. Ғалым-этнограф қазір көне заманмен қоса көнерген небір тұрмыстықбейнелер мен өмір құбылыстарын біледі. Құс салып саят құрған, қыз ұзатып, ас беруді,өлік жөнелтуді суреттейтін тараулар, билер айтысы мен билік шешкен қазылықкөріністерінің әрқайсысы жеке-жеке ғылыми-этнографиялық толайым еңбектерге пара-пар. Ғалым-экономистер Қазақстанның 19 ғасырдағы халықтың мал шаруашылығықұрылысынан нақты мәлімет алады. Ғалым-юристер шариғаттан бастап, билер кесімінешейінгі даланың заң жобаларынан бағалы мағлұматтар жинайды. Терең жазушыныңшебер қолынан шыққан «Абай» романының шын мәніндегі көркем энциклопедия екеніосы ғой!» (З.Қабдолов. Дана дидар.59-б.)

1949 жылы 10 сәуірде Әуезовке екі томдық «Абай» романы үшін Бірінші дәрежеліСталиндік сыйлық беріледі.Шетел әдебиеті мен әдеби сынында әділ пікірлер айтылыпжатты. 1954 жылы «Абайды» неміс тілінде оқып, өз отандастарына насихат жүргізгеннеміс әдебиетшісі Альфред Курелла 1957 жылы неміс газетінде Әуезовтің шеберлігінетамсанып мақала жазады.

Қабдоловтың «Менің Әуезовімде» «Абай» туралы, Құнанбай туралы орыс жазушысыЛеоновтың мынадай сөздерін келтіреді: «Тірі пендеге бас имейтін тәкаппар Леонов өмірмен өнер туралы түгесілмес философиясын тек Әуезовпен ғана бөліспекке келеді. - Мұхтар Омарханович, Сіздің ақыл-ойыңызға, сыр-сезіміңізге суарылған Құнанбайбейнесіндей ғажайып бейне сізге дейін бүкіл әлем әдебиетінде жасалған жоқ, соны білесізбе? Біз стандартқа айналдырған ұнамды кейіпкер, ұнамсыз кейіпкер дегендер бар, қалайойлайсыз: Құнанбай ұнамды ма, ұнамсыз ба? Екеуінің шекарасын сіз қалай жойыпжібердіңіз? Әлгі ұғымның адамдарында спектрдың екі-ақ түрі – ақ бояу, қара бояу ғанабар. Ал сіз басқа бояуларды қайдан тауып, қалай қосып жүрсіз? Құнанбайдың «адамныңқұны не болса, міні де – сол!» дегені қандай терең философия!» (сонда, 48-б.)

Page 15: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

8-тақырып Соғыс кезіндегі драматургия

Жоспар

1. Соғыс кезіндегі пьесалардың тақырыптары

Халықтың майдан мен тылдағы екі жақты жұмысын суреттеуде драматургия да қызмететті. Бұл тақырыптағы алғашқы шағын шығармалар колхоз, совхоз театрларындақойылды. Олардың ішінде Ш.Хұсайыновтың, Ә.Әбішевтің, Ғ.Мұстафиннің шағынпьесалары бар еді.М.Әуезовтің «Сын сағатта», М.Әуезов пен Ғ.Мүсіреповтің «Қынаптанқылыш», М.Әуезов пен Ә.Әбішевтің «Намыс гвардиясы», Ә.Тәжібаев пенШ.Хұсайыновтың «Мәншүк» , С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», «Гвардия, алға!»,Ә.Әбішевтің «Қырағылық» сияқты пьесалары жазылды. Осы кезде туған пьесалар ішіндеқазақ тарихының мәселелеріне арналған және фольклорлық сюжетке құрылған пьесаларда болды. М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Ш.Құсайыновтың «Амангелді»,Ә.Тәжібаевтың «Жомарттың кілемі», «Біз де қазақпыз», Ш.Құсайынов пенҚ.Қуанышбаевтың «Алдар көсе» сияқты пьесалары ел қорғау, бостандық идеяларын ескіматериалдармен жаңғыртты.

7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып. Соғыс кезіндегі поэзияЖоспар1. Соғыс кезіндегі ақындардың шығармаларыТапсырмалар:1. Ақындардың соғыс тақырыбындағы өлеңдеріне талдау жасау

Әдебиет:1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 19982 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002

2-тақырып Баубек БұлқышевЖоспар1. Шығармалары Тапсырмалар 1. Бұлқышевтің «Шығыс ұлына хат, «Жауыздық пен махаббат», «Мен өмір сүргім

келеді», «Өмір мен өлім туралы», «Тыңда, Кавказ» очерктеріндегі ерлік пенжауынгер арманы

Әдебиет:1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 19982 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002

3-тақырып Жұмағали СайнЖоспар1. «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» өлеңдеріТапсырмалар 1. «Есімде Айдар өзені», «Ұрыстан кейін», «Днепрге қарады» өлеңдеріне талдау

жасау.2. Жұмағали Сайн ақындығы туралы зерттеулерге щолу жасау (конспект)

Әдебиет:1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998

Page 16: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

2 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002

4-тақырып Мәлік ҒабдуллинЖоспар1. «Менің майдандас достарым» очерктері2. «Алтын жұлдыз» кітабыТапсырма 1 «Менің майдандас достарым» очерктерін оқып, талдау жасау2 «Алтын жұлдыз» кітабындағы Бауыржан Момышұлы туралы әңгімелерді оқып,

Бауыржан бейнесіне тоқталыңдар.

Әдебиет:1. М.Ғабдуллин. «Алтын жұлдыз», Алматы

5-тақырып Ғ.Мүсіреповтің әңгімелеріЖоспар1. «Ер ана» әңгімесі2. «Ақлима» әңгімесіТапсырма1 «Ер ана» әңгімесіндегі Наталья бейнесін ашыңдар2 «Ер ана» әңгімесіндегі детальдарға көңіл бөліңдер3 «Ақлима» әңгімесіндегі Ақлима бейнесіне тоқталыңдар. Әдебиет:1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 19982 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002

6-тақырып. Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романыЖоспар1. Романның жазылу тарихы2. Романдағы Шығанақ, Олжабек бейнелері3. Романның көркемдік ерекшеліктеріТапсырма1 Романдағы Шығанақ бейнесін ашатын үзінділер келтіріңдер.2 Роман туралы ғалымдар пікірлерін келтіріңдер3 Романның көркемдік ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңдер, романға бүгінгі көзқарас

Әдебиет:1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 19982 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002

7-тақырып. М.Әуезовтің «Абай» романыЖоспар1. «Абай романы» туралы пікірлер2. «Абай» романындағы Құнанбай, Абай бейнелері3. Романдағы жазушының сөз қолданысыТапсырма1 Ғ.Мүсіреповтің «Абай» романы туралы атты мақаласын оқыңдар (Суреткерпарызы кітабы)2 «Абай» романындағы Құнанбай бейнесін ашатын мысалдар келтіріңдер3 Абай бейнесіне мысалдар келтіріңдер4 Романдағы жазушының сөз қолданысындағы шеберлікке мысалдар келтіріңдер

Page 17: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

8-тақырып. Соғыс кезіндегі драматургияЖоспар1 М.Әуезовтің «Қынаптан қылыш» пьесасы2 М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасыТапсырма1 М.Әуезовтің «Қынаптан қылыш» пьесасындағы кейіпкерлерге талдау жасаңдар.2 М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасындағы кейіпкерлерге талдаужасаңдарӘдебиет:1 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 19982 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 2002

8 СӨЖ тапсырмалары

Студенттерге өздігінен оқуға берілетін тақырыптар

1. А.Бектің «Волокаламск тас жолы» повесі2. Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі3. Бауыржан Момышұлы туралы «Легендарный батыр» кітабы4. Қ.Қайсеновтің «Партизан соқпағы» кітабы

9 Реферат тақырыптары.

1. Соғыс кезіндегі қазақ поэзиясы2. Ж.Сайн поэзиясы3. М.Ғабдуллиннің очерктері4. Б.Момышұлы туралы естеліктер5. Соғыс кезіндегі драматургия

10 СОӨЖ кеңестерінің кестесі

№ Сабақ түрлері

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі жұма сенбі

1. Дәріс бойынша кеңестер

10.0011.00

2. Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер

11.0012.00

3. СӨЖ бойынша кеңестер

11.0012.00

10.0011.00

4. Реферат бойынша кеңестер

5. Тест сұрақтары

11.0012.00

Page 18: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

бойынша кеңестер

11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі

№ Жұмыстүрі

Тапсырманың мазмұны,мақсаты, тақырыбы

Қолданылатынәдебиет

Орындалуұзақтығы

Бақылаутүрі

Бақылаудытапсырумерзімі

1 2 3 4 5 6 71 Реферат Соғыс кезіндегі

қазақ поэзиясы3 апта Реферат-

тықорғау

3- апта

2 Тезис М.Ғабдуллиннің очерктері

2 апта Тезистіконспектілеп,қорғау

4- апта

3 Конспект(күрделітүрі)

Ж.Сайн шығармашылығы

Күрделіконспектжазу

5-7 апта

4 Межелікбақылау

1,2 Модуль Тест 8- апта

5 Эссе Тәуелсіздік тұсындағы әдеби сын

2 апта Эссежазып,қорғау

7-9 апта

6 Баяндама Б.Момышұлытуралы естеліктер

2 апта Қорғау 10-14-апта

7 Межелікбақылау

3,4 Модуль коллоквиум

15- апта

12 Курс саясаты Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және

топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету.Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына,тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмалардыуақытында орындауы керек, сондай-ақ ішкі ережелерді сақтап,өздеріне тиісті жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек. Сабақтыбосатқан жағдайда деканаттың шешімімен босатқан сабақты қайтатолықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі.Сабақты екі реттен артық босатса, оқытушы студентті сабаққакіргізбеуге құқығы бар.

Студентке берілген тапсырманы уақытында тапсыру керек.Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру ең кеш тапсыруболып саналады.Берілген тапсырманы және курстық жұмыстытапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрысорындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.

Студенттердің білімін аралық бақылау тест немесе жазбашабақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.

Page 19: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесеайып санкциялары қолданылады:1) сабақты босату (себепсіз);2) тапсырмаларды уақытымен орындамау;3) тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу,яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.

Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесіаптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.

13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі

5. Әдебиеттер тізіміНегізгі 1 Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 20112 Қирабаев С. Әдебиетті қайта оқу. Алматы, 20103 Ысқақұлы Д. Әдеби сын тарихы. Алматы, 2012Қосымша4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 20025 Дәдебаев Ж. Қазiргi қазақ әдебиетi:лекциялар курсы. Алматы, 20036 Рымғали Н. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 20007 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998

Пәннің еңбек сыйымдылығы

Сем

естр

Кре

дитт

ар с

аны

Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыссағаттарының саны

Студенттіңөздікжұмысыныңсағат саны

Бақы-лаутүрлері

барлы-ғы

дәріспрактика

зертха-налық

студия-лық

жеке барлығы СӨЖ

Бар-лығы 3

135 30 15 -- -

90 22,5 емтихан

Кафедра меңгерушісі ______ Н.Қ.Жүсіпов 2013 ж. «__» __________

(қолы) (аты-жөні)

Page 20: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

Мамандық(тардың) жұмыс оқужоспарынан көшірме

НысанПМУ ҰС Н 7.18.3/33

5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының жұмыс оқужоспарынан көшірме

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ әдебиеті» пәні

Оқунысаны

Пәннің еңбексыйымдылығы Семестр бойынша

бақылау түрлері Семестр

Семестр бойынша студенттердіңжұмыстарының көлемі

академиялықсағат

кредит

Аудиториялық сабақ (ак. сағат)

СӨЖ(ак. сағат)

Page 21: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат

кре-дит-тер

терБар-лығы

ауд СӨЖ емт сынКЖ-а

КЖ-с

бар-лығы

дәр тәж зертбарлығы

ОСӨЖ

ЖОБ база-сындағыкүндізгі

3 135 45 90 7 - - - 7 3 45 30 15 - 90 22,5

Кафедра меңгерушісі: ___________Жүсіпов Н.Қ. «____» 2013 ж.

5. Әдебиеттер тізіміНегізгі 1 Жүсіп Қ.П. Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік. Павлодар, 20112 Қирабаев С. Әдебиетті қайта оқу. Алматы, 20103 Ысқақұлы Д. Әдеби сын тарихы. Алматы, 2012Қосымша4 Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. Алматы, 20025 Дәдебаев Ж. Қазiргi қазақ әдебиетi:лекциялар курсы. Алматы, 20036 Рымғали Н. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 20007 Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. Алматы, 1998

Page 22: ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus) · 2015-12-16 · Қазақ филологиясы ... Практикалық сабақ – 15 сағат